Жоспар:
1.
Тыныштық сәті «Нұрға
бөлену»
2. Рухани адамгершілік
білімнің қазіргі әлемдегі
басымдылығы.
Бейнеролик
«Жақсылық жаса және саған
ол қайтып
келеді!»
2. Өзін-өзі тану пәні мен
басқа пәндердің ықпалдасуы(күн, бала, кірпі, ағаштың байланысы,
жанды, жансыз білім
туралы)
3. Заманауи білім
кеңестігін ізгілендіру тәсілдері
(педагогтің стилі, мұғалімдерге
арналған ереже, жолдауды жеткізу, мұғалімнің басты
қасиеттері) "Звездочки на земле"(фильмнен
үзінді көрсетемін)
4. Өзін-өзі тануды оқытудың
аксиологиялық аспектілері(құндылық
терегі)
5. «Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің
рөлі
6. Үйге
тапсырма. "Звездочки на земле"
бейне фильмін
көру
7.
Топпен ән
айту.
8.
Қорытынды
(Семинарды бастамас бұрын
мұғалімдерден сауалнама алу)
-
Тыныштық сәті «Нұрға
бөлену»
2. Рухани адамгершілік
білімнің қазіргі әлемдегі
басымдылығы.
«Сыртқы дүниенің көптігі
сонша бірақ жүректе ешнәрсе
жоқ...»
О.Гадецкий
Бейнеролик
«Жақсылық жаса және саған
ол қайтып
келеді!»
Сұрақтар:
· Фильмнің соңында
адамдарды не
біріктірді?
· Бұл түйіннен қандай ой
қорытасыздар?
2.
Өзін-өзі тану пәні мен басқа пәндердің
ықпалдасуы.
Мектепті реформалаудың қажеті
жоқ. Мұғалімнің жан дүниесін реформалау
керек.
“Балалар білімді аңсайды, бірақ
олар жанды білімді
аңсайды”
Ш.
Амонашвили
Қазіргі таңда, жас ұрпақты
сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге
асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар: Рухани –
адамгершілік білімді, құндылықтарды, кез келген пәнді оқыту
мазмұнына енгізу.
1).Биологиялық
тұрғыда: Бауыр -ішектен
бірге түскен зиянды және улы заттар бауырда
зиянсызданады.
Адамгершілік
тұрғыда: Ағайындылар бауырына
ренжімейді, ренжісе де бірден ішке түсірмей ренішін ұмытып кетеді.
Өйткені, ол бауыры. Әр адамда солай болу керек өкпе ренішін ішінде
сақтамай, ыдыратып жіберу керек. Адамдардың бір-бірін жақсы
көруі, мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы-
бауырмалдықты білдіреді. Ол-адамдардың туыстық
негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде
өзге жұрттарды бауырына тарту оларды жақын санап,
қамқорлық көрсету, жатсынбау, көпшіл болудан
көрінеді.
2). Дүниетану. Ауа. Ауаның
қасиеттері.
Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап
тұр. Осы
қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің
радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда
тіршілік жойылады. Ауаның қасиеттері: Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ,
пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т.б.
Адамгершілік
тұрғыда: Ауа бізге қаншалықты қажет болса, сол сияқты
адамдардың жылы сөздері, ақ пейілі, мейірімділігі қажет. Ал егер
пейіліміз тарылса, мейірімсіз болсақ адамгершілігіміз
жойылады.
3). Математика.3сынып
Бір жұмысшы 1сағатта 10 км жердің қарын тазалады.
Екінші жұмысшы 1 сағатта 15км жердің қарын тазалады. Ал екеуі
бірігіп жұмыс жасаса 3 сағатта қанша км жердің қарын тазалар
еді.
Шешуі: 3*10+3*15=75км
Адамгершіліктұрғыда:
Жалғыз адам бір өзі жұмыс жасағаннан гөрі екеуі бірігіп жасаса
жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Бір адам жалғыздан – жалғыз көп
жұмысты бітіре алмайды, жасаса да қызықсыз,әрі қажыр-қайратын
тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса, жұмыс әрі
қызықты,әрі тез,әрі тиянақты бітеді. Бұл адамды достыққа,
бірін-бірі жақсы танып білуге,сыйлауға,қамқор болуға, ұйымшыл
болуға жетелейді.
4). Геометрия. Шеңбер
дегеніміз - бір нүктеден сызықтың бірдей
ара қашықтықта орналасқан тұйық қисық сызық.
Адамгершілік
тұрғыда:Егерде біз осы шеңбер бойымен жүретін болсақ, еш
уақытта шегіне жете алмаймыз. Айталық біреу сізді ренжітті оны
кешірудің орнына керсінше қарсы әрекет етіп оны ренжіттіңіз, сөйтіп
оның шегі болмайды. Егерде ренжіткен адамды кешірсек онда шексіздік
үзіліп, біз бақытты өмір кешкен болар
едік.
5). Физика. Магнит
өрісі
Балалардың күнделікті ойнайтын үрмелі шарларын
қолымызға қолғабымызды киіп, үйкелегеннен кейін қолымызды
алшақтататын болсақ, шарымыз ешқайда ұшып кетпей алақанымызға келіп
жабысады. Кез – келген заттарды бір – біріне үйкелеп, соңынан
бір-бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір-біріне
тартылады.
Адамгершілік
тұрғыда: яғни,
бұдан шығатын
қорытынды рухани жақын адамдар бір – біріне ренжісіп
көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп сыйластықта бола
алады.
3. Заманауи білім
кеңестігін ізгілендіру
тәсілдері.(педагогтің стилі,
мұғалімдерге арналған ереже, жолдауды жеткізу, Мұғалімнің басты
қасиеттері)
«Кез келген шешімді окушынын
өзі таба білгенін
калаймын».
М.
Монтень
«Адамның адамшылығы – ақыл,
ғалым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан
болады».
А.
Құнанбаев
“Мұғалім-баланың бойына
руханилық білім нәрін себетін басты
тұлға”.
А.Байтұрсынұлы
Педагогтың үш
стилі
Авторитарлық (өктем) мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік
көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары ал
оқушы төменгі сатыда болады.
Либералдық(бейтарап) педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде
болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе
болғаны.
Гуманистік (ізгіліктік) бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен
ізгілікке тәрбиелейді. "Звездочки на
земле"(үзінді
мысал)
Бұл фильмнен қандай ой
қорытасыздар?
Мұғалімдерге
арналған 2 ереже: 1.Басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің
орында
-
1-ші ережеге
қара (мағынасы: сосын барып талап
ет)
Жолдауды
жеткізу
Сөйлеу-10%
Мета-жолдау(жасырын жолдау) –
90%
Мұғалімдерге ең бастысы екі
қасиет қажет:
• Қарапайымдылығы (өз
кемшіліктерін ұғыну
үшін)
• Кемелденуге ұмтылыс
(ертеде мұғалім балалардың алдына бармас бұрын ойларын
тазалап алған).
Сана арқылы
оқыту.
Ақпарат бес сезім мүшелері
арқылы сыртқы әлемнен түпкі санаға
(кейде саналы түрде, кейде санадан тыс) түседі де, осы жерде
психикалық-эмоциялық реңге ие
болады.
З. Фрейд бірінші рет
бейсаналық (санадан тыс) бөлігін ажырата отырып, адам санасының
құрылымын жасады. Ол невроздарды зерттей отырып, сана саласынан
шығып қалған эмоцияларды тапты және оларды түпкі сана (подсознание)
деп атады.
К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке
тұлғалық деңгейінен басқа жоғары деңгейінің (жоғарғы сана) бар
екеніне назар аудара отырып, бейсаналық ұғымын
кеңейтті.
Сананың
құрылымы:
т
үпкі сана сана жоғарғы
сана
эмоция
интуиция
Сананы
тазарту
Тренинг. Құтыдағы
су
- Егер стақандағы лас суды
түгел төгіп тастауға болмаса, оны қалай тазартуға
болады?
Сананы
тазарту:
-
Күн сайын жағымды көңіл күйге
ену тәсілін қолданған
жөн.
-
Бұл сананы тыныштандыру мен
бақылау үшін, әлемді түйсінуге арналған тікелей
әдіс.
-
Күні бойы барлық адамдарға
сүйіспеншілік нұрын шашуға
талпыныңыз.
-
Ұйықтар алдында күні бойы не
істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөліңіз, және де
оданда жақсысын жасауға шешім
қабылдаңыз.
-
Ашу-ызыңызды бақылаңыз.
Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға
көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.Ашулана
бастасаңыз:
-
Өзіңізді тыныштандыратын ізгі
немесе жұбату сөздерді дауыстап
айтыңыз.
-
Жан тебірентіп, жайландыратын,
жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән
салыңыз.
-
Жақсы компания, орта
табыңыз.
-
Басқаларға тыныштық беруге,
оларға қызмет етуге және оларды жұбатуға
үйреніңіз.
-
Тыныштық сақтауға үйреніңіз.
Жұмсақ, әрі мейірімді интонациямен
сөйлеңіз.
-
Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр
уақытта баяу, терең және ырғақты тыныс алыңыз және бұған кедергі
жасайтын нәрсенің бәріне абай
болыңыз.
-
Күнделікті өмірде
жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға
ұмтылыңыз.
-
Ажырата ойлауды
дамытыңыз.
4. Өзін-өзі тануды
оқытудың аксиологиялық
аспектілері.
Аксиология (грек тілінен
аударғанда ) акcио-құндылық, логос-ілім – «құндылық» категориясын
зерттейтін философия
саласы.
Философиялық тұрғыдан
алғанда құндылық
дегеніміз – жалпы қоғам
үшін, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы
түсінік.
Құндылықтар туралы мәселені
алғаш рет – ежелгі философ Сократ
қарастырды.
«Кімде шынайы бейне мен
ұшқыр ой болса ол
бақытты»
“Достықсыз адамдар
арасындағы қарым-қатынастың ешқандай құндылығы
жоқ”
Сокра́т
Т.И.Петракова
(д.пед.наук.профессор МПедГУ) ұсынған құндылықтар жүйесінің
жүктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре
пайда болған және
абсолюттік.
Табиғи құндылықтар – бұл
адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни
ақыл – ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы,
сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің
қайраттылығы)
Жүре пайда болған құндылықтар
– бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы
барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық
жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және
т.б)
Абсолюттік жалпыадамзаттық
құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын,
ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы
зор құндылықтар
Абсолюттік (мәңгілік)
жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім
берудің негізгі өзегі болып табылады.Мәңгілік жалпыадамзаттық
құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да
қамтиды.Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар
адами қасиеттер болып табылады. Олар Ақиқат, Дұрыс әрекет,
Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат
жасамау.
5.«Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің
рөлі
Ø «Егер мұғалім өз ісін
сүйіспеншілікпен атқарса, ол жақсы мұғалім
болады.
Ø Егер оның өз оқушысын
туған әке-шешесі сияқты сүйген болса, ол барлық кітапты оқып
шыққан, бірақ не ісін, не оқушыларды жақсы көрмейтін мұғалімнен
артық.
Ø Егер мұғалім өз ісіне
және балаларға деген сүйіспеншілігін біріктірген болса, ол – КЕМЕЛ
МҰҒАЛІМ».
Лев
Толстой
«Баланы қалай сүю
керек?»
«Балалар жоқ – адамдар бар. Бірақ түсінік ауқымы
басқа, тәжірибелік қоры басқа, қызығушылығы да, сезіну де
басқа».
«Ең
өрескел қателік – педагогиканың адам туралы емес, бала туралы ғылым
деп санайтыны. Бала сезімінің аясы үлкендерден асып түседі, яки
тежелу өтелмеген. Интеллект аясында аз дегенде, оларға тең, тек
тәжірибе жетіспейді».
Ø ...Үлкендер балаларға ашуланбауы керек,
өйткені бұл баланы түземейді, керісінше
бұзады.
Ø …Дрессировкамен, қысыммен, қиянатпен қол
жеткізгеннің барлығы да осал, күмәнді және
сенімсіз.
Ø Жағымсыз тосынсыйды қаламайтын және болуы
мүмкін іске жауапкершілік ала алмайтын тәрбиеші –
тиран.
Ø Денсаулық – бұл басты өмір
игілігі.
Ø Көптеген балалар ойыны – үлкендердің
байсалды әрекеттеріне
еліктеу.
Януш
Корчак
Мұғалім – бұл ақылдың
шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін
және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам.
Егер оқушы
өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер
оқытушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян
келеді.
Егер мұғалім өз
ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара
түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл-қыздарға ие
болады.
Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі
әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары
адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып
табылады.
6. Үйге
тапсырма. "Звездочки на земле"
бейне фильмін
көру
7.
Топпен ән
айту.
Мейірімді болайықшы
бауырлар
Сөзі: Серік
Қалиев
Әні:Құрмаш
Маханов
Көктем етіп көркейтсе де
маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің
талайын,
Өшігуді қояйықшы
өзгеге,
Кешірімді болайықшы,
ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де
жауындар,
Көк пен жерді селт етсе де
дауылдар,
Пейіліңді пенделікпен
тарылтпай,
Мейірімді болайықшы,
бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып
барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп
табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз
басымыз,
Кішіпейіл болайықшы,
халайық!
Ел
болғанмен емеспіз ғой онша
көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап
ек,
Өзімізге қалайтұғын
нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса
деп.
Ұлттың қамын жүректермен
ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік
жұмылып,
Қаратайық Құбылаға
жүздерді,
Таратайық адамзатқа
жылылық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша
көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап
ек,
Өзімізге қалайтұғын
нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса
деп.
Көк нөсерін көл етсе де
жауындар,
Көк
пен жерді сел етсе де
дауылдар,
Пейіліңді пенделікпен
тарылтпай,
Мейірімді болайықшы,
бауырлар!
8.
Қорытынды:
Жақсы болыңыздар
Жақсы нәрсе туралы
ойлаңыздар
Жақсы нәрсе
айтыңыздар
Жақсы нәрсе
тыңдаңыздар
Жақсы нәрсе
көріңіздер
Жақсы нәрсе
жасаңыздар
Бақытқа жеткізер
жол-осы!
Бүгінгі семинарға қатысқандарыңызға
рахмет! Сауалнама алу, пікірлерін
тыңдау.
|