Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім. Н.Жанаев.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарға арналған Н.Жанаевтың "Мұғалім" өлеңінің өтілу барысындағы әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді қолдану.Өлеңнің мазмұнын аша отырып, мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Шығармашылық қиялы арқылы сезімдері мен ішкі ойларын жеткізу шеберліктерін шыңдау. Ой- өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Топтық жұмыстар арқылы өзара құрмет сезімдерін тудыру. Басқаның пікірін тыңдауға, сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы













Тақырыбы



«Мұғалім» Н.Жанаев



















Бастауыш сынып мұғалімі: Болысбекова Зарина Шаяхметовна







Сарыкемер 2017



Сабақтың тақырыбы: Мұғалім. Нұрхан Жанаев

Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын аша отырып, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.

Шығармашылық қиялы арқылы сезімдері мен ішкі ойларын

жеткізу шеберліктерін шыңдау. Ой- өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Топтық жұмыстар арқылы өзара құрмет сезімдерін тудыру. Басқаның пікірін тыңдауға, сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Сабақ өткізбес бұрын сыныпта оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.Сабақ жүйесінде негізгі орында «мұғалім-оқушы », яғни мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы алады. Әрбір сабақта мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болады. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырғанда оқушы өз ойын еркін жеткізіп, пікірін айтып, ашылуына көп септігін тигізеді. Бұған дәлел ретінде өз сабағымда кездескен дәлелдерді айтуға болады.Ең алдымен сабақты ұйымдастыру кезінде күннің шұғылалы сәулесіне байланысты айтылған өлең жолдары дәлел болады. Барлығы хормен:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым деп, бір-біріне сәттілік тілейді. Бұл алғашқы сабақ болмаған соң, оқушылар тез топқа бөлінді.Топқа мамандық иелеріне қарай бөліндік.Топпен жұмыс істеу үшін топ ережесін басшылыққа алдық.

Өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға диалогтік оқытудың сұрақ-жауап, түрткі сұрақтар, сынақтан өткізу сұрақтарын қойдым.

Жаңа сабақты бастамас бұрын, сабақтың мақсатын айқындау барысы бойынша «Құпия зат» стратегиясын пайдаландым.

-Білімнің жол басшысы және шәкірттің қолбасшысы кім? деген сұраққа оқушылар ойлана жауап берді. (Мұғалім) «Блум» таксономиясын негізге ала отырып сұрақтарға жауап береді

-Мұғалім деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді? т.б.

«Топтастыру әдісі» арқылы сабақтың тақырыбын оқушылар өздері ашады.

Келесі кезекте тақтаға Абай Құнанбаевтің –

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға- деп жазып қоямын.

«Жұптасу, пікірлесу, орындау тәсілі» арқылы өлеңнің авторын тапқыздым. Ол туралы не білетіндерін ортаға салғыздым.Бұл жаңа тәсілге оқушылар қызығады, өздері ізденеді. Менің сырттай байқағаным оқушылар өз бетінше жұмыс жасағанды жақсы көреді.

Сергіту сәті «Көңілді күй» ырғағымен жасаттым.

Жаңа сабақтың тақырыбын және авторын айтып, автор туралы мәлімет бердім. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалана отырып, Нұрхан Жанаевтің өмірі мен шығармашылығын таныстырдым.

«Бірлескен зерттеу» тәсілі арқылы өлеңді оқып, талдап, постер қорғаттым.

Постер қорғау

I-топ Мұғалім туралы эссе жазу.

II-топ Мұғалімнің қасиеттері жазу.

III-топ Өлеңді оқып, талдау.

Содан кейін жұппен жұмыс «Сұрақ қою» тәсілі арқылы әр қатар отқан жұп, бір-біріне сұрақ қойды. Жұппен жұмыс барысында байқағаным, дәстүрлі сабақта үндемейтін, сөйлемейтін оқушы да өз ойын айтып, пікірлесуде.

«Жағдайды басынан өткеру» ойыны арқылы әр топтан кезек-кезек екі оқушыдан шығып, мұғалім мен оқушы болып ойнайды. Ойын барысында оқушы мұғалімнің атынан сөйлеп, қимылдайды,  Талдау кезіңде ол өзінің ойын айтуы керек. Талдауды ойын туралы сұрақтардан бастау қажет: «Сен не сезіңдің?», «Мұғалім болғанда қандай сезімде болдың?» т.б. сұрақтар қойдым.

Сабақты өзін-өзі бағалау критерийі арқылы бағалады.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12