400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім үшін шығармашылық дегеніміз не?эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мәлімет мұғалімдік жолды енді бастап, талаптанып келе жатқан жас мамандарға тигізер әсері мол.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы, №7 арнайы (түзету) мектебі

Мұғалім: Әбдіразақова Нұрзат Саматқызы

Мұғалім үшін шығармашылық дегеніміз не?

Мұғалім – ұлы тұлға, ол адам жанының бағбаны. Мұғалім... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Көп мамандықтың ішінде жан-жақты білімдікті, біліктілікті, шәкіртжандылықты талап ететін мамандық – ұстаздық жолы. Мұғалім бүкіл болмысымен , іс-әрекетімен , жүріс-тұрысымен өзгеге үлгі бола алатын аяулы да, абзал жан. Ол өз білімі мен тәрбиесін алдындағы өскелең ұрпақтың бойына дарытумен қатар, сол жас ұрпақтың өмірлік ұстанымына өз үлесін қосатындығын сезіне алатын үлкен жауапкершілік иесі.

Ғалым да, шахтерда басс иетін,

Ұстазым ол сенің қасиетің,- дегендей ұстаздың барлық мамандық иесін тәрбиелеуде ұлан-ғайыр еңбегі зор. Мұғалім әр адамныңжанына білім нәрін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Уильям Уорд

Мұғалім... . Бұл менің бала кезімдегі арманымның бірі болатын. Осы арманымның орындалғанына өте ризамын. «Ұстаз» деген атаққа толық ие болу үшін, ең алдымен ұстазды балалар мойындау керек. Балалар біздің сыншымыз, сырттай бақылаушымыз. Солардың көңілінен шығудың жолын қарай жүріп, біз үлкен дәрежеге жете аламыз. Мен оларға осы үшін де ризамын. Балалараға дұрыс жолды бағытап, дұрыс тәрбие бере отырып, өзімізді өзгертеміз. Мен олардың қателіктеріне, кемшіліктеріне шыдамдылық танытып, кешіре отырып, өзіме талап қойғыш болдым.
Мен шәкірттеріммен тығыз қарым – қатынаста байланыс жасағаннан үлкен ләззат аламын. Өмір бір орнында тұрмайды, бәрі өзгереді, алдыға жылжиды. Мектепте артта қалар емес, ол балалармен бірге дамып, жаңарып келеді. Ал, ұстаз қанша жыл өтсе де, мәңгі ұстаз болып қала береді.

Сабаққа келгенде мен балаларға шығармашылықпен жасаған жұмыстарының, өздерінің жеке басының қайталанбас қабілеттерін анықтауға, өзін – өзі ашуға, тануға үйреткім келеді. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін, олардың өз –өзіне деген сенімділігін, танымдық белсенділіктерін дамыту керек.

Шығармашылық – шыңдалу мектебі. Ұстаздық жолды таңдаған әрбір адам қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы бір қастерлі мамандықтың абырой биігінен көрінуін мақсат тұтатыны анық. Ал, сол биікке қол жеткізу оңай емес. Ол қажырлылықты, табандылықты, аянбай ізденуді талап етеді.

Мұғалімнің бойындағы жеке – дара қасиеттер мен қабілет шығармашылық арқылы шыңдалып, шеберлік деңгейінде мойындалуы үшін педагогикалық қызметте үздіксіз ізденісте болуы шарт. Педагогикалық қызметте нәтижелі еңбекке жетудің басты факторы-педагогикалық шығармашылық. Қазіргі мұғалімді шығрмашылық жұмыссыз елестету мүмкін емес. Шығармашылық, бұл қарапайым сөзбен айтқанда, қоршаған айнала орта, қайнаған тіршілік, талмай ізденіс, толассыз әрекет, адам бойындағы күш-қайрат пен эмоция, мінез-құлық пен мәдениет.

Мұғалім жас кезінен қиындықтан қашпай, оқушыларымен тығыз байланыста болып, ерінбей еңбек етсе, ол үшін ұстаздық абыройдың есігінің ашылғаны. Оқушының жан дүниесін түсініп, оған оңтайлы ықпал жасаса, оқушы алдындағы ұстаз беделінің артатыны сөзсіз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» , - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, мұғалім үнемі іздене отырып, оқып-үйренудің арқасында өмір мектебінен өтеді. Бұл мектеп – шыңдалу мектебі. Шыңдалудың «қазанында қайнаған» мұғалім мол тәжірибе жинақтап, ізденеді. Іздене жүріп, өз тәжірибесін кейінгі жас мұғалімдерге үйретеді, ал жас ұрпақты білім нәрімен сусындатады. Осы жүріп өткен жол мұғалімнің шығармашылығы. Мұғалім үшін басты нәрсе – өз пәнін, өз мамандығын сүю, алдында отырған оқушының жан дүниесін оқып, жақсы көру.

Мұғалім – шығармашыл тұлға. Оны қадалып қайта – қайта тексере беру түбегейлі қате! Қатаң бақылау шығармашылықты жояды. Мұғалім өзін – өзі шығармашылық бәйгесіне жегуі тиіс, соған жағдай жасау қажет.

Шығармашылық негізі, әрбір кәсіпте де болуы тиіс. Және кәсіптің сонау биіктерін бағындырған , өз кәсібінің ұңғыл – шұңғылын үңіле көріп, ыстық – суығын «өз терісімен» сынап көрген маман ғана өз ісін еркін шығармашылықпен атқара алады, сонда ғана өз ісінің нағыз шебері болады.

Еркін шығармашылық дегенде мен нені айтып отырмын?

  • Мұғалімнің тиянақты ізденуге уақыты жеткілікті болуы керек;

  • Мұғалімдер мектепте жиі бас қосып, салмақты да кәсіби пікірталас – сұхбаттар өткізіп, биікке жетуге ұмтылатын кәсіби – мәдени орта керек;

  • Мұғалім мен оқушы өзара еркін, достық қарым – қатынас дамытатын орта қалыптастыру қажет;

  • Мұғалімнің құжаттарымен, есеп берумен айналысатын ассистенті немесе көмекшісі болуы керек. Себебі, мұғалімнің жұмысы – тек баланы оқытумен тәрбиелеу.

Шығармашылық шыңына оңай жолмен көтерілу мүмкін емес, ол жолдың соқпағы мен сүрлеуі болады. Үздіксіз оқу, өмір бойы оқу бүгінде өмір заңдылығына айналды. Дегенмен, ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін , кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, мұғалімнің шығар тауының биік болу мүмкіндігі бар және кез-келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы даралығының қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілуі сөзсіз.

Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеп, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер ақпараттандырушы, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Жаңа заманға сай жігерлі де, намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақи болмысымызбен тәрбиелеуге бәріміз бірге атсалысайық. Жақсы қасиеттерді болашақ ұрпақтарымыздың бойынан көргіміз келсе, олардың табыстарына таңдай қаққымыз келсе, ұстаз қауымы аянбай еңбек етуіміз қажет деп ойлаймын. Мұғалімдер қоғам, қоғамдастықтар, ата-аналар мен оқушылар алдында олардың мектебі беретін білім сапасына ұжым болып жауап береді. Мен өзім жұмыс істеп жүрген мектебімді — өз үйімдей, өзім сабақ беретін оқушыларымды — өз балаларымдай, бірге қызметтес болып жүрген ұстаздарды өз туыстарымдай өте жақсы көремін десем артық айтқаным емес. Егер мамандықты қайта таңдау қажет болса, мен осы ұстаздық мамандықты ойланбастан тағы да таңдар едім.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 сәуір
919
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі