400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мұғалімнің қарым-қатынас әлеуеті" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ол қарым-қатынастың құрылымы, негізгі өлшемдерін атап өтті: 1. Психикалық контакт ( тұлғаның бірін-бірі қабылдауы ). 2. Хабар алмасу вербальді және вербальді емес қарым-қатынас. 3. Өзара әсер, өзара бірлескен іс-әрекет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласының №51 гимназиясы

Қожабаева Ж.Е – физика пәні мұғалімі

Мұғалімнің қарым-қатынас әлеуеті

Қарым-қатынас - адамдарға ең қажетті қару. Қаруыңды жақсы сайлауын арқылы көп жетістіктерге жетуге болады, әсіресе, педагогтар қауымына. Педагог оқушы тәрбиесі, білімінінің жетілуіне жауапты маман иелері екенін білеміз. Тәрбиеленушілерінің үлкен өмірге аттануына, жеке тұлға болып қалыптасулары жолында қанша қиындықтармен арпалыса жұмыс жасаушы да осы мұғалімдер қауымы. Бұл процестер бір уақытта жақсы нәтиже бермесі анық. Жылдар бойы жасалған жұмыс, педагогтың өзін-өзі дамыту кездері және өз шеберліктерін тиімді пайдалана алу нәтижесінде ғана жүзеге асатын педагогикалық үдеріс. Қарым-қатынас қаруының бұл тұста алатын орны ерекше екенін әр педагог түсінген абзал. Қарым-қатынас мәдениеті – қоғамдық қажеттіліктер ретінде адамның тәрбие, білім және мінез-құлық мәдениетінің ажырамас бөлігі.

Қарым-қатынас туралы түсінікалғаш 1970 жылы Б.Д.Парыгин қолға алуымен қалыптасты. Ол қарым-қатынастың құрылымы, негізгі өлшемдерін атап өтті:

1. Психикалық контакт ( тұлғаның бірін-бірі қабылдауы ).

2. Хабар алмасу вербальді және вербальді емес қарым-қатынас.

3. Өзара әсер, өзара бірлескен іс-әрекет.

Бұдан түсінетіміз қарым-қатынастың бір жақты еместігі және бірлестікте ғана өмір сүретіндігі, сонымен қатар қарым-қатынас сөйлеу болмаған жағдайда да яғни вербальді емес түрде бола алатындығы. А. А. Леонтьев өз еңбегінде: «қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам баласының тәлім тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатудың ерекше жолы» - деп қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын атап көрсетті. Адамдар арасындағы мейлі берік немесе әлсіз байланыстың орнауы осы қарым-қатынастың еншісінде болмақ. Ешқандайда адам қарым-қатынастан шеттеп қалмайтындығы анық. Өмір бойғы бітпейтін, жойылмайтын процесс екендігін есте сақтаған жөн. Қарым-қатынастың бір-біріне өзара байланысты бағыты бар: қарым-қатынастық коммуникативтік бағыты, ол адамның бір-бірімен ақпарат алмасу әрекеті болып табылады және интерактивті бағыты адамның бір-бірімен өзара ұйымдастыруынан тұрады. Мысалы: іс-әрекетті алдын-ала ойластыру, функцияны бөлу немесе көңіл-күйге әсер ету, өмір салты, қалыптасатын ойлары, перспективтік бағыт серіктестердің бір-бірін сезіну процесін кұрайды.

Ал М.М.Рыбакова жасөспірімдер мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының бес түрін саралайды:

1. Диктаттық қатынас - қатаң тәртіппен ресми қарым-қатынас негізінде білімге ерекше талап қою;

2. Нейтралды қатынас – оқушылармен интеллектуалдық-танымдық деңгейде еркін қатынас жасау, мұғалімнің өз пәніне ерекше ден қоюы, қабілеттілік;

3. Қамқорлық қатынас – мезі етерліктей тым ебектеу, оқушының өзіндік әрекетіне шашына қарау, ата-аналармен үнемі байланысын үзбеу;

4. Конфронтациялық қатынас – оқушыларды іштегі жек көру, жұмысқа үнемі қанағаттанбау, менсібеушілік үнмен сөйлесу;

5. Ынтымақтастық қатынас - барлық істі бірлесе жүргізу, бір-біріне қамқорлық жасау, оптимизм және өзара сеніммен қарым-қатынас жасау.

Диктаттық қарым-қатынас мұғалім бойында аздап болғаны жөн деп ойлаймын себебі мұндай әрекетпен оқушыларды басқару ыңғайлы. Алайда бұның кемшілігі тым ресмилікте, яғни мұғалімнің оқушыны дұрыс тани алмауыны әкелері анық. Оқушы мұғалім ойластырған формада ғана көрініп жүруіне әкеледі. Бұндай қатаң тәртіпке негізделген қарым-қатынаспен де кейбір жетістіктерге жетуге болады.Дегенмен орнымен ғана пайдаланған абзал. Нейтралды қатынасқа келер болсақ, бұл білімділік жағынан ғана оң нәтижеге жетелейді. Тәрбиеленушісінің білімімен ғана айналысу, басқа тұстарын әлсіретуге әкеледі. Мұғалім мойнында үлкен жауапкершіліктің бары сонша тек бір қарым-қатынас түрімен бала тәрбиесіне ықпал етуге қауқарсыз. Келесі қамқорлық қатынаста оқушы бойына етене еніп, жылулық сыйлаушы әрекет. Кейде мұндай әрекет нәтижесінде оқушы өзіне айтылған сынға шыдамай қалуы мүмкін. Әрдайым мұғалім назарын ғана іздеуші қалыпқа еніп кетуі де мүмкін. Конфронтациялық қатынасқа келер болсақ, бұл дегеніміз ең сүйкімсіз әрекет. Ол арқылы оқушылар бойына мұғалімге деген ұнамсыздық пен түсініспеушіліктердің өрбуіне алып келетін фактор. Өзінің жұмысын ұнатпайтын, тәрбиеленушілерін дұрыс бағаламайтын мұғалімнен жағымды жаңалық шықпасы айтпаса да түсінікті жайт. Соңғысы да, келістісі де ынтымақтастық қатынас. Осы арқылы ұжымды басқару ыңғайлы әрі тиімді. Адамдар арасында ынтымақтастық болғанда ғана бір-бірін сыйлау, бір-біріне бағыну мен бірлесіп әрекет ету орын алады. Оқушылардың мінез-құлқы темпараменттеріне және жас ерекшеліктеріне, отбасындағы жайттарға байланысты әр-түрлі болып келеді. Кей оқушылар жақсы көретін оқытушыларның ғана берген тапсырмаларын орындаса енді бірі қатал диктатор ұстаздарын ғана тыңдап жатады. Педагог әр оқушыны қалай басқара алу жолын білуі тиіс. Ұжымды бірлесе басқаруда қарым-қатынас атты қаруды ыңғайлы таңдап, оңтайлы қолдана алған педагогикалық шеберлік.

Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады. Ал мұндай контакт мұғалімнің не айтқанында ғана емес, өзіңізді қалай ұстағаныңызға байланысты, әсіресе іскерлік қарым-қатынаста. Мұғалімге қарап жас ұрпақ бой түзейді, әрбір іс-әрекет пен қимылдарын жібермей қайталайды. Жеке тұлға болып қалыптасу процесінде үлкен серпіліс алады. Оқушымен мұғалім, ұжыммен мұғалім тіпті оқушы мен оқушы арасындағы контакт тікелей мұғалімге байналысты. Егер мұғалім мектеп атмосферасына жағымдылық тудыратын болса, онда сол мектептің оқушыларының жағымды жаққа өзгеруіне әкеп соқтырады. Мәселен егер оқытушы оқушыларымен жылы қатынаста бола алса, оқушылар да мұғалімге деген сүйіспеншілікпен, сыйластықпен бағынатын болады. Сол мұғалімді жақсы тұсынан қабылдайды. Психологияда ескеретін бір жәйт, адамдар өзіне жағымды эмоция сыйлағандардың қасында өздерін суық ұстай алмайтындығы. Кейбір адамдардың табиғаты нәзік болып келеді, егер оларға сәл қаттырақ сөйлеп қойса қиын хәлге түсуі мүмкін. Отбасында жылу көрмеген немесе өзі әрекет ете алмайтын да оқушылар кездесіп жатады. Егер мұғалімде оқушылармен берік контакт болмаған жағдайда сынып өмірінен тыс, бейхабар жағдайда қалады. Бұл дегенімізоқушымен оқушы, мұғалім мен оқушылар арасындағы ішкі қарама-қайшылықтардың тууына әкеп соқтырады. Бұндай жағдайда оқу-тәрбие процесін іске асырушы педагогтар қауымына үлкен кедергі болары анық.

Л.К.Аварченко: «Қарым-қатынас іс-әрекетпен біріккен өмір сүру формаларына негізделген адамдардың іс-әрекеті» - деп көрсетеді. Сонымен қарым-қатынас адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көп салалы үрдіс.Қарым-қатынаста педагог өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерді қалыптастырады.Айтатын болсақ қарым-қатынас адамның психологиялық дамуына әсер етуші ажырамас фактор. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты үдеріс. Бұл тұста мұғалімнің ерең еңбегі мен орнатқан қары-қатынасы маңызды рөл атқарады. Сондықтан да аса мұқияттылықпен іске кіріскен абзал демекпін.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бодалев А.А. «Личность и общение» – М.:Педагогика, 1983

  2. Абсатова М.А., Саудабаева Г.С., Талгат Н. «Структуракомпетентностного образования».

  3. Донцов А.И. «Психология коллектива». –М.:МГУ, 1984









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі