Мұғалім шеберлігі – үйрену мен ізденудің нәтижесі
Джусупкалиева Асия Уалиевна
БҚО, Тасқала ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы
мектеп-гимназиясы директорының орынбасары
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, оқушылар мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе, мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады. Сондықтан шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші - білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады.
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жанжақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:
1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;
3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
- педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
- педагогикалық кәсіби білгірлігі;
- педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;
- педагогикалық техникасы.
Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі.
2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі.
3. Ситуацияларды меңгеру.
4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.
Педагогикалык шығармашылық - педагогикалық шеберліктің маңызды және белгілі құрамдас бөлігі.
Педагогикалық стиль - педагогты (бір мектептің) өзге педагогтардан ерекшелеп тұратын өзіндік ойлары мен әрекеттерінің ерекшелігімен сипатталады. Әр педагогтың оқу-тәрбие процесін үйымдастыру сипаты өзгеше болып келеді. Оны оқушылар байқайды. Оңтайлы сипат әлемдік позициядағы көрегенділікпен, үнемі өз-өзін жетілдірумен, жұмысқа, өзіне, тәрбиеленушілерге деген дұрыс қатынасының әр алуан бағыттылығымен сипатталады.
Аттракция (латын тілінен attractic – тартылыс) - педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу кабілеттілігі. Эмпатия- педагогтың өзге адамды, оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне білу дағдысы; бұл - рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру.
Рефлексия - педагогтың өзін, өзінің психикалық жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін қалай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.
Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы. Төртінші қыры – байқағыштық сезімі және көрегендігі. Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры – жан-жақты дарындылығы. Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі. Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан-қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды.
Енді әрі қарай өз баяндамамды жоғарыда аталып кеткен барлық шеберлік сапаларына лайықты әріптестерім туралы жалғағым келеді.(әрі қарай Нагиева А.А., Кожагалиева А.Н., Шакирова А.К., Давлетов К.Д., Сабиров С.Ш., Нуртазина Р.Т., Кайыргалиева А.К., Гарифуллина Г.Т., Сейтмуханова А.Ж., Какимов М.С., Ахмедалиева Д.У. туралы слайд арқылы жетістіктер шеруі көрсетіледі)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз