«Мұхтар Әуезов «Көксерек» (повестінен үзінді)»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мұхтар Әуезов «Көксерек» (повестінен үзінді)»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып яғни 4-сынып мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу

Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек» (повестінен үзінді)


48 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп

Күні: 18.01.2018 ж

Мұғалімнің есімі: Туребекова М.Ж


СЫНЫП: 4 «А»

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Көксерек әңгімесін оқушылардың өз бетімен іздене отырып түсінулеріне мүмкіндік беру.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

Мәтіннің негізгі идеясын жан-жақты талқылайды, өз ойларын еркін айта алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Оқиғаның әрі қарай қалай өрлейтінін болжай алады.

Кейбір оқушылар:

тапсырманы орындау кезінде көмек қажет етеді

Бағалау критерийлері

Негізгі идеямен мазмұнды ашады

Көркем сөздерді өз сөздіктеріне колданады

Тілдік мақсат

Мәтіндегі негізгі ойды аша біледі.

Бір-біріне сұрақтар қояды

Құндылықтарды дамыту

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың 6 негізгі бағыты- бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, Туған жер бағдарламасы , латын әліпбиіне көшу, «100 жаңа оқулық» аясында патриоттыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану

АКТқолдану дағдылары

Интерактивті тақта( видио, слайд), Интернет ресурстары

Бастапқы білім

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, өз пікірлерін дәлелдей алады, шығармадағы кейіпкерлерді тани алады, өзін-өзі бағалай алады.

Сабақ барысы мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту ресурстар

Басы

5 мин


































Негізгі бөлім

20 мин



























І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, психологиялық тренинг өткізу «Мен жарық күнмін»

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Топқа бөлу:

1 топ: Адам

2 топ: Табиғат

3 топ: Бөлтірік

  ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Бедел Тұрсынбаевтың шығармалары 

«Блиц кездесу» екі оқушыдан шығып бір-біріне сұрақ қойып,жауап береді.

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі

Қызығушылықтарын ояту

             -Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам  өмірі үшін қандай  маңызы бар?

    (Иә, әдебиет өміртану құралы.Көркем шығарма арқылы  өмірді таныта отырып,адамды тәрбиелейді.).

Ой қозғаустратегиясы.

-Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.Ендеше мына сөйлемге  назар аударыңызшы. «Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс  мекені, алтын ұя,талбесігі». 

Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?

-Ендеше табиғат дегеніміз не?  Қалай түсінесіздер?

  Қоршаған орта Табиғат   Халық қазынасы

     Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын  бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?

-Ендеше экранға назар аударйық

«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға фильмнен үзінді көрсету.

—         Бұл қай фильмнен үзінді? (Көксерек)

—         Фильмді көргендерің бар ма?

—         Жақсы олай болса мен сендердің бұл фильм туралы тағы не білетіндеріңді білу үшін алдарыңа БББ кестесін тастадым. Соған білетін және білгілерің келгенін жазыңдар.

Білемін

Білдім

Білгім келеді





ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған

    Мұхтар Әуезовтың повестінен үзінді бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында  өрбімек. Шығарманың оқиғалық  желісі,яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне  байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.

Оқулықпен жұмыс

Қазір біз сендермен «Кемпірқосақ» әдісі арқылы мәтінді өз тобымызда оқимыз. Тобымызда талқылаймыз. Болған топтар белгі береді. Сондай-ақ, мен әр топтағы оқушының алдына 3 түс жабыстырып қойдым. Әркім өз түстері бойынша жаңа топтар құрады(сары, жасыл, қызыл ). Ондағы мақсатымыз. Мәтіннің әр бөлігін оқып келген оқушылар бір-біріне түсіндіре отырып, мәтіннің мазмұнын толық ашуға тырысады.


1. Оқиғаның басталуы—Қасқыр мекені.Бөлтіріктер тағдыры. 

2. Байланысы-Көксеректің ұяластарымен  табысуы.

3. Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық

4. Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы

5. Шешімі- Көксеректің жазасын тартуы.


Міне,  әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә,қасқырлар мен адамдар.)

Олай болса, біз қазір топ болып, жұмыс жүргіземіз.Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.

Топтастыру. Үш топқа «Адам», «Қасқыр» сөздері жазылған  плакат беріледі.Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз.

 

Тірі ағза еңбектенеді сөйлейді  жыртқыш  ит-құс   бөрі ойлайды  оқиды  қомағай табиғат перзенті

перзент қоректенеді. Дала тағысы     дала санитары

 Серігіту сәті «Қолтырауын» ойыны

Ойынның шарты: тақтаға екі оқушы шығып, қағазда жасырылған суретті оқушылар іс –әрекет арқылы көрсету

Топтық жұмыс

1 топ: Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.

2 топ: Синку-эй әдісі бойынша «қасқыр»,  «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік. 

1.Қасқыр                

2. Жыртқыш,қомағай.            

3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды

4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті.                  

5. Бөрі,көкжал.

 

1. Аңшы          

2. Қырағы,сақ                          

3. Атады,көздейді, аулайды, 

 4. Аңшы қансонарда аңға шығады.              

 5. Мерген.


 3 топ: Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады.

1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.

2. Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.

3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.

4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар


Қосымша мәлімет

Ауа-райы жайлы болса, қасқырлар орман ішінде 9 км жердегі дыбысты ести алады. Ал ашық далада 16 км қашықтықтағы дыбысты құлағы сезеді.

  • Қасқырдың ежелгі суреттері Еуропаның оңтүстігіндегі үңгірлерден табылған. Суреттердің жасы –

  • 20 000 жыл.

  • Қасқырды үй күзетуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Себебі олар таныс емес тіршіл киесінен қорқып, жасырынып жүретін болады.

  • Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн-ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік. 

  • Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады.

  • Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады.

  • Қасқыр күшіктерін 65 күндетуады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы не бары жарты килограмм болады.

  • Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 кг күш түседі. Салыстыруүшінайтсақ, иттердебұлкөрсеткіш 150 кг.

  • Аш қасқыр бір жегенде 10 кг ет жей алады. Салыстыру үшін айтсақ, бұл 100 гамбургермен пара-пар.

  • Қасқырлар бір жүзгенде, 13 километрге дейін шаршамай жүзеалады.

  • Қасқырлар 2 минут бойы 32 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. Ал қауіп сезінген жағдайда, 56 км/сағ жылдамдықты да бағындыра алады. 

  • Қасқырлар бір-бірін келе жатқан қауіп-қатерде нсақтандыру үшін ұлиды. Жалғыз ғұмыр кешетін жануарлар жалғыздықтан да ұлуы мүмкін. Әдетте олар 5 секундтан артық дауысын созбайды.

  • Қасқырдың көзінде жарықты шағылыстыратын қабат болады. Осы қабат арқылы олар түнде де айналысындағы қозғалыстарды айқын бақылап отыра алады.

  • Басқа жануарларға қарағанда, қасқырлар өзара түсінісу үшін мимикаларды көбірек қолданады.

































Аяқталуы

10 мин



ҮІ. Қорыту кезеңі: «Мен саған, сен маған» әдісі арқылы бекітіледі

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?

2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?

3. Көксерек Құрмаштан гөрі  ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

 Бағалау.







Бағалау парағы

Оқушының аты- жөні

Үй тапсырмасы

2 ұпай

Постермен жұмыс

3 ұпай

Оқулықпен жұмыс

3 ұпай

Топтық тапсырмаларды орындау

3 ұпай

Қосымша тапсырма

2 ұпай

Жалпы баға

























Үйге тапсырма:       М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша  «Бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды» тақырыбына шығарма жазу.


Кері байланыс: Блоб ағашы





Парақша лар беріледі

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды марпаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың Барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

(сабақтан соң жазылады)





Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

(сабақтан соң жазылады)





Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

(сабақтан соң жазылады)






























«Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі» КММ









Ашық сабақ тақырыбы

Көксерек

Мұхтар Әуезов

(повестен үзінді)



Picture 4





4 «А» сынып

Бастауыш сынып мұғалімі: Туребекова Меруерт Жумабековна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
756
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі