400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі- нәтижелі білім берудің негізі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі жайлы сапалы білім берудегі нәтижелері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-нәтижелі білім берудің негізі

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Қазіргі білім беру саласында өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз да, дарынды және талантты тұлға болу мүмкін емес.

Заманауи қоғамға жан-жақты жаңашыл адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру- қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Ендеше, «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» - деген тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі әрбір адамның ойына түрткі салуы тиіс. Өйткені мұғалімнің бүгінгі күні жасап отырған еңбегінің нәтижесі қандай болса, еліміздің, қоғамымыздың болшағы да сондай болмақ.

Демек, жастарды қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы хабардар болуымен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, талантты, барлық әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу-уақыт талабынан туындап отыр.

Білім берудегі негізгі мақсат - тек білімді, дарынды, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Жаңа заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру мен тәрбие үдерісінде жүзеге асырылатындықтан, білім мазмұнын таңдауда әр баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру мәселесі тереңірек, әрі нақтырақ қарастырылады.

Мұғалім дамымай оқушы дамымайды. Қазіргі заманғы ақпараттық және білім беру технологияларын пайдаланбай, оқушы мен мұғалімнің жұмысының сапасын арттырамын деуге болмайды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов “Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы” деп, білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан. Сондықтан да білім берудің нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы мен оның тікелей кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты. ​

Біз алдымыздағы жеке тұлға – оқушымыздың құзырлығын дамыту үшін, яғни қоғамның жан –жақты білімді, белсенді азаматын тәрбиелеу үшін, сыныпта өтілген тақырыптарды, одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу үшін мынадай мақсаттарды көздеуіміз қажет:

-​оқушылардың қазіргі заманға сай бейімделуіне, халқына зор көмек беретін, жаңалық аша алатын тұлғаны қалыптастыру;

-​бастаған жұмысты тиянақты дер кезінде аяқтауын қадағалау, дарынды және талантты тұлғаны даярлау болып табылады.

Ұлы жазушы әрі ғұлама ғалым М. Әуезовтің: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» – деген өте терең мәнді нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі жас ұрпағыңды жақсылап өсір дегені. Осы ретте, баланың өмірден өз орнын табуы үшін оның қабілетін ерте кезден дамыту тікелей ұстазға байланысты деп білемін. Ал, талантты және дарынды оқушылардың білім алуын арттыруда қолданылатын кеңейтілген тапсырмаларды мақсатты, сауатты пайдаланудың маңызы зор. Ол балаға қалай әсер етеді? Жауап төмендегідей:

1. Білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдану;

2. Тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін қолдау;

3. «Нағыз» құзыреттілікті қалыптастыру;

4. Бастапқы және соңғы нүктелер қатарымен өзара әрекеттесу;

5. Шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерттеу;

6. Қабілеттілігіне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізу;

7. Қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан сыныптың ең жоғары ойлау деңгейіне негізделген оқу үрдісіне қатысу;

8. Сыни ойлау дағдыларын дамыту;

9. Мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдану;

10. Таңдау элементтерінің көмегі арқылы өзіндік реттеуді қолдану;

11. Аса құштар және ынталы болу;

12. Оқушылардың жетістікке жету қабілеттерін көрсету;

Кеңейтілген тапсырмалардың он екі идеясын қолдану арқылы біз тек оқушы бойындағы дарын мен талантты дамытып қоймай, сонымен қатар тұйық оқушы бойындағы талантты анықтауға мүмкіндік аламыз. Дұрыс таңдалған бір әдістің өзінде он екі идеяның бірнеше ерекшелігі тоғысып жатады. Биология пәнін оқытуда кеңейтілген тапсырмаларды жүйелі қолдану арқылы оқушының пәніме деген қызығушылығын арттырып, білім алу құштарлығы мен ынтасының жоғарылайтындығын түсініп келемін.

Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз.

Баланың бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашып, әр баланың өзін сезіне білуіне, ішкі табиғатын ашуға көмектесу, өзін шығарашылықпен ұштастыруға бағыт беру тікелей мұғалімге байланысты. Әдебиет сабағында оқушының сөйлеудегі және жазудағы тіл мәдениеті дамып, өзіндік ой-пікірін дәйекті, жүйелі айта білуі, ұтымды, шешен сөйлеуі қалыптасады. Бұл пәннің баланың бойындағы дарынды аша білудегі мүмкіндігі жоғары. Ал, дарынды оқушыны жан-жақты қабілетті, терең білімді, зерек те еңбекқор,өз ісін сүйетін, талантты да шебер ұстаз ғана тәрбиелей алады. Дарынды мұғалім дарынды баланы бірден таниды. Ол оқушымен жеке жұмыстар жүргізіп, оның талантының ашылуына дер кезінде қолдау көрсетеді. Қосымша жұмыстар жүргізе отырып, оқушы шығармашылығын дамытуға, оның қызығушылығын оятып , өз бетімен жұмыс істеуіне шабыттана көмектеседі.

Қорытындылай келе, кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шыкпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін ұстаз» – деп айтқан болатын. XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Сондықтан ұстаздар әр бала қабілетін жоғары төмендігіне қарамастан өзінше тұлға, табиғаттың таңғажайып құбылысы және әр баланың күнделікті өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр екенін ескеруі қажет. Тағдырларына жауапкершілікпен қарап, өмірден өз орнын табуына өз ықпалын тигізгені дұрыс. Заманымыздың талабына сай білім сапасы жоғары оқушылардың құзырлығын дамыту арқылы үлкен нәтижеге жетіп, жемісін көреміз деп сенемін

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.06.2024
280
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі