Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
1. Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
4. «Поезд» жаттығуы.
5. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
8. Қортынды. «Майшам» жаттығуы.
Қажетті құралдар: жүрекше, жануарлардың аты жазылған карточкалар,
жаттығуға қажетті парақтар, майшам, магнитофон.
Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық.
Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі
топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен
үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен
арқаларыңызды түйістіресіздер.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені
беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып,
жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы
керек.
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы.
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді
табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі
шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып,
өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да
кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен жеңіл желдің
самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай
бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра
күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді
қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды
саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ
жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ
берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге
алдыңызда тұрған адам орындайды.
4.«Поезд» жаттығуы.
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз.
1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет
тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет
аяқтарын еденге тарсылдатады.
5.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары
жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған.
Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы
біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы
текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға
жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз
керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың
міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер,
өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі
қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды
тапсаңыз,
бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз
сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз.
Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?»
деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің
көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу
қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін
тигізеді.
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар
таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ...
.
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .

Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған,
музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең
демалыңыз, денеңізді бос
ұстаңыз,
денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі
ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп
есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір
теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау
толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап,
жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы
асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің
рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды
шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып
жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің
аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды
бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел
сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің
денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек
дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты
сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз
келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны
істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында
тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге
алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
9. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп,
жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп
отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе,
сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі
тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!
1 .«Таныстыру»
жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке
қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты
қызбын....
2.«Автопортрет»
жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір
жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері
көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын
ескертеді.
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол
бірден сізді тану үшіөзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен
өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз.
Бет-әлпетіңізді,
жүрісіңізді, сөйлеу
мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай
ым-ишараларыңыз болса т.б...
Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін
жасалады.
3. «Мен басқаның көзімен»
жаттығуы.
Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған
автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті
екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа
отырады.
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі.
Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін
басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз
бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек,
ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып,
автопортретін толықтыруна болады.
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен
қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша
айтқызу.
4. «Сиқырлы қобдиша»
жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша
тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік
қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап
алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.
Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын
айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп
таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты
болсын!
5. «Өрмекші торы»
жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы
тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу
керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші
өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын
білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта,
бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін,
қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды
айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін
түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік.
Болдырмайық.
6. «Жүйрік
ой» жаттығуы
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз:
/музыканың ақырын әуені ойналады
- Маған қажет қасиеттер, мыналар......
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар:
......
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар
.....
- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі
.....
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде
болғаныңызды айтыңыз.
7. «Қайта байланыс»
жаттығуы
Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр
қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты
өз ойларын білдіреді:
- Тренингте ең бірінші не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Өзің жаңадан не білдің?
б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/
арқылы анықтау.
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта
отырып, сабақты
аяқтау.
8.«Кел, танысайық»
ойыны.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір -
бірінің қолын қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын
сипайды.
Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен
амандасады.
9.«Кішкентай ергежейлі»
ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді
ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда,
қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдыға қарай
созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады.
Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады.
Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап
қана қалжыңдаймыз.
10.«Кенгуру»
ойыны.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру
тұрып тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып
тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті
осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу.
(Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен
алмасады).
11.«Кеме»
ойыны.
Қатысушылар екі қатарға бір - біріне қарама -
қарсы тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы
қолдары бір - бірлеріне тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп
келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін.
Жағалаулар қолдарымен кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне
болады. Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына, оралуына
болады. Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде
басқа кеме жолға шығады.
12.«Алақанға жан бітір»
ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына
алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз,
көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер
ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып
беру.
13.«Құпия дос»
ойыны.
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір
қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп
безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені
жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады.
Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне
тапсырады.
14.« Суреттерді аяқтайық »
жаттығуы
Мақсаты : Оқушылардың логикалық ойлауын , көру
арқылы есте сақтауын , ойша жұмыс істей білуін дамыту
.
Алдын-ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат
ілініп дайындалады . Оқушылардың көздері шарфпен байланады да
, олар кезек-кезекпен
шығып , бірі денесін , бірі басын , бірі аяғын
салады , осылайша жалғаса береді
.
15.«Түрлі –түсті доптар»
жаттығуы
Мақсаты : оқушылардың есту арқылы есте сақтауын
дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп , қызыл доп пен
жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал , ал жасыл доптың жанына
кішкентай сары доп сал .
16.« Менің көңіл-күйім »
жаттығуы
Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және
басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге
тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар
.
17.«Мен басқаның
көзімен»
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған
қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін
басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды
.
18.« Атомдар мен молекулалар
»
Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы
бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа
түседі..Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын
айтады сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула
құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады
.
19.« Таңғажайып дорба »
ойыны
Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып ,
дорбадағы заттың дәмін татып, оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі ,
формасы , түсі жайында ажырата баяндайды
.
20.Мен қандай адаммын
?
Әр қатысушы өзінің жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтады . Сол
бойынша қорытынды жүргізіледі
.
21.Менің
қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп ,
ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі
.
22.Есте қалған қызықты
оқиға
Топ дөңгеленіп отырып , қатысушыларға доп
беріледі Допты бір-біріне кезектесіп беріп , есте қалған қызықты
оқиғаларды айтады .
23.Ұқсастық
шегі
Қатысушылар жұптасып отырады
. Жұбына
қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып ой
бөліседі
24.« Сиқырлы сөздер »
ойыны
Мұғалім кез-келген өтінішті айтады , ал оқушы
оны әдепті түрде айтуы керек . Мысалы : Айнаш , дәптерді бер .
«Айнаш , өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі
тыңдау
25.« Ең жақсы »
ойыны
Қатысушылар екі топқа бөлінеді . Әр топқа мынадай нұсқау беріледі
.Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет . Ең
ақшалы , ең жасыл , ең тәтті , ең күлкілі , ең ұсқынсыз, ең
қарым-қатынасы күшті , ең жауапты , ең
салмақты
26.«Жағдайлы волейбол»
ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады ,
сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа
қағып алмайды
27.« Кездесу »
ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады , әуен тоқтаған
кезде бір-біріне қарап , баланың қасиетін айтады
.
28.« Сиқырлы жұмыртқа»
ойыны
Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген
формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады
.
29.« Әрқашан күн сөнбесін ! »
жаттығуы
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . әр бұлтта тапсырмалар
берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады
.
30.« Өкпені еріту »
жаттығуы
Тып- тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз
.Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы
шағын сахнаға ( ең жек көретін , көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге
тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін , бұрын
ренжітсін ,қазір өмірде бар болсын , әлде өмірден өтіп кетті ме ,
оған мән бермеңіз .Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы ,
жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек . Оны бақытты деп
біліңіз . Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз
. Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз . Сіз кешірген адам
кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы
жағдайда елестетіңіз .Бақытты , күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз .
Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз
.
31.«Тазару»
жаттығуы
Терең дем алып , демді барынша қайта шығарыңыз . Денеңізді
босатыңыз . Өзіңізге былай деңіз : Мен өмір сүруіме кедергі
келтіретін барлық өкпе , реніштен тазарғым келеді . Мен барлық
қысымнан осылайша босаймын . Барлық ескі реніш , өкпелерден
құтылғым келеді . Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін . Мен
өз қалпымдамын . Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым
, кештім .
32.«Жунглидағы
жаңбыр»
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида
жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық
және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда
тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында
жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен
басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар
жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
33. Жағымды
сөздер.
Мақсаты: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану,
өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау
және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады.
Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп
лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың
кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын
жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса
болады.
34. «Сәлемдесу»
ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек.
«Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін
айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр
адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен…
құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен…
арқамен.
35. «Кім, нені жақсы көреді?»
жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар
орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол
орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті
жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға
қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға
болады.
36. «Сөзден сөзді ізде»
ойыны.
Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп
құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:
«Трансформатор» «Талдықорған»
форма қорған
матор тал т.б.
37. «Сантики, Фантики,
Лимпопо».
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы
таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен
бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға
қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің
артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған
кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі
балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды
бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп,
бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына
тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер
жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол
ретімен жалғасып отырады.
38. «Қолдағы
хат».
Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы
тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер
бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға
ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға
созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды,
жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға
тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін
клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру
керек.
39. «Көңіл-күй неге
ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге
(қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін
айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің
қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне
ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді.
Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі
балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі,
ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа
райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті,
қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар
аударыңыз.
40. «Тасбақалардың
жүгірісі».
Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы
келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап
тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға
болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу
болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие
болады.
41. «Көкөністер арқылы
ұрысамыз»
Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне
жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы
ұрысады.
42. «Тыныштықты жақсы көретін
патша»
Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың
көңіл-күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша
аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала
атқарады.
Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа
бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп,
«Ш-ш-ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы
«қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген
баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала
аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға
жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші
баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды.
Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына
жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш-ш-ш»
дейді, сонда сол бала өз орнына
тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан
кейін ойын аяқталады.
ық сурет» атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар
басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар
оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.
43.«Болады, болмайды»
жаттығуы.
Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар
солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай
мүмкін болмаса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда
кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр-
аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық ұйдің
төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін
салып отыр.
Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып
кеттік.Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен
көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты
жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мәу) Көзімізді ашып қарайық. Ол
кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық.
Міне, мысықпен дос боламыз, енді
қорықпаймыз.
44. «Менің көңіл-күйім»
жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге
және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге
тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді
суреттеп салыңдар .
45.Есте қалған қызықты
оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға
доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған
қызықты оқиғаларды айтады.
46.Мен саған
сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір-
бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен
жақсы адамсың.
47.«Сиқырлы сөздер»
ойыны
Мұғалім кез-келген өтінішті айтады,
ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер.
«Айнаш, өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау
№302007 МП
48.«Жағдайлы волейбол»
ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті
көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты
қағып алады, бұрыс жауапқа қағып
алмайды.
49.«Кездесу»
ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама
–қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың
қасиетін айтады.
50. «Есімдер»
жатығуы
Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.
Уақыты: 5 мин
Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.
Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық
келтірді? Не сезіндіңдер?
Психологиялық
тренингтер
51.«Шеңбер бойынша сөз
тізбегі» ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы
ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал
етеді.
Ойынның ережесі: Қандай да бір
қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс
ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз - құзыретті, кәсіби
білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан
бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр
қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс
(сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы
жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса, ойынан
шығарылады. Осылайша, ойын бірнеше рет ойналады. Басқа
адамның интоннациясын қайталауға
болмайды.
52.«Комплимент» жаттығуы
Жаттығудың тапсырмасы –
қатысушылардың бірін-бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру,
тіл табыса алу қасиетін, бірі-бірін толық тануын дамыту. Тренингке
қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез - келген қатысушы
жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын
табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады.
Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын
аяқталмайды.
Осы жаттығу тренингке қатысушылардың
қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын
дәлелдеді.
Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды
ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар
өздерінің ойларын ортаға салды.
Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен
іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен
қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал
етеді.
53.«Жағымсыз қасиеттер
жәрмеңкесі» жаттығуы
Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар
өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға
жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды (жалқаулық,
асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз
қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен
оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды
сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне
алады.
Жоғарыдағы жаттығудан кейін
эмоциялық қысымды шығару үшін
54.«Жағымсыз эмоциялық күйді
шығару» арт-терапиялық тапсырма
орындалды.
Тапсырма ережесі: Қатысушыларға
А4 және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз
көңіл күйін түсіреді. Сол қағазды үлкеннің үстіне
жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай
қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық,
жарық, көңілді жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының
қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады,
боялады.
Тапсырманы қорытындылау үшін
талқылау сұрақтары берілді:
- Суретте ненің бейнесі
салынған?
- Осы суретті салғанда
қандай сезімде болдыңыз?
- Бұл сурет сізге нені
көруге әсер етті? т.б.
55. «Әрекет» жаттығуы
Ойын
ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар
жылдам жауап қайтарулары тиіс:
-
Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал үстелде отыруға болады…… -
Астроном айға телескоппен қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше? -
Еден мен төбені аударыңыз…… -
Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз…… -
Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……
«Қане танысайық!»
жаттығуы
Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі
таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына
тоқталуға болады.
– Біз бір – бірімізбен таныстық. Енді өзімізді өзіміз білеміз бе?
«Өзіндік
таным»
Нұсқау: Әр қатысушыға карточкалар таратылып
беріледі. Ондағы «Мен» дегенді ары қарай
жалғастырады.
-
Мен .......................... -
Мен .......................... -
Мен .......................... -
Мен .......................... -
Мен .......................... -
Мен .......................... -
Мен ..........................
Мен туралы басқалар не деп ойлайды?
..........................................................
56.«Орныңды жылдам ауыстыр»
жаттығуы
Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші
таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап,
команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын
ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам
орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос
орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз
қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды
жалғастырады.
Әрбір ұстаз кез-келген жағдайлардан,
педагогикалық әрекеттен өзінің шеберлігімен жол тауып шыға білу
керек емес пе?
Олай болса, біздің қазіргі ойын
жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға,
сондай-ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға
көмектеседі.
57«Менің есімім» атты
жаттығу
Жаттығу танысу үшін жасалынады-
әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз
айтады. Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем
т.б.
58.«Карусель»
жаттығуы
Ішкі және сыртқы шеңбер құрып бір
шеңбер айнала отырып бірі-бірін қысқаша
таныстырады.
59.«Менің сүйікті ісім»
жаттығуы
Әркім өздерінің істейтін сүйікті
істерін айта отырып, бір-бірімен
топтасады.
60.«Айна»
жаттығуы
Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар
бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз
жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар
рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның
айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар
жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға
береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық
қатысушылар шығып жаттығады.
61.«Өзіңізге тілегенді –
басқаларға тілеңіз!» жаттығуы
Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт
аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу
тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір- бірінің
қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту
керек.
62«Сүйікті адамыңызға тілегенді –
өзгелерге тіле!» жаттығуы
Бұл ойсергек алдыңғыға ұқсас. Мұнда
тыңдаушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдына елестетіп, оған
бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін тыңдаушылар
тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту
керек.
63.«Атомдар мен
молекулалар» жаттығуы
Жүргізуші «атомдар» деген кезде
ойыншылар жеке дара жүреді де
«молекулалар, бесеуден» немесе
«молекулалар, үшеуден» деген
кезде, бес
немесе үш адамнан тез арада
топтасады. Кім топқа қосыла алмай
қалса,
айып төлейді: өз өнерін көрсетеді
немесе көпшіліктің тілегін орындайды.
64.«Қызықты
сұрақ» жаттығуы
Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ
жауабы қиындау сұрақ қойылады.
Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім
таппаса, жауабын мұғалімнің өзі айта
отырып, сабақтың тақырыбын айтады.
Сұрақтар: Неліктен? Ол кім, бұл не?
сипатында болып
келеді.
65.«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы
Жүргізуші сұқ саусағымен біресе
төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден»,
«мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын
керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім
қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп
танылады.
66.«Мен
таптым» жаттығуы
Қатысушылар дөңгелене отырып,
кезекпен бірден жетіге дейін санайды.
Жеті санын айтатын адам «Жеті»
деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім
жаңылысса, сол ойыннан шығады.
67.«Белгісіз
басшы»жаттығуы. Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде
басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті
сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек,
қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам
кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса, немесе бірнеше
қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен
ауысады.
68.«Дирижер» жаттығуы
Жүргізуші бір қимыл
көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол
қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан
шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі
бір дыбыстар шығаруы керек.
69,«Жыланша» жаттығуы
Қатысушылар айнала отырады. Сосын
бірі бастап, келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады.
Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне
тілек айтып болғанша жалғасып кете
береді.
70.«Жер
сілкіну» жаттығуы
Оң жақта отыратын көршіге қарап, ол
адамның туылған айы қандай, мінез - құлқына қарай байланыстыру.
Сонан кейін жыл жүйесі бойынша орындарын ауыстыру ұсынылады.
Қайтадан оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның айы неге
сондай екенін түсіндіреді
Үш адамнан ұстасып үй соғады,
ортасында бір адам тұрады, 1-қимылдайды адамдар десе ішіндегі
адамдар жүгіріп, келесі үйдің ішіне кіріп кетеді. 2- қимылдайды -
қимылдайды үйлер қимылдайды десек үйлер жүгіріп барып тұрған адамды
қоршайды, 3- жер сілкінді десек үйлер қолын түсіріп, басқа үйлермен
үй соғады. Кезек - кезек ауысып
тұрады.
71.«Сіздің көңіл-күйіңіз
қандай?» жаттығуы
Қажетті заттар: түрлі –түсті
қағаздан жасалған фигуралар, маркер.
1а)
Интерпритация
Қызыл қуанышты
көңіл-күй
Алқызыл-ұнамды
көңіл-күй
Сары-жағымды
көңіл-күй
Көк- суық
көңіл-күй
Қоңыр-қиналған қиналған
көңіл-күй
Күлгін-алаңдаушы
көңіл-күй
Қара-күш қуаттың
төмендеуі
Ақ –анықталмаған
көңіл-күй.
2а) Әр қатысушы өзіне ұнаған түрлі
түсті фигураның біреуін таңдайды.
Қағаздың артына сол түске байланысты
жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса,
онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге
болады.
72.«Әнмен бой
сергіту» жаттығуы
Жүргізуші танымал 3-4 ән аты
жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді)
Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның
міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып,
қосылуы түптеп келгенде осындай үш, не төрт топ құралады. Мысалы:
Азамат бригаданың әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп
Азаматпен бір топты құрайды.
73.«Мимикалық
ситуация» жаттығуы
Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен
кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда
«Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ
өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация
құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын
табады.
74«Ақ
тілек» жаттығуы
Шардың ішіне түрлі тақырыпқа
байланысты тілектер жазылады.
Қатысушылар өзіне ұнаған шарды
таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті
оқиды.
75.«Менің
көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты: Адамның бет әлпеті арқылы
оның ойын, сезімін айыра білуге үйрету. Сезімнің сыртқы
көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық
қалыптастыру.
Сәлемдесу. «Өз күлкіңді шеңбермен
көршіңе сыйла» жаттығуы. Шеңберде тұрып, «Мен саған өз
күлкімді сыйлаймын, ал сен көршіңе сыйла» деп
жалғастыру.
-
Әңгімелесу. «Көңіл-күй деген не?» Адамдарда қандай көңіл-күй болады? Көңіл - күйге не әсер етеді? Басқа адамның көңіл-күйін қалай анықтауға болады? Көңіл-күй құжатын ойлап табу. -
«Көңіл-күйіңді ауа-райына теңеп, суретін сал.» Өз эмоциясын сурет арқылы көрсете білуге үйрету. -
Оқушылар өз көңіл-күйін ауа - райына теңеп суретін салады. -
Ойын. Көңіл- күйім қандай тап? -
Бір оқушы ортаға шығып, көңіл-күйді эмоция арқылы көрсетеді, қалған балалар табу қажет.
Пікірлесу. Өз көңіл-күйіңді қалай өзгертуге
болады? Қандай көңіл-күйде болғың келеді? Қандай көңіл-күй
ұнайды?
76.«Мен және басқалар»кешенді
жаттығу
Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсе білуге
үйрету
1 жаттығу «Сәлеметсіңдер
ме?»
Мақсаты: эмоционалдық қарым-қатынас
және эмоционалдық комфорт орнату.
Балаларға 3 түрлі әдіспен амандасу
ұсынылады:
-
Қол алысу; -
Мұрындарын түйістіру арқылы; -
Құшақтасу;
Қазір біз бір-бірімізбен амандасамыз, бірақ
амандасу әртүлі. Бірінші бір- бірімізбен қол алысайықшы. Ал енді
мұрнымызбен амандасамыз. Соңында бір-бірімізбен
құшақтасамыз.
2.Әңгіме «Мені қоршаған
адамдар»: адамға жалғыз болу оңай ма? Достар не
үшін қажет? Бірлесе не істеуге болады?
Пікіралысу.
2- жаттығу «Жалғыз аяқ
жол». Тыңдаушылар шеңберде тұрып, музыкамен
қимыл жасауды бастайды.
«Төбе» деген бұйрық бойынша барлық
тыңдаушылар шеңбер ортасына қарай қолдарын көтереді, ал «шұңқыр»
деген бұйрық бойынша қолдарын бастарына қойып, шеңбер ортасына
қарай жиналып отыра қалады. «Жалғыз аяқ жол» деген бұйрық бойынша,
бірінің артына бірі тұрып, қолдарын алдында тұрған адамның иығына
қойып, музыка ырғағымен жүреді.
Пікіралысу.
4 жаттығу«Кішкентай
суретші»
Мақсаты: Қоршаған адамдарға назар
аудара білуін дамыту.
Қатысушылардың біреуі «суретші». Ол
бір тыңдаушыны «натура» ретінде біреуін таңдап, теріс қарап «сурет
салуды бастайды» (сөзбен портретін сипаттайды) Қалғандары бұл кім
екенін шешулері қажет.
Жаттығуды
талқылау.
77.«Мен қарым-қатынас жасаймын!»
жаттығуы
Мақсаты: Тыңдаушылардың
қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі маңызын түсінуге және
бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту.
Сәлемдесу. Жаттығу «Көңіл-күймен
бөліс» басқаның көңіл-күйін сезіне білуін
дамыту.
Қатысушылар қолдарын ұстап, шеңбер
жасап тұрады. Қоңырау шылдырлағаннан соң әркім өз көңіл-күйі туралы
әсерлеп айтады, қалғандары бұл көңіл-күйді сезінуге
тырысады.
Әңгіме «Қарым-қатынас деген не?»:
Адамдар не үшін қарым-қатынас жасайды? Әр уақытта қарым-қатынас
жасағың келе ме? Қалай қарым-қатынас жасауға болады? Қарым-қатынас
жасағанда, қандай жағдаяттарды айта
аласың?
«Құшақтасу»
жаттығуы
78.Мақсаты: топты эмоционалдық
біріктіру, эмоционалдық қатынас
орнату.
Қатысушылардың біріншісі біреуін
құшақтайды, екіншісі ол екеуін, үшіншісі ол үшеуін солай
жалғаса береді, соңында үлкен құшақтасқан- шар пайда болады.
Микротоп арасындағы пікірлесу
жаттығуы.
«Өз қуанышың мен, сәтсіздігің жайлы
бөліс» вербалді, вербальді емес сезіммен бөлісу әдістері арқылы
коммуникативтік дағдыны қалыптастыру.
Қатысушылар үш-үштен бөлініп, топта
өткен жұмада болған қуанышты жағдай туралы әңгімелеп айтады, сосын,
мимика және жестпен ең ренішті уақиғаны көрсетеді.
Пікіралысу.
79.«Адамдар не үшін дауласады?»
жаттығуы
Мақсаты: Коммуникативтік дағдыны
қалыптастыру, нәтижелі қатынас жасай білуді таңдай білу, басқаның
сезімімен санаса білуге және коммуникация процесін әсерлі құруын
дамыту.
1.Сәлемдесу. 2. Пікірлесу. «Адамдар
не үшін ұрысады?.»
-Дау-дамай қайдан туындайды? Адамдар
не үшін дауласады? Татуласу үшін
не істеу
қажет?
«Дауласу». Психологиялық
дискомфортты, агрессияны, төмендету, басқаның позициясын ескеруге
дағдыландыру.Тыңдаушылар екі-екіге бөлініп, арқаларын түйістіріп,
қолдарын айқастырып, бір-біріне ренжулі адамдар сияқты аяқтарын
басады. Сосын бір-біріне қарап, татуласуға көңіл білдіреді (қолынан
ұстап, құшақтауға болады)
«Бояулар» өз көңіл-күйін көрсетіп,
басқаның жай-күйін сезіне білуін дамыту. Белгілі бір көңіл-күйге
қандай түс сәйкес келетіндігін шешу. (мыс қызыл түс қандай
көңіл-күйді білдіреді?, осылай әрбір түске қатысты көңіл күйді
белгілеп алу) Сатушы мен сатып алушыны таңдап алып, қалғандары бояу
болады. Әрбір тыңдаушы бір түсті таңдап, осы түске қатысты
көңіл-күйді бейнелейді. Сатып алушы келіп, бояу-тыңдаушылар
арасынан, өз көңіл- күйі бойынша өз бояуын таңдайды.
Егер сатып алушы таба шеше
алмаса, ол бояу болады.
«Шырмалу» топтық бірлестікті
сақтауға тыңдаушыларды белсендідендіру. Санамақ арқылы басқарушыны
таңдау. Ол аудиториядан шығады, қалғандары қолдарын ұстасып, шеңбер
жасайды. Қолдарын босатпай шырмауық сияқты шырмалады, ал басқарушы
қолдарын үзбей шешуі қажет.
80.«Мен бақыттымын!»
жаттығуы
«Көңіл-күйіңмен бөліс» Қатысушылар
дөңгеленіп, қолдарын ұстасып тұрады. Қоңырау шылдырлағанда, әркім
өз көңіл-күйі жайлы айтады, қалғандары сезінуге
тырысады.
«Күн шуағындағы менің сезімдерім»
Өзін өзі-тану, өзін-өзі зерттеу. Қатысушыларға Күн салынған
қағаздар таратылады. Күннің ортасына дәл қазіргі уақытта сезінгісі
келетін қандай да бір сезімі жайлы суретін салу немесе сипаттау.
Әрбір шуаққа бұл сезімді алу үшін не айтқысы немесе не істегісі
келетіндігінің барлығын жазуға болады.
«Күн шуағындағы менің портретім».
Өзін-өзі бағалауын, сенімділігін арттыру. Тыңдаушыларға Күннің
суреті таратылады, тыңдаушылар күннің әрбір шуағына өз суреттерін
салады.
«Маған өте қажет...» Өзіне деген
сенімділікті арттыру, өзінтану. Тыңдаушыларға ұшатын шары бар аюдың
суреті таратылады. Тыңдаушылар осындай шарды ұшырса, тілегі
орындалатындығын елестете отырып, әрбір шарға тілектер
жазады.
-
Мен тілеймін, менде....болғанын. -
Мен тілеймін, мағат қажетті .....болғанын. -
Мен тілеймін, -
Мен.......барғанымды. Мен тілеймін....
Өз сезімің бойынша «бақыт» деген не екенін
сипаттап, суретін салу
81.«Сәлемдесу рәсімі»
жаттығуы
Басқарушы. Менің қолымда
оралған жіп. Мен бүгін сендердің көңіл-күйлерің қандай, қандай
көңіл-күймен келдіңдерді білгім келіп тұр. Бірінші мен өзім туралы
айтамын, сосын жіптің бір ұшын саусағыма байлап, көршіме ұсынамын,
ол өзі туралы айтып, көршісіне береді. Жаттығу осылай жалғаса
береді.
82.«Мен жақсы көремін...»
жаттығуы
Басқарушыдан бастап «Мен ...жақсы
көремін» (нені жақсы көретіндігі туралы айтып) деген фразаны
аяқтап, шеңбер бойымен жіпті жібереді. Соңынан барлығына жіпті
қозғап көргенде қалай созылатынын сезіну ұсынылады, бәрі бір жіпке
байланысты сияқты.
83. «Түймедақ»
жаттығуы
Әрбір тыңдаушы түрлі - түсті
қағаздан жасалған дөңгелектерді алып, өз атын, туған күнін, не
істегенді ұнататынын жазады. Сосын барлық дөңгелекшелерді ватманға
жапсырады. Басқарушы: «Бұл дөңгелектер неге ұқсайды, адамдарға
байланысты ақпараттар жеткілікті ме? Осындай жолмен сабаққа
қатысушы әрбір адам жайлы ақпарат көз алдымызда
тұрады.
84.«Бір затқа дейін қолыңды
тигіз» жаттығуы
Басқарушы. Біз бүгін
бір-бірімізбен жақынырақ таныстық, ал енді кім қандай киім кигенін
және ол қандай түсті екенін мұқият қарап алыңдар. Мен «бір затқа
қолыңды тигіз» дегенде, сендер көршіңе немесе басқа қатысушыға
қолыңды тигізуің қажет.
Мыс. «Көк түске қолыңды тигіз!»
Бастаймыз!
Тақтада сұрақтар
тізімі
жазылып
тұрады:
• Сенің жасың нешеде?
• Сенің мекен-жайың қандай?
• Сенің сүйікті фильмің, мультфильмің?
• Сүйікті асың?
•Сүйікті ойыншығың?
• Саған не істеген ұнайды?
• Саған не істеген ұнамайды?
Басқарушы допты лақтырып,
қатысушыларға тақтада жазылған бір сұрақты береді. Ол жауап беріп,
басқаға келесі сұрақты қояды.
Басқарушы барлық қатысушыларға допты
бергенін және 2-3 сұрақтан қойылғанын қадағалап
тұрады.
85.Қазір менің ішкі жан-дүнием
қандай? «Ұлпалар» жаттығуы
Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күйдегі
ұлпалардың суреті салынған фигуралар таратылады. (көңілді,
көңілсіз, ашулы т.б.) осылардың арасынан таңдап алып, өз көңіл-
күйіне ұқсатып, ұлпаны бояу
тапсырылады.
86.«Акула - күш беруші »
жаттығуы
Еденге бірнеше «аралдар» сызылады.
Басқарушы барлық қатысушыларға нұсқау береді. Сендер қазір
барлықтарың балықтар боласыңдар. Сендер бөлмеде
яғни, өзенде жүзесіңдер, ойнайсыңдар,
көңілденесіңдер. Ал, мен «Акула!»-деп айғайлағанда, аман қалу үшін
аралға секіріп шығасыңдар. Ал мен «акула кетті!» дегенде
көңілденіп, жүзуді қайта бастайсыңдар. Акула әрбір
келіп-кеткен сайын бір аралды алып тастау қажет. Ойынның соңында
тек қана бір арал қалады , бірақ қатысушы балықтар неғұрлым көп
сақталып қалуы тиіс.
87.«Көңіл- күйімді
тап»жаттығу
Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күй мен
эмоциядағы суреттер таратылады. Қатысушы тез арада сұраққа жауап
беруі тиіс: «Бұл қандай эмоция және көңіл-күй, адамдарда мұндай
көңіл-күй қайдан болады? Сенде осындай көңіл-күй болды ма?» Осындай
көңіл-күйді пантомимо арқылы көрсету, біреу көрсетеді, қалғандары
қайталайды. Нақты, анық көрсетуге тырысу қажет (қимылды, мимиканы,
белгілі бір сөзді қолдана отырып). Топтың қалған мүшелерінің
міндеттері –бұл эмоцияны табу, басқа адамның уайымын сезіне білу,
оны көре білу және шеше білу.
-
92.(Оралған жіпті бір- біріне беріп...) «Мен армандаймын...»
-
103.Кедергілерді жеңуге арналған ситуациялық ойын «Өмір неткен керемет!»
-
Көңілді музыка ойнайды. Ортаға қатысушылар шығады) Өмір гүлі
-
Анасы88.«Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу
Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер, оң қолымызға лимонды ұстап,оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз.
Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық!
Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды
және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды!
Қолымызды жоғары көтеріп, оңға,
солға, жоғары қарай тартыламыз,
мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз!
89.«Жел соғады...» жаттығуы
Басқарушы ойынды мына сөздермен бастайды: «Жел соғады..»Қатысушылар бірін-бірі жайлы көбірек білу үшін ойды келесідей сөздермен аяқтау қажет
«Жел соғады қызыл түсті көйлек кигенге, немесе кімнің інісі, ағасы, апасы, сіңлісі
барларға немесе тәттіні жақсы көретіндерге» Осы аталғандар топпен жиналып,
жел соққан сияқты теңселіп, ағаштар сияқты қозғалып тұрады.
90.«Ыстық орындық» жаттығу
Барлық қатысушыларға кезекпен ортада тұрған орындыққа отыруды ұсынады,және әрбір адам ортада отырған адамға кезекпен жағымды сөздер, комплимент айтады.
Жаттығу аяқталған соң басқарушы оларға комплимент, жағымды сөздер айтқанда
өздерін қалай сезінгендерін сұрайды.
Рефлексиялық әңгіме.
91.«Бізге жақсы болған кезде...» жаттығу
Өткен жаттығудың жалғасы ретінде, қатысушыларға төмендегідей сәттер болғандаөзімізді қалай сезінетінімізді еске түсіріп, мимика және пантомимамен көрсету
ұсынылады. Басқарушы көрсетуге көмектеседі.
-
Бізге ұрысып жатыр; -
Бізді мақтап жатыр; -
Бізге қорқынышты; -
Бізге көңілді; -
Тақтада жауап беріп тұрмыз; -
«5» алдық; -
«2» алдық;
Жұмысты аяқтау, нәтижесін пысықтау.

Рефлексиялық әңгіме «Қалай өзгерді , біз не істедік?»
93.«Дәннен бастап-ағашқа дейін»жаттығуы
Тыңдаушыларға, олардың әрқайсысы үлкен болып өсіп ағашқа айналғысыкелетін- кішкентай дәндер екенін елестетуді ұсынады. Міне олар өсіп жатыр.
Ол бірінші ісінеді, сосын жер астынан өніп шығады, сосын жапырақтарын жаяды,
өсіп-өніп, үлкен ағаш болады- өкшесін көтеріп жоғары қарай созылу,
қолдарын жайып сабақ сияқты жайқалу.
94.«Менің қиялымдағы ғажап құс» жаттығуы
Барлық тыңдаушыларға қағаздан ғажап –құстың фигурасын жасау ұсынылады.Бұл қиялдауға, бір нәрсе ойлап шығаруға үйретеді.
Топтық жұмыс «Біздің қиялымыздың әлемі»
Қатысушылар ватманда қиял әлемін ойдан құрып онда өз құстарыныңфигурасын орналастырады. Өз құстарына ат қойып, қысқаша әңгіме құруды
ұсынуға болады. Рефлексиялық әңгіме.
Аяқтау рәсімі.
95.«Алманы жұл» жаттығуы
Сенің алдыңда үлкен ғажайып алма өсіп тұр. Алмалар сенің нағыз төбеңде өсіптұр –деп елестет., бірақ оны оңайлықпен алу мүмкін емес. Сенің оң жақ төбеңдегі
үлкен алманы алу үшін, оң қолыңды неғұрлым жоғары көтеріп, аяғыңның ұшымен
тұрып, тез терең тыныс ал, сосын алманы үзіп алып, жердегі шөптің
үстіне қой да тынысыңды ақырын шығар. Келесі қолмен осыны орында.
96.«Басқа планета адамы» жаттығуы
Басқарушы басқа планета адамы рөлінде ойнайды. Ол сыныпта жүріп,бір затты көрсетеді (кітап, үстел, сөмке, көзілдірік т.б.) және бұл не екенін
түсіндіруді сұрайды. Әрбір затқа түсініктеме қысқаша анықтамасын
айтқанша жалғаса береді.
Басқарушы. Барлық жазушылардың қиялы өте бай болуы қажет.Сендер де қиялдап көріңдерші. Ұсынылған тақырыптың таңдаған біреуін алып,
қиялдап, жаңа ертегі ойлап шығару. Ескі ертегінінің аяғын жаңаша аяқтау
. (Мысалы: «Бауырсақ», «Шалқан», «Қасқыр және жеті лақ»)
97.Жан қуаты.Зейін, ес және оны дамыту жолдары
Мақсаты: Тыңдаушыларға жан қуаттары туралы түсінік беру.Зейін, ес жайлы мағлұматтарын кеңейту.
Оқушылардың зейінін және есте сақтау қабілетін дамыту.
Ұйымшылдыққа, кез келген жағдайды шеше білуге тәрбиелеу.
Іштегі қобалжу сезімдерін сыртқа шығаруға арналған жаттығу.Терең тыныс алып, мұрын арқылы кірген ауаны ауыз арқылы шығару екі рет.
Мұрын арқылы кірген ауаны 10 дегенше іште ұстап, ха!
деген дыбыспен сыртқа шығару. Зейінді сабаққа шоғырландыруға
арналған жаттығу. Тақтадағы дөңгелек сары түстің ортасына
30-40 сек қарап, сосын көздерін жұмып, осы дөңгелекті көз алдарына
10 сек елестетіп тұру қажет.
Негізгі бөлім: Бүгіннен бастап жан қуаттар мұхитына саяхатқа шығамыз.Тақтадағы саяхат картасына назар аударыңдар.(Жан қуаттарын
картада кескіндеп салынған) Жан қуаттар мұхиты,
оның аралдары - түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, сезім, ерік, сөйлеу,
шығармашылық. Бүгін біз Зейін, Ес аралдарына «Ақ желкен»,
«Тұлпар», «Сүңгуір» аттыкемелермен саяхатқа шығамыз.
Ең бірінші экипаж мүшелерімен танысамыз. Әркім өз есімін атау ,МЕН... Біз мінетін кемеде әр түрлі адамдар кездеседі.
Сондықтан мына жағдайларды шешіп алу керек.
1-кеменің экипаж мүшелеріне мынадай тапсырма:суреттегі адамдардың темперамент типіне мінездеме бер,
темперамент дегеніміз не, типтеріне анықтама бер.
2-кеменің экипаж мүшелеріне: сендер адам мекендемейтін аралға тап боласыңдар.Сендер өздеріңмен бірге 3 адам және 3 затты таңдауларың керек.
Тапсырма: Сендер аралда тірі қалып, өмір сүруіңді қамтамасыз ету үшін,адамдардың қандай қабілеті болуы керек, ал заттар қандай болуы керек.
Қабілет дегеніміз не?
3-кеменің экипаж мүшелеріне: сурет бойынша кісінің мінезін сипаттау.Мына суреттегі кісінің мінезін қандай деп ойлайсың?
Мінезіндегі жақсы, жаман қасиеттері қандай, осы кемеде қандай қызмет
атқарады деп ойлайсың? Тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі.
Ал, енді кеменің сапарға дайындығын тексерейік.
Әркім кемедегі өз орнына отырып, әрбір айтылған бұйрықтан кейін иә деп,
қимылды қайталап отыру қажет.
1.Саяхатқа дайындалыңдар. (йә!)
2.Контакт. (қолды созу)
3.Педальді тексер. (аяқты тарсылдату)
4.Локаторды тексер. (құлақты уқалау)
5.Желкенді тексер. (екі қолды көтеру)
6.Дүрбіні тексер. (көзді уқалау)
7.Экипаж мүшелерін тексер. (бірін-бірі құшақтау)
8.1-ден, 5-ке дейін санағанда у-у-у деңдер. 6-дан 10-ға дейін санағанда «ура!» деңдер.
1- тапсырма. Қандай да болмасын саяхатшылар ұзақ жол алдындажолға дайын екенін есіне түсіріп тізе бүгіп отырады.
Қазір сендер де көздеріңді жұмып өздеріңе қалай ыңғайлы қалыпты сақтап,
бос отырыңдар. Көз алдыңа менің айтқандарымды елестетіңдер.
Түн, Аспан толы самсаған жұлдыздар.Маңай қап-қараңғы. Жұлдыздардың көптігі сондай қолыңмен ұстауға болады.
Ал, сен сол жұлдыздардың ішінен өзіңнің ең жарық, ең әдемі
жұлдызыңды таңдап ал. Ол сенің де, сенің де, сенің де, ең әдемі жұлдызың,
жұлдызды қолыңмен ал да, ішіңе жұт. Ол жұлдыз саған үлкен күш, энергия әкеледі.
Аппақ ақ адал жұмысты бастауға өзін сыйға тартады.
Содан алдағы жұмыстарды істеуге күш ал.
Терең тыныс алыңдар, көздеріңді ашыңдар.
2-тапсырма «Әріптік мәтін»
Әріптік мәтіннің ішінде алдағы саяхатта сендерге ең қажеттіқасиет туралы айтқан, Абайдың өлең шумағын оқи аласыңдар.
Тапсырма: әріптік мәтінді тездетіп қарап, дәптерге өлең шумағын жазыңдар.
МӘТІНБсиренодіақылөңілдащеулдцузцьпдпқайрати
Дрщеоғүшкщузцлақжүректіқзеркңіалещгобірдейх
Уривлушеитвлыдцөқңқіұстақтоькгңщіқьтігудасондалп
Двжвөһәдвбютолықадвжыэаплокөіләдыболасыңһіоәұоыв
Елденоушушуқірәлцущлцаабөлеквддущөәһғң
(Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек)
3-тапсырма. «Балалар дабылы»
Біздің кемеден күнделікті қолданатын заттар жоғалды.Біз кемедегі экипаж мүшелерінің алақандарындағы дақтарға қарап,
кім алғанын анықтауымыз қажет. (суреттегі алақан дақтарына қарап,
қандай заттарды ұстағандарын ажырату) Қорыта келе, адамның қабілетін
дамытуға зейіннің алатын орны өте зор.
Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз, келесі аралығымыз Ес.
Ес деген сөзді естігенде, қандай сөздер ең бірінші ойға келеді.
Ой шақыру стратегиясы. Ес сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының
адам миында жатталып, сақталып қажет кезінде қайтадан жаңғыртуын
бейнелейтін психологиялық процесс.
Естің түрлері:
1.Бейнелі ес (сурет, музыка мамандарына тән, олар бір көргенін,естігенін өмірде ұмытпайды)
2.Эмоциялық ес (қуаныш, реніш, қайғыға, байланысты)
3.Қозғалыс есі (еңбек әрекетіне байланысты коньки тебу, жазу, сызу т.б.)
4.Мағыналық ес (оқыған немесе естігенін ойда сақтау қайта жаңғырту)
1-тапсырма.Қысқа уақытта есте сақтау.
Аралда болған заттар. Қазір мен аралда болған заттарды оқимын сендермұқият тыңдап, естеріңде сақтаңдар. Пальма, Тас, Маймыл, Банан, Қармақ,
Садақ, Дүрбі, Карта, Компас, Сіріңке, Қарындаш, Тұз, Күрке, Кокос, Қайық,
Қазан, Құмыра, Пышақ, Жаңғақ. Есіңде қалғанын дәптерге жазу.
3 топ бір-бірден атап шығу.
2-тапсырма. Бейнелі ес. Ес аралына келгенде мына үйге келіп түсіңдер.Жоғарыдағы суретті 1-минут қарап шығыңдар да, естеріңде сақтаңдар.
Ал енді төмендегі суретте, сендер келіп қоныстанған соң өзгерістер енгіздіңдер,
қандай өзгерістер бар, қай сурет артық қай сурет кем екенін табу қажет.
3-тапсырма. Қозғалыс есі. Музыка қойып, дөңгеленіп тұрады.1 бала ортаға шығып билейді, басқалары қимылын қайталау керек.
4-тапсырма. Эмоциялық еске арналған жаттығу.Төмендегі берілгенәрбір жағдайға өз өміріңдегі ұмытылмай қалған сәтті жазыңдар,
не себептен бұл сәт есіңде қалғанын атап көрсет:
- Ұмытылмайтын мереке
- Ұмытылмайтын достар - Ұмытылмайтын саяхат - Ұмытылмайтын қонақ
- Ұмытылмайтын кеш
- Ұмытылмайтын табыс немесе жетістік.
Қорытынды:
Адам естігенінің 90 % ұмытады, көргендерінің 50%, ал өзі істегенінің10 % ұмытады екен. Сондықтан мақсаттарыңа жету үшін әр уақытта
өз қолдарыңмен істеуге тырысыңдар.
Қиял және шығармашылық қабілетін дамыту.
Мақсаты: Дарынды балалардың танымдық процестерін ойлау, елестету,қиялдау, сөйлеу және шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерін дамыту;
98.“Шапалақ”( саусақ -қол қимылдары)жаттығуы.“бір”-бас бармақ “2”-2 саусақ “екілік”- екі шеткі саусақ “3” -3 саусақ
“үштік”-бас бармақпен қос
“4”-4 саусақ “төрттік”- бас бармақпен қоса “5”- бес саусақтың барлығы(саусақ ұштарын сілкілеу, дірілдету, билету)
99.“Оркестр”жаттығуы Мен - дирижер, тыңдаушылар - оркестр.Қолымды төмендетсем ақырын шапалақтайды , жоғарылатқан сайын
қатты шапалақтайды.
100.Қиял және шығармашылық қабілеттерін дамыту тапсырмалары
1-ші тапсырма «Киностудия» деп аталады.
3 топ суретшілер, 2 адам режиссер. Фильмнің музыкасы дайын, музыкағабайланысты әрбір топ 1 кадрдан сурет салу қажет. Кадрдың тақырыбын қойып,
4 минут уақыт ішінде әрбір топ кадр нұсқасын өткізуге тиісті.
Ал, режиссерлер ұжымдық фильмге қай кадрды алуға болатынын талдап,
өз шешімдерін шығарады.
2-тапсырма. Жаңа тақырыпқа байланысты ми клеткаларын қозғалысқакелтіруге арналған миға шабуыл. “Жапқыш қақпақтар”
Біздің мектепті материалдық жағынан өркендету үшін демеушілер қажет.Бір фирма біздің мектепке көмек ретінде миллион ( пробка)
жапқыш-қақпақтар берді. Мектеп жапқыш-қақпақтарды қайда, қалай қолданады?
Сендер қалай ойлайсыңдар. (идеялар құру)
Ситуация жауабы оқылып, ұсыныстар қабылданады.
Денені босаңсытуға арналған жаттығу: 3 рет тыныс алу; 10 рет санағаншаауаны іште ұстап, “ха” деген дыбыс арқылы сыртқа шығару;
3- тапсырма “Ертегіні өңдеу” ойыны
Тыңдаушыларға психологиялық терминдерді атау ұсынылады.Мыс:-жеке тұлға-темперамент-мінез-ес-зейін-ойлау-коррекция-қабылдау және т.б.
Осы психологиялық терминдерді пайдаланып:
1-ші топ “Шалқан”,
2-ші топ “Қызыл телпек”,
3-ші топ ”Бауырсақ” ертегілерін өңдеп сахналық үзінді көрсету.Дайындыққа 4 минут, үзінді 2 минуттан аспау керек.
Режиссерлар ертегіні таңдап, қорытындылайды.
4-ші тапсырма “Әңгімені аяқта”
Түн. Аспан бұлттанып, жаңбыр сіркіреп жауып тұр.Автобус аялдамасында бір қолшатырдың астында өзара
күбірлесе сөйлесіп екі қыз тұр. Маңайда басқа ешкім жоқ.
Бір кезде...
5-ші тапсырма Қызықты суреттер.Суретке қарап сұрақ-жауап жазу
6-шы тапсырма Суреттерді аяқта және атын қой.
Қорытынды: “Шығармашылық- тек ізденген адамға ғана кезігетін қонақ.Жалқау адамға шығармашылық жуымайды”-деп,
Шәкәрім атамыз айтқандай әрқашан ізденіп, шығармашылық
табысқа жету сендердің қолдарыңда.
101.«Сенімділік жолында» жаттығуы
Мақсаты: Тыңдаушылардың қарым-қатынасқа түсу дағдыларынжәне коммуникативтік мәдениетін дамыту.
Қақтығыстық жағдаяттарда түсінісушілік дағдыларын қалыптастыру.
1 - кезең Танысу:
1.Әркім өз атына өзінің жақсы қасиетін қосып айту.Келесі адам көршісінің атын қосып, өз атын айту.
Мыс: Сен әдемі Әйгерім болсаң, мен...
2. Өмірде қандай да топта, ұйымда болмасын сенімділікең үлкен фактор болып есептеледі. Тренингтің тақырыбы
«Сенімділік жолында». Тренинг болған соң оның ережесі болады.
Егер келіссек, қол соғамыз, келіспесек аяқты тарсылдатамыз.
Барлық жаттығу уақытпен істелінеді.
1.Осында және қазір.
2.Бағаламау.
3. Белсенділік.
4.Сабақтан соң талқыламау.
5.Біреудің сөзін бөлмеу, біреуді кемітпеу.
2-кезең «Нөмірлер»
Барлығы дөңгеленіп тұрады. Әрбір тыңдаушының арқасына нөмір ілінеді.Сендердің міндеттерің тез-тез 1-ден соңғы нөмірге дейін сапқа тұру қажет.
Өз нөмірін алып қарауға, басқалардың нөмірін айтуға, саусақпен көрсетуге болмайды.Ережені бұзса 10 сек.
Бастаңдар! деген бұйрық бойынша бастайды.Жаттығудан соң, өз сезімдерімен бөліседі.
-Қандай сезімдесің?
- Неліктен ұзақ сапқа тұрдыңдар?
3-кезең «Бұзылған телефон»
Тыңдаушылар сапқа тұрады. Басқарушы соңғы тыңдаушыға бір сөзді мыс.«волейбол» деген сөзді сыбырлап айтып, қимылмен көрсетеді.
Ол бала алдындағы балаға қимылмен көрсетеді, ойын осылай жалғаса береді.
Соңғы баладан қандай сөз екенін сұрайды.
Сезіммен бөлісу
-Неліктен соңғы бала сөзді қате айтты?
-Бұл ойыннан қандай қорытынды жасауға болады?Топтың бір-біріне деген сенімділігіне кедергі келтіретін қасиеттің
бірі бірін-бірі дұрыс түсініспеушіліктің әсерінен.
4-кезең «Мүсіндейміз»
7 топқа бөлініп тақырыптар бойынша мүсін жасайды.Тақырыптар: «Жауапкершілік», «Жек көрушілік», «Шешім қабылдау»,
«Сенімділік», «Қорғансыздық», «Шыншылдық» тақырыптарына мүсін
құрастыру тапсырылады.
Талқылау. Неліктен мүсінді осылай құрдыңдар?Осындай жағдайлар өмірде кездесе ме?
Ондай жағдайлар болғанда қандай кеңестер айтар едің?
Рефлексия.
III-аялдама. «Менің 3 қасиетім» жаттығуы.Тыңдаушылар дөңгеленіп тұрады.
(жақсы,жаман қасиетін анықтайтын белгілер таратылады)
Егер,жаман қасиетін анықтайтын белгі болса 3 бала,жақсы қасиетін
анықтайтын белгі 3 тыңдаушы бір-бірден қасиетін айтады.
IY-аялдама. Өз-өмірімнің шеңбері-ойын.
Бұл ойын өз өміріміз және қасыңдағы адамның өмірі жайлы ойлануға жағдайтуғызады (тақтада шеңбер 4-ке бөлінген, әрбір бөлігіне 6 сағат -ұйқыға- -
сабаққа- -достарыңа- -үй тапсырмасына-
-үй шаруасына- -басқа істерге.
Әрқайсысына қанша уақыт кетеді,уақытын қойып шығыңдар.
Сұрақтар:
-Бір күн осылай өткеніне қанағаттанасың ба?
-Осы шеңберде қай шекараны өзгерткің келеді?
-Саған өз өміріңде нені өзгерту оңай және қиын?
-Өмірден өзгерістерді неліктен күтесің және не үшін талпынасың?
Y-аялдама. Уақыт машинасы (топпен жұмыс)
Қазір өз өмірлерің жайлы және оны басқаша өзгерту жайлы қиялдап,алдағы мақсатқа жету үшін өзгерткілері келетін белгілі өмір уақытын
көз алдарыңа елестетіп,осы іс-әрекетті сурет арқылы бейнелеңдер.
YI-аялдама. Коллаж “Менің таңбам”
ХY ғасырдың ортасынан адамдарда өзінің қоғамдағы орнын,жекеерекшеліктерін, қасиеттерін, жетістіктерін анықтайтын
таңбалары болған, бүгін сендер өздерің үшін әрқайсыларың таңба
дайындайсыңдар. Мұның бәрін сөз, суреттер, белгілер арқылы дайындаңдар.
Таңбаның негіздері салынған парақтар таратылып, 10 мин уақыт беріледі.Жұмыс аяқталған соң,оқушылардың өз еріктері бойынша таңбалары
жайлы айтады.
-Өздерің дайындаған таңбаларың сендерге көңілсіз, өздеріңе сенімсіз,қорқынышты, біреуге өкпелеген кездеріңде көмек, қолдау көрсететінін
есімізде сақтауымыз керек.
YII -аялдама. Ал, енді таңбалармен шеру ұйымдастырамыз.Бірінің артынан бірі таңбаларын жоғары көтеріп, дөңгеленіп тұрады,
бірінші тыңдаушы өзі туралы сөзді дауыстап айтады, қалғандары
кезекпен жалғастырады.
- Өзің туралы сөзді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар, осы сөзге лайықты болу үшін не істеу қажет?YIII-аялдама. Кері байланыс “Алақан” Тақтадағы алақан суретіндегі
сұрақтарға жауапты таңбаларының артына жазу. Қоштасу.
102. «Өмірдің мәні неде?» жаттығуы
Мақсаты: Өмірдің мәнін және қымбаттылығын түсініп, эмоционалдыққарым-қатынас дағдыларын жетілдіру
Ойынның барысы: Басқарушы кіріспе сөзінде өмірдің мәні , адамзаттыққұндылықтар туралы , осы мәселенің жасөспірімдер арасында өзектілігі
жайлы айтып кетеді. Ойынның түрін анықтау аргументациясы.
Адам өміріндегі ойынның ролі. Команда құру. (5-7 адамнан).
Әртүрлі жетондар таңдау арқылы
командаға бөлуге болады.
Ойынның ережесімен таныстыру.-
Сіздер әртүлі планеталардан келген қонақсыздар. Өмірдің мәні -
жайлы сіздердің планеталарыңыздың түсініктері әртүрлі.
-
Сіздер осы маңызды мәселені талқылауға жиналып отырсыздар.
-
Қазір сіздерге сіздердің планеталарыңызда өмірдің мәні мен
-
құндылықтарын анықтайтын әртүрлі түсініктер ұсынылады.
-
(қатысушыларға «отбасы» «махаббат», «мамандық», «шығармашылық»,
-
«қанағаттану», «достық» «қоғамға қызмет ету», т.б. сөздер, сонымен
-
қатар өмірдің мәні мен құндылығы жайлы айтылған данышпан
-
адамдардың қанатты сөздері ұсынылады)
-
5-10 минут аралығында әрбір топ өз планетасының атын, тұрғындарының -
өмір салты туралы талқылайды. Қанатты сөздерге сүйене отырып,
-
өз пікірлерін айтады. Ең маңыздысы қандай адамдар, олар ең маңыздысы
-
қандай заңмен өмір сүретіндігін баяндап берулері қажет.
-
Қатысушылар өз командасын таныстырады, басқа командалар сұрақ қойып, -
нақтылауға, сынауға болады. Дисскуссия жүргізуге болады.
-
Тыңдаушыларды мақсатты түрде топтық дискуссия, диалог
-
жүргізу ережесімен таныстырып отыру қажет.
-
Ойынды қорытындылау. Жетондар жинау арқылы «Қай планетаға -
ұшып барғыңыз келеді?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы ұнаған
-
топты анықтауға болады.
Қорытынды. Өмірдің мәнін іздеу үшін әркім өз өміріне жауапкершілікпен,саналылықпен қарау қажеттігін айту.

Мақсаты: Қатысушыларға жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарнегізінде рухани -адамгершілік қасиеттері мен мінез-құлық нормаларын
меңгертіп, өзі әрекет ететін тұлғалармен табиғи жағымды
қарым-қатынас жасап, өмірдің мәнін түсіне білуге, өмірді сүйе
білуге деген сыни көзқарасын қалыптастыру
(Көңілді музыка ойнайды. Ортаға қатысушылар шығады)
Өмір гүлі: Зеңгір көктем
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен,
Біз өмірдің гүліміз!
Табиғатымыз, жеріміз қандай тамаша!
Неткен сұлулық,әсемдік! Өмір сүру қандай керемет!!!
Ұнатамын өмірдің ой-қырларын,
Сауық құрып, сайрандап, той қыламын.
Өмір керек көлеңке, шуағымен,
Өмір керек! Өмір керек қызығымен!
Мұғалім: Балалар, Тынышталыңдар! Біздің сыныбымызға жаңадан оқушы келді.Есімі Жания болады. Танысып қойыңдар. (пауза) сабаққа дайындалып отырыңдар.
Жания бос орынға отыра ғой. (Мұғалім шығып кетеді.
Оқушылар Жанияға кекесінмен қарайды, бос орынға отырғалы жатқанда оған,
бір оқушы
«Бұл жер бос емес»-деп, сөмкесін қоя салады, екінші оқушы
«бұл жер де бос емес» деп, отырғызбайды, сосын қоңырау соғылған соң,
Жания бір орынға отырады). Үзіліс кезі.
1-оқушы: О-О, мына біздің Қыз Жібегімізді қараңдар! (Өрілген шашына тиіседі)
2-оқушы: Не ұнамай қалды ма? Сен өзіңді ерекшемін деп ойлама.Бізден асып ешқайда бармайсың.
Жания: Мен өзімді біреуден артық көруді мақсат етпеймін!
3-оқушы: Мына «Ботаниктің түрін қараңдар, өзінше, ия?»
Мұғалім: Ал, балалар, сабағымызды бастаймыз. Бүгін « Өмірдің мәні неде?»деген тақырыпта дискуссия өткіземіз. Әрине, осы сөздердің мағынасын әр
қайсысымыз әртүрлі түсінеміз. Ойымызды, пікірімізді толық айтуға
тырысайықшы.
1-оқушы: (қолын көтеріп) Меніңше, өмірдің мәні - молшылықта, ал,молшылықтың кілті - байлықта, дер едім.
Бай адамның алдында барлық есік ашық.
Ол үшін алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ.
Мұғалім: Жарайды, келесі пікірді тыңдайық
2-оқушы: Ал, мен әнші болуды армандаймын. Егер болашақта «жұлдыз» болсам, есімім халық аузында болады. Жүрген жерімде құрмет, қошемет!
Атақ-даңқың жер жаһанға тараса, меніңше өмірдің мәні де осында.
Мұғалім: Түсінікті...
3-оқушы ( қолын көтеріп) Ал, меніңше өмірдің мәні-билікте.Қолында билігі бар адамның сөзі де өтімді, ісі де өнімді. Билік-сиқырлы
таяқша сияқты, сілтеп қалсаң, айтқаның орындалады.
Мұғалім: Жания! Сен үндемей отырсың ғой. Сені де тыңдайық.Жания : Өмірдің мәні-жақсылық істеуде деп ойлаймын.
Тек жақсылық қана адамға әрқашан қуаныш әкеледі. Бар ғұмырын тек
жақсылық істеумен өткізгендер ғана, рақат өмір сүретін сияқты.
Тек жақсылық істейтіндердің ғана әрқашанда жүздері жарқын,
көңілдері шат болмақ. Біз барлығымыз бір-бірімізге махаббат,
жылы сезім сыйлауымыз керек. (Барлығы күледі)
Жания: Мұғалім, кешіріңіз, мені мына сыныпта ешкім түсінбейді,
-деп шығып кетеді.
Мұғалім: Балалар! Жанияны бекер, босқа ренжіттіңдер ғой.Бұларың не? Ал, шынына келсек, Жанияның сөзі нағыз ақыл болды,
сендер құлақ салмадыңдар. Ақыл адамға мәнді өмір сүру үшін берілген, балалар.
Ойланыңдар! (Мұғалім шығып кетеді. Қоңырау, оқушылар сахнадан кетеді.)
Сахнаға Жанияның әкесі және анасы шығады. Соңдарынан Жания келеді.
Әкесі: (газет оқып отыр) Жания балам, бүгін ерте келдің ғой? Не болып қалды?
Жания : Әке! Мен жаңа мектепке барғым келмейді.Дискуссия жүріп жатқанда, мен өз пікірімді айтқанда, барлығы күлді.
Сыныптастарым мені түсінбейді.
-
-
Медитациялық ән. Дыбыс байланыстарын жақсартуға, қобалжу сезімінен арылуға жақсы әсер етеді
|
Анасы: Жанияжан ! Соншама не болып
қалды?
124.« Қағаз
бетіндегі саяхат» жаттығуы 136. «Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөйлемдер жаттығуы
Әр топқа ақ парақ және пиктограммалар таратылады (күн, кемпірқосақ, «жедел жәрдем», жүрек, қолшатыр, магнитофон). Осылардың ішінде тек қана үш пиктограмманы пайдалана отырып ақ параққа «мұғалім таңбасын» жасап шығу қажет. Үш топ үш таңба жасап шығады және де әр топ өз таңбасын ұсынады.
“Мейірімділік тақырыбында
Бір бұтақпыз, бір бұтақпыз бақшадағы
“Шыншылдық” тақырыбында
Ойыншылар шеңбер болып тұрады. Кез келген бір оқушы өз есімін айтады. Кейінгі ойыншалар кезекпен бірінші ойыншының есімін допты шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре айтады. (сәуле, Сәулетай,Сәулежан, Нұрсәуле, т.б.) осылай барлық баланың есімі түрлендіріле айтылып шығады. Ойынға қатысушылар өз аттарын түрлендіре естігенде қандай сезімде болғандықтарын бөліседі.
Мұғалім:Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі
ең керемет әуен секілді естіледі. Сондықтан да бір бірімізбен қарым
қатынас жасағанда, әңгімемізді міндетті түрде есімімізді айтудан
бастайық. Мұғалім: ойын үстінде қандай сезімде болдыңдар? Қандай теңеулер сендерді таңқалдырды? Неге? |
«Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тренингі
Әр адамның алға қойған мақсат –
мұраты,
тілектері болады.
Бойына жақсы адами қасиеттерді дарыта алғандар ғана өмір жолындағы қиыншылықтарға қарамастан шыдамдылық танытып,
өзін -
өзі тәрбиелеп мақсатына жетеді.
Ал адам бойында болуға тиісті 20
құнды қасиет бар.
Осы қасиеттердің қайсысы өз бойында бар деп ойлайсыздар .
Соны белгілейміз.
Адами құнды қасиеттер Менің бойымдағы құнды қасиеттер
1. Өмірге риза болу
2. Ақылдылық
3. Ұқыптылық
4. Кең пейілділік
5. Қарапайымдылық
6. Әділдік
7. Ашықтық
8. Өз бетінділік
9. Принциптілік
10. Шыншылдық
11. Өзіне сенімділік
12. Еңбекқорлық
13. Батылдық
14. Тұрақтылық
15. Төзімділік
16. Сабырлық
17. Тіл табысушылық
18. Саналылық
19. Бауырмалдық
20. Сыпайылық
“Достық және сенімділік” туралы жаттығулары
1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы .
Жаттығудың мақсаты .
оқушылардың көңіл –
күйін көтеру ,
бір –
бірімен қарым –
қатынасын нығайту .
Шарты : балалар дөңгелене тұрып ,
жұп –
жұп болып ,
бір –
біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды .
Яғни ,
сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді .
2. «Сенімділік» жаттығуы .
Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып ,
сенімділікке үйрету .
Шарты :оқушыларға бос парақ таратылады .
Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады .
Ол бөліктерді 1 ,
2 деп белгілеп ,
бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді ,
ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те ,
ортасы қырқылып алынады .
Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып ,
жағымсыздарын қатты мыжып ,
қоқыс жәшәгәне салады .
3. «Биіктік» жаттығуы .
Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру ,
сенімділігін нығайту .
Жаттығу барысы :
қатысушылардың біреуі шығады .
Оған мынадай нұсқау беріледі :
«Қабырғаға жақын тұр ,
сосын секір .
Қай жерге дейін секіргенін бергілеу»
.
Талдау .
бірінші және екінші белгі салыстырылады .
Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:
- Белгі қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?
- Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?
- Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма ,
әлде нашарладыма ?
- Қалай ойлайсыңдар ,
өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме
Сөйлеу мәнерін қалыптастыруға
және іскерлік ойындары
1.«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын,
топтық қатынасын,
сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның ережесі:
Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап,
қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет.
Мысалы “Біз компетентті,
кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз.
Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы,
қуанышты,
таңқалушы,
немқұрайлы және т.б).
Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады.
Осылайша ойын бірнеше рет ойналады.
Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.
2. «Комплимент» ойыны.
Жаттығудың тапсырмасы –
қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру,
тіл табыса алу қасиетін,
бірі бірін толық тануын дамыту.
Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады.
Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады.
Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады.
Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады.
Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.
Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.
Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?»
деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.
Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай,
сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.
3.Іскерлік ойын «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі».
Ойын ережесі:
Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды.
Олардың тізімі тақтаға жазылады.
Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды.
(жалқаулық,
асығыстық,
артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап,
оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады.
Ал жағымды сипаттама жасап,
сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.
Мұғалімдерге
арналған тренингтер
1.«Шеңберден басып өту» жаттығуы
Мақсаты:
Өзара сенім,
ынтымақтастықты қалыптастыру.
Ойыншыларды шеңберді қалыптастыруға бұйырыңыз.
Әрбір ойыншы қарама-қарсы кім тұратынын анықтайды.
Сіз «жүр»
дегенде әрбір ойыншы көзін жұмып шеңберден өтіп және қарама-қарсы тұрған ойыншының орнына тұру керек.
Мұны барлық ойыншылар бір сәтте істеп және көздерін ашпау қажет!
Әдетте қатысушылар шошынады да,
бірақ ақырын-ақырын үйренеді.
Кейін ойыншылардан көздері жабық болған кезде не сезінгендерін сұраңыз.
Жаттығу шынайы өмірмен қалай сәйкес келеді?
2.«Кім көшбасшы?» жаттығуы
Топтың шеңбер бойымен тұруын сұраңыз.
Ойыншылардың ішінен өз еркімен бөлмеден шығуды бұйырыңыз.
Шеңберде тұрғандар өз ішінен жасырын көшбасшы таңдап алу керек.
Бұл көшбасшы әрекетті бастауы қажет.
Мысалы,
шапалақтап немесе аяқпен жерді бір тарс ету шарт.
Әрекет әр 15
секунд сайын ауысып отыруы қажет.
Шеңбер бойында тұрған қалғандары оған қарамай көшбасшының әрекетін қайталайды.
Ерікті ойыншы бөлмеге бұл әрекет жүйесін орындауға қайтып келеді.
Еріктіге көшбасшыны табуға үш кезек береді.
3.«Көшбасшыға
ілесу» жаттығуы
Ойыншыларды шеңбер бойына тұруды сұраңыз.
Көшбасшы шеңбердің ортасына тұрып шеңбер бойымен жүгіріп және «мен сияқты істе»
деп дауыстайды,
ал топ «мен сияқты істе»
деп оның артынан қайталайды.
Кейін көшбасшы шеңбердің сыртынан шығып «мен сияқты істе»
деп қайталай береді.
Көшбасшы мен билеп жатырмын,
мен секіріп жатырмын,
т.б деп айта бастайды.
Топ көшбасшының қимылын қайталайды.
Көшбасшы барлығы шаршағанша мен сияқты «істе»
деп қайталай береді.
4.«Вербалды емес қарым-қатынас» жаттығуы
Топтан екі тыңдаушы таңдалынып «тарабар»
тілінде сөйлесуі ұсынылады.
Әңгімелесуде өз тілінен басқа тілдің бәрін (немесе екеуіне де сүйікті тілден басқа)
пайдалануға болады,
ол мимика,
дыбыстау,
қолдарын сермелеу болу мүмкін.
Екі мұғалімнің міндеті -
бір-бірімен әңгімелесу,
тіпті пікірталас жасау ойын кезінде партнерлер бір-бірінің пікірлерін мұқият қадағалауды оның ойын көрсете алатын ерекшеліктерін,
белсенділігін бақылау арқылы серіктестігінің не айтқысы келіп тұрғанын түсінуге тырысады.
Көрермендердің міндеті -
пікірлесуші екі адам не жайында айтып отырғанын ұғыну.
Диалог аяқталған соң алғашында бақылаушылардың пікірлері,
содан кейін әрбір ойыншы өз пікірлерімен не жайында айтқаны туралы бөліседі.
Ойынның екінші кезеңінде барлық ойыншылар үштіктерге бөлінеді.
Әрбір үштікте -
бақылаушы және бір-бірімен «тарабар»
түрінде пікірлесуші екі ойыншы болады.
Қалған тыңдаушылар пікірлесудің әр сәтін қалт жібермей қадағалайды да,
әңгіменің тақырыбы не жайында екенін анықтауға тырысады.
5.«Тыңдаушы жұптар» жаттығуы
Ойыншыларды жұпқа бөлінуді сұраңыз.
Жұпта бір ойыншы екіншісіне бақытты сәтін суреттеп беру керек.
Тыңдаушы ештеңе айтпау шарт,
тек айтылып жатқанға мұқият көңіл бөлу қажет.
Бірнеше минуттан кейін тыңдаушылар естуін доғаруын сұраңыз.
Бұл кезеңде айтушы өз оқиғасын жалғастыра береді,
бірақ тыңдаушы оған көңіл бөлмей ғана тыңдайды.
Оған есінеуге,
бұрылуға немесе ысқыруға болмайды.
Маңыздысы оның жұбы айтып жатқанын тыңдаушы естімейді.
Бірнеше минуттан кейін оларды тоқтатыңыз.
Содан соң тыңдаушы мен айтушы орындарын ауыстырып,
жаттығуды қайталайды.
Ойын аяқталған соң ойыншылардан қызықтырған және қызықтырылған тыңдаушылардың айырмашылықтары өзгерді ме?
Жаттығуды талқылаңыз.
6.«Қағаздарды
жинақтау» жаттығуы
Мақсаты:
Қарым-қатынас және
қабылдау дағдысын дамыту
Барлық ойыншылардан көздерін жұмуды сұраңыз.
Оларды қарамауға бұйырыңыз!
Жүргізуші барлығына қағаз таратады.
Ойыншыларды қағазды екі бүктеуге және бүктелген қағаздың оң жақ бұрышын жыртып алуды сұраңыз.
Кейін тағы бір рет екі бүктеуге және сол жақтағы бұрышын жыртып алсын.
Қарауға болмайтынын ескертіңіз!
Енді көздерін және қағазды ашып қалған ойыншыларға көрсетсін.
Қағаздың парақтары әртүрлі кесіледі.
Ойыншылардан бұл жаттығу не байқатқанын сұраңыз.
Біріншіден,
ең жеңіл нұсқауларды да әркім әртүрлі түсінеді.
Біз жиі ойлаймыз,
айтылған нәрсеміз басқаларға түсінікті болатындығы,
тек кейін айтылған нәрсемізді әркім басқаша қабылдайтынын аңғарамыз.
Барлығы нұсқауды дұрыс орындады,
бірақ қорытынды әртүрлі.
7.«Кеден» жаттығуы
Ойыншылар ішінен екі «кеден қызметшісі»
және екі «шетелдік»
таңдалынып алынады.
«Екі кеден қызметкерінің»
міндеті «шетелдіктермен»
сөйлесу барысында олардың қайсысы «контрабанда»
алып өткізгісі келгенін анықтау.
«Багаж»
ретінде «кеденшілерге»
«шетелдіктер»
алып келген екі кітап болуы мүмкін,
ал «контрабанда»
ретінде біреуінің ішіне салынған бір парақ қағаз болуы мүмкін.
«Кеденшілер багажды»
тексеруге құқығы жоқ.
Ол өздерінің байқағыштығы мен сезімталдығына сүйеніп өз мақсаттарына жетуге тиіс.
«Шетелдіктер»
сыртта өздерінің қай елден,
қандай мақсатта келгендігі жайлы аңыз ойлап шығарып жатыр.
«Шетелдердің»
негізгі мақсаты «кеденшілермен»
әңгіме барысында күдік тудырмайтындай аңыз ойлап шығарып,
кеденшілердің көңілін аулау.
Әңгіме «кеденшілердің»,
«шетелдіктердің»
қайсысында «контрабанда»
жасырылғанын анықтауға дейін жалғасады.
Жауап алынғаннан кейін басқа ойыншылар өздерінің шешімдерін айтады.
Тек содан кейін ғана «шетелдер»
мойындайды.
Ойын соңында ортақ пікірлесу болады,
пікірлесу барысында топ мүшелері қай жауап және неліктен дұрыстығын сұрыптайды.
«Кеденшілер»
мен көрермендердің қандай белгілер арқылы «шетелдіктер»
«контрабанда»
жасырынғаны және қайсысында екендігі анықтағаны белгілі болады.
8.«Карусель» жаттығуы
Қатысуышылар карусель тәртібімен отырады (немесе тұрады),
яғни бір-біріне қарап екі шеңбер құрып тұрады:
ішкілер қозғалмайды (ойыншылар ортаға сырттарын бұрып тұрады)
және сыртқы қозғалатын (ойыншылар шеңбердің ортасына қарап тұрады).
Тренердің белгісі бойынша сыртқы топтың ойыншылары бір немесе екі адым оңға қарай жасайды немесе өздерінің оң жағында тұрған орындықтарға отырады және басқа партнердің алдына келіп тұрады.
Ойында ондай ауысулар бірнешеу.
Сонымен қатар ойыншылардың рөлін тренер өзі өзгертіп отырады.
Жағдайдың мүмкін болатын
мысалдары:
-
сіздің алдыңызда көңілсіз, бір мазасыз күйге түскен адам оның жанына барып әңгіме бастаңыз, тыныштандырыңыз. -
сіздің алдыңызда бірінші сыныпта бірге оқыған сыныптасыңыз келеді. Сіз оны бірден танымадыңыз, себебі сол көп жылдан бері көрмеген едіңіз. Шамалы уақыт ойланғаннан кейін сіз оған жақындап, сөйлесесіз... -
мектеп алаңында сіздің өз сыныбыңыздағы екі оқушы төбелесіп жатқанын көресіз.
Сізді көре сала біреуі қашып кетеді, екіншісі
орнында қалады. Онымен сөйлесіп жағдайдың себебін
анықтаңыз.
Әңгімелесу мен қарым-қатынас бекіту
уақыты әрбір жағдаятта 2-3 минут. Содан кейін ойын басқарушы белгі
береді, ойыншылар 30 секунд ішінде басталған әңгімені аяқтауға
тиісті, қоштасып, оң жаққа келесі партнерға қарай
ауысады.
9.«Ұстаз бен ұстаз арасындағы
қарым-қатынас» жаттығуы
Мақсат: Ұстаздардың арасындағы
қарым-қатынасын үйлестіру.
Барысы: Мұнда мұғалімдерге өзіне
ұнайтын әріптестірінің атын немесе суретін салдыру тапсырылады. Әр
суретке сипаттама беріледі. Неге? Не үшін? Қай іс-әрекеті жағымды?
деген сұрақтар арқылы олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы
өзгереді .
10.«Біздің ұйымшыл топ»
жаттығуы
5-6 адамнан 4 команда құру. Оларды
жеке столдарға отырғызу. Әр командаға
фломастерлер, қаламдар беріледі. Әр топ өздері таңдаған
тақырыпқа сурет салады. Қатысушылар сурет салып жатқанда тыныш баяу
музыка қойылады. Суретті салып болған соң әр команда қалаулары
бойынша суреттердің атын атап мазмұнымен таныстырады. Қалған
командалар сол суреттерге қатысты өз эмоцияларын білдіреді (секіру,
үндемеу).
«Қақтығыс»
жаттығуы
Жүргізуші қатысушыларды жұп-жұпқа
бөледі. Ойланыңыздар, сіздер жанжалға қатысушыларсыздар деп, әр
қайсысына жауапкершілік артады.
-
қақтығысты бастау; -
қақтығыстағы дәнекер; -
қақтығысты тоқтату.
«Жанжалға не әсер етеді?» - деген сұраққа
жаттығу соңында жауап бере отырып, қатысушы өз тапсырмаларын
қорғайды. Жүргізуші жанжал кезіндегі мінез - құлықты қадағалап
отырады.
Жүргізушіге
кеңес:
-
Қақтығыс кезінде мені не мазалайды? -
Қақтығыс маған қалай әсер етеді? -
Жақсы жаққа қалай өзгеруге болады? - деген сұрақтарды қолданады.
«Екі жақты пайда» деген ұғымды ашу. Қажет
болса қақтығыс кезінде қолданылатын дене жаттығулары
жасалынады.
11.«Мейірімді есім»
жаттығуы
Мақсаты: эмпатияны дамыту, жағымды
эмоционалды фон жасау.
Әр тыңдаушыға оң жағындағы көршісін
мейірімді түрде атау ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын
білдіреді. Бірінші шеңберден кейін жаттығу кері жаққа орындалады
(енді сол жағындағы көршісін мейіріммен
атайды).
12.Тиімді қарым-қатынас деңгейін
дамытуға арналған «Туған күн»
жаттығуы
Бұл жаттығуды тілек айту ауызша
(вербалды) түрде, ал сыйлықтар мимика, жест, жұмбақ түрінде
берілгендіктен қатысушылардың қиялы, ойлау деңгейі және
қарым-қатынастағы бір-біріне тәуелділігі анықталды. Олардың бір
-біріне деген сенімдері күшейді.
13.«Менің күшті жақтарым»
жаттығуы
Қатысушылар жұпқа бөлінеді,
серіктестер өздерінің бала тәрбиесіндегі өзара мәселелерін бір -
біріне айтады. Егер кімде - кім қиналса, тренер өзі бағыт береді.
Әңгімелесуші адам серіктесін тыңдап болғаннан кейін оның мінез –
құлқының күшті жақтарын табатындай жағдаятты талдайды. Рөлдер
ауысқаннан кейін шеңбер бойына отырып талқылау болады. Енді
мұғалімнің өзінің жағдаят мінезінің қандай күшті жағын көрсеткенін
әңгімелейді.
Кездесу соңында мұғалімдер өз
сезімдерімен бөлісіп, психологтың келесі сұрағына жауап береді:
«Бүгінгі жаттығуда сіз үшін не пайдалы
болды?».
-
балаға деген сүйіспеншілік -
тұрақты қатынас -
аса қамқор болу -
шектен тыс талап қою -
парықсыздық -
қатаң қару.
14. «Мен сені түсінемін»
жаттығуы
Әрбір топ мүшелеріне жүргізуші:
өздеріне серіктес таңдау керектігін ескертеді. Сіздердің
біреулеріңіз ауызша 3 мин ішінде серіктесіңіздің
тілегін, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын бейнелеп
беріңіз. Содан соң серіктесі оның айтқанын мақұлдайды немесе жоққа
шығарады. Қасыңызда отырған адамға назарыңызды аударыңыз және оның
қазіргі ойын ішкі сезімін, арманын түсініп, іштей қорытынды жасап
отырыңыз. Соңында екі серіктес бір-бірінің ішкі сезімдерімен
бөліседі. Оған 5 мин уақыт беріледі.
Жүргізушіге кеңес: қатысушылар
жаттығу басталмас бұрын өздеріне серіктес таңдаулары қажет. Белгілі
уақыт аралығында қатысушылар өз беттерімен жұмыс істейді. Содан-соң
бір-бірінің пікірін талқылайды. Қарым-қатынас адамның өмірлік
іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін
біртұтас бөлшек. Сыныпта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін
педагог міндеті түрде оқушының іс-әрекетін сапалы ұйымдастыру,
ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт,
бағдар беру болып табылады.
15. «Мен және басқалар»
жаттығуы
Нұсқау: әр педагог өз парақтарына
өздерінің автопортреттерін салады.
Парақтың шет жақтары бос болуы тиіс.
Жоғарғы жағына өзінің аты-жөнін жазады. Уақыты 10минут. Жұмыс
аяқталған соң, мұғалімдер өз суреттерін әріптестерімен ауыстырады,
барлық мұғалім өз аты-жөндерін қалағандарынша жазып шығулары қажет.
Жұмыс толық аяқталған соң талқылау
жүргізіледі.
Талқылау:
-
Сенің автопортретің өзіңе ұнайды ма? -
Тағы кімдікі ұнайды? -
Кім туралы білу саған қызықты болды?
16. «Менің есімім»
жаттығуы
Нұсқау: әр педагог өз парақтарына өз
есімдірін әсерлеп жазулары тиіс.
Жұмыс аяқталған соң жүргізуші жинап
алып, педагогтарға көрсете отырып сұрақ
қояды:
-
Есімің өзіңе ұнайды ма? -
Есіміңнің мағынасын білесің бе? -
Есіміңді кім таңдады, кім қойды?
Талқылау:
-
жаттығу ұнады ма? -
Қандай есімдер ұнайды?
17. «Сөздерді құраймыз»
жаттығуы
Өз есімдерінің әріптерінен сөздер
құрау қажет. Талқылау кезінде балалардан жаттығу жасау қияндыққа
түсті ме, жоқ оңай болды ма деген сияқты сұрақтар қоюға
болады.
18. «Сүйікті өзіме хат»
жаттығуы
Жаттығу жеке-жеке орындалады. Әр
педагог өзінің «меніне» қалағанынша хат жазады. Кім оқығысы келсе,
сол педагогты оқытуға және көпшілік талқысына салуға
болады.
“Көңіл күй” жаттығулары
1.«Көңіл күй түсі» атты
жаттығу.
Түрлі түсті қағаз қиындыларын
бір-біреуден таңдап алып, оны осы сәттегі көңіл күйлеріне
байланыстыра отырып сипаттайды.
2. «Мен
сенімен сұхбаттасқаныма өте
қуаныштымын» жаттығу.
Сіздерге келесітапсырма. Бірінші
тұрған адамөзінен кейінгі екінші адамға қолын созып, сенімен
сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын
дейді, ал екінші адам өз кезегінде келесі адамға
осы сөзбен қолын созады. Осылайша «тізбектеле» барлығы бір бірінің
қолынан қстап шеңбер құрады.
3.Өзіндік
таңдау
«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?»
тақырыбында жұмыс. (Оқушылар аз
дегенде он түрлі жауапты жазып,
тілек білдірушілер дауыстап оқиды). Балалардың жауабын жеңілдету
үшін тақтаға сөздер тізімі жазылған плакат
ілінеді.
Сөздер
тізімі: сүйкімді, әлсіз, жағымды, әділ,
мақтаншақ, еңбекқор, ақылды, мықты,
қу,
күлкілі, шыдамды, сенімді, жаңымсыз,
ойшыл, жақсы, дені сау, сыпайы, ұялшақ, ұяң, сұлу, тәк мінезді,
нәзік, күшті, қызғаншақ, белсенді, мейірімді, шыншыл, инабатты,
қамқоршы, ұрысқақ, әуесқой, білімді, тапқыр, көпшіл, мінезі тұйық,
т.б.
4. Жазбаша
жұмыс «Аяқталмаған сөйлем»
Мына сөйлемді
аяқтаңдар.
Менің ойымша, мен
...
Өзгелер мені
...
Мен келешекте
...
5. Жаттығу
«Ыстық орындық»
Қазір сендер жайлы өз сыныптастарың
не ойлайтындарын бәлесіңдер және өздерің жайлы өз ойларыңмен
салыстырыңдар. Оқушылар кезекпен шеңбер ортасындағы орындыққа
отырады, ал қалған ойыншылар «Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру
үшін жоғарыдағы сөздер тізбегінен сәйкес келетін сөздердің ішінен
таңдап немесе өзі ойынан айтуларына болады. Кейін оның қаншалықты
«Менің ойыша мен ...» деген сөйлемді аяқтаған кездегі жазған
анықтамасына сай келетінін анықтау
керек.
Бастауыш сынып оқушыларына
арналған тренингтер
1. «Ине мен
жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар.
Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей
жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан
шығады.
2. «Бұл қашан
болады?»
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер
көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп
береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес
ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай
ай?
3. «Не
үлкен?»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды.
Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған
кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және
балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады.
Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
4. «Сиқырлы
қапшық»
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші
олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында
сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды
кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды
талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен
заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады.
айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша
жалғасады.
Есте сақтау, қабілетін дамытуға арналған
ойындар.
1. «Төрт
құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», -
десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от»
дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім
шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді
шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне
мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады.
Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып
қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда
не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге
болады.
3. Орныңды
тап. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің
жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің
бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді (
белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша
шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде
сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан
шығады.
Зейінді тұрақтандыруға арналған
ойындар.
1. Мен жеңімпазбын. Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені
ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны
балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала
орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы
керек.
2. Құлақ -
мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші:
«Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс
көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын
тексеру мақсатында оларды шатастырып
айтады.
3. Өз орныңды
тап. Балалар қатармен тұрады. Әр баланың
қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар
сандардың реті бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет қайталанады.
Балалардың орындарын шатастырып алмауы
қадағаланады.
4. Дайын
бол. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз
айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян
– секіреді, құс – ұшады, т. с. с.
5. Зейінді
бол. Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі
қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші
ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын
қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші
болады.
Бұл бет үшін навигация:
|
Танысу” жаттығулары Қатысушылар шеңберде тұрады. Әр қайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады. Ойын соңына дейін жалғасады.
2. «Бұрылып секіріс» ойыны
(қатарда). Әркім өзі шешеді, қалай және қаншалықты айналуына болатындығын. Бірақ ақылдасмуға болмайды.
1.«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
“Тұлғаның негізгі және жанама қасиеттерін анықтау” жаттығулары
Танысу тренингінің мақсаты:жанадан қалыптасқан топтағы балалардын бір-бірін жақсы білуіне,топ белсенділерін аңықтауына мүмкіндік жасау.
3.«Мен жақсы көремін» ойыны.
Тік төрт бұрыш
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалімдерге арналған психологиялық тренингтер

шағым қалдыра аласыз