Материалдар / Мұғалімдерге арналған қарым-қатынасты нығайту тренингісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімдерге арналған қарым-қатынасты нығайту тренингісі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер арасында қарым қатынасты нығайтуға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2018
525
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ

«М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ











ТРЕННИНГТІК БАҒДАРЛАМА.


Тақырыбы: Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, басқа адамды түсіну, қабылдай алу.



















Психолог Айгерим Жаманкулова








Көкжыра ауылы

МАЗМҰНЫ.


1 сабақ. Тақырыбы: қарым-қатынас дағдыларын жасауға қадам жасау.

2 сабақ. Тақырыбы: қарым-қатынаста өзін-өзі ашу.

3 сабақ. Тақырыбы: қарым-қатынастағы еркіндікті орнату.

4 сабақ. Тақырыбы: қарым-қатынастағы ашықтық, еркіндік, рефлексияның қалыптасуы.


Треннингтің негізгі әдістері мен психотехникалары: Ойындар, тесттер, тапсырмалар.


Құрал- жабдықтар: бейдж, А4 бет, қалам немесе қарындаш.


Треннингтің негізгі мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.


Треннингтің негізгі бағыты: Трансактілі анализ.


Треннингтің өтілу уақыты: барлық сабақ үшін 4 сағат 15 минут.













Кіріспе

Көптеген зерттеулердің көрсетуінше мұғалімдер кәмелетке толмағандармен тәрбиелеу коррекциялық процесте бірқатар қыиндықтармен кездеседі:

  1. Сенімді қатынас орната алмау;

  2. Баланың ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;

  3. Сыныпты басқарудағы және топпен қарым-қатынастағы қиындық.

  4. Оқу тәрбиелеу жағдайының өзгеруіне баяу әсер ету.

  5. Мәселелі тапсырмалар туындаған кезде оны шешуге стандартты емес, оригиналды тәсілдерді таба алмау.

Мұғалімдерге қажетті тәрбиелеу коррекциялық жұмыс үшін, осы аталған қиындықтарды талдау негізінде, ептіліктер мен тұлғалық кәсіби сапалар тобын бөлеміз:

  • Тұлғалық қасиет педагогта эмпатияның дамуымен байланысты;

  • Мұғалімнің коммуникативті ептілігі: өз мінез-құлқын басқара алу, икемділік, байқампаздық, зейін сапасы, әлеуметтік перцепцияға қабілеттілік, оқушының сыртқы белгісіне қарап, оның ішкі психологиялық жағдайын адекватты модельдеу.

  • Педагогикалық шығармашылыққа қабілеттілік.

  • Тұлға динимизмі, оқушыға белсенді әсер ету қабілеттілігі.

Осы аталған сапалар педагогикалық рефлексияда даму керек: тәрбиелеушінің өзінің педагогикалық іс-әрекетінде жалған мотивтерді саналау, тәрбиеленушілердің мәселелері мен қиындықтарын, өз мәселелерінен бөле алу ептілігі, тәрбиеленушілерге өзінің тұлғалық ықпалының салдарын бағалау,

Мұғалім жұмысының индивидуалды стилі педагогикалық іс-әрекет тәсілінің нақты жүйесі. Ол ерекше тұрақты тұлғалық сапалармен шартталған. Балалармен қарым-қатынаста индивидуалды стильдің құрылуы күрднлі процес.

Тәрбиелеушімен қиын тәрбиеленетін оқушының педагогикалық қарым-қатынастың индивидуалды стилінің сипаты:

  • Тәрбиешінің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшелігі;

  • Қиын тәрбиеленетін оқушы тұлғасының ерекшелігі;

  • Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара қарым-қатынасының деңгейі;

  • Педагогтың шығармашылық индивидуалдылығы;

Осы негізде қиын тәрбиеленетін жеткіншекпен шығармашылық индивидуалды қарым-қатынас көрсеткіші келесідей болады:

  • Қақтығыстық жағдайларды шешудің жаңа жолдарын саналы іздеу;

  • Өзбеттіліктің қалыптасуы, ойлаудың автаномдылығы, және әрекеттер;

  • Педагогикалық әрекетті өз позициясынан болжамдау мүмкіндігі;

  • Өз мінез-құлқына жауапкершілік сезімі.

Мұғалім іс-әрекетінің индивидуалды стилінің құрылуы 3 факторға тәуелді; тәрбиеленушілермен өзара әрекеттестіктің бағыттылығы, әрекетке жағымды қатынас; тәжірибе жинау, педагогтың табиғи ерекшелігі.

Мұғалімдерге арналған бұл треннинг қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналады. Мұғалімдерге қарым-қатынастың ерекше қырларын меңгере отырып оны практикада еркін қолдана алады. Педагогикалық іс-әрекетте мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасында эмпатия, кері байланыс өте маңызды сипатқа ие. Қарым-қатынаста өзараәреттестіктің терең болуы, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінің эффективтілігінің негізгі көрсеткіші деуге болады. Мұғалімдерге арналған бұл треннингтің психологиялық сипаты мен маңызы тереңде жатыр. Қарым-қатынас көпқырлы болғандықтан, бұл треннинг педагог іс-әрекетінің барлық аймағында қарым-қатынастың ерекше индивидуалды тұрғысын қалыптастырады.

































1 сабақ.

Тақырыбы: Қарым-қатынас дағдыларын дамытуға қадам жасау.

Амандасу: Сәлеметсіздерме! Бүгінгі треннингке қош келдіңіздер, сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.

Уақыты: 2 сағат.

«Танысу» ойыны:

Уақыты: 15 минут.

Менің атым Айгерім. Құрметті треннинг қатысушылары барлығымыз өзімізді таныстырайық. Барлығымыз орнымызда отырып, өзіміздің атымызды айтамыз және атымызға затымыз сай дегендей өзімізді қандай да бір табиғат құбылысына теңейміз, неге осы табиғат құбылысына өзіңізді теңедіңіз, сіздің мінез-құлқыңызға қай жағынан жақын екенін айта кеткеніңіз жөн.

«Карусель» ойыны.

Мақсаты: Ойын түрлі жағдайда сөйлесу ептіліктерін қалыптастырады. Қатысушылардың әртүрлі рөлдерді ауыстырып ойнауы, күтпеген жағдайда қарым-қатынасқа түсу ерекшелігін үйретеді.

Уақыты: 25 мин.

Құрал-жабдық: қажет емес.


Топ мүшелері карусель принципінде тұрады, бір-біріне қарама-қарсы екі шеңбер жасайды: ішкі қозғалмайтын (қатысушылар круг орталығына арқаларымен тұрады.), сыртқы қозғалмалы (қатысушылар шеңбер ортасына бетімен қарай орналасады). Жүргізушінің сигналы бойынша сыртқы шеңбердің барлық қатысушылары бір уақытта бір немесе екі қадам оңға басады. Мүмкін болатын жағдайдың мысалы:

  1. сіздердің алдарыңызда реніш сезімімен бір адам отыр, сіз келіп әңгімелесіңіз, сабыр сақтауға көмектесіңіз.

  2. Сіздің алдыңызда сіз соңғы рет көрген адам отыр, сіз оны бірінші сыныпта көргенсіз, сіз оны бірден таныған жоқсыз, біраз уақыт ойланып кейін назар аударасыз.

  3. Мектеп ауласында екі баланың төбелесіп жатқанын көрдіңіз, сізді көріп олар қашып кетеді. Екіншісі орнында қалады, онымен сөйлесіп қақтығыстың себебін анықтаңыз.

  4. Сіздің алдыңызда оқушы, бүгін сіздің сабағыңызда ренжулі отырды.Сіз өте дөрекі типте ескерту жасадыңыз. Сіз одан сабақтан кейін қалуды сұрадыңыз.Сөйлесіп не болғанын анықтаңыз.

Әңгіменің өтуіне әр ситуация үшін 3 минут уақыт беріледі. Кейін жүргізуші сигнал береді. Қатысушылар 30 секундта әңгімені аяқтау керек., қоштасады, оң жағындағы жаңа партнерға жылжиды.


Сұрақтар: 1. Жаңа жағдайға байланысты сізде қандай сезім пайда болды.

2. Жаңа рөлді қабылдау сізге жеңіл болды ма, әлде ауыр болды ма.

«Телепатия» ойыны.

Мақсаты: Қарым-қатынаста партнердің ойлары мен сезімдерін қамтамасыз етеді, трансляцияланған бейненің эмоцианалды фонын дұрыс анықтауға көмектеседі.

Уақыты: 30 мин.

Құрал-жабдық: қажет емес.

Қатысушылар екіге бөлінеді. Бір-біріне қарама-қарсы отырып келіседі, біреуі жүргізуші екіншісі қатысушы болады. Жүргізуші қандай да бір ойды немесе бейнені береді. Жүргізуші 4-5 минут ішінде өз партнерін сендіру қажет. Соңғы тапсырма жүргізушінің не ойлағанын түсіну немесе сезіну.Бейне құрылғаннан кейін қабылдаушы өзінің нені сезінгенін және түсінгенін жүргізушіге айтады.


Сұрақтар: 1. сізге басқа адамның ойын қабылдау қиынға соқты ма.

2. өзіңізді қалай сезінесіз.

«Өзіңізді жайлы сезініңіз» ойыны.

Қатысушылар көздерін жұмып өздеріне ыңғайлы жағдайды жасайды. Осы негізде өздерінің сезімдерін айтады.

Сұрақтар: 1) Бұл сезім сіз үшін қаншалықты маңызды.

2) Мұндай сезімді қандай сипатта бағалайсыз.

3) Қарым-қатынас процесінде мұндай сезімдерді қолдануға бола ма.

4) Сіз үшін өміріңіздегі қарым-қатынастың рөлі қандай.


2 сабақ.

Тақырыбы: Қарым-қатынаста өзін-өзі ашу.

Амандасу: Қатысушылар шеңбер жасай орналасып , сөз арқылы, жест, мимика арқылы бір-бірімен амандасады.

Мақсаты: Қарым-қатынас принциптерін анықтау.

Уақыты: 45 минут

Құрал-жабдық: А4 бет, қалам.



1 тапсырма. Сіз өзіңіз қарым-қатынас жасайтын қандай да бір адамыңызды елестетіңіз, Өзіңізді және сол адамды екі түрлі шеңберде бейнелеңіз. Белгілеңіз сіз қайдасыз, партнеріңіз қайда.


Сұрақтар: 1. Қарым-қатынас жүйесіндегі сіздің орныңыз қаншалықты маңызды.

2. Қарым-қатынасты қаншалықты бағалайсыз.


2 тапсырма. Тұтас орталығы бар әртүрлі өлшемдегі бірнеше шеңберді салыңыз. Орталығы сіз, қарым-қатынас жақындығы мен алыстығына байланысты әртүрлі шеңберден адамдарды орналастырыңыз.


Сұрақтар: 1. Сізде бірінші шеңберде қанша адам болды.

2. Келесі шеңберде қанша адам болды.


3 тапсырма. Сөйлемге комментарии жасаңыз.

«адамның адамгершілік сапаларын жеке күш сипатында талқылау емес, күнделікті өмірде талқылау керек» (Б.Паскаль)

«сыртқы түрмен емес ішкі бейнеңмен қалыптас» (Ф.Петрарка)

«тозақ – бұл басқа» (Ж.Сартр)

«бір адамды жекеліктен емес жалпы тану жеңіл» ( ФЛаролифуко)


Сұрақтар: 1. Сізге қайсысы ұнады.

2. Сіздің өміріңіздегі ұстанатын қандайда бір принципіңізге өзіңізге ұнаған фраза қаншалықты жақын.

4 тапсырма. «Капитан, Рөлдік, Пассажир» тесті.

Инструкция: Сізге 14 сұрақ беріледі, сұрақтарға «иә», «жоқ», «білмеймін» деп жауап бересіз.

Сұрақтар.

  1. Менің өмірімде болып жатқан барлық жағдайларға жауапкершілікті сезінемін.

  2. Менің өмірімде көп мәселе болмас еді, егер кейбір адамдар өз қатынастарын өзгертсе.

  3. Кейде мен бақытсыз жұлдыз болып туған сияқтымын.

  4. Менің ойымша алкоголиктер ауруына өздері кіналі.

  5. Менің өмірімдегі көп нәрсеге мені қалыптастырған адамдар жауапты.

  6. Егер мен тұмауратып қалсам өзбетімше емделемін, дәрігер көмегіне жүгінбеймін.

  7. Әйелдердің агрессивтілігіне, ашушаңдығына басқа адамдар кінәлі.

  8. Өмірлік қиындыққа қарамастан кез-келген мәселені шешуге болады.

  9. Басқа адмның маған жасаған жақсылығы үшін, басқаларға көмектесуді жақсы көремін.

  10. Егер қақтығыс болса, ойлана келіп, кінәні іздегенді өзімнен бастаймын.

  11. Егер қара мысық жолымды кесіп өтсе, көшенің басқа жағымен өтемін.

  12. Әрбір адам жағдайға қарамастан күшті және өзбетінше болу керек деп санаймын.

  13. Мен өз кемшіліктерімді білемін, бірақ қоршаған орта оған снисходительно қарауын қалаймын.

  14. Менің жағдайым жетпейтін жағдайға мен бас иемін.


Қорытынды.

«иә» - 1,3,5,7,9,,11,13, «жоқ» - 2,4,6,8,10,12,14 – 10 ұпай, «білмеймін» жауаптары үшін 5 ұпай қойылады.

100-150 ұпай. Сіз өз өміріңіздің капитанысыз, жауапкершілік сезімі, қиындықты жеңесіз. Сіз өз алдыңызға маққсат қойып, оны қалай шешу керектігін ойланасыз. Осыдан өз жандүниеңізде не болып жатқанын сезінесіз.

50-99 ұпай. Сіз көбінесе рөлде отырасыз. Өз қиындықтарыңыздың себебін бағалауда реалистикалық сипаттасыз. Нақтылық, ақылдылық, икемділік үнемі сіздің қасыңызда. Сізге қатысы жоқ жағдайға жауапкершілік алмайсыз, талапқа сай жұмыс істейсіз. Басқа адамдардың мейірімді келісімімен өмір сүре аласыз.

49 ұпайға дейін. Өз өміріңіздің пассажирісіз. Сыртқы күшке тез бағынасыз. Жағдай күрделенсе ол тағдыр. Қыиндықтарды өзіңізді емес басқаны айыптаусыз, ешқашан нағыз тәуелсіздікке жетпейсіз.


Сұрақтар: Сіздің өміріңізге, көзқарасыңызға берілген жауап сәйкес келеме.


3 сабақ.

Тақырыбы: Қарым-қатынастағы еркіндікті орнату.

Амандасу: Қатысушылар бір-бірлеп әрбір қатысушымен өзінің қалауынша амандасып шығады.

Мақсаты: Қарым-қатынастағы өзін бақылай алу қабілеттілігі, қарым-қатынас еркіндігін орнату.

Уақыты: 1 сағат.

Құрал-жабдық: А4 бет, қалам.

1 тапсырма. Сіздің өміріңізде қандай ойын ойнауға тура келді.

Сұрақтар: 1. Ойын қандай жағдайда өтті.

2. Сіз нені басыңыздан кештіңіз.

3. Ойын қандай болды, мейірімді, мейірімсіз.


2 тапсырма. Ойларға комментарии жасаңыз.

«ережесіз әрекет ету – бүкіл әлемдегі ең қиын және қаймықтыратын қажытатын жұмыс»

«Өмір ойын сияқты, біреу жарысу үшін өмірге келеді, екіншісі саудаласу үшін, ең бақыттысы көру үшін өмірге келу» (Пифагор)

3 тапсырма «Өзіңізді бақылай аласыз ба» тесті.

Инструкция: сіздерге он сұрақтан тұратын тест беріледі, сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.

  1. Басқа адамға еліктеу мен үшін өте қиын.

  2. Қоршаған ортаны өзіне назар аударту үшін, өзімді жасанды көрсетемін.

  3. Менен жаман актер шықпайды.

  4. Басқа адамдарға мен бір нәрсеге терең алаңдайтын сияқты көрінемін, негізінде шынымен солай.

  5. Мен компанияда үнемі зейін орталығы болмаймын.

  6. Әртүрлі жағдайларда, әртүрлі адаммен қарым-қатынаста өзімді әртүрлі ұстаймын.

  7. Мен шынымен иланатын нәрсеге отстайваю.

  8. Басқа адаммен қарым-қатынаста, белгілі істе үлгеру үшін, мені қалай көргісі келетініне байланысты, солай болуға тырысамын.

  9. Мен төзе алмайтын, яғни жек көретін адаммен , мейірімді достық қарым-қатынас жасааймын.

  10. Мен шынайымын.



Қорытынды. «жоқ» - 1,5,7 бойынша 1 ұпай, «иә» - 2,3,4,6,8,10,9 бойынша 1ұпай қойылады. Барлық ұпайларды қосамыз.

0-3 ұпай. Сізде төмен коммуникативті бақылау. Мінез-құлқыңыз тұрақты, сіз оны жағдайға байланысты өзгертпейсіз. Сіз қарым-қатынаста өте ашықсыз. Сізді кейбіреулер қарым-қатынаста тура болуыңызға байланысты, қарым-қатынас жасау үшін ыңғайсыз деп таниды.

4-6 ұпай. Коммуникативті бақылауыңыз орташа дәрежеде. Сіз шынайысыз, эмоцияларыңызды ұстай аласыз.

7-10 ұпай. Коммуникативті бақылауыңыз өте жоғары. Сіз кез-келген рөлге жеңіл кіресіз, жағдайдың өзгеруіне өте икемді әсер етесіз.

Сұрақтар. 1. Алынған жауап сіздің өміріңізге сәйкес келе ме.

2. Тесттің жауабы туралы не айтасыз.


4 сабақ.

Тақырыбы: Қарым-қатынастағы ашықтық, еркіндік, рефлексияның қалыптасуы.

Уақыты: 1 сағат 20 минут.


«Комиссиялық дүкен» ойыны.

Мақсаты: Өз сапасының құндылықтарын түсінуге негіз.

Уақыты: 30 мин.

Құрал-жабдық: қажет емес.

Қатысушылар сатушы және тұтынушы болып екі топқа бөлінеді. Өзін толық жетілдіру үшін қандай сапа жетіспейді. Ойлану үшін 3-5 минут уақыт беріледі. Дайындық сатысынан кейін ойын басталады. Ерекше ойын, сатушы қабылдайтын тауар, әртүрлі адамдық сапалар: мейірімділік, сезімталдық, адамгершілік. Тауар үшін сатушы ақша бермейді, адамдық сапаларды береді. Істің нәтижесінде әрбір қатысушы өзіне керексіз сапаны лақтарып тастайды.


Сұрақтар. 1. Қандай сапаларды сатып алдыңыз.

2. Керексіз сапаларды лақтырып тастау қиынға соқты ма.


«Сыйлықтар» ойыны.

Мақсаты:

Уақыты:25 мин.

Құрал-жабдық: қажет емес. Қоршаған ортамен қуанышын бөлісуге, басқа адмдардың ниетіне назар аударуға, адамдардың бір-бірін жақсы білуге көмектеседі.

Әрбір қатысушы жанында отырған адамға қандай да бір сыйлықты ойлап табады. Ең басты шарт бұл сыйлық сол адамды қуантатындай болу керек. Болжамдалған сыйлық туралы айтып, әрбіреуі түсіндіреді. Неге дәл сол сыйлық таңдалды.


Сұрақтар: 1. Сыйлық сізге ұнады ма.

2. сыйлықтың сіздің өміріңіздегі қандай да бір оқиғалармен байланысы бар ма.


«Кім екенін тап» ойыны.

Мақсаты: адамның өзі туралы пікірінің қалыптасуы, және оның қоршаған ортада көрінуі.

Уақыты: 20 мин.

Құрал-жабдық: А4 бет, қалам.

Қатысушылар өздеріне 10-12 сөйлемнен тұратын мінездеме жасайды. Жүргізуші жинап алып араластырады. Біртіндеп барлық мінездемені оқиды. Қатысушылар мінездеменің авторын табады.


Сұрақтар. 1. Бір-бірлеріңізді мінездеменің қандай белгісінен таныдыңыздар.

  1. Өзіңізге мінездеме жазу сізге қын болды ма.




Қоштасу. Құрметті треннинг қатысушылары бүгінгі тереннингке қатысқандарыңыз үшін көп рахмет, болашақта сіздермен әлі кездесеміз деп ойлаймын. Сау болыңыздар.


























Қолданылған әдебиеттер:

  1. Бабайцева В.Ю. Личностно-ориентированный тренинг в процессе подготовки будущих учителей к воспитательной работе с трудными детьми. Учебное пособие по технологии воспитательной работы для студентов- педагогов и учителей.

Российское Педагогическое Агенство. Москва., 1997.

  1. Самопазнание. Алматы., 2003. Қазақстан Республикасы білім министрлігі.

  2. Марасанов Г.И. Социально-психологичесский треннинг. Москва., 1998.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!