400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары


Семинарды тыңдаушылардың саны:

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы:

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар»

Мақсаты: Мұғалімдерге тұтас педагогикалық үдерістің негізі ретіндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

1. Мұғалімдерді «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негіздерімен таныстыру.

2. Сабақта жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашудың жолдарын көрсету.

3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісінде іс жүзіне асыруға бағыт-бағдар беру.

Ресурс-

тары:

(материалдары, көздері) Слайдтар

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды көңіл күйге келу. "Нұрға бөлену"

Жоспар:

1. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар

(ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау)

Аксиология (грек тілінен аударғанда ) акcио-құндылық, логос-ілім – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.

Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. 

Т.И.Петракова (пед.ғыл.д.профессор МПедМУ) ұсынған құндылықтар жүйесінің жүктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

Табиғи құндылықтар – бұл адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл – ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы)

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б)

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі ілім болып табылады. Нағыз білімді адам деп өз бойында Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен, ақ пейілмен таратқан тұлғаны айтады.

Ішкі үйлесімдікке қол жеткізу үшін адамның ойы, сөзі, ісі бірлікте болуы тиіс.


2. Рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі.

Егер ата-аналар мен мұғалімдер үлгі бола білсе, онда оқушылар кемелденудің өнегесі болып, қоғамды гүлдендіреді ...

Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да Адольф Дистервег (1790 – 1866)

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі

Ыбырай Алтынсарин

Мұғалімге екі қасиет қажет: қарапайымдылық, бұл өз кемшіліктерін түйсіну үшін қажет және кемелдену тілегі (ертеде мұғалім баланың алдына бармас бұрын өз ойын тазалап алған).

Мұғалімге арналған екі ереже
1-ереже

Басқаларға үйреткеніңді, алдымен өзің орында.

2-ереже

1- ережеге қара.

Жолдауды жеткізу:
- Сөйлеу - 10%
- Мета-жолдау (жасырын жолдау) – 90%

«Ұстазым менің, ұстазым» әні айту.


Үй тапсырмасы.

Өзін-өзі танумен өз пәніңіздің интеграцияланған сабақ жоспарын дайындаңыздар.

Жиналыстың қорытынды сәті.

- Бүгінгі айтылған барлық жақсылықтарды жүрегімізге сақтап алайық.

Семинар аяқталды. Рахмет!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
4077
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі