400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұғалімдер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән бойынша әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің мектепішілік сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімдер сайысы

Өткен аптада №15 гимназияның Әдістемелік бірлестіктері арасында «Шеберлік шыңы» атты мектепішілік байқауы өтті. Жас мұғалімдерге тәжірибелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған сайысқа мектептегі 7 әдістемелік бірлестік мамандары қатысып, интерпретация (шешендік шеберлігі), педагогикалық жағдаятты шешу және суретке жан бітіріп сөйлету шеберлігі бойынша бақ сынады.

Әр айналым бойынша мұғалімдер тапсырманы қарсыластарынан қалыспай, жоғары деңгейде орындады. Әсіресе, үшінші айналымдағы тапсырманы мұғалімдердің орындауы ерекше қызықтырды. А.Қастеевтің «Бай мен кедей құдық басында», «Түрксіб», И.Репиннің «Волгадағы бурлактар», «Запорождықтар», Ф.Решетниковтың «Тағы да екі», А.Дүзелхановтың «Томирис» атты туындыларындағы кейіпекрлердің үлгісінде киінген мұғалімдер картинадағы көріністі сомдап, өздерінің жаңашыл, креативті идеяларын, мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасына қатысты пікір-тілегін айтып, рөлге ену шеберлігін байқатты.

Іс-шараға шақырылған қонақтар тізімінде гимназияның байырғы директоры, Еңбек ері, Білім беру ісінің үздігі Ибраева Мадина Хакимовна, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иесі, Білім беру ісінің үздігі Усенова Нұрайым Қанабековна, филология ғылымдарының кандидаты, оқу-құралдарының авторы, «Самал-білім» жобасының жетекшісі Тюкачева Елена Владимировна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Асылбек Перуза Өзенбекқызы, Ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Айбек Қалмұхан және материалдық қолдау көрсеткен Қамқорлық кеңесінің төрайымы Нуфтиева Айнур Исламқызы, Запопадько Михаил Юревич, Ибрагимов Асильбек Амирханович болды.

Мектепішілік мұғалімдер сайысын ұйымдастырып, оның мазмұнды өткізілуіне қолдау жасаған мектеп директоры, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік награданың иесі Оспанбек Бұлбұл Распековна әділқазылар алқасының бағалауы бойынша жеңімпаздарды құттықтады. Ол кісі: «Ұстаз мамандығын таудан сарқырап ағатын мөлдір, таза суға ұқсатамын. Өйткені Ұстаз жүрегі әрдайым мөлдір, таза, тынымсыз қозғалыста. Тау суына тамсанбайтын адам жоқ. Яғни, мұғалімнің ұлы ісіне, таңданбайтын, тамсанбайтын, бас имейтін адам жоқ. Әр адам ұстаздың берген тәлім-тәрбиесі мен білімінен нәр алады» – деп ұстаздық кәсіптің жауапкершілігіне тоқталып, бүгінгі іс-шара барысында көрсетілген әдіс-тәсілдердің жас мұғалімдердің кәсібіне пайдалы болатындығына сенім білдірді.

Іс-шара соңында әділқазылар алқасының мүшелері мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпалы зор сайыстың жоғары деңгейде өткізілгеніне ризашылықпен пікір-тілектерін айтып, үздіксіз ізденісте еңбек ететін маманның жолы ашық, жетістіктер мол болатынын айтып, мектеп ұжымының биік жетістіктерге қол жеткізуіне тілектестіктерін білдірді. «Шеберліктің шегі» байқауының жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар берілді.

П.Асылбек,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі