жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесіні жаңару негізі
Жаңаша білім беру аясында инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі
Биoмapoвa Г.A., «Өpлeу» БAҰO AҚФ ҚP ББЖҚ БAPИ Курстан
кейінгі қолдау және инновацияны дамыту зертханасының меңгерушісі
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымын қалыптастыру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Білім беру дегеніміз – жеке адамның табиғат пен қоғам жайында ғылым мен білімді меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне кіру жағдайында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі іске асуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды талап етеді. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр, ал келер ұрпаққа қоғам талабына сай білім беру жағдайында мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі.
Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынып, білім берудің мазмұны жаңару барысында оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру, инновациялық амалдарды қолдану қажеттігі туындауда. Білім берудегі озық технологияларды пайдаланудың мақсаты үйрете жүріп, үйрену, оқушылардың кеңінен білім алуына көмектесу. Озық технологиялар мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді.
Жақсы құрылған сабақ – оқушылардың ойлану қабілетін қалыптастырып және дамытатын негізгі әрекет. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Мақсаты жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа технологияларды сабақ беру процесіне енгізу болдып отыр.
Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. Сондықтан да педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуға жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше.
Сабақ барысында оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер сабақ барысында көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Ұстаз бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт. Баланы өмірге дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны – ұстаз, ал ұстаз білімді бала санасына сабақ барысында жеткізеді, яғни білім нәтижесі – ұстаздың бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары.
Бұл орайда мұғалімнің өз-өзіне қойған талаптары жекеше бағытталған білімнен қалыптасып, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. Субъект-субъективтік қатынас концепциясы аясында ұстаз өзіне қойған талаптарды балаға деген адамгершілік қатынас, оның шығармашылық қабілетіне түсіністік танытып жетілдіру, баланың рухани және физикалық саулығының сақталуын ескеру, педагогтың кәсіби жоғары біліктілігіне сай болу, тұрақты түрде пәндік дамытуға бағытталған білім беру ортасын құрып, жаңашыл педагогикалық технологиялар жайында толық хабардар болу, түрлі педагогикалық технологияларды қолдана булу және оған жекеше дамытуға бағытталуына мән беру бағыттарында айқындайды.
Кез келген мемлекеттің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ екені белгілі қағида. Алаштың ардақты ұлы А. Байтұрсынов «Бала білімді, тәрбиені өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі –балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру»-деп жазды. Осы пікірлердегі ортақ идея – ұстаздың ізгіленуі және үндестігі. Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Себебі: оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақта әр түрлі, жан-жақты болуы керек.
Мұғалім әр сабақта сабақ өтетін сыныптың ерекшеліктеріне байланысты оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін таңдай білуі қажет. Сабақта қолданылған оқыту әдістемесі оқушылардың логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс істеу, өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға негізделген болуы керек. Сонда ғана, мұғалім алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін орындай алады. Сабақта жаңа технологияны пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын, танымдық белсенділігін арттырады. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.
Жалпы айтқанда, тақырыпқа сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты, әрі жеңіл өтетінін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететінін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артқанын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Сабақ дұрыс құрылып, оқушы пәнді толық меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген