Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау кестесі үлгісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау кестесі үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
.Қазақстан Республикасының астаналарына саяхат жасау. Ел ордасы Астана қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, тапсырмалар арқылы бекіту, сұрақтарға жауап беру. 2. Ауызекі сөйлеу,әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту. 3. Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу, патриотизмге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау кестесі үлгісі

Сабақ өткізуші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі- Ілиясова Гүлжамал Баянқызы

Күні: 17.10.2015 ж. Сыныбы: 6 - сынып Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Астана - болашақтың қаласы.

Сабақтың мақсаты: .Қазақстан Республикасының астаналарына саяхат жасау. Ел ордасы Астана қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, тапсырмалар арқылы бекіту, сұрақтарға жауап беру.
2. Ауызекі
сөйлеу,әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту.
3. Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу, патриотизмге тәрбиелеу.

Ескертпелер

Мұғалім пікірі


1


Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?


Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.


2


Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?


Саяхат сабағы. Сабақта Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту.


3


Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?

А) білімділік

Ә) дамытушылық

Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

А) Септік жалғаулары туралы алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу;

Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;

Б) Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтыры тұрды.


4


Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?


Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасай отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсілдермен, ойындар өткіздім.


5

Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс

болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.


6


Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.

Ш.А. Амоношвилидің “Ойын арқылы оқыту”, В.В. Давыдовтың “Дамыта оқыту”, “Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, септік жалғауларын өткенді қайталауда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды”.


7


Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?


Өз ойын жетік жеткізе алатын оқушылармен жекелеген жұмыс жүргіздім, себебі ол оқушылар білімдік танымы жоғары деңгейдегі оқушыларым еді. Ал білімділік дағдысы төмен, ойын жеткізуге қиналатын оқушыларға жеке тапсырма берілді, себебі саяхатқа ілесу үшін үлестірмелі арнайы карточка таратылды.

8


Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар мен берегн тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.


9

Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

Сабақ Астананың көрікті жерлеріне саяхат жасау болғандықтан үн таспадан Қайрат Нұртастың “Алға,Қазақстан”деген өлеңі тыңдалды.


10

Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды,еліміздің қасиетті орындарын қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйюге тәрбиеленді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету басшылыққа алынды.


11

Үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма:“Астана- болашақтың қаласы” атты тақырыпта шығарма жазып келу.


12

Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.


13


Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?





Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Берілген сөздермен сөйлем құру,мәтінмен жұмыс,тірек сызба жасау,септік жалғауларын анықтау,диалог жүргізу,хабарлама жасау

сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
21031
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі