400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

мұғалімдерге арналған 5 жылдық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
жоспарлы жұмыс шынайы нәтижеліліктің көрнісі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГ


«№ 3 КӨП САЛАЛЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ» ММ



БЕКІТІЛДІ:

Мектеп директоры ..................... Акитбаев Е. Т.


ТЕКСЕРІЛДІ:

ЭТО: ........................... Адикова Г. А.


ҚАРАЛДЫ:

Кафедра жетекшісі ...............................................


Физика пәнін оқытудың өзекті тақырыбы бойынша


ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТЫ ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН 5 ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР



Құрастырушы: Зейнелхан Г


Физика пәні мұғалімі



Өскемен

2010 - 2015 ж.ж





Өзекті тақырып бойынша атқарылатын жұмысты жүзеге асырушылар



Автор орындаушы: Зейнелхан Гүлжазира


физика пәні мұғалімі



Эксперимент жетекшісі: Адикова Г .А.


ЭТО жетекшісі



Эксперимент жүргізуге рұқсат беруші мекеме :


№ 3 Көпсалалы мектеп-гимназия



зерттеу пәні: - Ф И З И К А











Қалалық өзекті тақырып: Қазіргі заманғы мектептегі білім сапасын жетілдіру, білім беру үрдісінің субъектілерін дамыту шарты ретінде.


Мектептің өзекті тақырыбы: Көпсалалы мектеп - гимназия жағдайында педагогикалық үрдіс субъектілерінің түпкілікті құзыреттіліктерін белсенді- әрекетті технологиялар негізінде дамыту.


Жаратылыстану кафедрасының өзекті тақырыбы: Жаңа иновациялық технологияларды қолдана отырып,оқушылардың танымдық белсенділігімен өзіндік ойларын қамтамассыз ету арқылы шығармашылыққа баулу.


Физика пәні мұғалімі Зейнелхан Гүлжазираның өзекті тақырыбы:

«Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігімен өзіндік ойлауын қамтамассыз ету арқылы шығармашылыққа баулудың қозғаушы күші - сыни ойлау жобасын пайдалану».













Өзекті тақырыпты жүзеге асырудағы міндеттер:


Шығармашылыққа жетелейтін деңгейлік тапсырмалар үлгісін әзірлеу. Әр тақырып бойынша оқушыларға көмек -нұсқаулар мен әдебиеттер тізімін ұсыну.

  • Жаңа өзекті тақырыпқа зерттеу бағдарламасын құру, дайындық кезеңдері мен негізгі кезеңдердің жұмыс бағытын айқындау.

  • Оқушылардың іздену, шығармашылық жұмыстарын арттыра отырып, төмендегі құзыреттілік негіздерін қалыптастыру:

  • проблемаларды шешу құзыреттілігі мен өзектік менеджмент:

  • Ақпараттық құзыреттілік:

  • Комуникативтік құзыреттілік.

  • Ғылыми ізденістер арқылы ғылыми жоба қорғауға әзірлеу.


Зерттеу объектісі:

№3 көпбейінді қазақ – мектеп гимназиясының 7,8,9,10,11 сынып оқушылары.

Зерттеу пәні:

Физика

Өзекті мәселе:

Қазіргі кездегі білім берудегі оқушылардың құзыреттілік негізін қалыптастыру мақсатына сәйкес жеке тұлғаның қабілет дарынын арттырудың тиімді жолдарының бірі- оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.








Өзекті тақырыпты жүзеге асырудағы алға қойылатын мақсат:

1. Оқушылардың танымдық қызметіндегі өзіндік, яғни оларды өз бетінше білім алуға үйрету. Сабақта алған білімдерін кеңейту .

2. Оқушыларды оқытуда практикалық қызметінде білімдерін өз бетінше қолдана білуге үйрету.

Өзекті тақырыпты жүзеге асырудың міндеттері :

1. Оқушының оқу- танымдық әрекетін қалыптастыруда жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өзіндік білім алу дағдыларын дамыту.

2. Оқушылардың өзіндік жұмыс формаларын ұйымдастыру.

3. Физика пәні бойынша білім жүйесін меңгерту, әр-түрлі оқу пәндерінен алған білім, біліктерін өз бетінше жүйелеуді үйрету.

4. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасау, әдіс-тәсілдерін тез меңгеруге көмектесу.


Зерттеу жұмыстарының нәтижелерінен күтілетін болжаулар:

1. Оқушылар ой- әрекеттерін дамытады, талдау жасауға, өз бетінше қортындыға келуге үйренеді.

2. Оқушылардың ғылыми дүние танымы дамиды, физикалық құбылыстарды бақылау мен түсіндіруі, өз бетінше зерттеулер жүргізу біліктілігі артады.

3. Жауапкершілікке, физика ғылымының әлеуметтік ролі түсінуге тәрбиеленеді.

4. Физикалық білімнің күнделікті тұрмыста қажет екендігін түсінеді.

5. Білімдері мен біліктіліктері артады.

6. Физика пәні бойынша мектепте алған білімі кейін мамандық бойынша алатын арнайы білімнің шыңына апаратын баспалдақ екенін түсінеді.

7. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу іскерліктері дамиды.






Негіздік зерттеу болжамы:


Егер сабақта және сабақтан тыс кезде оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулитын тапсырмалар жүйесін ұсынып отырсақ, олардың құзыреттілік негізі қалыптасып, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады:

  • Нәтижелі білімге қол жеткізіп, білім сапасы тереңдейді.

  • Қызығушылықтарын туғызып, өз бетімен жұмыс жасауға түрткі болады.

  • Шығармашылықпен ойлауға, өзіндік пікір айтып, үн қосуға жол ашады.

  • Белсенділігі артып, өз- өзіне деген сенімі нығаяды.

  • Өзіндік пайымдауы, өмірмен байланыстыра білуі, құзыреттілігі артады.

  • Қабілет- дарыны дамып, іскерлігі қалыптасады.



Зерттеу әдістері:


  • Сауал – сұрақ әдісі;

  • Эмперикалық зерттеу әдістері: байқау, талдау, жинақтау;

  • Ғылыми – танымдық зерттеу әдісі;

  • Оқушы шығармашылығын талдау;

  • Жеке басының қабілетінің диагностикасы.









Бағдарламаны іске асыру 3 кезеңге бөлінеді:


1 кезең: Іздену кезеңі (2010-2011 о.ж)

2 кезең: Эксперименттік кезең (2011- 2014 о.ж)

3 кезең: Қорытындылау кезеңі (2014- 2015 о.ж)




Зерттеу мерзімі мен бағдарламасы


1 Іздену кезеңі

(2010-2011 о.ж)


- Зерттеу жұмысының мақсатын, міндетін, болжамын, мазмұнын анықтау.

- Тақырып бойынша іздену, жоспар құру.

- Педагогикалық, философиялық әдебиеттерді оқып, талдау жасау. Мамандардық озық тәжірибелерін оқып үйрену.

- Оқушылардың шығармашылық ізденестеріне бағыт- бағдар көрсету, жетекшілік жасау.

- мектепішілік кафедралардың семинарларына қатысу.

- Мектеп мұғалімдеріне арналған семинарларға қатысу.










2 Эксперименттік кезең

(2011-2014)


- Мектепішілік, қалалық, облыстық пәндік олимпиадалар мен конференцияларға қатысу, оқушыларды қатыстыра отырып, жұмыстарына бағыт- бағдар беру;

- Қашықтан оқыту сайыстары мен жобаларына қатыстыру;

- Пән бойынша конкурстарға, семинарларға, конференцияларға қатыстыру;

- Оқушыларға пәндік портфолио жасату, жұмыстарын бағалау;

- Авторлық әдістемелік құралдар жасау, талдау мен сараптамадан өткізу.




3 Қорытындылау кезеңі

(2014- 2015 о.ж)


  • Зерттеу жұмысының нәтижесін баспа бетінде тәжірибе ретінде тарату.

  • Эксперименттік жұмыстың қорытындысын педагогикалық, әдістемелік кеңесте шығару.

  • Ғылыми жоба, олимпиадаларға портфолио жасау.











Эксперимент жұмысына қатысушылар құрамы:


  • Қоғамдық пәндер оқытылатын сыныптар

  • Оқу тәрбие үрдісіне қатысатын сыныптардың ата- аналар ұжымы

  • Қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары





Күтілетін нәтижелер:



  1. Оқушылардың құзыреттік деңгейлерінің, шығармашылық қабілеттерінің артуы.

  2. Зерттеу жұмысына қатысушылардың ғылыми жұмыстарына қызығушылықтарының артуы.

  3. Оқушылардың өзін- өзі тұлға ретінде тануы, таныта алуы.

  4. Оқушылардың ізденіс жұмыстарын жүргізуінің дағдыға айналуы.

  5. Білім сапасының артуы.

  6. Педагогикалық үрдіс субъектілернің қарым- қатынасында құзыреттілік деңгейінің артуы.

  7. Оқушылардың ұжымда өзін көрсетуі, өз бетінше білім алуы, шығармашылық жұмыстарға деген ұмтылысының артуы.











Мүмкін болатын жағымсыз көріністер


  • Шығармашылық жұмыстарға ынтасы төмен оқушыларға қиындық туғызуы мүмкін.

  • Мәселе бойынша қажетті ақпараттардың жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеуі.




Қиындықтан шығу жолдары:


  • Шығармашылық жұмыстарға ынтасы төмен оқушылар әр түрлі болуы мүмкін.

  • Оқушылардың шығармашылық жұмысқа қатысуы барысында біреуінің мәселе бойынша ешқандай қызығушылығы жоқ, екіншісінің қызығушылығы бар, бірақ ізденуге мүлде дағдыланбаған. Мұндай мәселелерді шешу үшін бірінші оқушының қандай тақырыпқа қызығушылығы бар екенін анықтау, немесе (бейнефильм, деректі фильм көрсету, қазіргі кезеңмен байланысын көрсету) әр түрлі әдістер арқылы қызығушылығын арттыру, екінші оқушыға іздену үшін үнемі нұсқау көрсету, тапқан дерегінің сондай қызықты әрі маңызды екенін айту.

  • Өзекті тақырып бойынша ұйымдастырылаған семинарларға қатысу.










Өзекті тақырыптың орындалуы туралы есеп беру:


Өзекті тақырыпты жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстардың түрлері:

  • Кафедра отырысында

  • Қалалық облыстық семинарларда

  • Конференцияларда


Теориялық білімін жинақтау кезеңінде:

  • мектепішілік семинарларға қатысу;

  • озық тәжірибені оқып үйрену;

  • әдістемелік материалдармен танысу;

  • педагогикалық- психологиялық білімді жетілдіру;

  • оқушылардың зерттеу карталарын өңдеу;

  • портфолионы енгізу.

Зерттеу кезеңінде:

  • қалалық облыстық конференцияларға қатысу;

  • диагностикалық мониторинг жүргізу;


Қорытынды кезеңінде:

  • республикалық деңгейдегі баспасөзде тәжірибе тарату;

  • оқушыларды зерттеудің диагностикалық макетін жасау;

  • әдістемелік жинақ шығару.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
907
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі