№ 32 орта мектеп
Логопед – дефектолог
сабағының
«Р»
әрпін қою және машықтау сабағы
1. Дыбысты айтуға, қоюға
бірінші әдіс, ол - еліктеу. Баланың артикуляция мүшесінің қалай
қозғалу керек екенін түсіндіру, содан соң айна алдында
көрсету. Бала тілдің қозғалысын көріп,
қимылыңызды қайталауы керек.
2. Әр түрлі құралдардың көмегімен дыбысты қою. Еліктеу арқылы
дыбысты қою мүмкін болмаса, зонд, қасықты қолдануға болады.
3. Аралас әдіс. Керек дыбысты айтуды сұрап, сол кезде зонды
пайдалану.
Дыбыс айту бұзылыстарының ішінде көп кездесетін Р – дыбысының
бұзылып айтылуының бірнеше түрі бар.
- дыбыс сөзде жоқ не оның орнына дауысы дыбысты созып айтуы;
- жұмсақ таңдай мен тілшіктің ауыздан шыққан ауаның әсерімен
дірілдеуі, дыбыстың тамағымен айтылуы;
- бүйірлеп айтылуы, тіл ұшы дірілдемей,тіл бүйірі ауыздан шыққан
ауа екпінімен [рль] шапалақ, қолпылдаған дыбыс шығады;
- екі еріндік [р] ауа еріннің арасынан өткен ауа арқылы
дірілдейді;
- мұрынмен айтылуы – тіл арқасы мен тіл түбінің жұмсақ таңдаймен
жақындасуынан шыққан ауа мұрын жолынан өтіп, [нг] деген дыбыс
шығады;
- [р] дыбысының орнына [л] айтылуы – тіл ұшының жоғары көтерілуі
дірілдемей ауа тіл жанынан өтіп, [л] дыбысы шығады (рас-лас)
- [р] дыбысының орнына [д] айтылуы. Таңдайға көтерілген тіл ұшы
дірілдемейді, шыққан ауа тіспен тілдің қабысқан тесігі арасынан
шығады (рахмет-дахмет);
- [р] дыбысының орнына [г] айтылуы – тіл ұшы артикуляцияға
қатыспайды, бірақ қатайып тіл арқасы көтеріліп, жұмсақ таңдаймен
қабысып ауа екпінімен ашылады [гх] деген дыбыс естіледі (раушан-
гхаушан);
- [р] дыбысының орнына [й] айтылуы – тіл ұшы қозғалмайды, тіл
ортасы көтеріліп ширап жұмсақ таңдаймен жақындасып ауа сол қуыс
арқылы өтеді (тар-тай);
- [р] дыбысының орнына [ы] айтылуы – тіл ұшы төмен түсіп ауыз
қуысына қарай тартылады, тіл арты қатайып көтеріліпжұмсақ таңдайға
ығысады, ауа кедергіге ұшырамай өтеді(барам-ырам);
- [р] дыбысының орнына [в] айтылуы- тіл артикуляциясы қатыспайды,
оның орнына төменгі ерін жоғарғы тіске көтеріліп ауа арсынан өтеді
(ракета-вакета).
Р дыбысын қою дыбыс қоюдың ішіндегі ең қиыны. Дыбысты қою үшін
жұмысты ең алдымен артикуляциялық жаттығудан, тіл мен еріннен
бастау керек. Бала тілін таңдайға көтеруге, сол күйде ауызды сәл
ашып тіл ұшын қозғауға үйрету, алға қарай тілдің дірілдеуін алу
үшін қатайту. Тілдің пішінін, тонусын өзгертіп жалпақ- жіңішке,
қатайту – босаңсыту жаттығуларын жасату. Жалпақ тілді жоғарғы
ерінге жапсыра бірнеше секунд төменгі ерін, жақты қозғамай ұстау.
Тілмен әртүрлі қимылдар жасау: ерінді жалау, тілмен бетін ұрғылау,
тілін ауыз бұрышына апару т.б. Тілді жоғары көтеруге қиналса қасық
сабымен не саусақпен көмектесуге болады. Тілді сору, қағу, таңдайға
жапсырылған кәмпитті түсіру өте пайдалы.
Дыбыс қойылғаннан кейін оны буын, сөз, сөйлем, өлең, жаңылтпаш,
мақал-мәтел, мәтін, еркін сөйлеуде бекітіледі.

№ 32 орта
мектеп
Логопед – дефектолог
сабағының
«Р»
әрпін қою және машықтау сабағы
Мамыр айы. 23. 05.
2017
1. Дыбысты айтуға, қоюға
бірінші әдіс, ол - еліктеу. Баланың артикуляция мүшесінің қалай
қозғалу керек екенін түсіндіру, содан соң айна алдында
көрсету. Бала тілдің қозғалысын көріп,
қимылыңызды қайталауы керек.
2. Әр түрлі құралдардың көмегімен дыбысты қою. Еліктеу арқылы
дыбысты қою мүмкін болмаса, зонд, қасықты қолдануға болады.
3. Аралас әдіс. Керек дыбысты айтуды сұрап, сол кезде зонды
пайдалану.
1. Балаға буындап
айтқызу:
Ра, ро, ры, ру
Ар, ор, ыр, ұр
- Дауыстылар арасында:
Ара, оро, ыры, ұрұ, аро, ору, ыра, ыро
- Дауыссыздармен қатар:
Тра, қра, шра, жра, дра
2. Балаға
сөзді аяқтауды тапсыру.
- [р] дыбысын жалғап айтуды ұсыну: қа..., со..., бо..., та...,
жа..., қоңы..., қо..., тұ..., бұ..., құ..., сұ..., сы..., то...
.
[-ра] буынын жалға:
Қа..., да..., жа..., сұ..., домбы..., жази..., гита..., Ша...,
о..., а..., жы... .
[- рақ ]буынын жалға:
Ба..., та..., жа..., қа..., сұ..., құ..., жы..., тұ..., шы... .
[Ыр] буынын жалға:
Бат..., сып..., қоң..., қасқ..., мам..., си..., ау..., шат...
.
3. Сөзді
қайтала: раушан, ракета,
рахмет, риза, рұқсат, арпа, парта, тырна, торғай, айран, дорба,
сорпа, тырма, орақ.
4.
Суреттерді ата: қар, қыран, тырна,
қарға, торғай, ара, картоп, жапырақ, арпа, арша, тарақ, парақ,
айран, қырық, тырма, қияр, қарақат, ара, сырға,
торсық.
5.
Сөйлемді қайтала: 1. Марат базардан
тор сатып алды. 2. Омар томар тасыды. 3. Қамбар арамен бөренені
кесті. 4. Орманды Ораш суыр көрді. 5. Қырмызы қырдан гүл
терді.
6. Сурет
бойынша сөйлем құра: (сюжеттісуреттер)
Құмар алмұрт жеді. Бауырсақ терезеден домалап түсті. Шорман шортан
ұстады. Шынарды қаздар қуды. Марат қолшатырды көтерді. Жарас
гитарада ойнады.
7.
Оқу. Дәурен дорбаны
көтерді. Ол базардан картоп, қияр, сарымсақ сатып алды. Дорба ауыр
болды.
8. Жатқа
айту:
Балам
орныңнан тұр
Қоянның түсі сұр
Сөзге мойын бұр
Қыстайтын құс-құр
Уәдеңде тұр.
* * *
Аққайыңдар, емендер
Қарағайлар, теректер
Жерге көрік беретін
Ағаштар бұл кемеңгер.








№ 32 орта мектеп
Логопед – дефектолог
сабағының
«Р»
әрпін қою және машықтау сабағы
1. Дыбысты айтуға, қоюға бірінші әдіс, ол - еліктеу.
Баланың артикуляция мүшесінің қалай қозғалу керек екенін түсіндіру,
содан соң айна алдында көрсету. Бала тілдің
қозғалысын көріп, қимылыңызды қайталауы
керек.
2. Әр түрлі құралдардың көмегімен дыбысты қою. Еліктеу арқылы
дыбысты қою мүмкін болмаса, зонд, қасықты қолдануға болады.
3. Аралас әдіс. Керек дыбысты айтуды сұрап, сол кезде зонды
пайдалану.
Тырналар
Тырау-тырау тырналар
«Жем іздесең қырға бар»
Сақтанып жүр, тікен бар
Мойныңды тырналар.
Тырау-тырау тырналар
«Жем іздесең қырға бар»
Қырда бірақ, түлкі бар
Сақ болмасаң жұлмалар.
* * *
Дөңгелене тұрайық
Киіз үйді құрайық
Кереге боп керіліп
Уықтар боп иіліп
Киіз үйді құрайық.
Қарға мен
бала
Менің
атым Қаррр-ға
Баррр-дым ұшып жаррр-ға
Қаррр-ным ашты, қалқам,
Іррр-імшігің баррр-ма?
Жоқ болса тұррр жаррр-да
Ол жаққа енді баррр-ма!
Іррр-імшігім баррр, баррр,
Бол қасымда қаррр-ға.
Буын
ұйқас
Ра-ра-ра – Айжан шашыңды тара
Ра-ра-ра – қозыға жақсы қара.
Ры-ры-ры – мінген атым торы
Ры-ры-ры – жинап алдым тары.
Ар-ар-ар – далада қалың қар
Ар-ар-ар – үйге жылдам бар.
Ыр-ыр-ыр – жаттап алдым жыр
Ыр-ыр-ыр – айтылмайды сыр.


Новоишим ауылы
№ 32 мектеп
Дефектолог – логопед сабағы
« Р » әрпін
машықтау
оқушымен жеке
жұмыс
жаттығу түрлерімен таныстыру
Дефектолог – логопед: Тургалиева А.А