жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Мұғалімнің үздіксіз дамуындағы кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру»
№ 21 «Ақбота» бөбекжайы
Шеберлік сынып
Өткізу түрі: Коучинг
Тақырыбы: «Мұғалімнің үздіксіз дамуындағы
кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру»
Дайындаған:
қазақ және орыс тілі пәндерінің мұғалімі
Ж.Б. Сүлейменова
Көкшетау 2017ж
Шеберлік сынып (коучинг түрінде)
Коучинг тақырыбы: |
«Мұғалімнің үздіксіз дамуындағы кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру» |
Жалпы мақсаты: |
Оқу үрдісінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру барысында дара тұлға ретінде қалыптасуына ерекше педагогикалық, психологиялық жағдай туғызу. Жаңа әдіс- тәсілдер арқылы мұғалім мен баланың қалыптасуына, бейімделуіне бағытталады. Мұғалімнің құзыреттік деңгейін жетілдіре отырып, білім сапасын дамыту. |
Жалпы мағлұмат
|
Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы, бір-бірімен ой бөлісе отырып, тәжірибе алмасу барысында құзыретті мұғалім болуға қалыптастырады. |
Сілтеме |
Ғаламтор. «Сын тұрғысынан ойлау» әдістемелік құралы 2012 ж. |
Оқу нәтижесі |
Мұғалімдер өздеріне деген сенімділігін арттырады. Сапалы білім, саналы тәрбие беруге жетелейді. |
Қажетті ресурстар |
маркер, стикер, постер, бағалау парағы, «жүрек» пішінді стикерлар. |
Оқыту әдістері |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуды басқару мен көшбасшылық (Топтық жұмыс, бірлескен жұмыс, жеке жұмыс) |
Тапсырмалар: |
«Кәсіптік, құзыреттілік, әлеуметтік» сөздерімен топқа бөлу, постер жасау, қорғау, бағалау. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс,сұрақтарға жауап беру. |
Оқуға арналған тапсырма |
Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Білім сапасына көңіл бөлу. Кәсіби шеберлігін, құзыреттілігін дамыту. |
Коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу |
Коучтің іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
1. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)
2.«Менің жетістігім...» тренингі (2 мин дайындық, 3 мин қорғау) Тренингтен кейінгі түйінді сөз:
4. Топқа бөлу |
Кіріспе сөз: - Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт оқыту мен тәрбиелеу. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз. (құзыреттілігіміз жоғары деңгейде болу үшін, қандай болуымыз керек) Коучинг- дегеніміз не? Коуч: Коучинг- дұрыс жауап табуға итермелеу (бағыт-бағдар беру), соған бағытталған сұрақтар қою
Барлығына жүрек пішініндегі стикер таратылып, «Менің жетістігім...» деген тірек сөзге «Балаға білім беру мен тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдеріңізді пайызбен бағалаңыз» Сұрактар: Сіз неге осы пайызды көрсеттіңіз? Осы жетістігіңізге қаншалықты қанағаттандыңыз?
Мұғалімдерді шеңберге тұрғызу.
Үш топқа бөлінеді Кәсіптік, құзыреттілік, әлеуметтік сөздермен топқа бөлу |
Өзінің ойларымен бөліседі.
Коучинг сөзінің мағынасын түсіндіреді
Әркім жазған пайыздары туралы пікірлерін айтады.)
Мұғалімдердің жауабы Өз аттарын атап, бірінші әрпіне аты басталатын қасиеттерін айтады. Алған сөздерімен топқа бөлінеді |
5. Практикалық жұмыс |
Әр топқа ақ бет беріледі. Бұл сіздің алдыңызға келген парақтай таза бала. Осы баланың бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз? (дайындық -5 мин. қорғау 3 мин) |
Әр топ постермен жұмыс жүргізеді. әр топтан жетекші шығып дәлелдейді. |
6. Мағынаны ашу |
1. Топ аттарындағы «кәсіптік, құзыреттілік, әлеуметтік» сөздерін мұғалімге байланыстырып ашу. (Кәсіптік білімі жоғары, құзыреттілігі дамыған, әлеуметтік тұрғыда жетілген маман-мұғалім) |
Сыни ойланып жауап беруге үйренеді. Топпен жұмыс жасап мұғалімнің үздіксіз дамуындағы құзыреттілік деңгейі ашылады, постер қорғалады |
7. Ой толғаныс (5 мин) |
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» топтар бірін-бірі толықтырып «Құзыретті мұғалім» моделін шығару. (Тақырыпқа сәйкес алған білімдерін тиянақтап, қорытады) жеке, жүппен, топпен талқылау. |
Жеке, жұптық, топтық жұмыс жүргізіп, қорытады. |
8. Қорытынды. Бағалау 2 мин. |
Коучингті бағалау. Синквейн(5 жолдан тұратын өлең жолдары) тәсілі бойынша коучердың жұмысын бағалау
Коучердің қорытынды сөзі: «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», -дейді грек оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік |
Белсенді мұғалімдерді мадақтау. |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген