400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мұғалімнің жылдық есебі 2018-2019 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
ағылшын тілі мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.В. Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Р.А. Байжакашованың

2018-2019 оқу жылының жұмыс есебі

Мен Байжакашова Роза Ахметжанқызы М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп-лицейінің 1 санатты ағылшын тілі пәні мұғалімімін, еңбек өтілімім – 12 жыл.

2018-2019 оқу жылында мен 7 «Б» сыныбына 3-ші жылы сынып жетекші ретінде жұмыс жасадым және бастауыш сыныптарда 2Б, 2В және де 3А, 3Ә, 3Б, 3В, 3Г, орта буын бойынша 6Б, 7 Ә, 7Б, сыныптарына ағылшын тілінен сабақ бердім. Сосын ағалшын тілі мұғалімі жұмыстан босатылуына себебі маған 1Ж, 1 Д, 1Е бастауыш сыныптары қосылды.

7Б сыныбында сынып жетекші ретінде Қыркүйек айының басында жылдық тәрбие жұмысын жоспарланып және жоспар бойынша аптасына 1сағат тәрбие сағаттары өткізілді.Оқу жылының басында және әр тоқсанның соңында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Оқу жылыңың І-ші және ІІ жарты жылдығында 7Б сыныбы түрлі кокурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды:

-Калиев Ануар мектепшілік дойбы ойыны бойынша өткен жарыста ІІІ орынға ие болды.

-«Жігіт сұлтаны - 2019»мектепшілік байқауда 7 «Б» сынып оқушысы Мұратхан Әліхан жүлделі ІІ орынға ие болды. Жылдың соңында 7 «Б» сыныбы 37% білім сапасын көрсетті.

Оқу жылының басында жаңартылған бағдарлама бойынша құжаттармен танысып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды әдістемелік бірлестік мүшелерімен құрдық. Жаңартылған оқу бағдарламасына ауысқан 7Ә мен 7Б сыныптарымен жұмыс жасауда кейбір қиындықтар кездесті. Жаңартылған білім жүйесіне 7-ші сынып оқушылары дайын болмағандықтан келесі қиындықтар кездесті: оқушыларымен топтық және жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, кері байланыс жасау, кретириалды бағалауда қиындықтар кездесті. Тәжірибені көтеру мақсатында мектепшілік және қалалық семинарларға қатыстым. Сондай-ақ «Жаңа мектепке-жаңа мұғалім немесе білім мазмұнына жаңарту барысында біз тағы нені үйренуіміз керек?» атты мектепшілік семинарға қатыстық. Осылайша 1,2 тоқсан қорытындылары шығарылды және әр сыныпқа сараптама-мониторинг жүргіздім. Сараптама нәтижесі бойынша 7 сыныптардың 2 тоқсан қорытындысында білім сапасының өсуі байқалды. Бұл көрстекіш озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысу нәтижесі деп түсіндіріледі. Оқу жылының ІІ-ші жарты жылдығында да сабақтарға қатыстым.

Әдістемелік тақырыбымның мақсаты:  Оқытудың қолайлы үлгілерін таңдап алып жоғары нәтижелерге жету және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен жұмыс жасау, өз-өзін бағалау, оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға баулу. 

Міндеттері: 

Оқушыны белсенді субъектіге айналдыруға қажетті жалпы білім, білік дағдыларының деңгейін қарастыру; 

Дарынды тұлға ретінде «мен» деген пікірін қалыптастыру; 

Тұлға дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына бағыт-бағдар беру; 

Оқушыны түрлі шығармашылық байқауларға қатыстыру нәтижесінде субъектілік белсенділігін арттыру. 

Күтілетін нәтиже: 

Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы қалыптасады; 

Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарайды; 

Танымы жоғары, интеллектісі дамыған, өз тұжырымын дәлелдей алатын тұлға қалыптасады;

 Оқушы сараптау, өз ойын жазу, өзінің ізденуі арқылы зерттелететін тақырыптың жаңалығын ашуға көмектеседі және өз тәжірибесін толықтыра алады. 

Өз білімін жетілдіру тақырыбы:

«Жаңа технологияларды қолдана отырып оқушылардың еркін сөйлеуге қабілетін дамыту»

1. Жаңа оқулықтырмен танысу – Тамыз

2. Пән бойынша күнтізбелік-жоспарды құру - Тамыз-Қыркүйек

3. «Білім туралы заң» - Қыркүйек

4. «Тіл туралы заң» - Қыркүйек

5. Аттестациядан өтудің ережесімен танысу-Қыркүйек

6. Ағылшын тілі бойынша бағдарлама – Қыркүйек

7. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»

жоспары-Қыркүйек

8. Әдістемелік нұсқау хат – Қазан

9. «100 нақты қадам»-Қазан

10. Әдістемелік басылымдарға жазылу-Қазан


Биылғы оқу жылында мектепте өткен іс-шараларға қатыстым.

« Тіл-рухани қазына бастауы» атты тілдер айлығының өткізілуі барысында «Brain ring» тақырыбында 6 Б сыныбында сыныптан тыс шс-шараны өткіздім. Сайыс сабақ формасындағы іс-шара оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдап алынған. Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты технологиялардың элементтерін тиімді қолдандым.

Аталған апталығында Ж.Н.Белгибаеваның «Sing forever» караоке конкурс тақырыбында 10 сыныптар арасында қатыстым. Л.В. Куракованың «The interesting world of literature» тақырыбында 9 сыныптар арасында өткізілді. А.Қайырбектың «Kazakhstan is my motherland» 4 Б сыныбында сыныптан тыс ашақ сабаққа қатыстым.

Деңгейлікті өткен мғалімдердің апталығында «Space and Earth» 7Б сыныбында ашық сабақты өткіздім.

«Сараланған әдістерің сабаққа даярлау» аталған мұғалімдерге арналған мекткпшілік семинарда шебер сыныпты өткіздім.

Ағылышн тілі апталығында «The magic garden of the poor» 7 Б сыныбында ашық сабақты өткіздім. Сабақ талапқа сай өтілді, алайда ұстаздардың ұсынысы бойынша бір сабаққа таңдалынған тапсырмалар саны өте көп және әр тапсырмадан кейін формативті бағалауды жүргізу міндетті емес.Бұл ескертпелер назарға алынды және әріптестерімнің ашық сабақтарына белсене қатыстым.

«Жаңа мектепке -жаңа мұғалім немесе білім мазмұнына жаңарту барысында біз тағы нені үйренуіміз керек?» атты мектепшілік семинарға қатыстым. Аталған тақырып бойынша өз біліміді жетілдіру мақсатында Пән мұғалімдерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында әріптестерімнің сабақтарына қатыстым:Жануарлар 28.11.2018ж. 1Б сынып; Болашақтың мамандықтары 20.12.2018. 9А Барманбекова Г, Бекмурзинова А.Б. «Reading signs»3а 15.12. «Everyday English» 7В 13 .12 т.б.

Өзара сабақтарға қатысу арқылы білікті мұғалімдермен іс-тәжірибемен алмастым.

Бүгінгі күні Қазақстандағы білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалуда.

Жаңа оқыту бағдарына бет бұру күн тәртібіндегі басты мәселе. Жарық көріп жатқан әдістемелік құралдар мен инновациялық технологиялар қатары көбеюде. Жаңа технологиялардың артықшылығы-білім беруді ізгелендіру мен демократияландыру қағидаларынан көрінеді. Менің негізгі мақсатым: жаңа инновацияларды өз сабағыма еңгізу және жоғарғы деңгейінде қолдану.




Пән мұғалімі: Байжакашова Р.А.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
6888
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі