жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепшілік кәсіби даму курсы бойынша баяндама
«Lessen Study» - біздің гимназиямызда
Жер бетіндегі барлық елдің өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын, бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі жас ұрпақ. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Осыған байланысты бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті: рухани бай, жан-жақты дамыған, ұлттық құндылықтар бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жаһандық ғаламтанудың ұлғаюы, ақпараттық технологиялардың дамуына, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты тұңғыш Елбасы Н.Назарбаев «Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет»-деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктейді. Шынында, баланың білімге құштарлығы мен қызығушылығы бастауыш сыныптан бастау алары сөзсіз. Бастауыш сыныптан бастап баланың жан – жақты ашылуы оның білімге қызығушылығын оятады. Қазіргі таңдағы өз сыныбымдағы үздік оқушылардың жетістігі осының дәлелі. Бұл жағдай біздің күнделікті оқушылармен жүргізетін іс - әрекетімізден көрініс табуы керек. «Жаман оқушы жоқ, жалқау оқушы бар» екендігін есере отырып, бүкіл оқушының «жақсы» жаққа бейімдеп дамыту басты міндет болып отыр.
Мектептегі өзгеріс ең алдымен өзімізден, яғни мұғалімдердің өзгеруінен бастау алады. Бұл өзгерістер мектептегі өзгерістерге әсер етеді. Алдымен неге өзгеру қажет? Қай бағытта өзгеру керек? Нені өзгерту кажет?- деген сұрақтарға жауап алып, мақсат қойып әрекет ету, біздің гимназиямызда да бар.
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның ұстаздары оқушыларға сапалы білім беру мақсатында әр түрлі деңгейлік курстарға қатысып, үнемі өз тәжірибелерін шыңдап келеді. 2015-2016 оқу жылынан бері үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан «Сабақты зерттеу» әрекеті әр сабақтың сапалы өтуіне ықпал етеді. Гимназия қабырғасында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепшілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектепшілік курстарын аяқтаған ағылшын тілі пән мұғалімдері Д.Темірбекова, Ж.Тлепбердиева, география пәнінің мұғалімі А. Жарасова, математика пәнінің мұғалімі А. Исабаева, бастауыш сынып мұғалімі А, Оразымбетова сынды ұстаздарымыз курстарда алған іс-тәжірибелерімен үнемі бөлісіп, аудан, қала деңгейінде таратуды әдетке айналдырған.
Биылғы 2019-2020 оқу жылының басында тамыз-қазан айларында негізгі бастауыш және тіл мамандарынан құралған әріптестеріміз «Сабақты зерттеу» бойынша мектептепшілік курстан өтті.
Курстың бірінші бөлімі бойынша, әр сабаққа жақсы көзқараспен қарап, ұшқыр ойларымен бөлісіп, сабаққа қатысудағы және проблемалық сұрақтарды шешу арқылы жасаған іс-әрекеттерін жақсы көрсете білген Матаева Нәзгүл Даулетжанқызы, Даулетчинова Бану Рауанқызы, Еркінбек Айгерім Құрбанбекқызы, Рымжанова Әнипа, Тантаева Қарлығаш Сериковна, Месебаева Айгүл Танибергеновна, Мұхтаржанқызы Ләззат, Нусипбаева Майгул Омарқызы секілді гимназия ұстаздары ПШО бас мамандары тарапынан «жақсы» деген көрсеткіштерге ие болды.
«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмадық.
Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді.
Сабақты зерттеу курсының екінші бөлімі қыркүйек-қазан айларында өтті. Сабақты зерттеудің екінші кезеңінде 2 «В» сынып жетекшісі Кереева Ақмарал Турғаналиқызы, 3 «Б» сынып жетекшісі Матаева Нәзгүл Дәулетжанқызы және
4 «Ә» сынып жетекшісі Тантаева Қарлығаш Серікқызы сыныптарындағы басты проблемаларына сәйкес тізбектелген үш сабақтарын өткізуді жоспарладық.
ЗЕРТТЕУ САБАҒЫН ӨТКІЗЕРДІҢ АЛДЫНДА БІЗ ОҚУШЫЛАРДАН МЫНАНДАЙ ЖЕТІСТІКТЕРДІ КҮТТІК;
Берілген мәтіннен негізгісін талдап, ажырата алады;
Өз бетімен қорытынды жасай алады;
Берілген жұмыстарды өмірмен байланыстыра алады;
Білім сапасы оң пайдасын тигізеді.
Әр сабақтарында «А», «В», «С» деңгейіндегі оқушыларына қатысты, және жалпы сыныптағы болған жағдайларға айтылған ұсыныстарды ескере отырып, зерттеу жұмыстарында үлкен жауапкершілікті танытты. Сабақты зерттеу барысында зерттеуші топ өз қызметтерін белсенділікпен орындай алды. Әсіресе орыс тілінің мұғалімі Мұхтаржанқызы Ләззат, Толекова Гулнар Сансызбайқызы, Ишмұхамбетова Әнипа Рымжанқызы, Еркінбек Айгерім, Бисенова Назипа сабақтарды зерттеуде белсенді бола алды.
Сабақты зеттеуде ұтымды тұстары:
Әр ұстаздың кәсіби дамуы үшін мүмкіндіктеріне әсер ете алдық;
Ұстаздарымыздың өздері ойлағаннан мықты екендігін түсінді;
Әр оқушының әр сабақта жаңа қырларын байқадық;
Әр оқушыны жеке тани түстік;
Берілген тапсырмалардың жеке немесе жұптық болуына маңызды екендігін ұғындық;
Сабақты зерттеудің ұтымсыз тұстары:
Біздің әлі де болса эмоционалды интеллект дағдыларымызды дамыту керек;
Сабақты зерттеуде бейімделу тұстарымызды дамыту;
Кейбір істерді жасауда асығыстық жасау;
Жиі бас қосуға уақыттың жетіспеуі.
2019-2020 оқу жылында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепшілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі курсты ойдағыдай аяқтаған ұстаздарымызға гимназия директоры А.М. Аксерікова мен тренер А.А. Маймышеваның демеушілігінің атынан сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Қорытындылай келе, «Адам өмірінде беймделгіштік – адамға қиын жағдайда тез қалпына келу мүмкіндіктерін береді». Осы тұста әріптестеріме айтарым, ең бағалы тас (гауһар тас) қараңғы жерде түзілетінін есте сақтап, бағалы тастар секілді қараңғы жерде қалып қоймай, жарыққа шығып өзіміздің жақсы жаққа өзгеруімізден қорықпайық. Мемлекет талап етіп жатқан жаңа педагогикалық келбетке көңіл бөлейік. Өзіңізді жайсыз сезінген кезде сабыр сақтаңыз, «Жоқ» - деп айтуға асықпаңыз, ісіңізді аяқсыз қалдырмаңыз, ойыңызды мүмкіндіктерге бағыттаңыз, өзіңізден позитивті көңіл күйді талап етіңіз деген ойды айтқым келеді. Әр ұстаз жаңашылдықтан қорықпай, бірлесіп жұмыс жасаса, әр мектептегі «Сабақты зерттеу» әлдеқайда сапалы жүреді деген ойдамын қадірменді әріптестер!
Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген