Диктанттың түрлері
Оқушыларға сауатты да өз ойын жазбаша жүйелі бере білуге дағдылндыратын жаттығу жұмыстанының бірі диктант жаздыру болып табылады. Негізгі мақсаттың бірі – дұрыс жазуды , яғни орфографияны үретуді көздейді. Екіншің мақсаты оқушылардың грамматмкалық ережені саналы меңгеру дағдысын тексереді, білімін сынайды.
Мектепте диктант жаздыру мақсатына қарай үйрету диктанты, және бақылау диктанты деп екі топқа бөлінеді. Ұйрету диктанты жаңа грамматикалық материалды терең меңгерту мақсатын көздейді. Бұған диктанттың мына түрлерін жатқызуға болады. Атап айтқанда: көру диктанты, шығармашылық диктант, ерікті диктант, , сөздік диктант, графикалықь диктант, үндемес диктант, тнерме диктант, т.б.. Ал, бақылау диктанты білім сынау, өтілген материалды оқушының қай деңгейде меңгергендігін білу мақсатында жүргізіледі де, қорытынды жасалады. Сондықтан диктант мазмұны мен мақсаты оны жүргізу долдарына да байлданысты болмақ. Мәселен, үйрету диктантының жүргізу жолына келелік.
Көру диктанты. Диктант оқушылардың көру , есте сақтау, тану қабілеттерін дамыту мақсатымен жүргізіледі. Көру диктантына жазылуы қиын термин сөздер, сөз тіркестері мақал-мәтелдер, жаңлытпаштар, жұмбақщтар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.
Мұғалім диктант мәтінін интерактив тақтаға неиесе үлкен қағазға әсем етіп жазып қояды. Сабақ басталысымен мұғалім дауыстап оқыпшығып, жазылуы қиын сөздерді талдайды. Оның ағынасын түсіндіреді.
Оқушылардың көру диктант мәтінін толық жаттап алуына уақыт бөлінеді.(Мәтіннің ауыр-жеңілдігіне байланыстыуақыттың мөлшерін мұғалімнің өзі белгілейді. Алайда 7-8 минуттан аспауы керек). Содан соң тақтадағы мәтінді жауып қойып, балаларға есте қалғандарын дәптерлеріне жаздыруды тапсыралы.
Жатқа жазу диктанты. Оқушылар үйде жаттап келген өлеңін, жұмбқ-жаңылтпашн, атақты абыздардың өсиеттерің, мақал-мітелдерді сыныпта естеріне қайта жңғыртып, өз беттерңнше дәптерлеріне жазады.
Бұл диктанттың мақсаты – оқушылардың жаттаған мәтіндерінің мазмұны мен мағынасын білдіріп қана қоймай, оның жазылуына, тыныс белгілеріне мән бере отырып, есте сақтау дағдысын қалыптастыру.
Сөздік диктанты.Бұл диктанттыңтмақсаты – сөзбмағынасын ұғындыру болып табылады.Сөздік диктантын жүргізу үшін мұғалім бірнеше тәсілді (көру, түсіндіру, т.б.) қолданады.Сондай-ақ сөздік диктантын сабақ бараысында 5-8минут уақыт бөліп өткізуге болады. Мұғалым бірнеше сөз беріп, (керуен, қиял, мәтін, мейман, ьт.б.) бұларды түсіндірме сөздікті пайдалана отырып беретін мағынасынтсіндіріп жаздыру.
Үндемес диктант. Мұғалім диктант барысында әр түлді заттардың суреттерін көрсетіп отырады. Ал оқушылар заттың аттарын қағазға түсіреді. Егер мұғалім бір ғана затты көрсете беруі мүмкін. Мысалы, жылқының суретін. Оқушы лар оны қайта көрсеткен сайын жылқының жас ерекшелігіне, ұрғашы
-еркегінебайланыстыаттарын жазып отыруы тиіс (тай, құлын, құлыншақ, тай, құнан, дөнен, т.б. ). Жылқы жайлыатауларды кім көп білсе, сол оқушы жеңімпазаталады.
Терме диктант. Бұл диктант белгілі бір орфографиялық ережеге сай сөздер мен сөз тіркестерінтеріп жазуға байланысты жұргізіледі.
Терме диктанты кез-келген ереже, аиле, анықтамаға байланысты. Оның пайдасы оқкшыларға мәтін ішінен өтілген материалдардың өзіне қажетті сөздерді баба білуге үйретеді.Мәселен, қос сөздер өтілді дейік, мұғалім ұсынған мәтіннің ішінен қос сөздерді тауып, оқуылар дәптерлеріне жазуы тиіс.
Швғармашылық диктант. Бұл диктант – оқушылырдың өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін өте тиімді әдіс. Аталмыш диктантты мұғалім оқушылардң өз бетінше жазған жұмыстарында кате жібермеуге, өз ойларын жүзеге асыруға, қате жібермеуге дағдыландырады.Мысалы, мұғалім оқушыларға бірнеше қос сөздер (қап-қара, ақыл-ес, жал-құйрық,әке-шеше, т.б.) ұсынып, берілген қос сөздерді пайдаланып, сөйлем құратқызуы мүмкін.
Графикалық диктант. 1-сынып оқушыларымен сауат ашудың алғашқы кезеңінен бастап графикалық диктант жүргізуге болады.
Мұндағы қойылатын мақсат:
1.Әліппеге даярлық кезінде оқушылардың үйренген сөз, сөйлем, дыбыс, буын, туралы ұғымын тереңдету.
2. Оқушылардың есіту, көру, қабылдау дағдыларын дамыту,
.3. Морфологиялық, синтаксистік білім дағдыларын (сөздің бас әріппен жазылуын, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер және олардың тыныс белгілерін) практикалық жолмен ауызша түсіндіру, оны орындап, меңгерту.
Графикалық диктантты жүргізудің тәртібі мына төмендегідей.
1.Мұғалім ауызша қысқа-қысқа сөйлемдерді дауыстап оқиды. Оқушылар зейін қоя тыңдап, әр сөйлемді көлденең бір сызықпен белгілеп отырады.
Мысалы, «Балалар сыныпқа кірді». Осы сөйлем бойынша, оқушылар үш сызық сызалы. ---- --- -----
2. Бұл жаттығу меңгерілген соң. Одан күрделірек екінші сатысына көшуге болады. Мұнда әрбір хабарлы сөйлем біткен соң нүкте қоюды меңгертуге арналған жаттығулар жүргізіледі.
Мысалы, «Болат - оқушы. Ол жақсы оқиды» деп мұғалім оқыған кезде, оқушылар бірінші сөйлемге екі көлденең сызықша, екінші сөйлемге үш көлденең сызықша сызып, әрқайсысының соңына нүкте қоюлары тиіс.
Жаттығудың келесі сатысында мұғалім оқушыларға сөйлемде неше сөз барын ажырата білуді және олрдың әрқайсысын жеке-жеке дөңгенлектеп сызып көретуді талап етеді.
Мысалы, Сыныбымыз таза. Бөлме өте биік, Сыныбымыздың төрт керезесі бар. Міні, мұнда оқушылар үш сөйлем бар екендігін, бірінші сөйлемде 2 сөз, екіншісінде 3 сөз, үшіншісінде 4 сөз бар екенін айырып, графикалық жолмен сызып беруі тиіс. Оқушылардың жұмысы былай орындалады.
Оо.
Ооо.
оооо.
Жоғарыдағы жұмысты хат танытудың келесі кезеңінде күрделендіре түсеміз. Енді сөйлемнің бірінші сөзі және сөйлемдегі кісі аттары да бас әріппен жазылатыны, оны жазып көрсетудің жолдары түсіндіріледі.
Мысалы, Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді. Мұғалімнің ауызша айтылған сөздерін оқушылар былай бейнелеуі тиіс.
0 о. 0 о о. Немесе ...... ..... . ..... ...... ...... .
Бүгін сыныпта Жомарт кезекші. 0 о 0 о. немесе .... .... .... .... .
Жұмыстың көрсетілген түрлеріне оқушылардың дағдылануы жетілген соң, жай сөйлемнің басқа да түрлерін ажырата білуге, олардың тыныс белгілерін дұрыс қоюға жаттығады.
Мысалы, Бұл не? Бұл- тауық балапаны. Ура, ура! Мұны балалар графикалық жолмен былайша белгілейді. 0 о? 0 - о о. 0, о! немесе
.... ....? .... ... .... . ...., ....!
Бұлай белгілеуге дағдыланған соң, жұмысты бұдан да күрделендіріп, енді сөйлем, сөз, буын, әріп барлығын қамтып графикалық диктант жаздыруға болады.Енді мұнда сөйлемдегі сөздерді тік төрт бұрыштап белгілеп жазу үйретіледі.
Мысалы, сөйлем схемасы.
Сөз схемасы.
Ата. Әже.
Көке.
Буын схемасы
Сара, алма, ара,
ту.
Әріп схемасы,
Шана, ала,
бала.
Бақылау диктанты. Бұл диктанттың мақсаты – оқушылардың тіл материалдарын қандай дәредеде меңгенгенін және сауаттлық деңгейін анықтау. Бақылау диктантын жүргізу үшін мұғалім күні бұрын жазылатын диктанттың тақырыбы бойынша материалдарды қайталау тапсырады. Сол бойынша жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Қайталауға тиісті ережелерді береді. Олардың орындалу барысын үнемі қадағалап отырады. Түсініксіз немесе шала қабылданған материалдар сыныпта қайта талқыланып, оқушы біліміндегі ақау түзетіледі.Мұндай дайындық жұмыстары бақылау диктантының сапалы өтуіне әсерін тигізеді.
Бақылау диктантында көбірек жіберілген қателерге байланысты материал арнаулы сабақ өткізіліп, қайта еске түсірілуі тиіс. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ.
Диктантты бағалау критерийлері
«5»- қатесі мүлде жоқ, таза, барлық каллиграфиялық талаптарға сайжұмысқа қойылады.
«4» - а) 1 еміле, 1 тыныс белгісі қатесі жіберілсе;
ә) 1 еміле, 2 тыныс белгісі қателері болса, жұмыс таза орындалса қойылады.
«3» - а) 3 еміле, 2-3 тыныс белгісі;
ә) 4 еміле, 2 тыныс белгісі;
б) 5 еміле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілген жұмысқа қойылады.
«2» - 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады.
Мұғалім диктантты тексергенде мынаны ескерген жөн
-
Бір сөзден жіберген қате бірнеше рет қайталанса 1 қате болып есептеледі.
-
Бір ережеге байланысты әр түрсі сөздерд жіберілген қателердің әрқайсысы бір қате болып есептеледі.
-
Сасымал кезінде сөздің бұрынғы жолда қайталанып келсе, сондай-ақ жіберілген мынандай қателер есепке алынбайды:
а) өтілмеген орфограммалар мен тыныс белгілер болсап;
ә) сөйлем соңына нүкте қойылмай бірақ келесі сөйлемді бас әріппен жазса, қатегеи есепртелмейді.
Қате болып есептелмейді
-
Сөздерді жазудағы емлелік ережелердің бұзылкы, әріп тастап кету, әріптердің орнын ауыстыру немесе артық әріп жазып қою.
Әр сынып бойынша диктант санының мөлшері
Оқушылардың сауаттылығын есепке алып, білімін бағалау үшін оқу жылының басы мен соңында және бір тоқсанда жүргізілетін бақылау диктанттарының сөз саны мынадай нормалала белгілнеді.
Бірінші сыныпта -15 – 20 сөз.
Екінші сыныпта - 25-30 сөз.
Үшінші сыныпта – 35-50 сөз.
Төртінші сыныпта – 55-70 сөз
Диктант мәтініне қойылатын талаптар
Тіл сабақтарын оқытудың дидактикалық материалдары ана тілінің әдеби үлгілерінен алынады. Сондықтан қазақ тілінің мектепте білім берудің аса жауапты кезеңі – оқушыны сауатты жазуға жаттықтыратын диктант мәтіндерін таңдай білу.
Диктант мәтіндерін сұрыптауда мынадай талаптар қойылады.
-
Диктант мәтіндері ойдан шығарылған сөйлемдерден құрыла салмай, мүмкін болғнынша көркем әдебиет үлгілерінен терілген сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер, көркем үзінділер болғаны тиімді. Олардың мазмұны терең болып, жеткіншектерге дұрыс тәрбие беру мақсаты көзделуі керек.
-
Әрбір мысал, әңгіме, өлеңдер, яғни диктант мәтіндері тіл (стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстауы тиіс. Сонда ғана ол баланы әдеби тілдің жүйесін меңгертуге, сөздік қорын байытуға септігін тигізеді. Мұнда оқушыға грамматикадан, орфографиядан, пунктуациядан, т.б. білім беру кезінде тіл мәдениетін де арттыру басты нысана болады.
-
Диктант мәтіндері игерілген материалдармен байланысты болып, өтілген теориялық білімін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасауы тиіс.
-
Диктант мәтіндері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, түсіну қабілетіне сай таңдалады. Мазмұны қызық та тартымды болып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытатындай болуы тиіс.
-
Диктант жұмыстарын жүргізудің білімдік мәні болуы тиіс, яғный сапалы білім мен берік дағды беру көзделеді. Ол үшін оқушыларға дайын ережелерді құрғақ жаттап, еске түсіру ғана мақсат етілмей, мүмкіндігінше грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық қағидаларды белсенді түрде талдауға жетектеу қажет.
Төртінші сынып
Үшінші сыныпты қайталау.
«Э,э.» «Е,е» әріптнрі
Терме диктант
Шымкент қаласына электорвоз жақындап келеді. Терезеден жол бойындағы электор сымдары тартылған бағаналар көрінеді. Қалаға кіре берісте элеватор ағараңдайды. Поезд вокзалға келіп тоқтады. Электор шамдары күндізгідей жарқырайды. Мынау жолаушылар аялдайтын зал. Онда теледидар қойылған. Жолаушылар теледидар экранынан түрлі хабарлар естиді.
«Э,э» әріптері бар сөздерді теріп жаздыру.
Шығармашылық диктант
-
Электр, экран, аэроклуб, эксковатор.
Осы сөздерді қатыстырып төрт сөйлем құрастырып жаздыру.
2.а) тартылды, электр, арасына, Арыс, пен, Шу, сымдары.
ә) қатынайды, енді, электровоз, екі, арасынан, елді, мекен.
б) вогондарға, жайлы, жолаушылар, мінеді.
в) даярлайтын, вагон-асхана, онда, бар, дәмді, тағамдар.
г) сусындар, буфетте, сатылады, түрлі.
д) жасалынған мұнда, жағдай, жолаушыларға, жақсы.
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаздыру.
Сөздік диктант
-
Экран, электр, элеватор, электровоз, монтер, шахтер, слет, щетка, пулемет, автобус, ферма, форма.
Коньки, польто, мебель, циркуль, фестиваль, асфальт, фильм руль, лагерь, съезд, подъезд, разъезд.
Сөздердің жазылуын есте сақта.
-
Фудбол, ферма, кофта, асфальт, фонтан, фестиваль, телефон, буфет, туфли, циркуль, цирк, цемент, концерт, цех, центнер, цистерна, чемпион, почта, училище, чемодан, борщ, щи, ащы, тұщы, щетка, плащ.
Сөздердің жазылуын есте сақтау.
Терме диктант
-
Поезд Бадам станциясына тоқтады. 2. Сәуле дүкеннен інісі Фазылға пальто, мектеп формасын және тіс щеткасын сатып алды. 3. Фатиманың інісі авиация училищесінде оқиды. 4. Гаһар циркке барды.5. Жәшікке салынған қиярдың дәмі ащы екен.
ф, ч, ц, щ әріптері бар өздерді теріп жаздыру.
Бақылау диктанты
Әбу Насыр әл-Фараб
Әбу Насыр әл-Фараби ұлы ойшыл, философ, физик және математик болған. Қазіргі Түркістан облысының көне Фараб қаласында туылған. Жиырма жасына дейін сонда оқып тәрбиеленген. Ересек жаста Араб халифатында тұрған.
Фараби есімі дүние жүзіне мәлім. Оны Шығыстың Аристотелі деп атайды. Ғалымның қалдырған ғылыми мұрасы мол. Жүз алпысқа тарта трактат жазған. Осынау көп еңбектердің ішінде философия, этика және эстетика үлкен орын алады.
Ұлы жерлесіміз - бздің мақтанышымыз.
(63 сөз. Б. Ысқақ)
Ф,э әріптері бар сөздердің астын сыздыру.
Туынды сөздер мен біріккен сөздер
Сөздік диктанты
1.Күнбағыс, шекара, итмұрын, тасбақа, мұражай, әуежай, аққу, шаңсорғыш, балмұздақ, дестегүл, жолақы, ақбөкен, әнұран,елтаңба, алтыбақан, ақсақал, бірқазан, көкжиек, шекара, қырықаяқ, асқабақ, темірқазық, кемпірауыз, кемпірқосақ.
2.Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шымкент, Талдықорған, Айнабұлақ, Ақтау, Көкшетау, Сарыағаш, Кентау, Алакөл, Қаратау, Алатау, Жетіу, Ақсай, Аққұм.
3. Амангелі, Ақбала, Аманбала, Айсұлу, Күнсұлу, Ботакөз, Бекболат, Есдәулет, Есенгелді, Есқабыл, Еламан, Жауғашты, Жоламан, Жолтай, Темірболат, Теміржан, Сайрамбай, Ұлтуар.
Мына есімдерден үш ұл бала, үш қыз бала есімдерін таңдап алып, сөйлем құрату
Терме диктант
1.Ордабасы мен Алғабас аудандарының жерлері шекаралас. Төле би ауданы Алатау мен Қазығұрт тауларының бөктеріне орналасқн. Амангелді кеңшары Шымбұлақ өзенінің бойына жайғасқан. Бұл аймақты Көкторғай деп атайды. Өзен жағасы көкпенбек тал. Талмен қатар ақкендір өседі.
Ащысай мен Кентау елді мекендері Қаратаудың күнбатыс жағасында.
2.Күздігүні күн суыта бастады. Каналбайдың жылы қолғабы бар. Жылқыайдар биыл төртінші сыныпта оқиды. Ақсайға Мұратбектер көшіп келді.
Біріккен сөздерді теріп жаздыру.
Сөздік диктант
1.Сарыарқа, Жетісай, Қызылқұм, Қазығұрт, Ұлытау, Марқакөл, Екібастұз, Алтынтөбе, Кеңсай, Жезқазғн, Ащысай, Көкбұлақ, Ақбұлақ,Қошқарата, Талдықорған, Сарыадыр, Ақбота, Ақбөпк, Ақерке, Сержан.
Біріккен сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру.
-
Қосаяқ, көкқұтан, бірқазан, әлденеше, әлдекім, бірталай, ештеңе, ешкім, ешбір, ешқайсы.
Біріккен сөздердің жазылуын есте сақтау.
3.Жолбасшы, атқосшы, қолжазба, қосаяқ, күнбағыс, қыстыгүні, жаздыгүні, жалақы, еңбекақы, мұражай, оңтүстік, солтүстік, әлдеқашан, әркім, әрқашан, кәсіподақ, кәсіпорын.
4. Жетіқарақшы, Темірқазық, Есекқырған, әуежай, автодүкен, киноқондырғы, шаңсорғыш, өнертапқыш, алабота (өсімдік), есекмия, алақоржын (тышқан), жанкүйер, есепшот.

қашан, әркім, әрқайдан, әрқайсы, әрқашын, ешбір, ешкім, әшқашан, ешқайсысы, ешқандай. Жазылуын есте сақтау.
Бақылау диктанты
Желтоқсан
Айнала ақ көрпесіне жамылған. Екі күннің бірінде ақтүтек боран айналаның астан-кестеңін шығарып ұлиды.Сары аяздың да ашуы басылар емес. Қатты суықтан кей кезде балқарағайлардың діңгектері шытынайды.
Түн әбден ұзарды. Қарашадан бері жауған қасат қар қалыңдап барады. Кей кезде қиыршығыстан бораған қар бетіңді қариды.
Желтоқсан – жылдың оныншы айы. Қанша дегенмен көбі кетіп, жаңа жылға аз ғана күндер қалды.
(56 сөз. Қазақша күнтізбеден)
Қос сөздер
Сөздк диктант
-
Кемпір-шал, әке-шеше, қыз-қырқын, бала-шаға, құрт -
құмырсқа, бақа-шаян, туған-туысқан, көрпе-жастық, дос-жаран, ыдыс-аяқ, үлкен-кіші, сай-сала, үлкен-кіші, тау-тас, бау-бақша.
-
Қап-қара, ақыл-ес, жал-құйрық, кып-қызыл, сап-сары,жап -жалпақ, теп-тегіс,жіп-жіңішке, ап-аласа, біп-биік.
-
Жре-жүре, сөйлей-сөйлей, күле-күле, сұрай-сұрай, тұра-тұра, қақала-шашала, іше-іше.
-
Көйлек-көншек, жігіт-мігіт, шай-пай, бырт-бырт, шарт-шұрт, гу-гу, шаң-шұң, жарлы-жақыбай, бұлқан-талқан, быт-шыт.
Қос сөздерді қатесіз жаздыруға дағдыландыру.
Терме диктант
Өрт тілсіз жак
Шатырға жалғанған электр сымынан ойламаған жерден өрт шықты. Ымырт жабылып, апақ-сапақ болған мезгіл еді. Қып-қызыл жалын түнгі аспанға шапшып, шатыр шарт-шұрт жана бастады.
Көзді ашып-жұмғанша көршілер де жиналып қалды. Бәрі жапа-тармағай өрт сөндіруге кірісті. Қолдарына іліккен ыдвстармен су тасуда. Жыланның тіліндей сумаңдаған қып-қызыл жалын бірте-бірте әлсіреп, «пыш-пыш» деп барып сөнді.
Үй иесі өртті сөндіріскен көрші-қолаңдарға алғысын білдірді.
(66 сөз. Ж.Дәулетқалиева)
Шығармашылық диктант
-
Жауды, күзде, жиі –жиі, жаңбыр.
-
Пісіп, болып, тұр, сап-сары, астықтар.
-
Ойнай, екі, мысық, бірін-бірі, қуаласып, бастады.
-
Ұрғандай, тып-тыныш, құлаққа, айнала.
-
Шақырым, тауға, бес-алты, дейін, қалды.
Берілгент сөздерден сөлем құрау.
Туған-туысқан, әке-шеше, кемпір-шал, дос-жаран, бала-шаға, .
Берілген қос сөздерді қатстырып, сөйлем құрату.
Бақылау диктанты
Әзиза шанасын сүретіп сыртқа шықты. Аспан ап-ашық. Ауада шым-шым аяз бар. Батуға айналған күн қызылды-жасылданып көрінеді. Әзизаның екі беті қып-қызыл. Жағасы қырау-қырау. Қас қарайды.Аспанның тұс-тұсынан жылт-жылт етіп жұлдыздар көріне батады. Әзиза үсті-басының қарын қағып, үйге кірді. Әжесі немересінің тап-тастай қол-аяғын бауырына басып, жиі-жиі алақанымен басын сипады. Әзиза әжесіне шексіз риза болып жатып, әп-сәтте ұйықтап кетті
(50 сөз. С.Сарықасқаев)
Қос сөздердің астын сыздыру.
Торғай
Раушан тық-тық еткен дыбсқа жалт қарады.Қарсы алдындағы терезенің жақтауында шүкедей болып бүрісіп кіп-кішкентай торғай отыр. Ол терезе кенерезісінен нәп-нәзік тұмсығымен әлде нені шоқп-шоқып қояды.Екі көзі жылт-жылт етеді. Тоңғаннан болар, сүп-сүйір қанаттары әліз дірілдейді.
Тәулік бойы жакан қар жаңа ғана толастаған. Жер-Ана ақ көрпесін жамылған. Ағаштар аппақ мамық жамылып, бұтақтары иілп тұр. Сәуле аштықтан әлсіреген торғайды терезеден кіргізіп алды. Денесін жылытып, жем берді. Аздап әл жинаған ол біртін-біртін өзіне келе бастады.
(73 бет, «Бастауыш мектебі»)
Қос сөздердің астын сыздыру.
Қысқарған сөздер
Шығармашылық диктант
-
ҚазМУ, ҚР, ҚазПУ, ҚазТАГ, АҚШ, ҚҚР.
-
Кг, км, см, г, л, мм.
Қысқарғант сөздерді толық жаздыру, сөйлем құрату.
Терме диктант
1.1992 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ-на мүше болып енді. ҚР-ның астанасы - Астана қаласы. Онда АҚШ. ҚХР-ларының елшіліктері ашылды. ҰТТА еліміздегі экономикалық жаңалықтар жайында хабарлайды.
2.Т.Рысқұлов кеңшарына облс орталығындағы пединституттың студенттері жеміс-жидек жинауға жәрдемге келді. Олар күніне әрқайсысы 150 кг алма терді. Көмекшілер кеңшар қоймасына 1000 т.-дан астам алма, жүзім тапсырды. Студенттермен ҚазТАГ тілшісі кездесіп, суқбат өткізді. (сұхбат емес-сұқбат)
Қысқарған сөздерді толық жаздыру.
Қысқарған сөздер
Өздік
жұмысы
Қысқарған сөздердің әр
қайсысының толық атауын тұсына жаз.
БҰҰ, ҚМУ,ҚР, АҚШ, ОМ, БМ, кг,
см
қалаған 3 сөзіне сөйлем құрау.
Сөз таптары. Зат есім
Мақал-мәтелдер
Алмас қылыш майданда серік.
Асыл сөз майданда да, сайранда да серік.
Тізерлеп жүріп күнелткеннен,
Қайрат көрсетіп өлген артық.
Жүк ауырын нар көтерер, Батыр туса, ел ырысы,
Ел ауырын ер көтерер. Жаңбыр жауса, жер ырысы.
Арамекен – алтын бесік.
Мақалдарды жаттату. Зат есімнің астын сыздыру.
Бақылау диктанты
Түркеш Қалқаұлы
Қазақтың халық ұлы Түркеш Қалқаұлы қазіргі Орал облснда
туып-өскен.Жас күннен ол күйші-домбрашылардан Байбақ, Баламайсан, Байжұма, Соқыр Есжан күйлерін қызыға тыңдады.Өзі де сондай күйші болуды армандады. Кейіннен Түркеш небір тамаша күйлер шығарды. Әділетсіздікке, озбырлыққа қарсы күресті. Соның нәтижесінде халық арасында белгілі домбырашы-күйші дәрежесіне көтерілді.
Түркеш шығармаларының негізгі арқауы-азаттықты аңсаған халық образы. Оның «Қарабас», «Қоңыр ала»,»Салық өлген» , «Аңшылық», «Теріс қақпай», «Көңіл ашар», «Байжұма», «Ақсақ құлан» сияқты күйлері бар.
(73 сөз. З.Жанұзақов)
Жалқы есімдердің астын сыздыру.
Өздік жұмысы
-
Қар, аққала, демалыс, шаңғы, мереке, аспан, ағаштар, қараторғайлар, киім, көктайғақ, балалар, қызық. (12 сөз)
Осы сөздерді қатыстырып, әңгіме құрастыр.
Жер – Ана
II. Өзенің мен көліңе,
Күтеді сүйген еліңе,
Еңбектенген еріңе,
Бас иемін, Жер – Ана!
Толқынданған дәніңе,
Самғаған көкте әніңе.
Бір сөзбен айтсам бәріңе
Бас иемін, Жер – Ана.
Тапсырма: тәуелденген зат есімдердің астын сыз
.
Көшіру
диктанты
Шабындықта
Үнемі сол жаз шыға олар
шабындыққа шығады. Қос және екі-үш үй тігеді. Биыл да Қайтар
әкесіне ілесіп шабындыққа келді. Анасы шөпшілерге арнап тамақ асты.
Оған қарындасы көмектеседі. Қоста ішкен тамақ неткен дәмді десейші!
Шабындықтың пішені шайқалып, толқып қояды. Иісі мұрын жарады. Кенет
аяқ астынан әлдебір құс пыр етіп, ұша жөнелді.
(50 сөз)
Тапсырма:
1) 3- ші сөйлемнің тұрлаусыз
мүшелерін тап.
Бақылау диктанты.
Атамекен.
Түн. Мен далада сәкі үстінде
жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында Ай. Дала
сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен
ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат
бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті
суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек
табиғаттың ғана қолынан келетіндей.
Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс
көшелер, үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады.
(72 сөз)
Грамматикалық
тапсырма:
1. 2-ші,3-ші сөйлемді
сөйлем мүшесіне талда.
2. “Табиғат” сөзіне дыбыстық талдау
жаса.
Бақылау диктант
Тәтті тағамдар
Тоқсан соңындағы демалыс кезінде ауылдан Исатайдың атасы келді.
Әжең беріп жіберді деген қоржыннан шыққан неше түрлі тағамдар
дастарқанға толып кетті. Оның ішінде Исатай жақсы көретін талқан,
сөк, қауындық, ірімшік, құрт сияқты жеңіл тағамдар баршылық екен.
Исатайдың көкесі мен апасы жұмыста. Таңертең кетіп, кешке бір-ақ
келеді. Қонақпен бірге қаланы аралау Исатайдың үлесіне тиеді. Бұған
ол кәдімгідей қуанып қалды. Өйткені, атасымен бірге жүрсе,
балмұздақ жейді, тәтті сусындар ішеді. Исатай үшін талқан, сөк,
ірімшік, құрт, балмұздақ — тәтті
тағамдар.
Тапсырма:1) сөйлемнің
бірыңғай мүшелерін теріп жаз.
Бақылау
диктанты
Құрманғазы Сағырбаев
Құрманғазы Сағырбаев –
қазақтың күйші композиторы, халық сазының алыбы. Құрманғазының
бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен
озбырлыққа қарсы күреске арналады. Құрманғазы “Алатау”, “Сарыарқа”,
“Адай”, “Ақсақ киік”, “Түрмеден қашқан”, “Балбырауын”, “Кісен
ашқан”, “Серпер” тағы басқа көптеген күйлер шығарған. Бұл
күйлерінде күйші халықтың арманын, өршіл ойын, қажымас қайрат
жігерін, үстемдікке деген ыза-кегін суреттеп берді.
Хамит Ерғалиев “Құрманғазы” атты поэма жазды. М.Кенбаев
Құрманғазының портреттік бейнесін жасады. Алматыдағы қазақтың
академиялық халық аспаптар оркестрі, консерватория, көше, музыка
мектебі Құрманғазы есімімен
аталады.
Тапсырма: (74 сөз)
1. Мәтіннен біріккен
сөздерді теріп жаз.
2. “Күйші” сөзін сөз құрамына талда.
3. “Халық” сөзіне сөйлем құра.
Көшіру диктанты
Жолда жатқан әмиан
Ойымда дәнеңе жоқ, тротуармен тық-тық басып келе жатыр едім. Оң қапталымда жатқан әмианға көзім бірден түсті. Өтіп барып, қалт тоқтадым да: “Ескі ме, әлде біреудің қалтасынан сусып түсіп қалған ба?”- деп ойладым. Екі ұдай күпті көңілмен қолымды әлгі әмианға создым.
Міне, қызық! Әмианға қолым
тиер – тиместен “шоршып” түскені. Өн бойым дір- дір етіп секем
алып, енді қолымды тартып алғанша болған жоқ, талдың арасынан таныс
жырқ-жырқ екен күлкі естілген .Әмианын “арқандап” қойып, ары- бері
өткен адамдардың “пиғылын” байқап, мазақтап отырған Әділ інім
екен.
Қап! Сондағы ұялғаным-ай!
Менің інімнің де істемейтіні жоқ-ау! (88
сөз)
Тапсырма:
Қос сөздерді тауып, астын
сыз.
Көшіру диктанты
Қанаттың күй құмарлығы
Үй іші оңаша. Төрде жатқан
бала домбыраны дыңғыр-дыңғыр еткізіп, нақышына келтіре алмай әлек.
Атасының қолында күмбірлей жөнелген домбыра басын ала қашып, қиюы
келмей әуре – сарсаңға түсірді. Қанат атасы келгелі айналдыратыны –
осы үшқат қызыл домбыра. Оны тартудан бір жалықпайды. Тұман
ішіндегі елестей, қалаған әуені ұстатпай, айдалаға алып қашып, қос
ішек титықтатып әурелейтіні бар. Інкәр буып, жанына Қанат атасы
үйреткен шертпе күйлерді сағынтады.
Тапсырма: (64 сөз)
1.) «Атасының», «күйлерді»
деген сөздерді сөз құрамына
талда.
Өздік
жұмысы
Тұрақты сөз тіркестерін
құрастырып, сөйлемдер құра.
1) Зәрем зәр түбіне жетті.
2) Тайға таңба басқандай.
3) Ине шаншар жер жоқ.
4) Жібек орамал кепкенше.
5) Таяқ тастам жер.
6) Қорыққанға қос көрінеді
Зат есімнің септелуі
Шығармашылық
диктант
Аққала
Жиналдық та көп бала,
Соқтық, әне аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.
Тапсырма:
1.Зат есімдерді тап.
2.Бала, аққала сөздерін септеп жаз.
3.Тәуелдеулі зат есімдерді септеп жаз.
а. Анам, үйрегім
ә. Балам, жерім
б. Әкем, үйім
Зат есімнің тәуелденуі
Өздік жұмыс
Қуыршақ жылай ма?
-Қызым, қуыршағың жылай
ма?
-Жыламайды.
-Кәмпит сұрай ма?
-Сұрамайды.
-Онда оның ақылы көп қой.
-Апа ,сұрайтын оның тілі жоқ қой.
Тапсырма.
1)Тәуелдеулі сөзді
тап.
Зат есімнің жіктелуі
Көшіру диктанты
Жақсы мен жаман адамның
қасиеттері.
Жақсы адам елдің басшы
серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсылық жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен –кіші бәрі жақсы.
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
“Олақтан салақ” жаман –деген мақал.
Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Тапсырма
1)Өлеңді көшіріп жаз.
2)Басшы — сөзін жікте.
Етістік.
Бақылау диктанты
Ұялас күшіктер
Мектептен үйге қайтып келе
жаттым. Қарным ашқан соң, сөмкемді ашып, буфеттен сатып алған
тоқашымды жайбарақат жеп келе жатқанмын. Артымнан тықыр білінгендей
болды. Бұрылып қарасам, бір ит соңымнан еріп келеді. Аш екені
көрініп-ақ тұр. Менің қолымдағы нанға ашқарақтана қарап жұтынады.
Тоқашымнан бір үзііп, итке тастадым. Соңымнан біраз жүрді де, менде
енді нанның жоқтығын біліп, күдерін үзіп қала берді.
Бір күні әлгі ит күшіктеді. Күшіктер бір-біріне ұқсайды екен.
Маған барлық күшіктері де ұнады.
(71 сөз)
Тапсырма:
1) 1-ші сөйлемдегі
етістіктерін өткен шаққа ауыстыр
2) соңғы сөйлемнің етістіктерін келер шаққа
ауыстыр
Сын есім.
Көру диктанты
Сары аязда қата ма, Халқы қатты түңілер.
Қайнардың атқан тұнығы. Сырқат болса жат жерде
Қап түбінде жата ма, Жаныңда кім бөгелер?
Болаттың асыл сынығы. Әділ туған жақсыға
Халқы тозып кем болмас, Екі даугер жүгінсе,
Әділ болса ұлығы, Тізесін қисық бұрмаса,
Рақымсыз жақыннан Ақылдығы білінген.
(Ақтамберді жырау)
Мәтіндегі сын есінің астын сызыңдар.
Терме диктант
Ақ күшігім
Ақ күшігім, ақ күшік, Ақылды итке санайды,
Қырағы да сақ күшік. Аппақ жүнін тарайды,
Әжем оны мақтайды, Ақ күшік те еркелеп,
Тамағынан қақпайды Оған жылы қарайды.
(«Балдырған журналына»)
Сын есіммен тіркескен сөздерді теріп жаздыру.
Шығармашылық диктант
-
тапсырма: Сөйлем ішіндегі берілген сөздерді қысқартып жаз
1.Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Респудликасыдостық қатынаста.
2. Ажар биыл Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетіне оқуға түсуге дайындалып жүр.
3. Ресей Федерациясы атом сынағына біржола тыйым салуды жақтайды.
4 Математика пәнінен үйге сантиметр және дециметрге байланысты мысал есептррді шығарып келуге берді.
2-тапсырма:Қысқарған сөзхдердің толық атауын жаз.
ҚР, БҰҰ, ҚазАМПУ. Ұжымшар, педколледж.
Терме диктант
Кеше күн алаулап шұғыла шашты. Құба жолдар алқызыл нұрға бөленді. Шыңылтыр аяз бетті қариды. Ақ қар жамылған даладағы жоталар шұбатылып жатыр. Мөп-мөлдір көк аспан мен ақ сәулелі көкжиектің арасын қызыл бояулы қарындаштың ұшымен батыра сызып қойғандай. Терістіктен ызғырық қатты жел көтерілді. Ұшпа қар құйындата ұйтқи жөнелді.
(«Балдырған журналына»)
Сын есімді теріп жаздыру.
Таза мінсіз асыл тас Таза мінсіз асыл сөз,
Су түбінде жатады. Ой түбінде жатады.
(Асанқайғы)
Сын есімдерді теріп жаздыру.Жаттап алыңдар.
Бақылау диктанты
Кешкі дөң басында
Жаздың жайлы кеші. Бойды сергіткен қоңыр салқын леп дымқылы тұнық ауада біліне бастады. Зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп, ұясына батып барады. Жұқалаң ұзынша бұлт қызыл сеңдей болып, батар күнді енгтелеп қамап тұр. Қара көк тұңғиық аспан күнбатысқа тақалған жерінде қызыл торғындай толқынданады. Кейбір жерінде қызулы өрттің жалынындай жайнайды. Күннің ақырғы сәулесі түсіп тұрған тау басы көлеңке басқан қоңыр жердің алтын шатырындай нұрланып қызғылттанады.
(66 сөз. М.Әуезов)
Сын есімдердің астын сыздыру.
Бақылау диктанты
Жаңа күй
Дина әп-әдемі домбырасын қолына алды. Апасының бұл қимылына Айжан шын қуанып қалды. Ол Динаның сол жағына жақын барып отырды. Ондағы ойы домбыра қаққан қолына қарау еді.
Домбыраның жіңішке ішегінен төгіліп шыққан сүйкімді үн көпке созылмады. Кілт тоқтап, бір дыбысты қайталай берді.Қайталанған тәтті үн Айжанның құлағына жағып кетті. Ол жалықпай тыңдай берді.
Кейде күңіреніп барып, сыңғырлап шығады. Әдемі үн. Жас қыз мұның нендей күй екенін түсінген жоқ. Дина көңілі тым көтеріңкі, жүзі жарқын. Көкейге көптен орнаған жаңа күй алғаш рет сыртқа шықты. (83 сөз. Р.Мұраталиев)
Шығармашылық диктан
Мақал-мәтелдер
Ащы еңбек – тәтті нан.
Тапқыр болу – жақсы қасиет
Өткір тіл – дарын, ұзын тіл – жауың.
Берілген мақал-мәтелдерден түсінгенін таратып мәтін жаздыру.
Шахта
Менің шахтаны көргім келді.
Оның қайда екенін білуші едім. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға
кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Көкем сыйлаған фонарымды
алдым да, шахтаға тарттым. Өйткені шахта жер астында. Ал жер
астында күн болмайтынын көкем айтқан.
Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Ерсілі – қарсылы ағылып
жатыр. Бір ұзын бойлы ағайдың соңынан ере бердім. Көп есіктен өтіп,
үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте
тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай жүгіріп барды да, тордың
есігін жапты.
Міне, қызық! Темір есіктің
арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті. Залда
мұртты ағай екеуміз қалдық. (94
сөз)
Тапсырма:
1) сын есімдерді тауып,
астын сыз.
2) соңғы сөйлемді күрделі сын есімі бар сөйлемге айналдыр.
3) мәндес және қарама-қарсы сын есімдердге мысал
келтір.
Сан есім
Көру диктанты
Мақал -
мәтелдер
Алтау ала болса, Қырық кісі бір жақ,
Ауыздағы кетеді. Қыңыр кісі бір жақ.
Төртеу түгел болса, Жігіт бір сырлы,
Төбедегі келеді. Сегіз қырлы болсын.
Отызда орда бұзбасаң, Қорқақ мың рет өледі,
Қырқыңда қыр аспайсың. Ер бір рет өледі.
Ер қаруы – бес қару.
Сан есімнің астын сыздыру.
Терме диктант
Жер бетінде неше тіл бар?
Ресми тұрғыда келгенде жер жүзінде 5-6 мың тіл бар делінеді. Әйтсе де зарттеушілердің бірі жер бетінде халықтар небәрі екі-ақ мың тілде сөйлейді десе, кейбіреулер тілдер санын он мыңға, тіптен, жиырма мыңға дейін жеткізеді.
Мәселен, Жаңа Гвинея халықтарының тілі жөнінде зарттеулер 300. 500, 1000 секілді әр түрлі цифрларды келтіреді.Сондай-ақ кішкентай Филиппин аралында 40 шақты этникалық топ 17 тілде сөйлейді. Ал Вьетнамда 70 шақты, Индонезияда 200-ден астам, Үндістанда 500-ден астам, Америка үндістерінде 700-ден тіл бар.
Сан есімдерді теріп жаздыру.
Шығармашылық диктант
Мақал – мәтелдер
Қыстың мың күніне татыр Бір жеңнен қол,
Жаздың бір күні. Бір жағадан бас шығар.
Еріншектің ісі екі. Ер кісі –бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.
Берілген мақал- мәтіндердің мағанасын таратып жаздыру.
Бақылау диктанты
Жыл санау
Жыл басы Тышқн. Тышқаннан соң Сиыр, Барыс...,Доңызбен аяқталады. Осылайша он екі жыл аталады. Әр он үшінші жыл бір мүшел жас саналған. Сонымен бірінші мүшел- он үш жас. Екінші мүшел 25 жас, үшінші мүшел 37 жас ... Осылайша жалғаса береді. Мүшел жастардың адамның өсу, толысу, ақыл тоқтату мерзімдеріне сәйкес келуінде үлкен сыр жатыр. Ертеректе біздің ата- бабаларымыз балаларының туған жылдарын осылай анықтап отырған. Бұл жыл санау дәстүрі қазір де құнын жойған жоқ.
Сан есіндердің астын сыздыру.
Бақылау
диктанты
Балапандар
Майтан ағам бізге шұбар тауық,
оның артынан ерген үш қара, бір қызыл сары, екі шұбар кішкентай
балапандарды берді. Олар бізге бір күннен кейін үйреніп кетті.
Шешесі оларды жақсы бақты. Біз балапандарға үлкен нан беріп қойсақ,
шешесі оны балапандарына майдалап бөліп береді. Өзі арасында жеп
жүреді. Көп күннен кейін шешесі балапандарын тастап кетті. Өйткені
балапандары үлкейіп қалған еді. Алтауы бір-бірінен айрылмайды. Егер
біреуі адасып қалса, бәрі шырылдай бастайды. Сонда олар бір
балапанды қалдырып кеткендерін біліп, әлгі барған жақтарына қарай
қанаттарын жайып жүгіре жөнелді.(83
сөз)
Тапсырма:
1) мәтіннен сан есім және сын есімдерді тауып астын сыз.
2) Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге
айналдыр.
Көшіру диктанты
Үйректі қорыған
тауық
Жадыра жаңадан сатып алған
төрт үйректі тауық қораға қамап қойған болатын. Үйректер
тауықтармен бірге ұядан сыртқа шығып, үйірден ұзамай, жайылып
жүрді. Осы төрт үйректі аяқ астынан қайырып, қоритын қорғаушы
табыла кетті. Ол шұбар тауық еді. Қанатын қомдап қойып, үйректердің
қасынан бір шықпайды. Ұзап кетсе, үйректерді шоқып – шоқып алдына
салып қуып келеді. Ұясынан кіргізіп алып, аузында қанатын қомдап
кәдімгідей қоқиланып тұрады. Осы көріністі бірнеше рет тамашалаған
Жадыра үйректерді қорыған шұбар тауыққа іштей риза болып жүрді.
(74 сөз)
Тапсырма:
1) Мәтіндегі сан есімдерді тауып, сөйлем құрату.
2) 1-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне
талда
Көшіру диктанты
Кітап саудасы
Рауан мен Ержан кітап дүкеніне
барды. “Қалжың есеп” кітабын сатып алғысы келген Рауан Ержаннан бір
тиын сұрады. Қалтасында 18 тиыны бар еді. “Бұл кітапты сатып алуға
менің 19 тиыным жетпей тұр. Егер екеуміздің ақшамызды қоссақ та біз
бұл кітапты сатып ала алмас едік,” – деді. Себебі Ержанның
қалтасында көк тиын жоқ еді (50
сөз)
Тапсырма:
1) Көрсетілген сандарды сөзбен жаз.
2) Екеуміздің, ақшамызды – деген сөздерді сөз құрамына
талда.
Жыл санап
көрелік
Жылдармен таныс: Келесі бір
көшің
Тышқан,Сиыр, Барыс, Жылқы мен Қой, Мешін,
Әрі қарай бұдан: Тауық пен Доңыз-
Қоян, ұлу, Жылан, Он екі деңіз.
Жыл аттарын жаттау.
Есімдік
Терме диктант
Хат
Қымбатты Сержан! Сенің жазған хатыңды алдым. Көп рақмет! Ауыл жаңалықтарын еітіп, қуанып қалдым.
Мен саған біздің мектептің жанындағы бақша туралы айтқым келеді. Біз жазда бақшада жұмыс істедік. Онда сәбіз, кызанақ, пияз, қырыққабат өсірдік. Көкөністер бітік өсті. Әсіресе асқабақтардың үлкендігін көрсең.! Екі бала зорға көтереді.
Мектеп көрмесінде бізге бәйге берді. Сендер де бақшада жұмыс істедіңдер ме? Қандай көкөністер ектіңдер? Бақшадан қанша өнім алдыңдар? Жаңалытарды айты, маған хат жазып тұр. Сау бол! Сәлеммен Асқар.
Есімдіктерді теріп жаздыру.
Шығармашылық диктант
-
Кітапхана ... ашылды. Мына кітап ... теңге тұрады? Кеудеше ... толқылған? Жоңыршқаны ... орды? Шөпті ... жейді?
Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып жаздыру.
-
Әркім, әрқашан, ешкім, ешқашан, ешқандай.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.
Бақылау диктанты
Өрт
Марат ата-анасы жұмысқ кеткенде, үйде жалғыз қалатын. Ол көршілес тұратын Кенжебек екеуі сіріңке жағып ойнады. Қолы күйіп бара жатқан соң, бала сіріңкені жерге тастай салды. Ол кілемге түсіп, көп ұзамай жана бастады. Екеуі қорқып, төргі үйге тығылды.
Біз Сәуле екеуміз далада жүргенбіз. Будақтаған түтінді көріп, солай қарай жүгірдік. Үйдің есік-тереземін ашып, екі баланы сыртқа алып шықтық. Осы кезде Мараттың апасы да келіп қалды. Ол бізге риза болып, алғысын айтты.
Марат қателігін түсінсе керек, қазір сіріңкемен ойнамайды.
(85 сөз, «Балдырған» журналынан )
Терме диктант
Абай айтқан асылдар
Өзің үшін еңбек қылсаң , өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.
Сен де бір кірпіш дүниеге, Әділет, шапқат кімде бар,
Кетігін тап та, бар қалан! Сол жарасар туғанға.
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да
қуғанға.
Есімдіктерді теріп
жаздыру.
Етістік
Көру диктанты
Бата
Жортқанда, балам, жолың болсын, Қыз көзіндей терең бол!
Қалтаң теңгеге толсын! Мақтай қалса, керең бол!
Бір толмасын, жылда толсын, Сынй қалса, құлақ сал,
Қатарыңнан озған өрен бол, Әумин!
Етістіктердің астын сыздыру.
Шығармашылық диктант
Жатыр, бара жатыр, жүріп бара жатыр, жүріп бара жатқан сияқты, жүріп бара жатқн сияқты еді.
Берілген етістіктерді пайдаланып сөйлем құрату.
Бүгін қар жауды. Күн суытты. Күндегі әдетім бойынша егістік даланы араладым. Қар қалыңдаған, жер қыртысының температурасын да бақылауға шықтым. Жауған ұлпа қар жер бетінде сусып жатыр. Аяз бүгін қайталанды.
(Қ.Жармағанбетов)
Етістіктің қай шақта екенін анықтау.
Төле бидің арманы
Атасы көз жұмарда көңілін сұрай келген ақын қыз Жаңыл:
-Жәке, арманыңыз бар ма? – дегенде, Төле баба жастықтан аударылып түсіп қиналыпты.
-Шырағым, баласың-ау. Өзгелерден гөрі менде арман көп.Себебі қазақ-қырғыз бір туған бауырдай күнде туылып, шөлдей тозып, енші алған күндерінде дүниеден өтіп барамын, - депті.
(А.Нысаналин)
Төле би баба арманының себебін айтқызу, етістіктердің астын сыздыру.
Терме диктант
Таңның атуы
Шығыс жақ сарғайып таң да атын келеді екен.Атып келе жатқан таң, шіркін, әдемі болады екен ғой! Шығыс жақ көкжиек ал қызыл нұрға бөленген. Одан жоғары кеңістігі ағарып айқындала бастады. Жұлдыздар да сирепті. Тек қана электр шамындай жарқырап Шолпан жұлдыз тұр.
Бұл менің ағарып атқан жазғы таңда ең бірінші рет көруім еді. Таң сәулесі жанымды жадыратып, кеудеме нұр құғандай болды.
(М.Иманжанов)
Етістіктерді теріп жаздыру, олардың қандай жіктік жалғауында тұрғанын анықтау.
Бақылау диктанты
Жидебай батыр
Жидебай батыр Сыр бойындағы Қаратау өңірінде дүниеге келген. Сарыарқадағы Ақсу-Аюлы тау бауырында дүние салған.
Ол жоңғар шапқыншыларымен болған шайқастарда көптеген ерлік көсеткен. Жекпе-жек ұрыстардың асқан шебері. Қол бастап батыр атанған.
Жидебай баба батыр да, әулие де, ақын да, жұлдызшы да болған.Жорыққа барарда қой жауырынына қарап бал ашатын. Соғыстың қандай нәтижемен аяқталатынын алдын-ала айтып отыратын екен. Деректерге қарағанда, алдағы істі дәл болжаған, көріпкел басшы болған.
Абылай хан Жидебай батырға Балқаш, Ақмола өңіріне кіргізбеуді тапсырған. Батыр ата өз жерін жаудан қорғап өткен.
(85 сөз. «Қазақша күнтізбеден»)
Бақылау диктанты
Екі дос
Алшағыр мен Шаған деген екі дос болатын. Алшағыр – Арқаның батыры. Шағын – Алтай елінің батыры. Екеуі жыл сайын қан жайлауда табысады екен.
Бір жылы Алшағыр межелі уақытта жайлауға келіп қонады. Шағын келмейді. Ұзақ уақыт өтеді. Алшағыр күнде төбенің басына шығып, досын күтеді. Оның әбден шыдамы таусылып, бәйбішесіне:
-
Жұрт бірнеше жайылым ауыстырды. Шаған әлі келмеді. Оған не болды екен? – дейді. Алшағырдың әйелі:
-
Олай болса, Шағын бірдеңеге ұшырады. Дереу қол жина. Анығына жет.Тірі болса құтқар. Өлі болса жаудың шаңырағын ортасына түсір, - деді.
Алшағыр әскер жинап, жолға шығады. Үшінші күн дегенде Шағанның шабылған аулын табады. Кектенген Алшағыр жаудың соңына түседі. Шүршіт қолын қуып жетеді. Жауды тегіс қырып, Алшағыр тұтқында болған Шағанның бәйбішесі мен балаларын құтқарады.
(111 сөз. «Қазақ әдебиеті» газетінен)
Үстеу
Шығармашылық диктант
1.Жаздыгүні, жазғытұры, қыстыгүні, қазір, ертең, таңертең, әлдеқашан, қазақша, жаңаша, етпетінен, әлдеқашан, жүресінен, жолшыбай, бүрсігүні, кешқұрым.
Сөздерді пайдаланып, сөйлем құрату.
2.Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
(Абай)
Абайдың қанатты сөзін таратып, түсініктерін жаздыру.
Үстеудің астын сыздыру.
Терме диктант
1.Сабаншы – өте сирек кездесетін мысық тектес аң. Ол көктемде балалайды. Балалары өте тез жетіледі.
2.Динар биыл төртінші сыныпта оқиды. Былтырғыға қарағанда биыл тез әрі мәнерлеп оқуға төселіп қалған. Есептерді шығарғанда да алдына жан салмайды. Мұғалімдер оның бұл талабын жоғары бағалайды. Ол жазда нағашысының аулына бармақ. Жазғы демалысты асыға күтуде.
3. Әнуар қыста шаңғы тебуді, жазда өзенге шомылуды ұнатады.
4. Оқушылар биылғы оқу жылынан бастап ағылшынша тіл үйрене бастады.
5. Сіркіреп жаңбыр жауып тұр
6.Ораз бүгін кеш жатты. Ертең ерте тұрып, жайлаудағы қойшыларға аттанбақ.
Үстеулерді теріп жаздыру.
Шығармашылық диктант
-
Жоғары, төмен, ілгері, кейін, артта, алда.
-
Таңертең, сәскеде, түсте, кешке, түнде, кешқұрым, кешінде, түн ортасында, таң сәріде.
-
Былтыр, биыл, көктемде, жазда, жазғытұрым, қыста, қыстыгүні, күзде, күздігүні.
-
Бүгін, таңертең, бірсүгүні, кеше.
-
Қазақша, немісше, ағылшынша, бұлбұлша, жаңаша, ескіше.
Үстеулерді қатыстырып, сөйлем құрату.
Бақылау
диктант
Сауысқан
Балалар бірде маған сауысқанның кішкентай балапанын әкеліп берді.
Сары езу балапандарды қанаты қатып өз бетімен ұшуға жарағанша
бағып-қағу өте қиынға соқты. Алдымен әбігерге түсіп жүріп жемге
үйреттік. Өсе келе мен оны тор ішінде отыруға үйреттім.
Бірте-бірте біздің үй ішінен әр түрлі заттар жоғалып кетіп
жатты.Бірде шай қасық,бірде қайшы, сағатым жоғалып кетті. Мұның
бәрі сол сауысқанның ісі екендігін артынан
түсіндім.
(61
сөз).
Тапсырма:
Үстеулерді тауып астын сыз.
Бақылау
диктанты
Улы гүлдер
Жайлауға келіп, рақаттандық.
Маусымның гүл жарған сарғыш, ақшыл, көк шөптері самал желмен
тербеледі. Біз гүл теріп жүрміз. Самат қолындағы гүлдерін
қайта-қайта иіскеп қояды. Бір мезгілде тұра қалды да, тәлтіректеп
барып құлап түсті. Жабылып басын көтердік. Жүрегі соғып тұр. Айжан
бірден біле қойды.
— Ой, балалар, Самат уланып қалды, — деді шошынып. Біздер қорқып
кеттік. Самат жарты сағаттай жатты да, тұрып кетті. Жаңағы жерде
гүлі улы шөптер де бар екен.
(66 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1) 3-ші, 4-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне
талда.
Шылау
Көру диктанты
Абай айтқан асылдар
Өлеңге әрқімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы,
Іші алтын, сырты күміс-сөз жақсысн
Қазақтың келістірер қай баласы?
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқты-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Кұлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй...
Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
Есте сақтағандарын жатқа атқызп, шылаулардың астын сыздыру.
Шығармашылық диктант
-
Бөггембай батыр халқының бақыты (мен) бейбіт тұрмысы үшін күрескен.
-
Ата даңкы (мен ) қыз өтер, Мата даңқы (мен) бөз өтер.
-
Тазы ит (пен) бабаларымыз аң аулаған.
-
Шұбат (пен) қымыран түйе сүтінен жасалатын тағамдар.
-
Досы жоқ (пен) сырлас, досы көп (пен) сыйлас.
-
Береке басы - ынтымақ (пен) бірлік.
Жақшаны ашып, шылауды бөлек, жалғауды біріктіріп жаздыру.
7.Жерде, жер де; қалада, қала да; кітапта, кітап та; өзенде, өзен де; мектепте, мектеп те.
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.
Бақылау диктанты
Өтеген батыр
Өтеген батырдың өмірі туған халқының азаттығы мен тіәуелсіздігі, бақыты мен бейбіт тұрмысы үшін күреспен өтті. Ол Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысты. Ойрат пен Батырдың елу мың әскеріне соққы берді.
Жоңғарларға қарсы ұрыста асқан ерлік көрсетті.Батыр баба жасағы 1740 жылы Төле би әскеріне қосылы, қалмақтарды ойсырата жеңді.Қазақ жерін жаудан азат етті. Өтеген батыр кейін Үлы жүз әскерінің қолбасшысы да болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда, батыр бабам әрі саяхатшы, әрі ғалым болғандығы аңғарылады. Ол туралы Тілеміс шешен мен Майкөт дастан да шығарады.
(85сөз, С.Жақып)
Шылауларды тауып, астын сызлыру.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Еркін диктант
Қазақты ғалам таныған күн
Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің 7-сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсізді туралы» Конституциялық Заң қабылданды. . Ұлан байтақ жерді алып жатқан жиырма миллион қазақтың Отаны оянды. Шаңырағы көтеріліп, терезесі тең болып танылды. Енді ол Қазақстан Республикасы!
1991 жылдың он алтыншы желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бұл дүние жүзінің мемлекеттері қатарына тағы да бір ел қосылды.
Сен сол азат елдің азаматысың. Қазақ елінің байып, бқытты болуы сендердің қолдарыңда. Ол үшін білім ал. Ер жеткенде аянбай еңбек ет. Қолыңа қару алып, тәуелсіздігін баянды етуге үлес қос!
(90 сөз. Б.Ысқақов)
Сөйлемнің түрлерін ажырату.
Шығармашылық диктант
Жаңбыр жауды. Көк шөптер қаулап шықты. Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныптарына кірді. Күн суыды. Өзен-көлдің суы қата бастады. Әртіс сахнаға шықты. Ән салды. Жел тұрды. Шатырдағы теледидар антеннасы қозғалды.
Жай сөйлемдерді мағына жақындығына қарай құрмалас сөйлемге айналдыру.
Үлгі: Ән салып, би биледі.
Ескерту диктанты
Дормбыра
Домбыра үні есітілді. Назды күй жүректі тербеді. Атасы да ұйып қалыпты. Қанаттың нзік саусақтарына көз ілеспейді. Күй бітті. Айнала құлаққа ұрған танадай. Қанат тыңдаушыларға қарады. Ел ду қол шапалақтады. Қанат қуанды.
Жалаң сөйлемнің астын бір, жайылма сөйлемнің астын екі сыздыру.
Бақылау диктанты
Шілдехана
Қазақ дүниеге жаңа келген нәрестенің қуанышын тайлы-таяғымен бөлісіп тойлаған. Оны шілдехана тойы деп атаған. Шілдехана үш күн думанға толы болған. Бұл күндері жиналған халық нәрестенің құрметіне ойын-сауық өткізеді. Тойды үш күнге созылуының да мәні бар. Халқымызда алғашқыда нәрестеге жын-перілер үйір келеді деген наным бор. Содан қорғау үшін үш күн шілде күзет рәсімін өткізетін болған.
Шілдехана тойы – қазақтың ең қасиетті тойларының бірі. Оған дос-жарандар, ағайын-туғандар шақырылады. Той бастар беріліп, ән-жыр шырқалады. Жақ-жақ болып айтысатын кездері де шілдехананың сәе-салтантына айналады.
(86 сөз «Қазақша күнтізбеден»)
Әйтеке би
Артына аталы сөз қалдырған, есімі ел жанында сақталған қазақ шешендерінің бірі – Әйтеке. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ халықтарын одақтастырып, жоңғар- қалмақ шапқыншылығына қарсы тұрған. Әз Тәуке ханның кеңесшілерінің бірі. Әйтеке шешендігімен бірге ел басқарған. Заң жобаларын жасаған. Феодалдық Қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері. Қара қылды қақ жарған әділ би.
(55 сөз, Б.Ысқақов)
Жеті қазына
Жеті қазынаға негізінен мыналар кіреді: 1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Алғыр тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен-мылтық.
Ер жігіт
«Ер-ел қорғаны» дейді дана халқымыз. Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан-байтақ жерімізді жаудан қорғап, кейінгі ұрпағына аманат етіп қалдырған ер бабаларымыз қаншама! Қазіргі кезде аттары аңызға айналған батыр бабаларды білесіңдер. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Қапал батыр, Райымбек тағы басқа батырлар – сондай ерлер. Мына өзен-көлдерімізді, көгілдір аспанмен таласқан асқар тауларымызды қорғау енді сендердің міндеттерің, «Ер бір рет, қорқақ мың рет өледі» деген нақыл естеріңде болсын!
(67 сөз)
Сұлу әйел
Әйел-ана, әйел –жар, апа, қарындас. Аталарымыз сұлу әйел дегенде тек әйелдің көркін айтпаған. Ажарына ақыл-парасаты сай әйелді айтқан. Ұл-қыздары үлгі тұтатын ана – нағыз сұлу әйел. Жақсы ана – әрбір отбасының ұйтқысы, ырысы, берекесі. Ондай ананы қалай құрметтесе де артық етпейді. (43 сөз)
Жай сөйлемнің астын бір, құрмалас сөйлемнің астын екі сыздыру.
Ілім-білім
Адам баласы пайда болғалы ілім-білімге ұмтылуда. Ғылымның арқасында машина, трактор, радио, телндидар, ұшақ, жер серігі, зымырандар, ұялы телефондар дүниеге келді. Өзінен бұрынғы ата-баба жасаған ғылымды кейінгі ұрпақ әрі дамытуда. Соның арқасында қазір осындай биікке көтерілдік. Бұл да аз. Дүние жүзілік деңгейге жету үшін көп еңбектенуіміз керек. Ел даңқын білімді адамдар ғана көтереді. Сондқтан ілім-білімді игерген еш қор болмайсың! (63 сөз)
Жүйрік ат
Атамыз қазақ «Ер қанаты -ат» деген. Халқымыз төрт түлік малмен күн көрген. Малдың етін жеп, сүтін ішіп, терісін киім еткен. Жүнінен киіз, темет басқан. Кілем, алаша тоқыған.
Төрт түлік малдың ішінде жыдқыны халқымыз ерекше бағалаған. Көлік ретінде пайдаланғн. Бір-бір атқа мініп, дұшпнына тойтарыс берген. (45 сөз)
Жайылма сөйлемдердің астына сыздыру.
Алғыр тазы
Иттің бір тұқымы – тазы. Тазымен бабаларымыз аң аулаған. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Қазақ халқы мысықтан гөрі итті жақсы көрген. Ит үй күзетіп, мал бағысқан. «Ит – жеті қазынаның бірі» деп сондықтан айтылған. (31 сөз)
Біріңғай мүшелердің астын сыздыру.
Берен мылтық
Ерте кезде ата-бабаларымыздың әр үйде найза, айбалта, қылышпен бірге мылтық та болған. Мылтықпен аң аулаған. Бір отбасын бір мылтық асырайтын болған. Ал жаугершілік заманда қасқой дұшпандарын мылтықпен жайратқан. Бейбіт шақта мылтық үй айбары ретінде төрде ілулі тұрған. «Дүние жисаң, мылтық жи, шаршасаң таяғың, ашықсаң тамағың» деген қанатты сөз бекерге айтылмаса керек. (53сөз)
Біріңғай мүшелердің астын сыздыру.
Наурыз көже
Баяғы заманнан бері Наурыз жыл басы ретінде тойланады. Оны тойлаудың қалыптасқан ежелгі дәстүрі бар. Бұл күні қазан-қазан наурыз көже пісіріледі. Оған: тұз, су, ақ (құрт, сүт, айран), ет, кеспе, бидай, күріш не тары, май, бәрі жеті түрлі дәм қосылады. Бұл халық ұғымындағы жеті бояудың: ақ-сүт, қара – тұз, көк –су, қызыл –дін, сары-май, қоңыр –кеспе, жасыл-етті білдіретін пәлсапалық мәні бар.
Наурыз күні жұрт үй-үйді қыдырып, наурыз көже ішеді. Келгендер бірін-бірі аман, есен жеткен жаңа жылмен құттықтайды.
Құшақтасып, сүйіседі. Ағайын – туыс, көрші – қолаң арасындағы көңіл кірбіңі жуып-шаяды. Жаңа жылға жаңа тілек тілеседі.
(93 сөз. «Қазақша күнтізбеден»)
Қос сөздердің, қосаралған сөздердің астын сыздыру.
Бағалу диктанты
Зерделі шешен
Баяғыда Зерелі шешен болыпты. Бір күні ол бір топ жолдасымен жаһан кезіп келе жатып, бір қармяға кездесті. Сәлемдесіп, жөн біліскеннен кейін қария Зерделіге:
-
Балам, ақыл кімнен шығады, асыл кімнен шығады, жанат неден
шығады, оғат неден шығады, соны білесің бе?- депті.
-Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады. Тату болса ағайын, бірі құйрық, бірі жал, қанат содан шығады. Қой терісін қорлама, жанат содан шығады. Халқы үшін қарттар қам жемесе, санат содан шығады. Өнерсіз болса бозбала, оғат содан шығады, - депті.
Қария Зерделіге риза болыпты.
(86 сөз. «Балдырған» журналынан)
Зерделінің берген жауабын жатқа жаздыру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалімдерге көмек диктант жинағы

шағым қалдыра аласыз