Тақырыбы:
«Мұғалімдерге арналған тренингтер»
Мақсаты:
мұғалімдер арасында қарым-қатынасты
нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу,
күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу,
өзін еркін сезінуге көмектесу.
Жоспары:
1. Амандасу. «Бумба-Юмба» жаттығуы.
2.
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
3.
«Поезд» жаттығуы.
4.
«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
5.
Қорытынды.
«Шеңбердегі
саусақтар» ойын жаттығуы Қажетті
құралдар: жүрекше, жануарлардың аты
жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті
парақтар, шеңбер. Ұйымдастыру: 1. Амандасу.
Жүру
барысы: Амандасу «Бумба-Юмба» жаттығуы.
Ұстаздар барлығы «Бумба-Юмба» тайпасына
ұсталып қалдық деп елестетеді. Олардың
қағидасы: «Тайпаға қабылданғыларың
келсе, қасыңдағы адаммен бас түйістіріп,
шынтақ түйістіріп, соңынан арқа сүйкеп
амандасуы керек.»
2.
«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. Ең
алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені
алып, «Мен сізге жүрекшені беремін,
себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр
қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады.
Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып
шығуы керек.
3.«Поезд»
жаттығуы. Ойын ортада жүргізіледі. Ең
алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз.
1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып,
аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады,
ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып,
1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
4.«Өз
жұбыңды тап» жаттығуы. Қатысушылар
шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге
жануарлардың аттары жазылған текшелер
таратып беремін. Атаулар екі текшеде
қайталанған.
Мысалы,
егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған
болса, сіз тағы біреудің қолында сондай
текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы
текшелерді таратады, егер қатысушылар
саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы
өзі де қатысады). Сіздің текшеңізде не
жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана
көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса
болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз
өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер,
өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар
шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар
арқылы кез-келген әрекетті үнсіз
жасайсыз. Егер өзіңіздің жұбыңызды
тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз,
сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын
тапқан кезде ғана, қандай нәтиже
болғандығын тексереміз. Топ мүшелері
өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы
«Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады. Әдетте,
бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде
топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліп,
шаршағандығы тарқайды. Жаттығу
қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне
септігін тигізеді. 5. Қорытынды. «Шеңбердегі
саусақтар» ойын жаттығуы
Қажетті
құралдар: айналма (обруч)
Ережесі:
Қатысушылар сұқ саусақтарының басына
айналамны қойып, топпен бірге белгіленген
орынға дейін алып жүрулері керек.
Айналманы алып келе жатқан кезде қолдың
жоғары қарай көтеріліп кететіні
байқалады. Егер жоғары көтеріліп кеткен
жағдайда немесе түсіріп алған кезде
ойын қайта басталады. Талдау:ойын
жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар
алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын
ортаға салады. Неге
айналма жоғары көтеріліп кететініне
жөнінде сауал тасталады.
Рахмет!