Материалдар / "Мұғалім психологиясы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мұғалім психологиясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2018
2329
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:________

«Қошақан» балабақшасының

меңгерушісі Утегулова А.У

«_____»___________2017ж.








Shape1

(аудандық семинарда өткізілетін тренинг)


















Балабақша психологы: Ұлжалғас Мұхамедқасымқызы





Қажымұқан ауылы 2017 ж

Тақырыбы: Мұғалім психологиясы

Мақсаты: Мұғалімнің психологиясын анықтай отырып, мінезін, айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзі жәйлі нақты не білетінін, жеке қасиеттерін және санадан тыс ойларын, ақылдылығын анықтау.


1-жаттығу.“Танысуға рұқсат етіңіз” жаттығуы. (3 минут)


Тренинг басында қатысушы мұғалімдер есімдерін атап, балабақшаларына сипаттама береді. Мысалы менің есімім Ұлжалғас, балабақшам әрдайым ұқыптылықпен,ұтқырлықпен алда жүреді.


2-жаттығу. «Өзің жәйлі бәрін біл» әдістемесі (6-7 минут)


Мақсаты: Бұл әдістемеде адам өз болашағы жәйлі болжай біледі.

Инструкция: Тақтаға – «үй, тал, күн, көлшік, жылан, дарбаза, жол» деген сөздер жазылған плакат ілінеді. Осыдан әркім өз фантазиясы бойынша үйлестіріп сурет салу қажет.

Қорытынды:

Үлкен үй – болашақтағы материалдық жағдайға көп көңіл бөліп, үлкен мән беру.

Кішкентай үй – материалдық жағдайға көңіл бөлмеу, ертеңгі күнін ойламау, бүгінгі күнмен жүру.

Жол – үйден тік шықса – мақсатқа тез жетеді.

Жол – басқа жақта орналасса – мақсатқа жетеді, бірақ көптеген қиыншылыққа кездеседі.

Тал – мінез-құлықты білдіреді.

Күн – әкеге деген көзқарас.

Күн күлімдеп салынса – әкесін қатты сыйлау, құрметтеу. Өте жоғары дәрежедегі сүйіспеншілікпен қарау.

Көлшік – шешеге деген көзқарас

Көлшік жақында салынса – анасын өте ыстық сезіммен жақсы көру.

Көлшік алыста салынса – анасына деген салқын қандылық байқалады.

Дарбаза – ұялшақтық әрекетінің деңгейі, яғни дарбаза үлкен, жан-жағының бәрі қоршаған болса, ар-намысы, ұяты өте жоғары деңгейде.

Жылан – сезім.

Ұзын жылан – жоғарғы сезімді білдіреді.

Кішкентай жылан – сезімнің төмендігі байқалады.


3- жаттығу: «Джунглидегі жаңбыр» (10 минут)


Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.

Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.

Талдау:

Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?

Өз сезімдеріңізбен көңіл –күйлеріңізбен бөлісіңіз.


4-жаттығу. «Мұғалім әділеттілігі» (тест 3-4 минут)

Сұрақ:

1. Топта төрайымды тағайындайсыз:

а) мұғаліммен дос баланы;

ә) жақсы оқитын баланы;

б) көшбасшылық қасиеті бар баланы.

2. Топта көбінесе кімді мақтайсыз?

а)мұғаліммен дос болып, барлығын жариялайтын баланы;

ә) үлгерімі жоғары, барлық жайды мұғалімге баяндап отыратын баланы;

б) әрекеттің нәтижесіне қарамастан талаптанатын баланы.

3. Ашық сабақтағы ең маңызды жауапкершілікті кімге сеніп тапсырасыз?

а) ең жақсы оқитын, жаттауға бейім балаға;

б) үлгерімі төмен баланы өзін көрсетуге мүмкіндік беріп, даярлайсыз.

в) ата-анасы баласының өзін көрсетуін қалайтын баланы.

4. Сіз жоқ кезде топ терезесі сындырған

а) сіз топ белсенділерінің әр қайсысымен жеке-жеке сөйлесесіз.

б) өзіңіз күмәнданатын баламен жұмыс жасайсыз;

в) кінәлінің өзі айтуға мүмкіндік жасайсыз, әңгіме айтасыз, жазалау шарасын қолданбайтыныңыз жөнінде хабардар етесіз.

5. Топта сіз үнемі шиеленісетін бір бала бар. Сіз:

а) бала басқа топқа ауысқанша «күн көрсетпейсіз»

ә) қатаң жаза қолданып, қайта тәрбиелеуді қолға аласыз

б) шыдамдылық танытып, баламен жақсы қарым-қатынас орнатуға талпынасыз.

6. Мұғалімдер бөлмесінде басқа ұстазбен болған күлкілі жағдай туралы әңгіме болып жатыр. Сіз:

а) барлығымен бірге қосыла күлесіз

ә) мұғалімге ескерту жасап, күлкіге айналдыруға болмайтынын ескертесіз

б) үндеместен тақырыпты өзгертуге талпынасыз.

7. Ата-ана сіздің «жақсы көретін» баланың бағасын көтеріп қоятындығыңыз жайлы шағымдануда.

а) ешқандай әрекет етпейсіз, не ойласа да өздерінің еркінде

ә) ата-ана жиналысында барлық баланың бағасын талдап өтесіз

б) шағымданушы ата-ананың сабаққа қатысуға шақырасыз

Баға:

А-0 ұпай

Ә- 1 ұпай

Б – 3 ұпай

0-6 ұпай – Сізге психолог көмегі қажет. Сіз өзіңіздің тәлімгерлік қателігіңізді түсінбейсіз. Топтағы бала сізден қорқады.

7-12 ұпай – сіз үнемі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде әділетті емессіз.  Өз қателігіңізді бала түсінігімен талдап, өзіңізге демеу бересіз. 

13-16 ұпай – сіз заманауи мұғалімдерге үлгісіз, бірақ сіз өз біліктілігіңізді жетілдіру қажет, әлем күнделікті өзгеріске енуде, сіз сол жаңалықты игеріп үлгеруіңіз қажет. Әрекет етуге асықпағаныңыз жөн, сонда сіздің балаға деген қатынасыңыз да әділетті болмақ. 

17-21 ұпай – сіз барлық жағдайды мінсіз сезіне аласыз. сіз өте әділетті ұстазсыз. бірақ басқа ұстазды үйретуге талпынбай-ақ қойыңыз, олар сіздің «үнсіз» тәліміңізден үлгі алады.


5-жаттығу. Ситуациялық жағдайлар. (7-8 минут)


Жанды анкета





Белсене қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін үлкен рахмет.

Сәттілік!!!
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!