Материалдар / Мұғалімдерге арналған тренингтер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімдерге арналған тренингтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Көңіл-күйін көтеру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2021
548
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтарға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі

Мақсаты: өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: қабылдарлық формада ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.

Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия.

 «Кел, танысайық» ойыны.

Жүргізуші  алақанын соғады, қатысушылар бір-бірінің қолын қысады.

Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір-бірінің арқаларын сипайды.

Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар мұрындарымен амандасады.

«Кішкентай ергежейлі» ойыны.

Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда, қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдыға қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады.

Егер жүргізуші  қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады. Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.

«Кенгуру» ойыны.

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі – оған  арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу. (Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен алмасады).

«Кеме» ойыны.

Қатысушылар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары бір-бірлеріне тимеуі керек.  Өзенге кеме көзін жауып жүзіп келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін. Жағалаулар қолдарымен  кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне болады.  Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына, оралуына болады. Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде басқа кеме жолға шығады.

«Алақанға жан бітір»  ойыны.

Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз ..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай атағандықтары туралы айтып беру.

«Құпия дос» ойыны.

Әрбір қатысушыға 5 бланкілі  ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.


















Ұжымға арналған психологиялық «Өзара түсіністік өнері» тренингі

Мақсаты:Өзара қарым-қатынас қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: қабылдарлық формада ашуды тарқатуға уйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.

Психологиялық технологиялар: музыкалық терапия, ойын терапиясы, арттерапия.

I.Жылулық сыйлау

Оң көршіңе бір жыми

Сол көршіне бір жыми

Оң жақтағы көршінді құшақта

Сол жақтағы көршінді құшақта

Бүгінгі тренинг барысы

Біз үлкен отбасы

II. «Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Мақсаты: Өз көңіл – күйін игере білуге үйрету.

Фигуралардың біреуін таңдайды. Фигураның артында сол түске байланысты жазылған интерпретацияны оқиды.

Интерпретация:

ҚызылҚуанышты көңіл – күй

Алқызыл – ұнамды. Көк – суық

Сары – Жағымды. Қоңыр – қиналған

Жаксыл – алаңдаулы. Қара – күш қуаттың төмендеуі

Ақ – өте жақсы

III.«Сіз» қандай жұмысшысыз?

Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз-осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды жағдай жасаңыз. Бұл тестте жылқы –бұл өзіңізсіз. Бұл түсінікті де, өйткені көп жұмыс істейтін адамдарды, жұмысшы жылқылар деп атайды. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады.

-Егер сіз жылқының сырт келбетіне басты назар аударсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Енді сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын, кекілін т.б салсаңыз) онда сіз жұмысқа романтикалық қатынасыңыз басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген өте жас маман болуыңыз да ықтимал. Егер сіздің жасыңыз үлкен болса, онда шаттану, қуану сізге тән.

-Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ-түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады, сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге жұмыс істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз!

-Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл жақсы жағдай жасалынған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуекел болғанды қалайсыз.

-Егер жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнайды.

IV. «Сіз үшін не маңызды?»

Логиканы уақытша «өшіре» тұрыңыз. Біз бүгін сіздің бейсанаңызбен жұмыс жасаймыз. Сұрақтарға жауап беру барысында ойланбаңыз, кідірмеңіз.Бірден ойға келгенін жазып отырыңыз.Тесттің нәтижесі нақты болсын десеңіз, өзіңізді алдамңыз.

Ал бастайық.

  1. Орманда біреумен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Ол кім болуы мүмкін?

  2. Орманда келе жатып,жаныңызда бір жануар жүргенін байқадыңыз. Ол қандай жануар?

  3. Көздеріңіз түйісті. Енді не болады?

  4. Әлі орманда келе жатсыз. Арманыңыздағы үй тұрған бір жерге келдіңіз. Үйдің көлемі қандай?

  5. Арманыңыздағы үйдің сыртында қоршау бар ма?

  6. Үйге кірдіңіз. Ас үйге бара жатырсыз. Үстелдің үстінде және жан-жағында не бар?

  7. Үйден артқы есік арқылы шықтыңыз. Шөптің үстінде кесе жатыр. Ол неден жасалған?

  8. Кесені аласыңба, алмайсынба?



Бұл сұрақтар сіздің құндылықтарыңызды анықтауға арналған. Оның талдауы мынадай:

  1. Жаныңыздағы келе жатқан адам – өміріңіздегі ең маңызды адамдардың бірі.

  2. Жануардың көлемі – бейсанаңыздағы проблемалардың көлемі. Неғұрлым үлкен болса, соғұрлым өзіңізді ауыр сезінесіз.

  3. Күтпеген кездесуге деген реакцияңыз – мәселені шешудің жолы, яғни агрессивті, пассивті, не қашу.

  4. Үйдің көлемі – менмеңдіктің көлеміне тең. Егер үйд тым үлкен болса, демек өмірге деген талаптарыңызда зор.

  5. Егер үйдің қоршауы болмаса сіз еркіндікті сүйесіз. Егер бар болса, сіз жалғыздықты ұнатасыз.Жеке аумақ мәселесіне келгенде қаталсыз.Сонымен қатар өзгелердіңде жеке аумағына рұқсатсыз кірмейсіз.

  6. Егер бұл бөолмеде гүл, тамақ, адамдарды көрмесеңіз, демек сіз өзіңізді бақытсыз сезінесіз.

  7. Кесенің материалының мықтылығы сіздің өз отбасыңыздағы қарым-қатынасты қабылдау мәнерін түсіндіреді. Пластик, қағаз, не шыныдан жасалған кесе көрсеңіз, отбасыңыздың болашағына алаңдайсыз. Егер кесе фарфор,, темір не металдан жасалған болса, отбасы мәселесін уайымдамауыңызға болады.

  8. Бұл әректіңіз 1-нөмердегі сұрақтағы адамға деген қарым-катынасыңызды бейнелейді.

V« Атомдар мен молекулалар»

Әр қатысушы жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі. Бір – бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатының айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.

Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

VI. «Көңілді музыка» (Әуенді терапия)

Мақсаты: Бойдағы шаршаудан, стресстен арылу

Шарты шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің иықтарына қолдарын қояды. Музыканың ырғағымен шеңберді айнала отырып билеп, иыққа ақырын саусақ қимылдарымен массаж жасайды. Ойын кері кайталанып отырады.

Қорытынды: Құрметті ұжым мүшелері бүгінгі психологиялық тренингке қатысқандарыңызға көп рахмет. (естелікке жүрекшелер тарату)













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!