Мұғалімдерге
арналған психологиялық тренинг
Мақсаты:
мұғалімдер арасында қарым-қатынасты
нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу,
күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу,
өзін еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
1.
Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы.
2.
«Табиғат мінезі» жаттығуы.
3.
«Поезд» жаттығуы..
4
«Кім екенін тап» ойыны
5«Үй,жылан,бокал,шалбар
және орамал» диагностикасы.
6«Өз
араңызда
қандайсыз?»тестін
алу.
7
Жіптік курс
Қажетті
құралдар: жүрекше, жануарлардың аты
жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті
парақтар, майшам, магнитофон.
Ұйымдастыру:
1. Амандасу.
Жүргізуші:
Бүгін сіздің көңіл-күйлеріңіз қандай
?
Қатысушы:
Көңіл-күйім шайдай ашық.
Жүргізуші:
Шайдай ашық тағы не болады ?
Қатысушы: Күн.
Жүргізуші:
Күн тағы қандай болады ?
Қатысушы:
Сәтті.
Психолог:
Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына
қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның
дәстүрі, салты бойынша былай амандасу
керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ
2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен
үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші
топқа барып, бір-бірлеріңізбен
арқаларыңызды түйістіресіздер..
2.
«Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане,
барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді
жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай
сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі
шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске
толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді
еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы
болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл
жел соқты.
Алдыңызда
тұрған адамның арқасынан жәмен ғана
қолмен жеңіл желдің самалындай етіп
сипаймыз.
Жел
күшейді – енді алдыңыздағы адамның
арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет,
боран басталды - енді боран күшіндей
екі қолмен айналдыра күштірек
уқалаймыз.
Содан
кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр
сіркірей бастады – енді қолымызбен
жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір
кезде қатты жауын жауды – біз қатты
жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен
жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ
астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ
басымен бұршақ жауғандай қаттырақ
ұрамыз.
Бір
кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып,
адамға бір күшті шуақ берді. Енді
алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы
жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам
орындайды.
3.«Поезд»
жаттығуы.
Ойын
ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен
2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер
қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді
2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2
рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге
тарсылдатады. ...
Барлық
қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері
бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді
әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
4«Кім
екенін тап» ойыны
Мақсаты:Топ
мүшелерінің бір-бірін тануға
көмектеседі
Әрбір
адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне
психологиялық мінездеме жазады.Өзінің
ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл
мінездеме жазылған бетерді жетекші
жинап, араластырады да,арасынан біреуін
алып дауыстап оқиды .Топ мүшелері
мінездеменің иесін табуы керек
Бұл
жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану
арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін
білуге үйретеді.
5
«Үй,жол,жылан,бокал,шалбар
және орамал»
диагностикасы.
Мынадай
ережелерді қадағалап отырып,сурет салу
ұсынылады.
Сурет
салғанда қалай, басқалардың суреттеріне
қарауға болмайды.
Суреттерді
талдау:
Үй-адамның
өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің
суреті кең әрі биік болса,онда сіздің
өзіңізді жоғары бағалайсыз.Үйдің
есік-терезелері бар болса,қарым-қатынаста
қалыптысыз . Үйдің есігі ашық болып
немесе оның тұтқасы бар болатын болса,
бұл сіздің қонақжай екендігіңізді
көрсетеді.
Жол-
адамның
қарым-қатынасқа
қандай
деңгейде
араласатындығының
айғағы.
Жол
кең,әрі
үйдің
есігінен басталса, бұл
адам қарым-қатынасқа
бейім.
Жол
тар немесе үйдің
қасынан
алыс жатса, онда бұл
адамның
қарым-қатынасқа
оңай
түсіп
кете алмайтындығын
көрсетеді.
Жылан-«Басқа
адамдардың
мен туралы пікірі қандай?»деген
сұраққа
жауап беретіндігіңіздің
айғағы.
Жылан
үй
жаққа
қарап
тұрса
оның
айрық
тілі аузынан көрініп
тұрса,онда
Сіз басқалардың
мен туралы пікірі жақсы
емес: олар күні
бойы мені жамандаудан басқа
іспен айналыспайды екен деген ойдасыз.
Жылан
үй
жаққа
қарап
тұрмаса,
«Басқалардың
мен туралы ойы жаман емес»деген
ұстанымдасыз.
Бокал-
адамның
ішімдікке деген көзқарасын
білдіреді.
Бокалдың
суреті кішкене болып,іші бос болса, онда
мұны
салған
адамның
ішімдікке немқұрайлы
болғаны.
Шалбар
мен орамал-
ер адам мен әйелдің
дәрежесін
көрсетеді.Шалбар
суреті орамалдан биік тұрса,онда
өмірде
ер адамды әйелдерден
жоғары
санайды деген сөз.
6Ұстаздардан
«Өз
араңызда
қандайсыз?»тестін
алу
7Жіптік
курс.
«Жіптік
курс» дегеніміз не? «Жіптік курс» бұл
тренинг, топтық жаттығу, қызықты ойын,
әсерлі ой бөлісу мен ғажайып сәттер.
Аты айтып тұрғандай жаттығу жіппен
байланысты.
Қажетті құралдар: жіп,
қарындаш, бос шырын құтысы
Шарты:
Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді.
8 қатысушы болса 4 бөлікке бөлінген 2м
жіп қажет. Әр қатысушының қолында жіптің
бір ұшы қалуы тиіс. Ақылдаса отырып
жіптерді алмастырып, қар үлгісін жасайды.
Ортасына қарындаш қойылады. Қарындашты
жерге түсірмей құтыға салу қажет. Егер
қарындаш жерге түсіп кеткен жағдайда
ойын қайта басталады. Жаттығуды сөйлемей
дыбыссыз өткізу, ойынның қызығушылығын
арттыра түседі.
Барлығымыз
бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз
үшін бір-бір жылы сөз айтып, алдарыңыз
ашық, жарқын болсын деген тілекпен,
бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!