Адайбекова
Ақсырға Қуватбергеновна
Маңғыстау
облысы білім басқармасы
«Оңалту
орталығы»КММ-нің
оқу ісі меңгерушісі
және
педагог психолог маманы
Жаңаөзен
қаласы
Мүмкіндігі
шектеулі балалардың
ойлау
қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Қазіргі
кезде мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқыту мен тәрбиелеу оның қажеттілігі
мен мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту,
ақыл- ойын жетілдіру, оларды тәрбиелеу
мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды
міндеті. Мүмкіндіктері шектеулі
балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді
түзету, дамыту –педагогика жүйесіндегі
балаларды оқыту, дамыту – педагогика
жүйесіндегі балалардыңойлау қабілеттерін
дамытуға болады. Әр баланың өмірге қадам
басқандағы алғашқы әрекеті бұл ойын.
Ойын барысында балалардың жеке басының
қасиеттері қалыптасады. Бала-өзінің
күш жігерін жұмсап, сезініп білуге
мүмкіндік алып, балалармен қарым-қатынас
жасауға үйренеді. Мүмкіндігі шектеулі
балалардың өмірді танып, айналадағы
өмір құбылыстарын байқай отырып, білуге
қызығушылығы оянып, осы сезім арқылы
талпыныстарға ұмтылады. Ойын кезінде
қимыл –қозғалыс дене бітімін жетілдіріп,
іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау
мен қиялдау, есте сақтау қабілеттерін
дамытып отырады. Мүмкіндігі шектеулі
балалармен ойналатын балалармен
ойналатын ойндар баланың зейінін, есте
сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлуін
дамытуға арналған, адамгершілік сезімін
оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас
жасауға үйретеді. Ойын барысында
пайдаланылатын дамыту ойыншықтары
балалардың психологиялық қызметін
сапалы түрде өзгертуге бағытталған
тиімді әсер ету құралы болып табылады.
Мүмкіндігі
шектеулі балалармен жұмыс жасаған кезде
балаларға ұсынылған ойындарды меңгерту,
оның бала зердесіне әсер етуі мен
қабылдауы, балаларға берілетін тапсырманың
шектен тыс ауыр болмауы, балалардың
мүмкіндіктерін ескеру, олардың денсаулығын
жақсартуға әсер етіп, ойынның мазмұны
қызықты болып, балалар ойнауға ынталы
болуы керек. Мүмкіндігі шектеулі
балалардың таным қабілетін ынтасын
арттыруға дидактикалық ойындарды
пайдаланудың маңызы зор. Дидактикалық
ойындар үш топқа бөлінеді.
Заттық
дидактикалық ойындар, дидактикалық
ойыншықтармен және түрлі ойын
материалдарымен ұйымдастырылады.
Үстел
үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
– «Лото», «Домино» және тақырыпты
ойындар «Қайда не өседі?» «Бұл қай кезде
болады?»
Сөздік
дидактикалық ойындар. Санамақ ойынын
санау арқылы «Суреттегілер қайда
тұрады?» , «Артығын алып таста?», «Көршісін
тап» ойлау қабілеттерін дамыту, оған
зейін аудару балалардың ой-өрісін
дамыту. Балалардың тілін дамытуға,
байланыстырып сөйлеуіне, сөздік қорын
дамытуға дидактикалық ойындардың
маңызы зор.
Сюжеттік
рөлдік ойындар мүмкіндігі шектеулі
балаларға тән, сипатты ойындар болып
табылады. Ол балалар өмірінде елеулі
орын алады. Сюжеттік рөлдік ойындардың
ерекшелігі сол, оны балалардың өздері
жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын
өнерпаздық және шығармашылық сипатта
болады. Бұл ойындарұзақ та, қысқа да
болуы мүмкін. Мысалы «Телефон» ойынында
диологтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты-
бір нәрсе жайында сұралып, бала оған
жауап беруге, белгілі бір әрекетке
үйрету болып табылады.
Бұлар
бәрі қоршаған орта мен білім, білік
дағдасаның қалыптасуы мен есте сақтау
және ойлау қабілеттерімен тығыз
байланысты. Педагог ізденіс арқылы
балалардың қабілеттеріне, қабылдау
деңгейіне танымдық белсенділіктері
мен білім сапасын жоғарлатуға көмектеседі.