Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалім:армандаған мамандығым және ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім: армандаған мамандығым немесе өмірлік ұстанымым

Жаңа оқу жылына қадам басқанымызға бір айдан аса уақыт өтіп, ұстаздар мерекесін де артта қалдырдық. Мектепте үстел жанында тұрып оқушыларға сабақ өтіп тұрғанымда, көз алдыма мектеп қабырғасында оқып жүрген, шашында ақ бантик пен бұрымы желімдеген, болашаққа көз тастап, Алиева Рысқан апайдай мұғалім болсам деген бойжеткен көз алдыма елестейді. Иә, бұл мен, оқушы күнімде ақ өмірлік арманым –ұстаз болу екенін, сол сәттен ақ ұққандаймын.

Арман адамды қанаттандырып, алға жетелейтін тылсым күш секілді. Өз арманыңды шындыққа айналдыру үшін оған мақсат қойып, соған жоспарлы әрі жүйелі түрде еңбектенгенде ғана қол жеткізесің.

Ұстаз болу -жүректің батырлығы

Ұстаз болу -сезімнің ақылдығы

Ұстаз болу -мінездің күн шуағы

Ұстаз болу- адамның асылдығы –деп Ғ.Қайырбеков атамыз жырлағандай ұстаз - әлемдегі ең ұлы мамандықтардың бірі. Себебі ұстаз болып әр шәкіртіңнің жүрегінен орын алу, кез келген адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан болар , «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей әлемдегі кез келген мықты, атақты ғалым да, академик те ұстаздан білім, өнеге, тәрбие алған. Дәл осы жерде «Ғалым да, шахтер де бас иетін, ұстазым бар сенің қасиетің» деген өлең жолдары есіме оралады.

Меніңше өмірлік жолды айқындап берген, өмірдің сан қырлы жолдарын меңгеруге, өмірдің ағымына бейімделуге себепші болып, гуманистік қасиеттерді адам бойына сіңіретін бірден бір адам ол ұстаз.

Менің ойымша кез келген адам ұстаз бола алмайды, себебі нағыз ұстаз болып, шәкіртіңнің жүрегінен орын алу кез келген ұстазға беріле бермейтін қасиет. Шын ұстаз болу үшін, табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен терең еңбек қажет. Қазіргі заманғы балалар технологияның дамыған дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан, оларды сабаққа қызықтырудың өзі үлкен өнер.Сол үшін мен өз сабақтарымда жасанды интеллект пен геймификацияны сабақ мақсатына сай қолдануды дағдыландырып жүрмін. Өйткені бір сарынды өтетін сұрақ -жауап немесе лекция сабақтар оқушыларға мүлде қызық емес. Сондықтан мұғалім түрлі платформаларды меңгерген, АКТ құралдарын ұтымды пайдаланатын тұлғаға айналуы шарт. Атап айтқанда WordWall, EducaPlay, Genially, Twinkle, D-ID платформалары мен сайттарын өз сабақтарымда пайдалану маған үлкен пайдасын тигізеді. Жас маман болып жұмысқа кірген күннен, бүгінгі күнге дейін, мектебіміздің ұстаздарынан білмегенімді үйреніп шыңдалып келемін.Дәрігер адамның тәнін емдесе, ал ұстаз адамды білім нәрімен сусындатып, шәкіртінің ой—өрісін кеңейтіп, өмірді тануға бар күшін салатын мамандық түрі. Мен ұстаздық жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Өйткені мен осы мамандықты кішкентай кезімнен жақсы көріп таңдадым. Қазақ тілі меен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғандықтан оқушыларды эссе жазуға баулу- менің негізгі бағыттарымның бірі. Жақында ғана 8 сыныпта оқитын оқушым Қамза Нурила Қазақстан Республикасы министрлігінің ақпараттық қолдауымен, «BILIM -ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Жаңа қазақстан –білім беру саласындағы жаңашыл идеялар» атты патриоттық жоба аясында «Республика Дарыны» атты дарынды оқушылар форумына қатысып жеңімпаз атанды.

Алдағы мақсатым оқушыларды жоғары деңгейде дайындап, болашақта оқушыларымның Республикалық жарыстарда топ жарғанан қалаймын. Мақсатым айқын, жоспарлы түрде жұмыс атқарып, мемлекетіміздің қазақ тілі мен әдебиеті саласының кеңінен дамуына өз үлесімді қосамын. Себебі ұстаз болу – әлемдегі ең үздік мамандық.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.10.2024
172
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12