«Мұқағали-мәңгілік
ғұмыр» атты Мұқағали
Мақатаевтың
шығармашылығына арналған әдеби-сазды кешінің
сценарийі.
Өткізілу
орны: Жастар
орталығы
Өткізілу
мерзімі: 09.02.2017
ж.
Видео
көрсетіледі.
ФАНФАР
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен
оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған
сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық
жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай,
өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті
бар халық-шынымен бақытты халық.
2-Жүргізуші: Құрметті поэзия сүйер қауым,
бүгін біз қазақ поэзиясының хан тәңірі,ақиық ақын,тау тұлғалы
талант,қазақ жырының шоқ жұлдызы, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,
жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың
махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың 86 жасқа толуына орай
ұйымдастырылған «Мұқағали-мәңгілік
ғұмыр» атты әдеби-сазды кешімізге қош
келдіңіздер.
1-жүргізуші: Саф өлеңнің жүйрігі Мұқағали
Мақатаев табиғатпен, тағдырмен, бәрімен адал сырласты. Оның
өлеңдері бүгін де шаршағанға – әл, шөлдегенге – нәр, сүйгенге –
сырлас, мұңайғанға – мұңдас боп адалдық, татулық белгісін тербеп
тұр.
2-жүргізуші:Өлең – өнер,
өлең – дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге
әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып
жетіп жатыр. Оның әндері – таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді.
Ендеше, кезекті әнге жолдайық.
Ән: «Саржайлау» орын. «АйДанАру»
триосы
1-жүргізуші :Мұқағали Мақатаев-қазақ поэзиясының көгінде
кешегі майдангер, ғажайып дарын иесі.Қасым Аманжоловтан кейін жарық
жұлдыздай жарқ етіп, оқырманды өзіндік сыр-сипаты қайталанбас
дарынмен баурап алған ерекше
тұлға.Ақын рухы – ұлт рухының ажырамас
бөлшегі.Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін
мол қазына қалдырған ақын.
2-жүргізуші :
Айтылар естеліктер мен
туралы,
Біреулер жан еді дер өр
тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі
мүмкін.
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы,-ақынның өз
өмір жолы жазылған «Менің анкетам»
өлеңін тыңдап
көрелік.
Көрініс: «Менің
анкетам»
1-жүргізуші :М. Мақатаев Алматы облысы, Райымбек
ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген.
Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұқаметқали.
«Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады», - деп еркелетіп,
қысқартып Мұқағали деп атап кеткен. Ақын 10 жасыныан бастап өлең
жаза бастайды. Ақын ауылдың кеңесінің хатшысы, әдебиет пәнінің
мұғалімі, республикалық газеттің тілішісі, қазақ радиосының
дикторы, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері, жазушылар одағы
поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңесшісі міндеттерін атқарады.
Көптеген жинақтарын оқырман қауымға ұсынды: «Армысыңдар достар»,
«Шуағым менің», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға жүрек», «Өмір
дастан», «Өмір-өзен». Бүгінде ақынның өлеңдері поэзия сүйер
қауымның іздеп жүріп оқитын жырына
айналды.
2-жүргізуші:
Қара саз, қара шалғын өлеңде
өстім,
Жыр жазам оған жұртым
елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали
Мақатаев
Өлтіре алмас өлеңді ешкім,-деп
ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары
өлген жоқ.Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай,
бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі. Ақынның өзге жұрттан
артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі
әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене
бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне
саяхат жасасақ.
(Мұқағали өлеңдері оқылады)
1-жүргізуші: Поэзия әлемінде өз ойын
көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан
келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бір
үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі,
поэзия әлемінің асқар шыңы-Мұқағали Мақатаев. Мұқағали-ғажайып,
ақиық,сыршыл, гуманист ақын.Мұқағали аға-өмірінің соңына дейін
қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңінің құдіретіне,
терең сырына қаныққан ақын. Сөз құдіретінен мән –мағынасын терең
түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағалидай ақын
кемде-кем.
2-жүргізуші:
«Қалың елі-қазағының»
өлшеусіз махаббатына бөленген, тамырын оқырман ойы мен санасына,
халқының жүрегі мен жанына, елінің көкірегі мен жадына уақыт желі,
заманалар дауылы шайқай ала алмас тереңге жіберген бақытты да
армансыз ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа
мыңжылдық айдынына шығып отыр.
Қазақ жыры әр уақытта,
қазақ өлеңін оқитын ел әр уақытта өз өмірінен өлең өрген
ақынды сыры мен сиқыры мол ғаламды өзінің құндағына алып
тербетер құдіретті жырдың да халқымен бірге, ұлы Тауларымен бірге,
ұлы Даласымен бірге өмір сүреді, ғұмыр кешері ақиқат. Мұқағалиға
арнау өлеңін оқу үшін ортаға Шырынкүл
Маханбетиярқызын шақырамыз.
Мұқағалиға арнау
өлеңдер.
Ән: «Есіңе мені алғайсың» орын.Хасенов
Дастан
1-жүргізуші:
Мұқағали – қазақтың саңлағы,
Мұқағали – ән жырдың шаңырағы.
Шырқалғанда жырларың жаным толқып,
Жүдеу тартқан көңілім жадырады.
2-жүргізуші:
Жырыменен жүректерді
тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындары кемде кем.
Ән:
«Иіскейн» орын.Аманғалиев Жанат
Ән:
«Ауыл тойы» орын.Хасенов Дастан
1-жүргізуші: «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали
жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Ақын ұлы
сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кең
суреттеген.«Ақынның ақындығы атақта емес, ақынның ақындығы арда
ғана,- деп арым – өлеңім деген мұратпен ғұмыр кешкен ақиық ақын
Мұқағали халқына «бірге туған жан дүниесі» өлеңдерін
қалдырды.Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен
еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып
жүр.
2-жүргізуші:
Құрметті тыңдарман
қауым!Мұқағалидың сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар
деп ойлаймыз. Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ
ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін
қазынасы. Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа,
ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы мына күрмеуі
көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап
өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де,
күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары
ешқашан өлмек емес.Келесі сөз кезегін Аршалы ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Асылбек
Байжұмаға береміз.
Финал «Туған ел»
орын.Сембиева Айдана