Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұнай құрамы, өңдеу әдістері мен өнімдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Мұнайдың көмірсутектерден тұратынын, алынады негізіг фракцияларын ретімен бөлшектеп айта біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Көмірсутекттердің бір өкілі мұнай шикі затын біледі, олардан алынатын өнімдердің түрлерін ажыратады. Кейбір оқушылар: мұнайды үздіксіз церкулациялық проецесте жүретінін біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ :

Мұнай құрамы, өңдеу әдістері мен өнімдері.

Күні:

Мұғалімнің есімі: Битабарова Хадиша Исабековна

Сынып: 11 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары):

Мұнайдың физикалық және химиялық қасиеттерін, өндіріс орындарында алынатын өнімдердің түрлерін білу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мұнайдың көмірсутектерден тұратынын, алынады негізіг фракцияларын ретімен бөлшектеп айта біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Көмірсутекттердің бір өкілі мұнай шикі затын біледі, олардан алынатын өнімдердің түрлерін ажыратады.

Кейбір оқушылар: мұнайды үздіксіз церкулациялық проецесте жүретінін біледі.

Тілдік мақсат:

Оқушылар... (істей) алады:

Мұнай өнімінен алынатын заттарды қолданыста пайдалынатын жерлерін біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Қоймалжың, ерімейтін, май тәрізді, үздіксіз айдау, сақина, түтікті пеш.

Сыныптағы диалог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер): Мұнайдың табиғатта зияды жақтарын да қоршаған ортаға әсрін түсіндір.

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Үздіксіз айдау пешінің құрылысы.

2.Фракциялар.

3. Ректификациялық мұнара.

4. Крекинг.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Мұнай бұрғысынан шыққан газдарды не істеуге болады? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік.

Жазылым бойынша ұсыныстар: Берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау.

Алдыңғы тақырып

Көмірсутектердің табиғи көздерінің шығу тегі, пайдалы қазбаларды өндіру. Табиғи газ, құрамы, қолданылуы.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).

Жоспарланған уақыт

Басталуы.



Ұйымдастыру кезеңі. (3 минут)

Оқушыларды түгендеу.

Өткен сабаққа шолу жасау.

І-тапсырма.Сұрақ-жауап.

1.Қандай отын түрлерін білесіңдер?

2. Отынның жану жылуы дегеніміз не?

3. Қатты отынды өңдеудің қандай әдістері бар?

І-тапсырма.Сұрақ-жауап.

4. Тас көмірді кокстеу дегеніміз не?

5. Тас көмірді кокстегенде қандай өнімдер алынады?

6. Кокс пештерінің құрылысы қандай?

ІІ-тапсырма.Карточкамен жұмыс.

1-карточка.Тас көмірін кокстеу кезінде қандай заттар алынады?

ІІ-тапсырма.Карточкамен жұмыс.

2-карточка. Көмірден сұйық отын алу перспективасы қандай?

ІІІ-тапсырма. Сұрақ-жауап.

А) Отынның қандай түрлерін білесіңдер?
Ә) Мұнай дегеніміз не? Мұнай қалай пайда болған?
Б) Мұнайдың физикалық қасиеттері?
В) Мұнайдың құрамында қандай заттар кездеседі?
Г) Мұнайда айдаудың негізгі фракцияларын ата?
Ғ) Мұнайға серік газдарды ата?
Д) Бензиннің детонацияға төзімділігін түсіндір?
Ж) Бензин буының адам ағзасына зиянды әсері?

Басталуы.



Ортасы.












«Сен маған, мен саған» әдісі (5 минут)

1. Мұнайға серік газ дегеніміз не?

2. Құрғақ газдың формуласы қандай?

3. Бензин газы дегеніміз не?

4. Табиғи газдың негізгі құрам бөліктері қандай үлесімен айт?

5. Табиғи газдың негізгі бөлігі не үшін пайдалынады?

Жаңа сабақ – Мұнай құрамы, өңдеу әдістері мен өнімдері туралы танысамыз ( 8 минут)

Мұнай Қазақстанның негізгі эконмиканың көзі деумізге болады, мұнай май тәрізді тығыздығы 0,8-0,9г/см3 болтын қоймалжың зат, жер қойнауынан өңдеп алынған мұнайды шикі мұнай деп аталады, оны су мен және басқа қоспасынан тазарған соң тауар мұнай деп айтамыз. Мұнайдың құрамын қарап оларды парапинді, нафтенді, ароматты деп бөлеміз. Бұрғылап алынған мұнайды үздіксіз процес арқылы ректификалық мұнараға жіберіп отырылады, онд атүтікті пеш арқылы 3500С-та қыздырылып буға айналдырып барып бөліп алынады.

Қазақстан газ, мұнай және тас көмір қоры жөнінен әлемдегі табиғиресурстары бай елдердің қатарына жатады. Көмірсутекті отын, мұнайтабиги газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр.

Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті отынды шығарушы елдердіңбірі.

Тас көмір — Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмагы 70%-тей. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен, 160 млрд тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар. Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда, 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі.

Қазақстанның ең ірі көмір базасы — Қарағанды көмір алабы. Республикамыздың орталық бөлігінін 3000 км2 ауданын алып жатқан Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 60 млрд тоннаға жуық. Негізгі кен орындары — Абай, Сарань, Шерубайнүра,

Шахтинск, Михайловка және т.б. Көмір қатпарларының тереңдігі 50 - 300 м ге дейін, ал Михайловкада көмір жер бетіне өте жақын жатқандыктан, ашық әдіспен өндіріледі. Қарағанды көмір алабы елімі.чдо жүмсалатын барлық көмірдің тең жартысын береді. Соның ішінде кокстелетін көмір де бар. Маңызы жөнінен Қарағандыдан кейін екінші орынды алатын Қазақстан көмір алабы — Екібастүз. Ол 200 км2-қа жуык шағын ауданды алып жатса да, жалпы қоры — 17млрд тоннадай. Екібастүз алабының артықшылығы, көмір қабаттары жер бетіне жақын (100 м-ге дейін) жатқандықтан, өндіру ашық әдіспен жүргізіледі де, өзіндік кұны арзанға түседі. Екібастүз көмірі, негізінен, отын ретінде электр және жылу станцияларында қолданылады. Негізгі кен орындары — "Алып" ("Богатырь"), "Солтүстік" және "Шығыс" кеніштері.

Қоры жөнінен болашағы зор тас көмір және қоңыр көмір кеніштері қатарына: Қостанай облысындағы Құсмұрын, Майкөбе, Шығыс Қазақстандағы Кендірлікті (қоңыр көмір және жанғыш тактатастардың бай қоры бар) жатқызуға болады. Бұл жерлерге жақын маңда ірі тұтынушы кәсіпорын және темір жол болмағандықтан, өндіру ісі басталмай отыр, дегенмен жергілікті халық отын ретінде пайдалануда.

Мүнай мен газ — көмірге қарағанда жану жылуы жоғары отын әрі химиялық өнеркәсіп үшін бағалы шикізат. Қазақстанда алғаш рет мұнай Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Доссор, Ембі және Мақатта ендірілді. Қазіргі кезде Қазақстанда 160-тай мұнай кен орны жұмыс істейді. Ал 60-қа жуык кен орнында зерттеу жүргізілуде. Негізінен, республикамыздың батыс өңірі — мұнайлы өлке болып табылады.

Атырау еңірін ең алғаш орыс ғалымы Н. А. Северцев зерттеген. Ол 1860 жылы "Горный" журналына қазіргі Доссор туралы есебін жариялаған. Сөйтіп 1899 жылы Атырауда алғашқы мұнай ұңғымасынан мұнай атқылады. Теңіз, Мақат Атырау облысында; Шұбарқұдық, Кеңқияқ Ақтебе облысында; Қаратөбе, Мартыши, Камышин Орал облысында; Оңтүстік Маңғыстауда Жетібай, Қарамандыбас, Тасболат, Өзен, Теңге, т.б.; Қызылордада Құмкөл және Қумасай, Қызылқия, т.б. кен орындары бар.

Табиғи газ өндірісі — Қазақстанның ең жас өнеркөсіп саласы. Табиғи газ, негізінен, Маңғыстау түбегінде, Ембі алабында, Орал, Атырау кеніштерінде өндіріледі. 2001 жылы Жамбыл облысында Аманкелді кен орны ашылды. Қазақстан аумағындағы барлық газ қоры — 9,5 трлн м3 болып есептеледі. Оның 68%-і Батыс Қазақстан облысында орналасқан.

Қазақстанда мұнай жөне газ өндірісінің өсуіне байланысты оларды өңдейтін кәсіпорыңдар да даму үстінде. Мысалы, Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Мұнай ендіру жөне мұнай-химия өнеркәсібінің дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне де көңіл бөлініп отырады.

Мұнай суда ерімейтін болғандықтан, суға төгілсе, судың бетін бүркеп, оттектің, ауа құрамындағы басқа газдардың еруіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде, табиғи су коймаларындағы микроорганизмдер мен жануарлардың тіршілігі жойылады. Мұның соңы экологиялық апатқа соқтыруы мүмкін.

Мұнай қалдықтарын корек ретіңде пайдаланып, зиянсыз өнімдерге айналдыратын бактериялар бар екендігі анықталған. Соларды мұнайды өндіру, тасымалдау және өңдеумен байланысты туындаЙТЫИ ластанулар кезінде пайдалану арқылы қоршаған ортаны экологиялықтұрғыдан қауіпсіз етіп, қорғау мүмкіндігі қарастырылуда.

І-тапсырма. Сұрақ-жауап.

1. Молекуласы бес көміртегі атомынан тұратын мұнайда болуы мүмкін көмірсутектердің құрылыс формуласын жазыңдар.

2. Трансформатор майларын металл натриймен құрғату әдісі белгілі. Бұл әдіс негі негізделген?

3. Жеке көмірсутектерді мұнайдың жоғары температурада қайнатып реакцияларынан бөліп алу, оларды төмен теспературада қайнатып реакцияларынан алудан қиындау болуы неліктен? Оқулықпен жұмыс.

«Керегін тап» ( 4 минут)

6-жаттығу. Көлем табу.

«Ой толғаныс» (5 минут)

7-жаттығу. Мұнайдың құрам бөліктерін анықтау.

«Кім жылдам?» ( 10 минут)

8-жаттығуларды орындау. Кететін шығымын анықтау

Қорытындылау.

«Өрмекші» әдісі. ( 5 минут)

Шығым арқылы есеп шығару.

Үйге тапсырма (1 минут)

Табиғи газды оқып келу.


Оқулық.

Интербелсенді тақта



АКТ

Жұмыс дәптерлері


Оқулық.


Тақта, бор.


Тақта, бор.



Ақ парақтар

Аяқталуы


Кері байланыс (4 минут)

«Активатор 3-2-1» әдісі.

Сабақтан алған екі жақсы нәрсе, бір ұсыныс тілек арқылы білдіреді.

Бағалау парағы


Стикерлер



Оқулық

Қосымша ақпарат

Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тасырманы күрделендіруді қалай жосарлайсыз?

Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Мұнай туралы білетінің айтып бер.


Математика, тарих, география, физика пәндерімен байланыс орнатылған.

Рефлексия . Сабақ/оқу мақсаттары

шынайы ма? Бүгін оқушылар

не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім

бе? Мен өз жоспарыма қандай

түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.






Қорытынды бағамдау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
7047
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12