Материалдар / Мұғалімнің аналитикалық есебі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұғалімнің аналитикалық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Үздік педагог-2019 жыл» аудандық байқауына қатысушы Алматы қаласы Әуезов ауданы №122 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жунисова Гулнар Алтайбаевнаның аналитикалық есебі толық нұсқасы берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Шілде 2023
388
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Үздік педагог-2019 жыл» аудандық байқауына қатысушы

Алматы қаласы Әуезов ауданы №122 жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Жунисова Гулнар Алтайбаевнаның

аналитикалық есебі

«Егемен еліміздің ертеңі

жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры

ұстаздардың қолында»

Н.А.Назарбаев

  Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көп нұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді.

«Білім негізі – бастауышта» қағидасына сай шәкірттерді бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, «Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу» әдістемелік тақырыбымен жұмыстанудамын. Осы тұрғыда өз педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында

  • «Білім беру жүйесіндегі жаңа фарматты мұғалім: бүгіні мен болашағы» атты семинарда 8 сағаттық білім алды. «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы.05.11.2016ж.№013085

  • «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың иннаиациялық технологиялары» атты курста 72 сағаттық білім алды.Алматы қаласы.23.12.2016 ж.№16123-01

  • «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру» атты семинарда 8 сағаттық білім алды. «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы.06.02.2017 ж.№001956.

  • «АлтивВоард интеректаривті тақтамен жұмыс жасау»тақырыбы бойынша 28-30.03 аралығында курстан өтті.Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы.30.03.2017 ж.№3-3.13\3269.

  • ҚР-нда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы.12.05.2017ж.№020832

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия»ЖББМ-дердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлемінде мектепішілік курсын аяқтады.21.05.2018 ж.серия М №025.

  • Успешно прошла обучение по курсу «Использование програмно-аппаратного комплекса нового поколения для совершенствования учевного процесса». ТОО Фирма Казинтер сервис.23.11.2018г.

  • «Жаңартылған білім беру аясында білім алушылардың функцианалдық сауаттылығын дамытуға арналған оқытудың әдістері» атты ғылыми –практикалық семинарда оқытуды ойдағыдай өткені үшін берілді.Алматы.«Болашақ салымдар» ҚҚ.(15.02.2019 ж.№003-19) курстардан өттім.



Қазіргі уақытта «Сабағымды қалай қызықты, тартымды өткізсем? Сабақ кезінде оқушының жетістіктерін туғызсам?» деген сұраққа ойланбайтын мұғалім жоқ шығар. Олай болатын себебі, әрбір жаңашыл ұстаз шәкірттерінің шығармашылық жетістіктерін, пәніне деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат  етеді. Ең басты мақсат – оқушыға белгілі бір шамада білім беріп қоймай, білім, білік, дағдыларын жетілдіріп, жеке тұлға етіп қалыптастыру. Ендеше мұндай жағдайда оқушының белсенділігімен қоса мұғалімнің де белсенділігі қажет.

Оқушыларды өзіндік белсенділікке, оқуға деген құштарлыққа тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.Бастауыш білім беруде жаңа технологияларды тиімді пайдаланып оқыту, мұғалімнің шеберлігін жетілдіру бүгінгі заманның талабы болса, осыған орай төмендегідей ашық сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар, ғылыми жұмыстар өткіздім:

1.Этномәдениеттану бағыты бойынша «Қазақтың ірімшігі» атты ғылыми жоба жұмысына жетекшілік ете отырып, Ғани Инабат қалалық деңгейде 2-орын жүлдегері атанды.

2. Математика пәні бойынша « Қосудың ауыстырымдылық қасиеті» тақырыбында ашық сабақ өттім.

4. «Ана ізін қыз басар» атты қыздар сайысы ұйымдастырылды.

5. «Мүшел жас-мерейлі жас» атты ашық сынып сағаты оқушыларға жыл санау,мүшел жас туралы қазақтың ұғымдарын саналарына сіңірді.

6. «Нағыз жігіті – ел қорғаны» атты сайысы сынып ұландарына патриоттық сезімі мен елін қорғар азаматтық намысын оятты.

7. «Тіл-бұлбұл,көңіл- бақша,ой-қорған» атты білім сайысы оқушылардың пәндік білімдерін шыңдап,ең жүйрік оқушыны таңдауға мүмкіндік берді.

8. «Мәтін және оның түрлері» тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өттім.

9. ҚР-нда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсында алған білімімді 1-сынып математика пәнінен «Баға.Монеталар.» тақырыбында ықшам сабақ арқылы қорғап шықтым.

10. 2 «А» сыныбында 15-қаңтар мен 25- қаңтар аралығында «Albeni» онкүндік жобасы өтті.

11. «Өзекті ой» әлеуметтік ток-шоу бағдарламасының бүгінгі тақырыбы «Қызға анасы - қамқоршы, ақылшы, сыншы» болды. Қыз бен анасы арасындағы жарасымды қарым- қатынастың куәсі болдық.

12. Бастауыш сыныптар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұстазы мықты елдің- болашағы зор» атты тәжірибе алмасу алаңында 2-сынып Әдебиеттік оқу пәні бойынша «Сүт қалай ұйықтады?» ықшам сабағын көрсеттім.

Педагогикалық кәсіби құзыреттілігім нәтижесінде өзім жетекшілік ететін 4 в сынып ОЖСБ –ға дайындық барысында аудандық тапсырған тест барысында қазақ тілі және математика пәндері бойынша жақсы нәтиже көрсетті.



4В,1А,2А сынып пәндері  бойынша оқушылардың соңғы үш жылғы білім сапасының пайыздық көрсеткіші төмендегі кестеде көрсетілген.

Қоғамдағы өзгерістер, ғылыми-техникалық үдерістің қарқынды дамуы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы, әлемдегі осы өркениетті бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына ену міндетін шешудегі басты тұлға – жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беру бағытында жұмыс жасап, әлемдік, республикалық, облыстық, қалалық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық.Өзім жетекшілік ететін сынып оқушылары аудан,қала,республика көлемінде біршама жетістіктерге жетті.

  • IQ Center-Интелектті дамыту орталығының «Мен спортты сүйемін» шығармашылық байқауының 3-орын жүлдегері Шоханқызы Айару

Астана қаласы, 2017ж ,Тіркеу №0005231

  • IQ Center-Интелектті дамыту орталығының «Көркем жазу» шығармашылық байқауының 2-орын жүлдегері Бахмағанбет Камила

Астана қаласы, 2017ж ,Тіркеу №0001651

  • IQ Center-Интелектті дамыту орталығының «Алтын күз» шығармашылық байқауының 1-орын жүлдегері Нуртилеу Алихан

Астана қаласы, 2017ж ,Тіркеу №00850109

  • IQ Center-Интелектті дамыту орталығының «Көркем жазу» шығармашылық байқауының 1-орын жүлдегері Серік Медина

Астана қаласы, 2017ж ,Тіркеу №001539

  • IQ Center-Интелектті дамыту орталығының «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» шығармашылық байқауының 2-орын жүлдегері

Серікұлы Мұхаммед. Астана қаласы, 2017ж ,Тіркеу №0002219

  • www.tio.kz Республикалық Интернет олимпиадасы математика пәні бойынша 1-дәрежелі диплом ,Ақат Дамир.Астана қаласы.14.11.2018ж.Тіркеу №F-0062450

  • «Жас дарын»дарынды балалар орталығы Тұңғыш Елбасы күніне орай өткен республикалық балалар байқауының 2-орын жүлдегері Ержан Ернұр .Алматы қаласы.02.12.2018 ж.

  • «Жас дарын»дарынды балалар орталығы Тұңғыш Елбасы күніне орай өткен республикалық балалар байқауының 2-орын жүлдегері БақытбекАжар. Алматы қаласы.02.12.2018 ж.

  • «Жас дарын»дарынды балалар орталығы Тұңғыш Елбасы күніне орай өткен республикалық балалар байқауының 2-орын жүлдегері Серікұлы Мұхаммед. Алматы қаласы.02.12.2018 ж.

  • «Алтын қыран» республикалық білім дамыту орталығы және мәдени шығармашылық орталығы, «Алтын глобус» республикалық оқу-әдістемелік орталығы Алғыс хатымен Ғани Инабат марапатталды. Алматы.2018 ж

  • Республикалық «ән-би» бүлдіршіндер байқауы 1-дәрежелі дипломымен Дәуренұлы Алишер марапатталды.

Алматы қаласы.2017 ж

  • Республикалық «Өнер -дастан» атты байқау Бас жүлде иегері

Бақытбек Ажар.Алматы.2019 ж

Жаңа ақпараттық және озық кредиттік технологияларды оқу-тәрбие ісіне енгізу - басты ұстанымдарымның бірі. Осы мақсатта облыста, республикада өтіп жатқан іс-шараларға қатысып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім:

-«IQ»-Center-Интелектті дамыту орталығының Алғыс хаты. Астана қаласы.2017 ж.Тіркеу №0000893.

- Зерделі - Республикалық дарынды оқушылар орталығы Алғыс хаты. Астана қаласы.05.05.2017 ж № 00011158.

- Әуезов ауданы Білім бөлімі «Білім беру саласындағы белсенді қызметі мен шығармашылық жетістіктері үшін » мадақтамасы. Алматы қаласы.2018 ж.

- «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Алғыс хатын алдым.Алматы.2018 жыл

- Әуезов ауданы Білім бөлімі «Жас ұрпаққа сапалы білім,саналы тәрбие беруде қосқан үлестері үшін» мадақтамасымен марапатталдым.Алматы қаласы.2018 ж.

- «Жас дарын» Дарынды балалар орталығы Алғыс хатымен (02.12.2018 ж.) марапатталдым.

Өзімнің шәкіртім: Ғани Инабаттың ғылыми зерттеу жұмысы Балдырған балалар журналының 2018 жылғы ақпан айындағы санында « Кішкентай ғалым» атты мақалаға арқау болды. Сонымен бірге, елбасымыздың «100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында ,Астана қаласының 20 жылдығына,Алаш қайраткерлері А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына , М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай республикамыздағы дарынды балалардың білім,өнер,спорт,ғылым саласындағы жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген «Ел үміті» атты республикалық дарынды балалардың энциклопедиялық жинағына Ғани Инабаттың есімі енді.

2013 жылы Ғылыми зерттеу жұмысым «Елорда ғылыми хабаршы» ғылыми журналының сәуір айындағы санында жарық көрді.

2016 жылы «Ғылымға қадам» атты әдістемелік көмекші құралға ғылыми жұмысым енді.

Жаңашыл ұстаз – жаңалықтың жаршысы. Әрбір ұстаз  күн сайын өз оқушысына жаңалық ашып отыруы – ұстаздың кемелдігін байқатады. Оқушының құзыреттілік сипатын ашуда бұл бағыт аса маңызды. Ол үшін ұстаздың өзі замана ағымынан, өмірдің көшінен қалмай жаңашыл өмірдің жаңалықтарын оқушыларына өзі алдымен жеткізгені ләзім. Бұл мәселе мұғалімнің үздіксіз өз біліктілігін арттырып, тынымсыз ізденістің нәтижесінде шешілетіні анық.

Ұстаз- келер күннің ұстасы, балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарастарының иесі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қалай қалыптаспағы – біздің бүгінгі арқалар жүгіміз болмақ. 



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!