Мейірімді болса жүрек –
орындалар тілек
(Мамандарға арналған тренинг)
Б. Момышұлы ауылы 2025
Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек (ұстаздарға арналған тренинг)
Мақсаты:
Мамандарды
жаңашылдыққа, инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе
отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін,
ой-қиялын арттыру.
Міндеті:Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм
және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру
іскерліктерін дамыту.Маманның эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру,
топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Маман өз кәсібіне
деген ынтасын арттыру.
Түрі:Психологиялық тренинг
сағаты
Әдісі:Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимика мен
түсіндіру,опликация, ой бөлісу және пікір алмасу.
Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, компьютер,
интерактивті тақта, жүрекше, смайликтер, қобдиша,
А4,А3
Тренинг
ережесі:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіне пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу.
7. Өзінеркін ұстауға үйрену
Тренер
сөзі: Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін
сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы
шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен
қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға
арналған
«Мейірімді болса жүрек – орындалар
тілек»- атты тренинг сағатына ұйымшылдықпен
қатысуға шақырамын.
I. Ұйымдастыру
кезеңі:.
«Сәлемдік хат»
жаттығуы
Қатысушылардың бәрі шаттық шеңберіне шақырамыз
Қағазға сәлемдесу сөздерін жазыңыз. Және өзіңіз жайлы кысқаша айтыңыз. Шашым ұзын, жасым 38-де т.б. Сосын оны мыжып ортаға лақтырамыз. Енді жерден қалаған мыжылған парақты алып оны оқимыз. Және кім жазғанын табамыз..
«Жан
жылуы» жаттығуы. Қолдарынан ұстап бір-біріне
төмендегі сөздерді хормен айтады.
Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)
Жүрегіме саламын (тура қарайды)
Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)
Сәттілік тілеймін (тура қарайды)
«Жүректен-жүрекке
»жаттығуы: Мына жерде тұрған жүректің
ұнаған түсін алыңыз да оны өзіңіздің жапыстырыңыз. Келесі сол
түстес жүректі кімге ұсынғыңыз келеді жоған барып жапыстырыңыз
жүрек тұсына.
II. «Негізгі
бөлім»
1.
«Моншақ»жаттығуы: ( әр топқа ине мен жіп
беріледі)
Тренер сөзі:
Нұсқау: менің қолымдағы
моншақтан өздеріңіз қалағандарыңызша
алыңыздар.
Енді алған моншақты кезекпен алып
өздеріңіздің жақсы қасиеттеріңізді атай отырып кезекпен моншақ
тізіңіздер.
Сіздер өздеріңіздің қасиеттеріңізді атай отырып өздеріңізге моншақ жасап алдыңыздар.
Тренер
талдау: Көрдіңіздерме осы жақсы қасиеттерді
біріктіре отырып, сіздер әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге мен
де, сіздер де сенімдісіздер.
Бір- бірімізге қол соғып қоямыз. Рахмет,
келесі тапсырмаға көшеміз.
2. «Суреттегі ой»-
жаттығуы: 2- топқа 2
түрлі суреттер көрсетіледі.
Алдарыңызда екі түс тұр өзіңізге ұнаған
түсті алып орныңызға
отырыңыз.
Тренер сөзі:
Суреттерге байланысты
әр топ өз ойларын, түсінгендірін айтып ой
бөліседі.
1-тапсырма:
Жарқын аспан астында әр
ұлттың баласы қол ұстасып тұрғаны
бейнеленген.
Мұғалімдер
ойы:.......................................................................................................................
Тренер талдау:
Сыртқы түстері әр түрлі
болғанымен бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан ұлағатты
ұстаздар оларға күн сәулесіндей бірдей мейірім шуағын
төгеді.
2-тапсырма:Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты
бейнелеу.
Мұғалімдер
ойы:..........................................................................................................................
Тренер талдау:Біз сұқ саусағымызбен өзгені
көрсетіп тұрғанда өзге үш саусағымызбен өзімізді көрсеткенімізді
аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің
кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні
өзгеден емес, өзімізден
іздейік.
3. «Нұрлы жүрек» жаттығуы:
«Ұстаздармен сұхбаттасу жолы».Мінекей
сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп
тұр.
1. сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз
қандай?
2. сіздің қызығушылығыңыз
қандай?
3. сіз қандай оқушыны
ұнатпайсыз?
4. ең сүйікті мейрамыңыз
қандай?
5. өз мамандығыңыз сізге
ұнайма?
6. бос уақытыңызда немен
айналысасыз?
7. мұғалімдіктен басқа қандай мамандыққа
барар едіңіз?
8. оқушы бойынан қандай қасиет көргіңіз
келеді?
9. сізге ұнамайтын үйірмелер бар
ма?
10. сіздің қолыңызда билік болса, қандай
үйірме ашар едіңіз?
Тренер сөзі:
Нұсқау: алдарыңыздағы
А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және
сұрақтарға өз жауаптарын жазып, ал есімдерін ортадағы жүрекшеге
жазу керек.
Мұғалімдер
жауабы:
Тренер: Рахмет сіздерге, әрқашанда
жүректеріңіз нұрға, иамндылыққа, мейрімге адалдыққа, жақсылыққа
толы болсын- деген тілекпен тренингімізді
жалғастырамыз.
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу»
Тренер сөзі:
Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз.
Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып - жылы әрі жұп - жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының керемет дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз. Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
«Аппликация» жаттығуы: бұл бөлім бойынша әр топ өзі
таңдап алған түсінен А4 жабыстыру арқылы белгілі бір бейнені
білдіреді.
Нұсқау: мына
бөліп қойған түстерді топ басыларыңыз таңдауға
болады.
1 топқа
– қызыл, жасыл түс келді (Бұл топ Қалампыр гүлін
жасайды)
2-топқа
– көк, сары түс келді (бұл топ ҚР Туын
бейнелейді.)
Тренер сөзі:
1-топқа. Рахмет
сізге. Сіздің шәкірттеріңіз, сізден алған білімімен тәрбиесінің
арқасында Отанымызды сүйетін патриоттар болып, осы гүл сияқты
құлпырып өсе берсін деп тілеймін!
2-топқа.Керемет! Сіздің шәкірттеріңіз,
еңбектеріңізді ақтап егеменді еліміздің білімді ұрпағы болып,
тілімізді,дінімізді құрметтей отырып, еліміздің туын биікке
көтеруіне шын жүректен тілектеспін!
«Тілек
ағашы» жаттығуы:
қазір сіздерге үш түрлі қағаз қиындысы таратылып беріледі. Сол
қағазға өз ойларыңызды жазып әр қайсысың өз орнына ілесіздер.
- Жапырақтарға - мұғалім қандай болу керек?
Мұғалімнің түпкі
мақсат-мұраты.
- Жемістер - мұғалім еңбегінің нәтижесі
Мамандар
ойы:
Тренер сөзі: Міне , сіздер «Тілек
ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздердің
еңбектеріңіздің жемісі осы емеспе? Керемет, өте тамаша!
Рахмет!
«Әріптер әлемі»
жаттығуы. «Мейрімді
болса жүрек » сөзі берілген осы сөздегі әріптерді пайдаланып,
барынша көп сөз құрау қажет. Уақыт 1 минут негізі 30-дан аса сөз
құрастырылады.
Тренер сөзі:
Жарайсыздар, Бірлесіп
жұмыс жасап керемет нәтиже көрсеттіңіздер. Бәріміз біріміз үшін,
біріміз бәріміз үшін –деп - әр тапсырылған жұмыстарды, өзімізге
тиесілі міндеттерді ауызбіршілікпен, ұйымшылдықпен орындасақ, біз
алмайтын биіктер болмасына сеніміміз
мол.
Рефлексия: «Ашығын
айтсам»
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады
ма?
2. Тренингтен қандай әсер
алдыңыз?
3. Тренингтен кейінгі көңіл күйіңіз
қандай?
Тренер сөзі:
«Жүректен шыққан сөз
жүрекке жол табады» Осы шенбер бойынша тұрып, жүректі үлестіру
арқылы бір-біріне тілек айту.Жылы сөз адамдарды достастырады,
сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге ашуын
қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен
қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы
сөздер айтқан дұрыс.
Қорытынды:Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды,
біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі.
Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды
болайық.Мейірімді болса жүрек – орындалар
тілек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалімдермен жүргізілген тренинг-сабақ

шағым қалдыра аласыз