жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері ,
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған үшінші негізгі деңгейдегі арнайы 3 айлық курстың екінші айы – «Қашықтықтан оқыту» кезеңі аяқталды. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген, анағұрлым танымал және кең тараған сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген Кембридждік тәсілдің білім беру саласындағы өте тиімділігін түсініп, мұғалім кәсібінің құндылығы туралы теориялық білімімді іс-тәжірибемде пайдаландым.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» – деп атап айтты. Қазіргі Қазақстан мектептеріндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.
Бағдарламаның модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімдерін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсініктерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Мұғалімдерге арналған үшінші (негізгі) деңгейдегі курста оқытудың тәжірибелік дағдыларын дамыту, оқытудағы әдістемелік-дидактикалық тәсілдер қатарын кеңейту, сабақты жоспарлау саласындағы құзіреттілікті жақсарту, этикалық және моральдық нормалар, мұғалім кәсібінің құндылығы туралы білімдерімізді кеңейттік. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2011)
Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтанда дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетінін кез-келген мемлекет, ең алдымен білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімнің еншісіне тиері анық. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Қытай философының «маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсам үйренемін» деген даналғы білім алушының білімге ықыла- сын арттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асы- рудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан–жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдармен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс–тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан табылмайтын білім беру. Балаға өз беті- мен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи тү- седі. Питер Клаин.
Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып құзырлы оқыту маңызды факторы – мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Мұндай бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінде сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Терең білім –тәуелсіздігіміздің тірегі,ақыл–ой азаматтығымыздың алдаспаны.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін – өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар ұстаздар қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт – бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім – қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзыреттілік; мәдениеттанымдық құзыреттілік; оқу- танымдық құзыреттілік; коммуникативтік құзыретілік; ақпараттық- технологиялық құзыреттілік; әлеуметтік- еңбек құзыреттілігі; тұлғалық өзін- өзі дамыту құзыреттілігі.
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттілігінің жан – жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан – жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.
Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты:
–оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,
–топтық жұмыс дағдыларын дамыту,
–әрекеттерге үйрету,
–нақты ситуацияларды талдау.
Бұл курстың бойында (теориялық және пркатикалық кезеңдерінде) менің шығармашылық дамуыма, бәсекеге қабілетті маман болып кәсіби өсуіме, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруыма зор ықпалын тигізді. Өз өміріме және жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісіме көптеген орасан зор өзгерістер мен жаңалықтар енгізді. Практика барысында осы жеті модуль бойынша дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгерттім. Осы мақсатты алға қойып өз тәжірбиемде оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізуге тырыстым. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет – деңгейлерін дамытуда осы әдіс–тәсілдердің маңызды ерекше екендігіне көзім жетті. Олай дейтінім бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Ең алдымен бұрын сабақ жоспарланған кезде, өзім үшін жаздым, ал енді оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, оларға бейімдер жазамын. Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң мынандай аспектілерге назар аудардым:
-
мен үшін сабақтан күтетін сабақ нәтижесі,
-
сабақтың негізгі идеясын анықтау,
-
оқушыдан күтілетін нәтиже,
-
сабақтың маңыздылығы.
-
Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-
өмірден алған тәжірбиенің алған әсері,
-
сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
-
қызығушылығын арттыру
Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың сыни ойлау қабілеттерімен қатар сөздік қоры артады. Ынтымақтастық атмосферасы орнап, оқушылар бірін–бірі тыңдауға, өзіндік пікірін ашық айтуға дағдыланады. Топтық жұмыста оқушылар бір–бірімен сыйластықта болып, жауапкершіліктері артады, топта барлық мүшелерінің бір–бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасады. Мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуінің бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркі тең дәрежеде болады, терең түсінікпен ойлаудың даму арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дами- ды. Жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың
бір–біріне дұрыс көзқараспен қарау ойларын құрметтеуге машықтанады.
Бір–біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермелейді. Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп бар жауапкершілікті оқушыларды өз тізгіндеріне беріп үлкен жауапкершілікті сезінтеді. Мен үшін ең тиімді сабақ ол нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс–әрекетінен табады.
Сыныптағы диалогтің маңызы:
-
оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
-
басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
-
оқушылардың өз идеялрын дәлелдеуіне көмектеседі;
-
мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылаы қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту:
-
әңгіме-дебат барысында
-
топтық әңгіме барысында
-
зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде
Сұрақ қою:
-
түрткі болу
-
сынақтан өткізу
-
қайта бағыттау
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Сыни тұрғыдан ойлау:
-
бақылау;
-
талдау;
-
қорытынды;
-
интерпретация;
Диалогтің бес үлгісі:
-
механикалық есте сақтау
-
декламация
-
нұсқаулық/мазмұндама
-
талқылау
-
диалог
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау:
-
Формативтік
-
Суммативтік
-
Өлшемдік

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген