Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұнай, құрамы, алыну жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні бойынша ашық сабақ. Тақырыбы: Мұнай, құрамы, алыну жолдары. Сыныбы: 10 Ашық сабақ стандартқа сай жасалынған, қосымша таратпа материалдары кіріктірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

10.4А

Қанықпаған көмірсутектер

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Молдагожаева Кенжегуль Абылхановна

Күні:

21.04.2026 жыл


Сынып: 10 А

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мұнай, құрамы, алыну жолдары.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:


10.4.2.17 термиялық және катализдік крекинг процесін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Оқушылар термиялық және катализдік крекинг процесін түсінеді


Құндылықтарға баулу

Жасампаздық және жаңашылдық

  • сыни және креативті ойлау дағдыларын дамыту ;

  • оқиғалар мен процестерді талдай отырып, балама шешім ұсыну.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы


14.50-14.53














14.53-14.57












Cабақтың ортасы


14.57-14.59





14.59-15.05






15.05-15.10













15.10-15.15
















15.15-15.25



























15.25-15.30








Сабақтың соңы

15.30-15.35



















































Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Мен-молекуламын» әдісі

Мақсаты:

  • Сыныпта жағымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

  • Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту

  • Өткен тақырыптарды қайталау арқылы білімді еске түсіру (атом, молекула, байланыс түрлері)

Мұғалім көмірсутектердің атауын атайды.


2. Өткен тақырыпты пысықтау.

Тапсырма №1:

«Messing gap»» әдісі

Мақсаты:

  • Өткен материалды қайталау;

  • Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;

  • Негізгі ұғымдар мен терминдерді дұрыс қолдануға үйрету.

Қосымша №1


3. «Төрт сурет, бір сөз» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжау.

Мақсаты: суреттер арқылы тақырыпты болжау.

Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатымен таныстыру.


Мұнай, мұнайдың құрамы, алу жолдары туралы толық ақпарат береді. Бейнеролик көрсету.

Мағынаны тану:



Тапсырма №2:

Shiraq AI платформасы арқылы топтастыру.

Топтық жұмыс

«Ақпаратты сөйлет» әдісі

Мақсаты:

Крекинг түрлерін түсіну және негізгі ерекшеліктерін анықтау

Дайындалуға 3 минут, қорғауға 2 минут беріледі.





Тапсырма №3:

Жеке жұмыc

«Т кестесі» әдісі

Мақсаты: Термиялық және катализдік крекинг арасындағы негізгі айырмашылықтарды анықтау.

«Т-кестесі» әдісі арқылы крекингтің екі түрін салыстырып, ерекшеліктерін жазыңыз.









Тапсырма №4:

Топтық жұмыс

«Сканерлеп оқу» әдісі

Мақсаты: Мәтіннен нақты ақпаратты табу, оған негіздеме жасау.

Берілген мәтінді түсініп оқыңыз. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.

Мазуттан бензин алу: Катализдік крекинг процесінің маңызы (мәтін, қосымша 1)

Жағдаят:

Зауытқа өте көп мөлшерде мазут жиналып қалды. Директор мазуттан мүмкіндігінше көп көлемде бензин алуды тапсырды. Ол үшін катализдік крекинг қондырғысын іске қосу керек.


1 конверт. Неліктен мазутты катализдік крекинг арқылы өндіру зауыт үшін тиімді?

2 конверт. Өнімнің шығымы мен сапасына катализатор қалай әсер етеді?



Сабақты бекіту:

Plikers

Платформасында тест тапсырмасын орындатады, QR арқылы қорытындылайды.

  • Нені білдік?

  • Нені түсіндік?



Үйге: 79, 80 тақырыпты оқу. 131 беттегі 7 тапсырманы орындау.





Рефлексия

Shiraq AI платформасында QR арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Психологиялық ахуал

  • Әр оқушы өзіне жұп таңдайды;

  • Топтасып, қолдарымен байланыс түрін көрсетеді.











Химиялық диктантта берілген тиісті сөздерді орнына қойып, толықтырады.












Берілген суреттерге қарап отырып, тақырыпты анықтайды.










Инфографиканы мұқият қарайды;

Өз тобына берілген крекинг түрі бойынша ақпаратты табады;

Негізгі мәліметтерді анықтайды;

Процестің жүру жағдайын, өнімдерін,

ерекшелігін топта талқылайды, ортақ жауапқа келеді.

Қысқаша (2–3 сөйлем) түсіндіру дайындайды.


Екі әдістің ерекшеліктерін салыстырады, кестені толтырады.














Мәтінді оқиды, нақты ақпараттарды табады, оларға негіздеме жасайды, топта талқылайды.























Платформада тест тапсырмасын орындайды.

Мақсатқа оралады






Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.






Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанымен бөліседі.


Барлық тапсырмада «Баррель» әдісі қолданылады.


Ауызша

мадақтау

Жарайсың! Дұрыс!

Өте жақсы!

Керемет шешім!






Дескриптор:

Берілген тиісті сөздерді мағынасына сәйкес бос орындарға орналастырды - 2 балл

Бағалау шкаласы:

9–10 дұрыс жауап –1 балл

6–8 дұрыс жауап –1 балл

1–5 дұрыс жауап -0 балл










«Сарапшы» әдісі бойынша мұғалім бағалауы


Дескриптор:

Крекинг процесінің негізгі ерекшелікте-рін анықтады-

1 балл

Ойын нақты жеткізеді-1 балл


Дескриптор арқылы өзін-өзі бағалау

Дескриптор:

Екі әдісің температура-сы мен қолданыла-тын заттарын салыстырды -

1 балл

Екі әдісің негізгі өнімдері мен өнім сапасын салыстырды -1 балл

«ҚҚҚ» әдісі арқылы бағалау

Қ-қызық

Қ-құнды

Қ-қиын

Дескриптор:

Маңызды факторларды атады – 1 балл

Ақпараттың тиімділігін дәлелмен түсіндіреді –1 балл

Катализатор

дың әсерін толық сипаттайды (жылдамдық, температура, шығым, сапа) – 1 балл

Ойын жүйелі жеткізеді – 1 балл


Ауызша

мадақтау

Жарайсың! Дұрыс!

Өте жақсы!

Керемет шешім!















Слайд №1











Таратпа материал

Қосымша №1


Слайд №2






Слайд №3



Слайд №4,5,6


Инфографика














Слайд №7
















Постер


Таратпа мәтін

Қосымша №2




















https://www.plickers.com/classes/69e60ac3b89eee9da676578a#



Оқулық 10 сынып

Химия

2-бөлім. Алматы «Мектеп» 2019
















Қосымша №1

Тапсырма №1:

«Messing gap»» әдісі

Мақсаты:

Өткен материалды қайталау;

Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;

Негізгі ұғымдар мен терминдерді дұрыс қолдануға үйрету.


Химиялық диктант: «Алкиндер»

Сөйлемдерді аяқтаңыз, төменде берілген тиісті сөздерді орнына қойыңыз. (CnH2n-2, ацетилен, sp, 180°, сызықтық, гидратация, сірке, бром,бензол, металдарды кесу және дәнекерлеу)

Құрамында бір үштік байланысы бар, жалпы формуласы ______ болатын қанықпаған көмірсутектерді алкиндер дейді. Алкиндердің ең қарапайым өкілі ______.Үштік байланыс кезіндегі көміртегі атомдары ______ гибридтену күйінде болады. Ацетилен молекуласындағы байланыс бұрышы ____________ градусқа тең, ал құрылымы ______ пішінді болады. Ацетиленге су молекуласын қосу реакциясы ____________ реакциясы деп аталады. Ацетиленді гидратациялағанда (Кучеров реакциясы) нәтижесінде ______ (альдегид) түзіледі.Алкиндерді сапалық анықтау үшін ______ суының түссізденуі немесе калий перманганатының ерітіндісі қолданылады. Ацетиленді тримерлеу арқылы (Зелинский реакциясы) ______ алуға болады. Ацетилен жанғанда өте жоғары температура бөлінетіндіктен, ол _____________________ үшін қолданылады.



















Қосымша №2

Тапсырма №4

«Сканерлеп оқу» әдісі арқылы мәтінді түсініп оқы. Жағдаяттық тапсырманы орында.

Мазуттан бензин алу: Катализдік крекинг процесінің маңызы

Мұнайды алғашқы айдау (атмосфералық айдау) кезінде бензин, керосин және дизель сияқты жеңіл фракциялар бөлініп шыққаннан кейін, қалдық ретінде үлкен мөлшерде мазут қалады. Мазут — құрамында көміртек тізбегі өте ұзын ауыр көмірсутектердің қоспасы. Оны тікелей отын ретінде пайдаланудың экономикалық тиімділігі төмен, ал нарықта бензинге деген сұраныс жоғары. Сондықтан мазутты терең өңдеу үшін катализдік крекинг қондырғысын пайдалану — зауыт үшін ең тиімді шешім.

Катализдік крекинг — бұл жоғары температура мен катализатордың әсерінен ірі көмірсутек молекулаларын кішірек молекулаларға (бензин және газ фракцияларына) ыдырату процесі. Бұл әдістің тиімділігі келесі факторлармен түсіндіріледі:

Мұнайды терең өңдеу: Зауыт шикізаттың әрбір тоннасынан барынша көп пайдалы өнім алуға мүмкіндік алады. Бұл «мұнайды тереңдетіп өңдеу» көрсеткішін едәуір арттырады.

Экономикалық пайда: Мазуттың құны бензинмен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Төмен құнды қалдықты жоғары сұранысқа ие қымбат өнімге айналдыру зауыттың табысын еселейді.

Ресурстарды үнемдеу: Қосымша мұнай өндірмей-ақ, бар қалдықтан жанармай алу — экологиялық және ресурстық тұрғыдан тиімді.

Бұл процесте катализатор (негізінен алюмосиликаттар немесе цеолиттер) шешуші рөл атқарады. Оның әсерін екі бағытта қарастыруға болады:

Термиялық (жылулық) крекингпен салыстырғанда, катализдік крекинг кезінде молекулалар тек үзіліп қана қоймай, изомерлену процесінен өтеді. Нәтижесінде түзілген бензиннің құрамында тармақталған құрылымды (изоқұрылымды) көмірсутектер мен ароматты көмірсутектер көбейеді. Бұл бензиннің октан бірлігін (80-95) айтарлықтай жоғарылатады, демек, өнім жоғары сапалы, детонацияға төзімді болады.

Катализатор химиялық реакцияның жылдамдығын тездетіп, процестің төменірек температурада (450-5200C) жүруіне мүмкіндік береді. Ол реакцияны белгілі бір бағытқа бағыттай отырып, қажетсіз жанама өнімдердің (газ және кокстың) түзілуін азайтады және бензин фракциясының шығымын (50-60%-ға дейін) барынша арттырады.

Қорытынды: Мазутты катализдік крекинг арқылы өңдеу — зауыттың шикізатты үнемдеп, қалдықсыз өндіріске жақындауына және нарыққа бәсекеге қабілетті, жоғары октанды бензин шығаруына мүмкіндік беретін ең оңтайлы технологиялық қадам.

Жағдаят:

Зауытқа өте көп мөлшерде мазут жиналып қалды. Директор мазуттан мүмкіндігінше көп көлемде бензин алуды тапсырды. Ол үшін катализдік крекинг қондырғысын іске қосу керек.

1 конверт. Неліктен мазутты катализдік крекинг арқылы өндіру зауыт үшін тиімді?

2 конверт. Өнімнің шығымы мен сапасына катализатор қалай әсер етеді?



Топқа бөлу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12











Жағдаят:

Зауытқа өте көп мөлшерде мазут жиналып қалды. Директор мазуттан мүмкіндігінше көп көлемде бензин алуды тапсырды. Ол үшін катализдік крекинг қондырғысын іске қосу керек.


1 конверт. Неліктен мазутты катализдік крекинг арқылы өндіру зауыт үшін тиімді?


2 конверт. Өнімнің шығымы мен сапасына катализатор қалай әсер етеді?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12