жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мүхамед-Салық Бабажанов туралы ғылыми жұмыс
«Менің Отаным Қазақстан» туристік экспедициялардың слеті
«Сөнбес жұлдыздар» секциясы
Іздестіру-зерттеу жұмысы
«М-С.Бабажанов – көрнекті ғалым, қоғам қайраткері»
Автор: М-С.Бабажанов ат. ЖББОМ оқушысы Ахонова Айгерим
Ғылыми жетекшісі: Абдирова С.З.
Сайкын, 2020жыл
Мазмұны
Кіріспе
1. М-С.Бабажановтың өмірі
2. М-С.Бабажанов шығармашылығы
3. М-С.Бабажанов – ғалым, қоғам қайраткері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Заманында жолы болмаған, артында
жоқтаушысы аз, қайран Салық!
Бұл күндері тұлғалардың тоқырап тұрған кезі. Елдің рухани өмірінде жалтақ тіршілік, жағымпаз сөз, екіжүзділік, мәнсіз-мағынасыз әңгіме, берекесіз іс белең алған. Қарабасының пайдасы үшін дүйім елдің мүддесін сатып жіберетін сатқындық секілді азғындау шектен шығып тұрған кезде заманында еліне адал қызмет етіп, азаматтығымен жалпақ жұртқа танылған тектi, зиялы тұлғалар туралы еріксіз ойланасың.
Егер “Барлығын да уақыт емдейді” деген қағида шын болса, ең бірінші, бүгінгі ұрпақ біздерді ішкі жан-дүниеміздің жұтаңдығынан, ой-өрісіміздің, ұлттық санамыздың, таным-талғамымыздың тапшылығынан сауықтыру керек шығар. Сол таным мен талғамның, санамыздың жұтаңдығынан ба, немесе рухани саланы рухы төмен кездейсоқ адамдардың басқаруынан ба, біз осы халқымыздың шынайы мақтанышы болатын тарихи тұлғаларымызға аса бір немқұрайлылықпен қарап, жете көңіл бөлмей келеміз.
Тым алысқа бармай-ақ, тек соңғы бірер ғасырды тілге тиек етсек, заманында ақылымен, талантымен өзінің туған жеріне, еліне, оның болашағына шын ықыласымен беріліп қызмет еткен халқымыздың қаншама ұл-қыздары күні бүгінге дейін ел тарихынан лайықты орындарын ала алмай келеді. Бүгінгі күннің үлкені мен кішісіне де ұлтжандылықтың үлгісі боларлықтай олардың есімдері мен игі істері тек сарғайып шаң басқан архивтерде ғана сақталған.
Алайда, қанша қилы замандар өтсе де, олардың игі істері соңдарында өшпес із қалдырды. Замана ағымының ұраны мен ыңғайына көнгіш кейінгі ұрпақ тез естен шығарып ұмытқанмен, кейде олардың есімдері кенеттен ел аузында аталып, еріксіз есіңе салады.
Солардың бірі және бірегейі, ғылымға қосқан еңбектері әлі күнге дейін тиісілі бағасын алмаса да, кезіндегі игі істері ел есінде ұмытылмай сақталып, халқының шын ықыласына бөленген зиялы азамат -Мұхамед-Салық Қарауылұлы Бабажанов.
Мұхамед-Салықтың атасы Бабажан, Бөкейдің бас билерінің бірі, ал әкесі кәдімгі Исатай мен Махамбет батырлардың Жәңгір ханға қарсы көтерілуінің бас себепшісі болған атышулы Қарауылқожа Бабажанов.
М-С.Бабажанов өмірі
Мұхамед-Салық Бабажанов (1832-1898) – туған халқы және оның ар-абыройы мен теңдігі үшін қайрат-жігерін аямаған, әділдік жолдан таймаған аяулы, білімді, зерделі азаматтардың бірі, публицист, ғалым-этнограф әрі экономист.(фото №1)
Кеңес өкіметі кезінде мүлде атаусыз қалған М.Бабажанов есімі қазақ елі теңдік, азаттық алғаннан өз тұғырына қайта көтерілді.
М.Бабажанов – ХІХ ғасырдың орта кезінде Шоқанмен қатар шыққан белгілі ғалымдардың бірі. Ресей Географиялық қоғамына мүшелікке Шоқан мен Семенов-Тянь-Шанскийдің кепілдеме бергені оның ғалымдық дәрежесін айқындай түседі. Мұның сыртында ғылыми еңбектері үшін М.Бабажанов Ресей Географиялық қоғамының күміс медалімен Орта Азия және Қазақстан ғалымдары арасында тұңғыш алған қайраткер екенін де айтып өткен жөн. Ең алдымен айтар сөз сан қырлы саңлақ талант өз отанына, ел-жұртына деген ыстық та айнымас махаббатын ерекше қабілеті арқылы танытып та, дәлелдеп те берген ары биік, ойы терең, ақылы кемел азамат ретінде өмірден ерте өтті. Тағы бір ғажабы оның өмірі де, өнері де, өресі де, тіпті білім дәрежесі де Шоқанға өте ұқсас. Екеуі де текті атадан, екеуі де зиялы ортадан, екеуі де бір мектептен. Ең ақыры тағдыры да ұқсас болды, екеуі де өмірден ерте өтті.
Мұхамед-Салықты ел-жұрты көбіне Салық деп қысқартып атаған. Ол 1832жылы Бөкей ордасында қазіргі Орда ауданында туған. Әкесі Жәңгір ханның қайын атасы, Исатай, Махамбет көтерілісінде жиі атылатын Қарауылқожа Бабажанов. Салықтың анасының аты Жәмила, жұбайы Ғазиза атақты күйші Дәулеткерейдің қарындасы.
М.Бабажанов есімі белгілі Жәңгір ханның мектебін бітіріп және оның қамқорлығымен 1845 жылы М.Бекмұхамедов, Ж.Ниязов, М.Жантөриндермен бірге Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусында оқыған 8 жастың бірі. Бұлардың бәрі де кейін ел алдында абыройлы қызмет атқарған алғашқы білімді қазақ азаматтарының қатарынан орын алды.
Салық жас кезінен-ақ өнер мен ғылымға өте құштар болып өсті де, кадет корпусының қабырғасында жүрген бала кезінен-ақ Орынбордағы белгілі шығыстанушы-ғалым В.Григорьевпен танысып алды. Талапты жастың талантын таныған үлкен ғалым оны үйіне шақырып, оған, әділетсіздік, патша әкімдерінің жергілікті халықтарға деген шектен тыс озбырлығы, Жайық бойын жайлаған казактардың мейрімсіздігі халықтың ашу-ызасын тудырған еді. Жас Салық халық жағына шықты, олардың сөзін сөйледі. Жәбірленушілердің арыз-шағымын жазып беріп, оның оң шешілуіне қолынан келгенінше жәрдем жасады. Оның бұл ісі әрине, патшаның астамшыл әкімдеріне ұнамады. Ақыры өтірік-шыны аралас дәлелдер тауып, Салықты жұмыстан қудырды, жер аудартты, соңына аңдушы қойды. Дегенімен қайда жүрсе де өзінің білімімен, әділеттілігімен, азаматтық жолдан таймаған оның жақсы қасиеттерін таныған сол Орынбор Шекара комиссиясы оны Ішкі Бөкей ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңестің кеңесшісі етіп тағайындайды.
Жоғарыда айтылғандай М.Бабажанов есімі оның Шекара комиссиясындағы өзінің бай кітапханасының есігін ашып қойды. Сөйтіп Салық өз бетімен оқып әр салада жан-жақты білім алды. Орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысты, оларды ден қоя оқыды. Орыс тілін де осы әдебиеттер арқылы жетік біліп алды. Ол Пушкин, Карамзин, Щербаков сияқты ақындар мен тарихшылардың еңбектерін оқыды.
Кадет корпусын аса зейінділігімен оқып, үлгілі-тәртібімен бітіріп көзге түскен ол 1851 жылы Орынбор қаласындағы Шекара комиссиясында жұмысқа орналасады. Бұл кезде ол небәрі 19 жастағы бала жігіт еді. Бірақ ол аталған жұмыста көп тұрақтай алмады. Оның себебі сол кездегі теңсіздікқызметімен емес, түбегейлі ғылыми-шығармашылық еңбектерімен және халықшыл, әділ қасиеттерімен танылды. Белгілі этнограф ғалым В.Григорьев оны «...аса қабілетті және тамаша білімді адам» деп өте жоғары бағалаған.
М.Бабажановтың атын шығарған оның ғылыми-этнографиялық және публицистикалық шығармалары еді. Сегіз қырлы, бір сырлы ғалымның бұл еңбегі айрықша тоқталуды талап етеді. Қуғындағы кезінде де, бақытты кезінде де ол қаламын қолдан түсірмей, әділдік, шындық жолындағы өткір мақалаларын жариялап, күресін тоқтатқан жоқ. 1854 жылдан бастап Санкт-Петерборда, Орынборда және іргелес Астрахань губерниясында шығып тұратын «Северная пчела», «Санкт-Петербургские ведомости», «Деятельность», «Охота», «Волга», «Орыс географиялық қоғамының хабарлары мен жазбалары», «Этнографиялық жинақтар» сияқты газет-журналдарды жаздырып алып, оқыды және оларға мақалалар жазды.
М.Бабажанов заманы алғашқы қазақ зиялыларының туып, өсуі мен шетел және орыс саяхатшылары мен ғалымдарының қазақ өлкесін зерттей бастауымен тұтас келді. Орыстардың жергілікті халық өмірі мен тарихын, әдет-салтын білмей жазған, көбінесе теріс пікірде құраған мағынасы тайыз мақалаларын оқыған ғалым қолына қалам алып, көптеген мәселелерді өзі жазды. Және білгірлікпен дәйекті түрде жазды. Оның бұл мақалалары жоғарыда аталған газет-журналдар кідіріссіз жариялап тұрды. Оның әсіресе «Қымыз туралы жаңалық», «Орал казак-орыстары мен Ішкі Орда қазақтарының айтысы», «Ішкі қазақ Ордасының жылқылары және оны бағу», «Нарын құмы жөніндегі мәліметтер», «Ішкі Бөкей ордасындағы аңшылық» деп аталатын мақалалары мен зерттеу еңбектері мән-маңызы өте жоғары еңбектер еді. Әсіресе, мұндағы жылқы, қымыз жөніндегі жазбалары күні бүгінге дейін құны жоғалмайтын дүниелер.
1860 жылы қазақ депутациясының құрамында Петерборға барды. Осы сапарында ол белгілі этнограф, шығыстанушы П.Небольсинмен, ұлы саяхатшы Семенов-Тянь-Шанскиймен жүздесіп, танысады. Атағы зор екі ғалым да жас қазақ ғалымын жақсы көріп, еңбегін бағалады. П.Небольсин «25 жаста. Келбетті. Ат жақты. Өңі қараторы, көзінің аясы үлкен, шашы қара, қалың. Бабажанов орыстың айшықты әдеби тілін жақсы меңгерген. Сөздері өткір, әрі көркем, әсіресе өзін толғандыратын мәселеге келгенде қызып кетіп, шешен сөйлейді... Әңгімелескен кезімде оны әсіресе екі мәселенің ерекше толғандыратынын байқадым. Оның бірі біздің бәрімізге ортақ кесел – біздің заңымыз және уездік сот қызметкерлерінің қылығы мен былығы болса, екіншісі надандыққа толы татар насихатының қазақ арасындағы зиянды кеселі және ешбір негізі жоқ соқыр сенімдер мен ескі аңыздарды құранға қосып халықты бұзып, аздыруы еді» деп жазды. Бұл үлкен ғалымның жас ғалымды тануы әрі берген бағасы еді.
Петерборға барған қазақ депутациясы осы сапарында Эрмитажда, мұражайдарда, көркемсурет академиясында, Пулков обсерваториясында тағы басқа тарихи, мәдени орындарда болған. Шоқан Уәлиханов осы депутация құрамындағы Ғ.Есенбаев, А.Байғалин, М.Жантөрин, М.Бабажанов, Ә.Сейталин, тағы басқаларды қонаққа шақырғанын депутация жетекшісі Л.Плотников «Руский вестник» журналында (1860 ж. №12, 263 бет) жазған. Қайтар жолында Мұхамбет-Салық Мәскеу шаһарына әдейі соғып Кремльде, Үлкен театрда, тағы басқа мәдени орындарда болған.
Тағы бір айтар сөз этнограф П.Небольсин аталған қазақ депутациясы туралы «Путешествующие киргизы» деген мақала жазып, қазақ даласынан келген адамдардың саналы істерін жоғары бағалайды. Осыны оқыған Орал казактарының мүшесі И.Железнов қарсы «Киргизомания» атты мақала жазып («Руский вестник» журналына 1860 ж) қазақтардың намысына тиетін сөздер айтады. Бұған назаланған М.Бабажанов аталған журналға И.Железновқа қарсы мақала жазып, қатты соққы береді. Оның шовинистік, пасық ойларын, надандық жазбасын айыптай отырып, кеудемсоқ казактардың ұрдажық, топастық келбеттерін айқын көрсетіп, бұлтартпас дәлелдермен әйгілеп береді.
Белгілі ғалым М.Бабажановтың жазған ғылыми еңбектері, табыстары айта берсек өте мол. Нарын құмынан табылған әйел мүсініндегі балбал тас үшін ол күміс медальға ие болды. «Заметки киргиза о киргизах» («Қазақтың қазақтар туралы жазбалары») 1861 жылы Санкт-Петерборда басылған. Сонымен бірге ғалымның батыс қазақ жерінің кен байлығы, географиялық ерекшеліктері топономика, этнография, тарих саласындағы еңбектері де бар. Олардың көпшілігі М.Бабажановтың көзі тірісінде және дүниеден өткеннен кейін де жарияланған. Бір өкініштісі сол, оның баспасөздерге басылмаған еңбектері табылмай кеткен.
2. М-С.Бабажанов шығармашылығы
М.Бабажановтың атын шығарған оның ғылыми-этнографиялық және публицистикалық шығармалары еді. Сегіз қырлы, бір сырлы ғалымның бұл еңбегі айрықша тоқталуды талап етеді. Қуғындағы кезінде де, бақытты кезінде де ол қаламын қолдан түсірмей, әділдік, шындық жолындағы өткір мақалаларын жариялап, күресін тоқтатқан жоқ. 1854 жылдан бастап Санкт-Петерборда, Орынборда және іргелес Астрахань губерниясында шығып тұратын «Северная пчела», «Санкт-Петербургские ведомости», «Деятельность», «Охота», «Волга», «Орыс географиялық қоғамының хабарлары мен жазбалары», «Этнографиялық жинақтар» сияқты газет-журналдарды жаздырып алып, оқыды және оларға мақалалар жазды.
М.Бабажанов заманы алғашқы қазақ зиялыларының туып, өсуі мен шетел және орыс саяхатшылары мен ғалымдарының қазақ өлкесін зерттей бастауымен тұтас келді. Орыстардың жергілікті халық өмірі мен тарихын, әдет-салтын білмей жазған, көбінесе теріс пікірде құраған мағынасы тайыз мақалаларын оқыған ғалым қолына қалам алып, көптеген мәселелерді өзі жазды. Және білгірлікпен дәйекті түрде жазды. Оның бұл мақалалары жоғарыда аталған газет-журналдар кідіріссіз жариялап тұрды. Оның әсіресе «Қымыз туралы жаңалық», «Орал казак-орыстары мен Ішкі Орда қазақтарының айтысы», «Ішкі қазақ Ордасының жылқылары және оны бағу», «Нарын құмы жөніндегі мәліметтер», «Ішкі Бөкей ордасындағы аңшылық» деп аталатын мақалалары мен зерттеу еңбектері мән-маңызы өте жоғары еңбектер еді. Әсіресе, мұндағы жылқы, қымыз жөніндегі жазбалары күні бүгінге дейін құны жоғалмайтын дүниелер.
Белгілі ғалым М.Бабажановтың жазған ғылыми еңбектері, табыстары айта берсек өте мол. Нарын құмынан табылған әйел мүсініндегі балбал тас үшін ол күміс медальға ие болды. «Заметки киргиза о киргизах» («Қазақтың қазақтар туралы жазбалары») 1861 жылы Санкт-Петерборда басылған. Сонымен бірге ғалымның батыс қазақ жерінің кен байлығы, географиялық ерекшеліктері топономика, этнография, тарих саласындағы еңбектері де бар. Олардың көпшілігі М.Бабажановтың көзі тірісінде және дүниеден өткеннен кейін де жарияланған. Бір өкініштісі сол, оның баспасөздерге басылмаған еңбектері табылмай кеткен.
Артына көп мұра қалдырған М.Бабажанов туралы соңғы жылдары көптеген еңбектер жарық көрді. Х.Маданов пен А.Мұсабаева «Мұхамбетсалық Бабажанов» (Алматы, Санат баспасы, 1995 ж.) атты зерттеу еңбегін шығарды. Р.Отарбаев (Жалын, №3, 1988 ж), Т.Боранғалиұлы («Егемен Қазақстан» 24.11.1995 ж), Н.Ивлев («Жұлдыз» №1, 1990 ж, 199-202 беттер), С.Даумов («Жас Алаш» 16.07.2002 ж, және 29.06.2002 ж) және басқа ғалымдар көп еңбек сіңірді. Осы жолдардың авторы Торғай, Қостанай облыстық теледидарынан (1997-1998 жылдары) Бабажанов өмірі мен қызметіне орай хабарлар ұйымдастырды, дәріс оқыды. Осындай білімді, зиялы қауым арқасында М.Бабажанов өмірге қайта оралды. Салық – болмысынан талантты, зерек ақыл иесі. Ол – елдің болашағының бұдан әрі бұрынғыша өзгеріссіз қала беруінің мүмкін еместігін кезінде айқын түсініп, Жәңгір хан секілді дала өмірін заман талабына сай өзгерту керек деген ойдың бастауында тұрған зиялы тұлғалардың бірі.
Оның өз заманында қазақ халқының тағдырына байланысты жазған көптеген қолжазбалары күні бүгінге дейін Ресей архивтерінде және өзіміздің ұлттық мұрағаттарда сақталған. Бүгінгі күнде жоқтан бар жасап жүрген тарихшылар осы архив материалдарын көтеріп зерттесе, көп нәрселердің бетін ашып, талай құнды деректер тауып алар еді. Бұл тек Салықтан қалған жазба мұралармен танысып қоймай, сонымен қатар бүгінгі ел тағдырына байланысты күрделі мәселелерді шешуде де септігін тигізер еді. уына жиналдық. Ол кезде менің жасым 11-де болса да, біздерді Орынборға шығарып салғандары әлі есімде», – деп Жәңгір ханның балаларды оқуға аттандыруды елдің тойы ретінде өткізгенін Салық кезінде өз қолымен жазып қалдырған. Егер, Салықтың жастайынан оқып, Жәңгір мектебін бітіргенін, есеп шығарып, хат танитындығын ескеріп, өзі 1845 жылы жасым 11-де десе, оның туған жылы не 1834, не 1835 жылдың басында болмай ма деп пайымдайды Тілекқабыл Боранғалиұлы. Әрине, бұл зерттеу, анықтау жүргізуге байланысты қолданылатын белгілі ғылыми тәсілдердің түрлері логикалық ой қорыту, жорамалдау немесе сараптамалық қорытындылаудың қай саласы жағынан алып қарағанда да, Салықтың туған жылын анықтауға байланысты сөзсіз бұлтартпайтын дәлел. Демек, ендігі күдік 1834 әлде 1835 жылдың қайсысында туған дегеннің төңірегінде болуы керек. Осы орайда көңіл аударатын бір жәй, Салық Бабажанов туралы жазған жоғарыда аты аталған ғалымдардың барлығы да өздерінің мақалаларында оның 1860 жылы Петербургте болғанда белгілі ғалым-этнограф Павел Иванович Небольсинмен танысқанын айта келіп, орыс ғалымының 1860 жылғы «Русский вестник» журналының 29-санында жариялаған мақаласындағы Салыққа берген мына мінездемесін келтіреді: «жасы 25-те, келбетті, бірақ тотыққан қара торы өңді, әдемі арайлы көзді, қалың қара шашты Бабажанов орыс тілінде өте мәнерлі сөйлейді. Әсіресе, өзін толғандыратын мәселеге ауысқанда өткір де шешен әрі қызып сөйлейді», – дейді. Мұхамбет-Салықтың бүкілхалықтық даңққа ие болуына біршама кедергі болған ең басты мәселелердің бірі- Ішкі Бөкей Ордасының ең соңғы ханы Жәңгірдің қаталдығымен аты шыққан биі Қарауылқожаның ұлы болғандығы еді.1837 жылы 16-қыркүйекте Қарауыл қожаның үйі мен мүлкі, қора-жайы өртеніп,тігірге тұяқ қалмай, кедейленеді. Қарауыл сол өрттен кейін шаруасын қалпына келтіре алмай дүниеден өтеді. Ол өлген соң әркімнен алған берешегін өтеу жар қосағы Жәмилә мен жас Мұхамбет-Салықтың иығына түседі. Содан қашан ол оқу бітіріп, қызметке араласқанша, бұл әулет ес жия алмайды. Патша шенеуіктеріне жақпағаны-Мұхамбет-Салықтың халық жағына шығуы, солардың мұң-мұқтажын түгендеуі, ал, Кеңес үкіметіне жақпағаны-әкесінің Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерлісіне қарсы қимыл жасағандығымен байланысты болды. Қызығы сол, Шоқанның әкесі Шыңғыс төре де Кенесары көтерлісін қолдай қоймағандардың қатарында болды. Шоқан да Әулиеатаны зеңбірек атып қанға бөктірген генерал Черняеевті тастай қашты. Мұхамбет-Салық та Шоқан сияқты өте жұмбақ жағдайда, (оны казактар улап өлтірген деген қауесет те бар) небәрі 37 жасында Ішкі Бөкей Ордасының Астрахань бетіндегі «Егіндіқұдық» деген жерде көз жұмды. Артында Ғазиза атты жары Мұқамбетжан, Ханахмет атты ұлы қалды. Әйгілі күйшілер Дәулеткерей мен Түркеш «Салық өлген» деген күйді кезек-кезек толғанса, мақал ретінде бізге жеткен «Салық өлді дегенше – алып өлді десейші, Алып өлді дегенше – халық өлді десейші» деген сөз қазаны естіп қайғырып, қапаланған, ел ішінде «Мақаш әкім» деген атымен белгілі Мақаш Шолтырұлы Бекмұхаметовтың айтқаны дейді.
Әрине, Салық ғылыми ортадан мүлдем алыс жатып, ауыр тұрмыстың тауқыметін басынан кешіріп, жалғыздықтың тақсыретін көп тартқан. Балалы-шағалы болып, жан басы өсіп, қызметтің аз жалақысы жетпей, тұрмысы ауырлай түскендіктен Салық бір кез әскери міндеттен босап, шаруашылықпен айналысып, тұрмыс жағдайын түзегісі келеді. 1862 жылы қызметтен босау жөніндегі өтініші қабылданғанмен, көп ұзамай әуелгі жұмысына қайтып оралады.
Осындай қиыншылықтарға қарамастан ол артына бірталай еңбек қалдырды. Демек, Мұхамед-Салық Бабажановтың өмірі мен қоғамдық қызметі әлі де өз зерттеушісін күтуде.
3. М-С.Бабажанов ғалым, қоғам қайраткері
Тағы бір айтар сөз, этнограф П.Небольсин аталған қазақ депутациясы туралы «Путешествующие киргизы» деген мақала бастырып, қазақ даласынан келген адамдардың саналы істерін жоғары бағалайды. Осыны оқыған Орал казактарының ий вестник» журналына 1860 ж) қазақтардың намысына тиетін сөздер айтады. Бұған назаланған Мұхамед-Салық Бабажанов аталған журналға И.Железновқа қарсы мақала ұйымдастырып, қатты соққы береді. Оның шовинистік, пасық ойларын, надандық жазбасын айыптай отырып, кеудемсоқ казактардың ұрдажық, топастық келбеттерін айқын көрсетіп, бұлтартпас дәлелдермен әйгілеп береді. Мұхамед-Салықтың жазған ғылыми еңбектері ересен деуге келеді. Нарын құмынан табылған әйел мүсініндегі балбал тас үшін ол күміс медальға ие болды. «Заметки киргиза о киргизах» («Қазақтың қазақтар туралы жазбалары») 1861 жылы Санкт-Петерборда басылған. Сонымен бірге, ғалымның батыс қазақ жерінің кен байлығы, географиялық ерекшеліктері топономика, этнография, тарих саласындағы салмақты туындылары да бар. Олардың көпшілігі көзі тірісінде және бірқатары дүниеден өткеннен кейін де жарияланған. Бір өкініштісі сол, оның баспасөз бетінде мүшесі И.Железнов соған қарсы «Киргизомания» атты мақала туындатып («Русскбасылмаған еңбектері қолжазба күйінде табылмай кеткен.
Этнография бөлімінің жұмысына белсене қатысып, ерекше үлес қосқаны, қазақ халқының тұрмысына қатысты құнды материалдар жариялағаны үшін Мұхамед-Салық Бабажанов 1862 жылы Орыс Географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды және үлкен күміс медалімен марапатталды. Ол ғылыми еңбектері үшін медальмен марапатталған тұңғыш қазақ болды. Өлкетанушы ретінде оның тапқан, жинаған аса құнды этнографиялық бұйымдары, археологиялық дүниеліктері Орыс Географиялық қоғамының мұражайына қойылып, кейінірек Эрмитажға тапсырылады. Ондағы Бөкей Ордасының көне заттарының ішінде де Мұхамед-Салық Бабажановтың көзіндей көрінетін заттары да баршылық.
Қазақстанның ерте және орта ғасыр дәуіріне қатысты «Сырдария бойындағы порттың маңынан табылған көне қаланың орны» (1896), «Қырғыз даласынан табылған тас әйелдің мүсіні» (1860) деген мақалалары орыс ғалымдары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Уақыттың керуен көші алға жылжыған сайын жасыққа айналып немесе жайнай түсетін жәдігерлер жиі кездеседі.Осы ретпен алғанда ол бүгінгі күнге дейін құнын жоғалтпаған «Коневодство», «Охота» журналдарында 1871 жылы «Охота во Внутренней киргизской орде», «Лошади и их испытания во Внутренней киргизской степи» еңбектері жарияланды. Ол жылқы тұқымын жақсарту мен өсірудің жолдарын жазған. М.С.Бабажанов өз халқына пайда келтірудің жолын іздеген нағыз қайраткер еді. 1855 жылы Ішкі Орда қазақтарының толқуына қатысты деген желеумен қызметінен қуылып, 2 ай абақтыда отырды, 1855-1861 жылдары Ішкі Орданы басқару жөнінде Уақытша кеңестің кеңесшісі болды. 1862 жылы қызметтен кетіп, 1866 жылға дейін мал шаруашылығымен шұғылданды. 1866-1871 жылдары Ішкі орданың Қамыс-Самар бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.
Артына көп мұра қалдырған Мұхамед-Салық Бабажанов туралы соңғы жылдары бірқатар еңбектер жарық көрді.
Қорытынды
Ал бүгінгі ұрпақ біз Салық туралы не біліп, не айта аламыз?
“…Қалды Салық ісі ұмыт,
Күлге оранып тұрағы.
Кесілгендей тамыры,
Орда барар жол қайда!?
Сөйткен Салық қабірі
Қалды алыста, Торғайда.
Жаныңа осы батады,
Таға аласың кімге сын!?
Ракеталар жатады
Дүңкілдетіп іргесін…
Ауып жатыр жұрт аттан,
Тұманданып тұнық таң.
Не сұрайсың ұрпақтан
Шын құдайын ұмытқан!”
дейді, белгілі бөкейлік ақын Ғайса-Ғали Сейтақ. Ақыннан асып не айтып, не қосасың?!
Өкінішке орай, Салықтың жеке өмірі туралы деректер сақталмаған, алайда, оның жазған мақалаларының өзі-ақ оның өмірге көзқарасы мен ой-өрісінің, білім дәрежесінің сондайлық қабілетті болғандығын танытады. Ол Шоқан Уәлихановпен тұстас болды, қарапайым қазақтардың азаматтық құқығын қорғап, олардың ауыр тұрмысын жеңілдетуге күш салған адам.
Осыған байланысты қосымша деректер жиналып, ізденіп-іздестіріліп табылса, Салықтың бүгінгі ұрпақтарымен әңгімелесіп, ол туралы деректерді байытып, осы жыл аталып өтілсе, ел болып осы бір абзал жанның алдындағы үлкен борышымызды атқарған болар едік.
Әрине, ел аман, жұрт тыныш болса болашақта Салық туралы талай жырлар туып, шығармалар жазылар. Біздің борышымыз-қолымыздан келгенше соған ұйтқы салып, тақырып тамыздығын тұтату ғана.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ыдырысов Қ. “Сбылось предвиденье”, Вечерняя Алма-Ата, 14.04.78- ж.
Ивлев Н.П., Масанов Н.Э. “Видный казахский ученый М.С.Бабажанов”.
Вестник Академии наук Каз.ССР, Алма-Ата – 1982, 60 – 65- бет;
СениговаТ.Н. “Қазақ Совет энциклопедиясы”, 2- том, 63 -бет.
Ерофеев И.В. “История Букеевского ханства. 1801 – 1852 г.г. ”, Сборник документов и материалов.“Дайк - Пресс”, Алматы-2002, 1020 бет.
Боранбайұлы Т. “ Ғасырға сыр”. “Елорда”, Астана-2001, 74- бет.
Ивлев Н.П. “Находки краеведа”. Алма-Ата, 1977, 15-бет.
Ысмағұов М., Ыдырысов Қ. “Дүмбілез деректер”. Білім және еңбек, 1975, №5.
Ивлев Н.П. “Находки краеведа”. Алма-Ата, 1977, 13-бет.
Зиманов С.З. “Россия и Букеевское ханство”. Изд. “НАУКА”, Алма-Ата-1982, 148-бет.
Сейтақ Ғ. “Нарынның нар ұлдары”. “Жазушы ”, Алматы – 1998, 21- бет.
Фото №2 Мұхамед-Салық Бабажанов ескерткіші (Бөкей ордасы ауданы,Сайқын
ауылы)
Фото №3 Ғалымның этнографиялық мақалалары

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген