жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мұғалімнің кәсіби дамуы –нәтижеге бағытталған білім негізі
Мұғалімнің кәсіби дамуы –нәтижеге бағытталған білім негізі
“Елді түзетуді бала оқыту ісін
түзетуден бастау керек”
А. Байтұрсынов
Бүгінгі қоғам талабымен кемел елдің тізгінін ұстар келер ұрпақтың мақсат-мұраттарын қалыптастыруға бағыттап, өмірден өз орнын табуына жауапкешілікпен үлес қосатын бірден-бір тұлға, ол-мұғалім деп білемін. Осы жазбаны жазар алдында жас маман ретінде өзіме «кәсіптегі құндылығым не, кәсіби даму үшін мен не істеуім керек?» деген сұрақ қойып , оған әрине, ол менің білімім, біліктілігім, дағдым деп жауап берер едім. Кешегі мұғалім қандай еді? Ол –оқытушы- тәрбиеші -тәртіпке шақырушы. Ал бүгінгі мұғалім қандай ? Ол –нұсқаушы- бағыт беруші -шығармашылығы бар шебер тұлға дер едім. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын саралап, пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Себебі, жеке тұлғаға бағытталған білімнің нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Ал осы нәтижеге қалай қол жеткіземіз, міне осы төңірегінде ойланып, іздену- әрбір мұғалімнің міндеті десек, артық болмас .
Қазіргі білім беру жүйесіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдер білім жетілдіру курстарынан өтіп, оқу үрдісінде жаңалықтар енгізіп, оң өзгерістер тудыруда. Осы тұрғыда қазіргі таңда жоғарғы және орта кәсіптік білім беретін оқу орындары оқытушыларына да тамаша мүмкіндік туып отыр. Бұл дегеніміз- өзгермелі өмір талаптарына дайын екендігімізді көрсетеді. Мұғалім оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай туғызып, өзі бағыт-бағдар беріп отыруы қажет
Осы орайда өзім қызмет жасайтын білім ордасында мұғалімнің кәсіби дамуына негізделген, нәтижеге бағытталған түрлі шаралар өткізілуде. Айтар болсам, әріптестерімнің «Жаңа білім беру мазмұнында саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы коучинг, «Колледжге бейімделген қысқа мерзімді жоспар дайындаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы семинар-практикум, сонымен қатар, тәжірибелі ұстаздарыммен бірлесе атқарған критериалды бағалаудың мақсат-міндеттері туралы семинар-кеңестердің мен үшін пайдасы көп болды. Ұққаным, қмж құруда колледждің оқу-тәрбие үдерісіне бейімдеу арқылы дайындау керек екенін, соған сәйкес әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігін түсіндім, сонымен қатар, жауап алу мақсатында қойылатын сұрақ мазмұнына ерекше мән беру керектігін, яғни сұрақ шығармашылыққа бағытталып, тақырыпқа сай өзгеріп отырса, сапалы нәтиже болатындығын байқадым. Қызмет жасаған аз-кем уақытта, білімді, білікті әріптестерімнің арқасында өз жұмысыма рефлексия жасап, бағалайтын жағдайға жеттім. Алдыңда отырған студент-ертеңгі маман.Менің ойымша, мұғалім оқушыны пәнге қызықтыра білу керек. Пәнге қызыққан оқушының бiлiм сапасының жоғары болатыны белгiлi. Міне, мұғалімге керегі осы.Бiлiмге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетедi. Ал, пәнге қалай қызықтырамыз? Түрлі тәсілдер қолданғанда нәтижеге қол жеткіземіз. Өз сабақтарымда үнемі ізденіп, жаңалық енгізуді мақсат тұтамын. Дүниеге көзқарас қалыптастыратын ерекше пәнді оқытып, ұрпақ тәрбиелеу-менің бағыма бұйырған кәсіп. Осындай күрделі, күрмеуі қиын пәннің салмағын саралап, ғылыми тұрғыда талдап, ұрпақ санасына жеткізу жолында бар күш-жігерімді сарп етемін деп ойлаймын. Адам баласының ой – өрісі кеңейген сайын, философия да тереңдей түседі. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын саралап, пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Себебі, жеке тұлғаға бағытталған білімнің нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Ал осы нәтижеге қалай қол жеткіземіз, міне осы төңірегінде ойланып, іздену- әрбір мұғалімнің міндеті десек, артық болмас. Осы ретте пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында саралап оқыту әдістерін пайдаланамын. Жаңартылған білім беру мазмұнында бұл әдістер өте маңызды рөл атқарады десем, қателеспеймін. Мәселен, тақырып туралы түсінік қалыптастыру үшін, мақсат бойынша саралауды жүзеге асыруға болады. Маңыздылығы: студенттер деңгейіне қарай қолжетімді тапсырмаларды орындауға мүмкіндігі бар. Студент пен мұғалім арасындағы диалогтің ерекшелігін айқындайтын диалог негізінде саралау әдісінің ықпалы өте зор. Бұл жерде сөздік қор және қолданылатын тілдің мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының қабылдаудеңгейіне сай бейімделеді. Қабілеті төмен студент ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етеді, деңгейі жоғары студент мазмұны күрделі диалогты талап етеді. Барлық студентке диалог аясында сындарлы кері байланыс берілуі қажет. Бұл дегеніміз-өздігінен білім алуына, ізденуіне, шығармашылығының шыңдалуына жол ашады деген сөз.
Ал енді, топтық жұмыста ынтымақтастық орнату үшін қарым-қатынас формалары бойынша саралау (коллаборативті)әдісін қолданғанымда тиімді екенін байқадым. Мәселен, бір топта отырған студенттің барлығы дерлік қабілетті немесе, қабілеті төмен болмайды, деңгейіне қарай аз білетіні көп білетін топ мүшесінен көмек сұрайды, ал, қабілеттілері өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысының алға басуына үлес қоса алады.
Осындай
жұмыстың жаңа формаларын жүргізу арқылы
колледждің оқу-тәрбие үдерісіне оң
өзгеріс енгізуге болатынын түсіндім.
Кәсіби өсуге мүмкіндік беретін біліктілік
арттыру бағдарламаларынан өтіп, сонымен
қатар, тәжірибе алмасып, семинар-тренингтерге,
коучингтерге т.б. қатысып, ой-өрісімізді
кеңейту-
міндетім деп санаймын.
Әрине
, жаңалық енгізу, мұғалімнің кәсіби
дамуы қысқа мерзімі қамтитын дүние
емес. Іздену, еңбектену- мұғалім
үшін-үздіксіз процес.Үздіксіз
білім көтеру арқылы кәсіби білім
шыңдалатыны анық. Менің ойымша, кез
келген мұғалім өзінің кемшілігін үнемі
байқап отыруға тиісті, сол себепті өзіне
«Мен қай жерде қателестім, қатемді
қандай да бір жетістікпен, немесе
жаңалықпен толтыра аламын, іс-тәжірибеме
қандай өзгеріс енгіземін?",- деген
сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби
рефлексия жүргізе білуі керек. Себебі,
жаңа уақыт, жаңа білім салғырттықты
қажет етпейді, керісінше, жаңалықты,
озық технологияны қажет етеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген