Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы,

«Тана мырза орта мектебі» КММ

Қасенова Жансая Қуанышбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі


Пәні: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Саяхат

Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: «Тана мырза орта мектебі»КММ


Мұғалімнің аты-жөні: Қасенова Жансая Қуанышбекқызы


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Түбір мен қосымша

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату.

Сабақтың мақсаттары:


Барлықоқушылар: Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратып, көрсетеді;

Көптеген оқушылар: Түбір мен қосымшаның белгілерін анықтайды;

Кейбір оқушылар: Түбір мен қосымшаға мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады;

Бағалау критерийлері:


Түбір мен қосымшаны ажыратады;

Тілдік мақсаттар:


Оқушыларорындайалады:Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратып көрсетеді және түбір мен қосымшаның белгілерін анықтайды, түбір мен қосымшаға мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:Түбір мен қосымшаны ажырату.


Құндылықтарды дарыту:


Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыстар:


Дүниетану , сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары:


Слайд

Бастапқы білім:


Түбір мен қосымшаны біледі

Сабақ барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы



3 минут











5 минут



Шаттық шеңбер арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылады.

Шаттық шеңбер

Армысың досым,

Кел маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық.

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық сыйлайық.

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.

«Кім жылдам?» әдісі арқылы оқу мақсатын жариялау жүзеге асады.

-Өлеңдегі қарамен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.

-Зуылдайды зырқырап,

Маңдайдан тер бұрқырап

Шаңғым асар шаршамай,

Бір қыраттан бір қырат.

-Қарамен берілген сөздерді оқы;

-Жақсы, ендеше, біз бүгін түбір мен қосымшаны ажыратамыз;

-Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейміз. Мысалы:жыл, спорт, палуан;

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейді; жылдар, спортшы, палуандар .





Сабақтың ортасы:



10 минут



































10минут






















3минут


(Ж) Тапсырма1: «Көршіңмен талқыла» әдісі бойынша жүзеге асады.Кестедегі сөздерді оқы; Сөз құрамын және түбір мен қосымшаның ерекшеліктерін анықта;

Сөздер

Түбір

Қосымша

шаңғышы

шаңғы

-шы

апталық

апта

-лық

күні

күн

палуандар

палуан

-дар



Дескриптор:

-Түбір сөздерді тиісті қосымшамен сәйкестендіреді;

-түбір мен қосымшаны ажыратып, жазады;

«Қарқын саралау» тәсілі арқылы жүзеге асады.

Қабілеті жоғары оқушыларға: Өмірмен байланыстырып түбір мен қосымшаға бірнеше сөйлем құра.

Қабілеті баяу оқушыларға:

Берілген сөйлемді көшіріп жаз

ҚБ: «Киіз үй» әдісі

Киіз үйдің суреті: Түбір сөздерді тиісті қосымшамен сәйкестендірсе және түбір мен қосымшаны ажыратып жазса;

Киіз үйдің қаңқасы: Түбір сөздерді тиісті қосымшамен сәйкестендіріп, түбір мен қосымшаны ажыратып жазуда қиналса;

Кереге: Түбір сөздерді тиісті қосымшамен сәйкестендіре алмаса және түбір мен қосымшаны ажыратып жазуда көмек қажет етсе;


(Д) Тапсырма 2: «Нақтылы дәлел» әдісі арқылы жүзеге асады.

-Сөйлемдегі сөздердің қайсысы түбір, қайсысы қосымша екенін анықтап, дәлелде;

-Мектепте шахмат үйірмесі бар.

Біз сол үйірмеге қатысамыз.

Біз шахматтан болған жарыста бірінші орын алдық.

Дескриптор:

-берілген сөйлемдерден түбірді анықтайды,

-Берілген сөйлемдерден қосымшаны анықтап, дәлелдейді;

Саралау тәсілі: «Дереккөз»:

Қабілетті оқушылар: түбір мен қосымшаға байланысты ребус құра;


ҚБ: «Көңілді көліктер» әдісі

Ұшақ: берілген сөйлемдерден түбір мен қосымшаны анықтап, дәлелдесе;


Пойыз:берілген сөйлемдерден түбірді анықтап, қосымшаны ажырата алмаса;


Машина: берілген сөйлемдерден түбір мен қосымшаны анықтауда қиналып, көмек қажет етсе,


Сергіту жаттығуы:

«Қыдырып қайтайық»







кесте


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
404
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12