Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына " "Мұхтар Әуезов- қазақ әдебиетінің тарланы" атты әдеби кеш

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына " "Мұхтар Әуезов- қазақ әдебиетінің тарланы" атты әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы – барша халыққа ортақ. М.Әуезов төл әдебиетіміздің құдіретімен қазақ есімін әлемге танытты. Жазушы бір ғана «Абай жолы» роман-эпопеясымен әлемдік әдебиетте ойып тұрып орын алды. Сан салада қалам тербеген сөз зергерінің Алашқа сіңірген еңбегін сөбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы,

Төлеби ауданы,

«Алтынбастау негізгі орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына " "Мұхтар Әуезов- қазақ әдебиетінің тарланы" атты әдеби кеш

Ұйымдастырушылар: Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Байзақова Нағима және мектеп кітапханашысы Айтекова Салтанат ұстаздардың  жетекшілігімен

4-9 сынып   оқушыларының ұйымдастыруымен «Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің тарланы» атты әдеби өткізілді.  

Мақсаты:

Кешегіні болашақпен  байланыстырып, қаламгер мен бүгінгі ұрпақ арасындағы әдеби-рухани байланысты нығайту және М.Әуезовтің өмір жолы мен шығармашылығын, ғасырларға сын бермес мұраларын насихаттау.

      Ұлтымыздың  ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы – барша халыққа ортақ. М.Әуезов төл әдебиетіміздің құдіретімен қазақ есімін әлемге  танытты. Жазушы бір ғана «Абай жолы» роман-эпопеясымен әлемдік әдебиетте ойып тұрып орын алды. Сан салада қалам тербеген сөз зергерінің Алашқа сіңірген еңбегін сөбен айтып жеткізу мүмкін емес.

           Жазушыға  талай ақындар жүрек жарды сөздерін сүйікті жырларын арнаған. Қатысушы білім алушылар жазушыға арналған ақындардың  өлеңдерінен және өз шығармашылықтары  мен арнау өлеңдерін оқыды.

Көрермендерге М.Әуезовтің шығармашылығын насихаттайтын  интербелсенді тақтада бейнебаяны көрсетілді. Іс-шара барысында «М.Әуезов –Ұлылық үлгісі», М.Әуезов –Ұлт мақтанышы»,  «М.Әуезов –әлем әдебиеті мойындаған  тұлға» атты бір үзік сыр оқылып, М.Әуезовтің шығармашылығы жайлы  пікірлер тыңдалды.

          М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясынан « Еңлік Кебек», сахналық қойылым аса шеберлікпен сомдалып, білім алушылар халықтың  ризашылығына бөленді.

Білім алушылар күмбірлетіп күй тартып,әсем әуезді әндер шырқап, жауқар жырдан шашу шашқан талантты білім алушыларымыз кештің сәнін келтірді. 

        Кеш жоғары деңгейде өткізіліп, Кеш соңында мектеп директоры Аширбаев Е.М. білім алушыларға алғысын білдіріп,биік белестерді бағындыруда білім мен аянбай еңбек ету керектігін айтып,шығармашылық табыс тіледі.Мадақтамалармен марапаттады. Кешке қатысқан көрермендер мен білім алушылар Ұлы жазушының рухани бай мұрасынан өмірлік сабақ алып, кештен әсерленіп қайтты.

      М.Әуезовтің баға жетпес  асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз.

Кеш соңында оқушыларды «Зерделі» 6-сынып, «Білімді» 5-сынып,"Алғыр"8-сынып," Өнерлі" 4-сынып,"Абайдың ізбасары" 7-сынып, "Көрермен көзайымы" 9-сынып атты номинациялармен марапатталды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2023
579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі