жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мұғалімнің жаңашыл идеясы
Баяндама.
Тақырыбы:Мұғалімнің жаңашылдық идеясы.
Халықтың кемеліне келіп
өркендеп өсуі үшін ,ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп
ШоқанУәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі
оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылығана, оның
ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сәтбаев айтып
кеткендей, еліміздің болашағы білімді жастар екені даусыз. Олай
болса, білімді, дарынды оқушы – ұлт болашағы. Әрбір мемлекеттің
болашағы мектебінде шыңдалады. «Адам ұрпағымен – мың жасайды»
демекші болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып
жазылмақ.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: « ...Бізге керегі – шын
дарындар. Нарық қол- аяғымызды қалай қыспасын,мемлекет өзінің
таланты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет мен өнерін жасайтын
тарлан боз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті» деп оқушы
туралы ойын айтқан еді.
Пәнге деген қызығушылығы болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі.
Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып,білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақмақсатына жетеді.
Мұғалім оқушыны тек тыңдауға ғана емес, тыңдағанын ести білуге, тақтаға қарап отырып, көре білуге және жайғана сөйлеуді емес,түсіндіруді,ойын дәлелдей білуді үйренуі қажет.
Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін,шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін,өзбетінше жұмыс жасай білу қабілеттілігін дамыту.
Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі. Сол сияқты оқыту мен оқуға өзгеріс енгізіп, нәтижесін көру бір неше сатыдан тұратын күрделі процесс. Әр мұғалім жұмыс тәжірибесінде орыналған оң өзгерістерді жүйелі түрде өз әріптестерімен бөлісе отырып, олардың да тәжірибесіне өзгеріс енгізуге үлес қосып отырса, заман талабына сай, қалыптан тыс ойлайалатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қалыптастыра алады деп ойлаймын. Сондықтан, ұстаздар қауымы үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа жақын болып, өзгелердің үлгісін өз ісінде шеберлікпен пайдаланып, түрлендіріп отырса – білім берудегі жетістігі сол болмақ.
Сабақ барысын тиімсіз жағы балалардың бәрі бірдей қолжеткізуге болатындай психологиялық көзқарастарының қалыптасуы, яғни біздің топта барлығы атсалысты, айтты, білдідегендей. Топ арасындағы бақталастық күшиуі мүмкін, біздің топ басшымыз қабілетті жақсы ұйымдастыра алады немесе топ басшысының асыра көтермелеп бағалауы мүмкін. Шешужолы ретінде маған нақты бір қадамға баруға тура келді, яғни бағалауға келіп отырмыз. Бұл әріне білім сапасына әсер етеді. Тарау соңында 5- сыныптар үшін көп нұсқадан тұратын тест тапсырмаларын аламын 25 сұрақтың нақты шкаласы бойынша. Деңгейлік жеке тапсырма беремін. Үйтапсырмасын түрлендіріп беремін. Сосын формативті бағалау арқылы баланы ынталандырып жігерлендіремін.
Әдіс –тәсілдер.
Планшет» әдісін көбінде «Блиц-турнир» өткізгенде қолданамын. «Блиц-турнирді» сабақтың қорытынды бөлімінде жиі өткіземін. Сұрақтар қою арқылы оқушының тақырыпты қалайша меңгергендігін анықтаймын.
Сондай –ақ іс- тәжірибемде сабақ барысында кеңінен қолданатын тиімді әдіс- тәсілдердің бірі, ол «Сыртқы және ішкі шеңбер әдісі» уақыт үнемдеуге өте тиімді. Үй тапсырмасын тексеруде 4-5 минут уақыт жұмсауға болады.
«Ысқыру диктанты» тәсілін өз тәжірибиемде көп қолданамын. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін артырады.
«Құрылысшы ойыны» өте тиімді тәсіл . Мәтін
бөліктерін тез жинау.
Оқу шапшандығын , және өз ойын еркін жеткізу қабілетін дамытудағы
үлесі зор екендігіне көз жеткіздім.
«SVOT» әдісі оқушының өзін және өзге топты
бағалауына өте тиімді.
Әдебиет сабағында кейіпкерлерге мінездеме беру,олардың жақсы-жаман
қылықтарын ажырата білу дағдыларын
арттырады.
«Көршіңмен сырлас».
Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз.
«
Температура өлшеу әдісі ».
Бұл әдіс топтық жұмыс барысында мұғалім топ жұмысын бақылау үшін
«біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың жұмысы
нәтижелі болу үшін бағыт береді.
«Сұраққа жылдам жауап».
Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа
аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық
жауап қайтару тапсырыңыз.
Мысалы, «Мадина, Болаттың жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?»
«Болат,Әсемнің жауабын қалай толықтыруға болады?»
«Марат, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге
болады?»
«Сюжеттік кесте»
Оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін бақылау үшін сұрақтарға
сәйкес төрт сөзден тұратын сөйлем құруды
тапсырыңыз.
«Бес сатылы эссе жазу»
1. Тақырып бойынша негізгі идеяларды анықтап алу;
2. Кірпарақпен жұмыс;
3. Жұптық жұмыс. Қателерді анықтау;
4. Жіберілген қателерді есепке ала отырып, қалыпқа келтіру жұмысын
жүргізу;
5. Сынып алдында жұмысын жариялау.
«Алфавит тізбегі»
Оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін алфавиттегі
әріптерден басталатын сөздерді кезекпен атап шығу керек.
Мысалы тақырыбыңыз «Қазақстан» болса,
А- Астана
Ә-әскер
Б-бидай
В-валюта
Г-газ
Ғ- ғимараттар
«Сұрақты тауып ал» бірнеше сөйлем бір сұрақтың жауабы болады.
«Мұғалімге хат жазу»
Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе
түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын
жазады.
«
Эссе жазу»
3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады.
Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс- тәсілдің
бірі.
«Сұхбат алу»
Ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойынша
сұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін
әңгімелейді.
«Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі
Бұл әдіс топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар
құру тапсырылады.
«Логикалық тізбекті ажырату»
Бұл әдісті сабақ қорытындысын шығару кезінде қолданған
тиімді.Оқушыларға тақырыпқа сәйкес негізгі сөздер тізбегін
жүйелілікке келтіру тапсырылады.
«Ақпаратпен бөлісу»
1-ші оқушыда ақпараттың 50% бар. 2-ші оқушыда ақпараттың 50%
бар.
Жұптар бір-бірінің ақпараттарын толықтырады. Жұптар сыныппен жұмыс
жасайды.
«Шырша немесе фишбон»
Бұл стратегия оқушыларды көлемі үлкен тақырыпты бірнеше себебі мен
дәлелдемесі келтірілген шағын тақырыпшаларға бөлуді үйретеді.
Осындай әдіс-тәжірибиелерді сабақта қолдану үлкен жетістіктерге
жеткізеді , бала дамуында үлкен нәтиже
береді.
«Ыстық орындық» әддісі. Берілген тапсырмаға байланысты берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі орындық ыстық.
«Автор орындығы» оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
«Миға шабуыл» статегиясы (мұғалімдермен жұмыс). Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз.
«Үш таяқша» әдісі. Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
«Бинго» ойыны. Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру.
«Әдіс алмасу үшін».
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі. Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
«Он сұрақ» әдісі. Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады –қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, неЖОҚ деп беріледі.
«Серпілген сауал» әдісі. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы, «Самат Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?» , «Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?», «Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?»
«Құпия зат» -мына зат бойынша 10 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? Деп СҰРАМАҢЫЗ.
«Лездеме!» әдісі. Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар: Конверттен бір сөзді бір реет алу. Сөздің өзін атамай түсіндіру. Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді.
«9 –ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбыныңжоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең мңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
«Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда. Көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз. Мұғаліміңіз 1-4 дейін санды таңдайды; осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді; талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.
« Детальдарын қосу» әдісі. Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады! Бастапқы сөйлемнің мысалы: Бүгін біз мектепке жиналдық. Кеңейтілген сөйлемнің мысалы: Бүгін біз Қарабұлақ мектебіне, семинарға жиналдық.
Кері байланыс түрлері.
«Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма –мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл –күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма –мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл –күйім жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі –Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын 3 сөзді таңдап айтады.
Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану,Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Рахаттану.
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 –баспалдағы Мен … БІЛЕМІН, 2 –баспалдағы Мен … ТҮСІНЕМІН, 3 –баспалдағы Мен … ЖАСАЙ АЛАМЫН.
«Таңдау» әдісі.
-
Маған сабақ қызықты __________________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
-
Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені ________________ үйренгенім аз болды.
-
Мен басқаларды мұқият ________________ зейінсіз тыңдадым.
-
Мен пікір сайыстарға жиі ________________ сирек қатыстым.
-
Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ________________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.
Кері байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны. Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
1.Чемодан (суреті)
2.Қоқыс жәшігі (суреті)
3.Еттартқыш (суреті)
-Құрметті оқушылар, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгін сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттертқышқа салыңыздар (жазыңыздар).
Үй тапсырмасын қалай тексеруге болады?
Үйге берілген тақырып бойынша мүмкін оқушының не білетінін тексеріп, оны сұрақтардың астында қалдырудың қажеті жоқ. Неге десеңіз, біріншіден, тексеру деген жағымды әрекет емес, сол себепті де тексерушіні ешкім жақтырмайды және ешкім тексерілгісі келмейді. Сондықтан да егер мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера қалыптастырғысы келсе, онда оған оқушыларды тексеруді азайту керек. Екіншіден мұғалім 10-15 минут ішінде қанша оқушыны үй тапсырмасы бойынша сұрап үлгереді? «Менен сұраса не айтуым керек?» деп жанма –жан оқулықты парақтай ма, әлде жауаптарды тыңдайма? Не жасаса да, екеуі де бәсең, пассив әрекеттер.
Сондықтан да үй тапсырмасын тексеру барысында мұғалімнің осы екі мәселеге назар аударуы қажет секілді, яғни оқушыларды тексермей, олардың барлығын да белсенді жұмысқа жұмылдыру керек. Бұл үшін мұғалім оларға екі тапсырма беруі шарт: 1) алдымен топ құрамында, 2) содан кейін әр оқушыға жекелей жұмыс.
1)Топтық жұмыс. Оқушыларға үйге берілген тақырып бойынша не білгенін, үйренгенін, түйгенін, жасай алатындығын анықтау мақсатында оларға бір нәрсені жасау тапсырмасын берген орынды. Мұнда оқушы өз үйренгенін сөзбен емес, іс –әрекетпен, бір нәрсені жасау арқылы дәлелдеп беруі керек. «Велосипед тебе білесізбе?» деген сұраққа ең жақсы жауап қалай тебе білетінді сөзбен жеткізбей, велосипедге отырып оны тебе білетіндігімізді көрсету шығар. Дәл осы секілді тамақ жасай білетіндіктің дәлеле сөз емес, дәмді тамақ жасап беру болар.
Дәл осылай тақырып бойынша оқушылар өздерінің үйренгенінің деңгейін көрсету үшін бірлесе (жұптасып немесе шағын топ құрамында). Блум таксономиясында «Жинақтау»деңгейінде өз қолымен бір нәрсе жасау, құрастыруы керек (есеп, жаттығу, сценарий, постер, кесте, диаграмма, тізім, алгоритм, слайд, т.б.). Әрине, бұл тапсырманы орындау алгоритмі және бағалау критерийлерін алдын –ала ұсынған жөн.
Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы тақырып бойынша игерген теориялық материалдарын (оқулық, интернет ресурстары, т.б.) ортаға салып, талдап, олардың негізіндежаңа мазмұн құрастырады, оны қорғайды (бағалайды).
2)Жеке оқушының не біліп, үйренгенін анықтау үшін оларға жеке жазу жұмысын беруге болады (эссе жазу, есеп шығару не құрастыру, жаттығу орындау, кесте, диаграмма жасау, т.б.). бұл жұмыстарды критерийлер бойынша бағалап (талдау жасап: ұтымды және жақсатуды қажет ететін жақтарын айқындап), баға қоюға болады.
№ 104 НОМ математика пәні мұғалімі:
Адахамова Элдора Абдихалиловна.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген