400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Жамбыл атындағы орта мектеп МДШО» КММ

Мұғалімнің есімі: Базарбекова Ботагөз Мұқажанқызы
Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мақсаты:
Білімділік: Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу

дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, көз алдына елестету,

қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: М. Әуезовтің шығармалары , суреттері.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.

III. Жаңа сабақ
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, мына жердегі дәйексөзге көңіл аударайық:
« Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес». (М. Әуезов)
(бір оқушы оқиды)
Сұрақ:
1. Өз тілін, әдебиетін білмеген деп нені айтып тұр деп ойлайсыңдар?
( тілін білу, әдебиетің білу)
Ал енді мен сендерге тереңірек түсіндіріп берейін.
Әр ұлт өз тілін білу керек.
Өз тілін білген адам, өзінің өткенін біледі.
Өткені дегеніміз ол - тарих, тарихтың айнасы - әдебиет.
Біз одан оқып білеміз.
2. М. Әуезов туралы не білеміз?




Мухтар Әуезов - қазақтың ұлы ғұлама жазушысы.
Қазақты әлемге танытқан қоғам қайраткері. Драматург
Шығыс Қазақстан облысында туған. (1897 - 1961ж)
М. Әуезовтің бүкіл әлемге тараған 4 томдық роман эпопеясы қалай аталады? «Абай жолы»
ΙV. Жаңа сабақ М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі.
Осы әңгіменің мазмұнын мен сендерге қысқаша айтып өтейін.
Ситуациялық сұрақ.
1. Қасымның қашуы дұрыс па еді? Неге кері қайырылмады?
2. Сен Қасымның орнында болсаң не істер едің?
Сөздік жұмысы: Қиянат - әділетсіздік. Қаға беріс - шеттеу.
М. Әуезовтің шығармалары бойынша түсіндірілген «Көксерек», «Қараш - қараш оқиғасы» атты фильмдер бар, және бүгін танысатын «Жетім» әңгімесі - халықтың қалын, ортасынан шыққан, қарапайым адамдардың өмірін сипаттайтын әңгіме.
V. Топқа бөлу.
1) Білімділер тобы
2) Тілшілер тобы (жазу)
3) Бейнелеушілер тобы
I. Ғылыми топ
Оқулықпен жұмыс: /мәнерлеп оқытамын/
Мәтінді бөлімге бөлу
1. Жалғыз жаяу
2. Қасымның әжесінен айрылып қаралы күйге түсуі.
3. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.
4. Тау ішіндегі қорқыныш.
5. Ағашқа қатып қалған бала.
ІІ. Тілшілер тобы (жазу)
Тілшілер тобы (жазу)
1. Жеті түнде Қасымды айдап шыққан кім? (әңгіменің қай бөлімінде)
2. Қасымның әжесінен айырылуы.
3. «Жетімнің малына қианат қылма! Өзін адам ет, күт, асыра, жылатпа!» деп кімге тапсырды?
4. Қасымның ойы неден шатасты?
5. Тау ішіндегі түнгі қорқыныш.
6. Қарама қайшы элементтер.
ІІІ. Бейнелеуші топ.
7. Табиғат балаға қалай көрінеді? Оны табиғатпен байланыстырайық. Көңіл күйінің үндесуі. Бөлім бойынша сурет сал.
8. Кім рөлге кіріп Қасымды бейнелей алады?
9. Қасым жеті түнде неліктен жалғыз жаяу келе жатты?
10. Қасымның тағдыры неге қиын болды?
11. Әңгіме неліктен жетім деп аталған?
VІ. «Ойлау» стратегиясы.
«Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?
Жетім.....................
VII. Мақал - мәтелдермен жұмыс
1. Жаңбыр жаумаса — жер жетім.
Үйрек қаз кетсе көл жетім
2. Ері жоқ ел — жетім
Елі жоқ ер жетім
Парықсыз болса, сөз жетім
VІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқиға желісі - Қасымның өмірден көрген қиыншылығымен басталды
Немен аяқталды? Қорқыныштан жүрегі жарылды. Қасымның өлімі.
Шығарманың идеясы және құндылығы: Жетім көрсең жебей жүр.

Әр бала өзінің ата - анасымен бақытты.

Ата - ананың қадірін бағалай білейік.

Қоғамның айналасындағы адамдарға немқұрайлықпен қарауы
Тәрбие отбасынан басталады.
Салыстыру. Қазіргі заманмен салыстырғанда жетімдер бар, бірақ олар Үкімет үйінде /балалар үйінде тәрбиеленеді/

3. Дегенмен, балалар үйінде қаншама жағдай жасалынса да ата - ананың мейірім шуағына ешнәрсе жетпейді.
Анасының қасында қара су ішкенге не жетсін!
Ана мейірімін көрмеген бала осы өмірге риза бола ма екен? — деп . Елімізде жетімдер саны азаю үшін қандай тілек айтасыңдар?
Балалардың тілектерін қағаз бетіне түсіру
АНА, ӘКЕ, АТА, туған — туыс
ІХ. Бейнетаспадан балалар және шетелдегі балалар туралы.
Қорытынды.
Балалар, бүгінгі сабақ барысында танысқан шығармамызға сүйенсек негізгі ойы не деп ойлайсыңдар?
Нені білдік?
Нені білгіміз келеді?
Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз өмірін таба алмай, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, арақ сияқты жағымсыз қылықтарға әуестеніп кеткен адамдарға жек көрінішті кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына қоғамдағы Иса сияқты адамдар, біздер кінәліміз. Әке – шешенің қамқорына зәр болған, Қасым секілді Құрбы - құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар.
Жерде жетім жыласа,
Көкте періште қайғырады - дейді.
Жетімін жылатпаған ел болайық
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын менде аман
ХІ. Бағалау.
ХІІ. Үйге тапсырма. «Жетім» әңгімесін оқып, мазмұнын біліп келу.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
3515
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі