400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

мұғалімдерге арналған әдістемелік шара

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер үшін керекті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Рухани жаңғыру және Абай ілімі

мұғалімдерге арналған әдістемелік шара


Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай орта мектебінің

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Адильшиева Лаззат Маратжановна


Мақсаты: Мұғалімдердің рухани-адамгершілік білім туралы көзқарастарын рухани жаңғыру бағдарламысына бағыттай отырып, «Өзін - өзі тану» білім беру бағдарламаcының жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Мұғалімдерге жалпыадамзаттық құндылықтар мен рухани жаңғыру бағдарламасының басым бағыттары туралы түсініктерін молайту.

- Рухани адамгершілік тәрбие мен Абай ілімін салыстыра отырып ізгілікке тәрбиелеуге жағдай жасау.

Жоспары:

1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері және мұғалімнің рөлі. Мектеп атмоcфераcында cүйіcпеншілікті, өзіңе деген cенімділікті, өзін - өзі бағалауды, шығармашылық шабытты дамытуға жағдай жасау.

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламаcының акcиологиялық негіздері.

3. Абай ілімі арқылы рухани адамгершілік жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындай түсу.


Жүру барысы:

Сәлемдесу «Жағымды көңіл-күй сыйлау»

Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын қысады.
Жүргізуші сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар иықтарын түйістіреді.

Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар құшақтасып бір - бірінің арқаларын сипайды.

Бәріміз төменнен жоғары қарай қол шапалақтап отшашу жасаймыз. 3 рет.

Рахмет бәріңізге. Орнымызға жайғасайық.


Мұғалімнің алғы сөзі

Оқысаңыз нұр шашатын жолыңа,

Өткен күннен ой қосатын ойыңа.

Қалған бізге бабалардың мұрасын,

Сіңіріңдер, жас ұрпақтар, бойыңа!-деп ақындарымыз жырласа, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру : Болашаққа бағдар» атты мақаласында Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. ...Ата - бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманына бүгінде қол жеткізіп, Мәңгілік ел болдық. Сонымен қатар еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім,-деген құнды пікірін жолдаса,

Еланасы Сара Алпысқызы «...жалпыадамзаттық қүндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбаймын. Өйткені адамзат ғасырлар бойы осы құндылықтарға ие болып, тиісінше пайдаланып келді ғой. Бейнелі тілмен айтқанда, руханияттың мөлдір кәусар бұлағынан үнемі сусындап отырды,-деген құнды пікірі мен бүгінгі саясаттың астасып жатақындығына көз жеткіземіз. Сонымен қатар қазақ елінің ұлы тұлғалары бізге көптеген рухани азық қалдырып кеткен. Олардың даналық сөздерінің күні бүгінге дейін жетуі ұлы тұлғалардың рухтарының биіктігінде. Осындай ұлы тұлғаларымыздың бірі Ұлы АБАЙ. Абай атамыздың әрбір қара сөзі өмірге азық , әр қара сөзін оқысақ адамға рух береді.

Ой қозғау «Рухани жаңғыру және Абай ілімі» видеофильмін көрсету.

Фильм желісі бойынша өз ойларыңызды білдіріңіздер. Мұғалімдер өз пікірлерін ортаға салады.


Шығармашылық тапсырма.

1-топқа тапсырма : «Ұлы Абай –рухани білімнің қайнар көзі»- Абай атамыздың даналық сөздерінен, өлеңдерінен мысалдар келтіру.


2-топқа тапсырма: «Адам түзелмей – заман түзелмейді» - «Әсемпаз болма әрнеге өлеңі» бойынша ой түйін.


3-топқа тапсырма: Жалпыадамзаттық бес құндылық рухани жаңғыру бағдарламасының алты басымдығымен салыстыру, сәйкестендіру.



Топпен ән айту:

Ескендір Хансағалиевтың әні

Атамекен

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны-ау деп білем

 

Қайда жүрсем Атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясына

Қимай оны-ай батады екен

 

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін

Қазағымның махаббаты-ау деп білем

 

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем

Асқар тауын аспаныммен таласқан

Қазағымның мәртебесі-ау деп білем


Кері байланыс

1.Осы шара барысында өзіңізге қандай пайдалы және жаңа мәлімет алдыңыз?

2. Мазмұны жағынан сізге ұнады ма?

3. Осы әдістерді оқушылармен, әріптестермен жұмыс кезінде қолдануға болады деп ойлайсыз ба?

4.Шараның жүру барысында нені жақсарту керек деп ойлайсыз?  Қандай ой қосасыз?

Қорытынды сәті.

Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын, сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Жаңғыра берейік, жаңара берейік.
Шараға қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!


.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.10.2020
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі