Материалдар / Мұғалімдерге арналған психологиялық трениг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімдерге арналған психологиялық трениг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған сергіту жаттығулаоы, ойындао
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2020
426
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг

Мақсаты:ұстаздарды жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа , инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру, жас ұстаздарға көмектесу, тәжірибе алмасу.

Міндеттері:- білім беру іскерліктерін дамыту ;

  • Мұғалімдердің эмоциялық көңіл- күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін дамыту ;

  • Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру .

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі парақтар

Сабақтың барысы:

Психологтың кіріспе сөзі

  1. Амандасу (тренинг )

  • Күлкі бейнеленсе, бір – бірімізге күлімдеп қараймыз

  • Қол бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз

  • Күн бейнеленсе, жақсы ықыласпен сәлемдесеміз

  • Жүрек бейнеленсе, құшақтасамыз



  1. «Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем»

  • Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу

  • Оң жақ, сол жақ иықтарын түйістіру арқылы сәлемдесу

  • Маңдайларын тигізіп сәлемдесу

  • Бір – бірінің сұқ саусағымен сәлемдесу .

3. Пікірлесуге арналған сұрақтар

  1. Қандай жаңашыл әдістемелерді үйрендіңіз және кімдердің іс - тәжірибесін қолдануға лайық деп есептейсіз?

  2. Оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологиялар, жаңашыл әдістемелер қажет деп ойлайсыз ба? Неге ?

  3. Жаңашыл ұстаз жұмысындағы негізгі ұстанымдар қандай ?

  4. Оқытудың жаңа технологиясы деген не? Түрлерін атап, бере аласыз ба? Олардың қайсысын мектепте қолдану тиімді ?

4 .Тренинг. «Өз есіміңді құрметтеу»

Мақсаты: Қатысушылар бір - бірінің есімдерін есте қалдыру .

Жүргізілу барысы: психолог бір қағаздың қиындысын алып, топта тұрған қатысушылардың біреуінің есімін атап, қағаз қиындысын аспанға лақтырады. Есімі аталған сол адам қағаз қиындысын жерге түсірмей, қағып алуы шарт.

5.«Аңдар мен жәндіктер ». Мұғалімдерге қағаз бен қалам таратылады. Әр қатарға өздеріне ұнайтын аңдар мен жәндіктердің аттарын жазасыздар. Саны алтау. Осыдан кейін әркімнің менің оқыған сөйлемімді тыңдайды, оқылған сөйлем арасында үзілісте өзі жазған сөздерді рет- ретімен оқып отырады, яғни өзінің кім екендігін анықтау .

Қорытынды

  • Мені жұрт ........... .......................... деп ойлайды

  • Мені........................ деп ойласа екен деп ойлаймын

  • Дәл өзіңіз .....................................................................

  • Сіз жұмыста ................................................................

  • Жарыңыздың алдында ................................................

  • Негізі ...........................................................................

6. «Өзіңді білгің келсе» суреттік тест

Күн, тау, үй, ағаш , қапшық, жол, сақина суреттерін салу керек.

«Өзіңді білгің келсе » жаттығуы .

Егер күн дәл ортасына салынса, жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса, балалық шағы қызықты, батысқа салынса, кәрілік шағы қызықты.

Тау- дөңгелек салынса, мінезі жұмсақ, мейірімді, сегіш егер тау ұшты болса, өкпелегіш тік мінезді адам. Егер аралас салынса, басында қар болса, өзгермелі адам.

Үй- суретте ағаш үй салынса, арманы орындалады. Егер 1 терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойлайды, егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсекқұмар адам.

Ағаш- біреу болса, өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді. Оларға уақыт бөліп, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді. Қанша мықты, әдемі салынса, сұлулыққа соншалықты құмар.

Қапшық қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Егер қапшықтың аузы байлаулы болса, сараңдық. Қапшық жерде жатса, жалқау., тік тұрса- еңбекқор адам.

Жол- үйге жақын жатса, жолы жеңіл, алыс болса керісінше .

Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелектін , ал керісінше болса, айналасына тарататын адам.

Сақина көзсіз болса, қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса, болашақты ойлайды, капитал жасайды. Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.

7. «Нөсер» тренингі

Жай жауын басталды(саусақпен түрту)

Жел тұрды (шайқалту)

Нөсер бірте- бірте күшейді (жұдырықпен соғу)

Су ақты (саусақпен арқаны сызу)

Жай жауынмен аяқталды (саусақпен түрту)

Жарқырап күн ашылды (арқаларын сипау)

Бір- біріне қарап күлу

8.Қорытынды «Майшам» жаттығуы.Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір – бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен , бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!





Алдабергенова Арзу Бекмурзаевна

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

270 Ғұхамеджанов атындағы орта мектебі педагог- психологы









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!