400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұнайды жіктеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж студенттеріне арналған. Жалпы химиялық технология пәні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топ: ХимТк-31

Пән: Жалпы химиялық технология

Оқытушы: арнайы пәндер оқытушысы Жансултанова А.Б.

Сабақтың тақырыбы: Мұнай түрлері

Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы

Сабақтың мақсаты: оқушылардың «Мұнай түрлері» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелендіру.

Білімділік мақсаты: Мұнайдың негізгі өнімдері туралы білімдерін қалыптастыру

Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың мамандыққа қызығушылықтарын арттыру

Дамытушылық мақсаты: Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту































Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастырушылық кезең (2мин):

  1. Сәлемдесу;

  2. Оқушыларды түгендеу;

  3. Топтың сабаққа дайындығын тексеру.

Балалар бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы «Мұнайдың негізгі өнімдері». Біз жалпы химиялық технология пәнінен үлкен бір тарауды өттік, ол «Мұнай» деп аталады. Енді бүгін сол тарауды қорытындылай отырып, бізде білімді бекіту сабағы өтеді. Бүгінгі сабақтың мақсаты: «Мұнай» тақырыбы бойынша өткенді қайталау және алған білімдерінді жүйелендіру.

  1. Жалпылама сұрау (5мин).

Сұрақтар:

  1. Мұнай дегеніміз не?

  2. Мұнайдың қандай түстері болады?

  3. Мұнайдың құрамы қандай?

  4. Мұнайдың физикалық қасиеттері?

  5. Мұнай өндірудің негізгі әдістері?

  6. Қазақстан Республикасының ірі кен орындары?

  1. Үй жұмысын тексеру (32 мин). Балалар өткен сабақта мен сендерге «Мұнай және мұнай өнімдері» тақырыбы бойынша үйге шығармашылық тапсырма бердім. Он сұрақтың ішінен әрбір оқушы өзіне бір тақырып таңдап алды да, қысқаша бір-екі минутқа слайд немесе видеоролик дайындады.

  1. Мұнайдың жалпы сипаттамасы (Айдана).

  2. Мұнайдың пайда болуы (Мөлдір).

  3. Мұнай өндірісі (Ақмарал).

  4. Мұнай өндірудегі газлифт әдісі (Айдана).

  5. Терең-насос әдісі (Айдана).

  6. Фонтан әдісі (Мөлдір).

  7. Мұнай фракциялары (Ақмарал).

  8. Мұнайдың негізгі өнімдері (Айдана).

  9. Мұнайдың экологияға әсері (Ақмарал).

  10. Қазақстандағы ірі мұнай кен орындары (Мөлдір).



  1. Филворд «Мұнай және мұнай өнімдері» (15 мин). 27 сөз.

Сөздері: Кокстеу,фонтан, фракция, бензин, катализатор, ұңғыма, шайыр, лигроин, Эмба, тұтқырлық, тығыздық, асфальт, каучук, талшық, мазут, Доссор, Атырау, баррель, компрессор, барлау, этан, айдау, бутан, газ, газлифт, битум, мұнай.

  1. Ойын «4 фото 1 жауап» (15 мин).

Жауаптары:

  1. Мұнай

  2. Бензин

  3. Керосин

  4. Мазут

  5. Каучук

  6. Полиэтилен

  7. Пластмасса

  8. Дәрі-дәрмектер

  9. Синтетикалық жуғыш заттар

  10. Бояулар

  11. Синтетикалық талшықтар

  12. Мотор майлары

  13. Парафиндер

  14. Спирттер

  15. Ароматтық көмірсутектер

  16. Асфальтты шайыр

  1. Тәжірибелік жұмыстар (10 мин)

Тәжірибелік жұмыстар жасамас бұрын қауіпсіздік техникасының ережелерін ескерту.

  1. «Пенопласттың ацетонда еруі»

Құрал-жабдықтар: эксикатор

Реактивтер: ацетон, пенопласт

Жұмыс барысы: эксикаторға 300 мл ацетонды құяды. Пенопласт таяқшасын ацетонға батырып, оның еруін байқайды.

  1. «Сутектік қолғап»

Құрал-жабдықтар: химиялық стақандар, Эрленмейер колбалары, өлшеуіш цилиндр.

Реактивтер: мыс сульфаты, натрий хлориды, фольга, дистилденген су.

Жұмыс барысы: бірінші колбада 50г мыс сульфатын 150 мл суық суда ерітіп, екінші колбада 50г натрий хлоридын 150 мл ыстық суда ерітеді. Өлшеуіш цилиндрге екі ерітіндіні бірақ құяды, оған фольгадан жасалған шар салады. Цилиндрге резеңке қолғап кигізіп, оның сутекпен толтырылуын байқайды.

  1. Сабақты қорытындылау: «Мұнай» тақырыбы бойынша оқушыларға сұрақтар қою, сабаққа қатысқан балаларды бағалау, сабақтың жағымды және жағымсыз жақтарын айту. Оқушылардан осы сабақта үйренгенің, танып-білгенің, сабақтың жағымды және жағымсыз жақтары туралы сұрау.(2 мин)

  2. Үй жұмысы (1 мин):

  1. Қайырбеков «Жалпы химиялық технология» 141-169 бет қайталау.

  2. «Органикалық синтез» тақырыбы бойынша «Ауыр органикалық синтез» және «Нәзік органикалық синтез» сұрақтарын қарастыру. Конспект жазу.

  1. Оқушылармен қоштасу.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
422
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі