2.жүргізуш:Халқына жыр
арнаған,замандасына үн қатқан,тағдырына мұңын шерткен Мұқағали
жырлары мәңгілік,әрқашан құнды.
1.жүргізуші:
Пай,пай,Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тиясың-ау қуанышты
күлкіні.
Өмір деген –бір жарқ еткен
найзағай,
Өмір деген-көк аспанның
күркірі.
Пай,пай,Өмір,
Өтесің-ау бір
күні.
деп өмір сырын түсінген ақын өмір жайлы терең
сыр шертеді.
Ән «Жас
қайың»
2-жүргізуші:
Қазынам бар,
Қисапсыз шектеледі,
Қызғанады біреулер, жек
көреді,
Бермеймін де
сатпаймын,көрсетпеймін,
Алам десең,
Алдымен зертте мені
Деп жырлаған ақын өзінің құнды мұраларын
халыққа қазына етіп қалдырған.
(5-сынып оқушыларының ақын мұраларын
оқуы)
1-жүргізуші:
Жырлар жазам,
Алайда ол кімге керек,
Жанға шипа іздеймін, тілге
дерек,
Мәжнүн болып барамын, күннен-
күнге,
Сау жандардан саяқсып, жүрген
ерек.
Деп жырлаған ақын өзінің ішкі жан
толғанысын «Күрең күз» өлеңі арқылы
жеткізген.
2- жүргізуші:
Отырғанын қарашы күйім
келмей,
Қайда кеттің
О,Муза, құйын желдей.
аузымды ашсам өкпемнен жел
үреді,
Қаңыраған иесіз
диірмендей,
Мұздатады жанымды бұйым
көрмей
Өлең-жырдың құдіретін тереңінен түсінген
ақынның қаламынан туындаған жырлары әрқашан бүгінгі және келер
ұрпақтың жүрегінде сақталары хақ.
Бақыт ұғымын Мұқағалидай
жырлаған ақын кемде –кем. Қыстаубай Ақнұрдың
орындауында «Бақыт деген» өлеңін қабыл
алыңыздар
Жүргізуші:
Айтатын саған сырым бұл
Ертеңім менің бұлыңғыр
Әлсіреп дымым құрып жүр
Адасып менен кеткен бе
Айналайын құлын жыр
Деп өлең- жырмен мұңдасқан ақын толғанысы
ерекше.
Мұқағали- ғасыр ақыны, Мұқағали- ақиық ақын.
Мұқағали –мәңгілік тұлға.
Мұқағалидай ақыны бар халық- бақытты халық.
Ақын тұлғасы әрқашан келер ұрпақтың жадында қалады. Мұқағали
тұлғасын асқақтату бүгінгі ұрпақтың парызы.
(8-сынып оқушыларының
мәнерлеп оқуы)
Жүргізуші:
Қуат алып Абайдың
тіл-күшінен
Жыр жазамын Абайдың
үлгісімен
Абай болып табынсам бір
кісіге
Абай болып түңілем бір
кісіден
Мұқағалиға арнау өлеңдерімен ақын ізін
жалғастырушы жас ақындарды ортаға
шақырамыз.
Жүргізуші:
Туған жер тақырыбы ақынның қаламына арқау
болған. Туған жерге деген махаббатты ақын ерекше жеткізе
берген.
«Туған жер» әнімен Садуақасова Гаухарды
ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Жақындықты сеземін
Жерден де аспаннан
Жылулықты сезінем
Мұздардан, тастардан
Өмірім сірә да
Арыдан басталған
Әріден басталып, мәңгіге
тасталған.
Осы мен өлмеймін,
Өлмейтін шығармын
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан
тұрармын
Деп жырлаған ақын өз сырын өлеңге
шерткен
«Айтатын саған сырым бұл»
әні
Жүргізуші:
Мұқағали жалғыздықты сезінген кезде қазақтың
аяулы ақыны Фаризаны өзіне дос санап, ішкі толғанысын жеткізген.
Бүгінгі таңда ақынның Фаризаға арнаған өлеңі әр қазақтың
жүрегінде.
«Фариза» әні
Жүргізуші:
Қазақ халқы Мұқағалидай ақын ұлын әрқашан
биіктетіп келеді. Мұқағали туралы небір жырлар өмірге келді, әлі де
өмірге келері анық. Мұқағалидың мәңгілік тұлға екені еш дәлелдеуді
қажет етпейді.
Фариза Оңғарсынованың «Мақатаев» өлеңі
мәнерлеп оқылады
Жүргізуші.
Бүгін сенің туған күнің, ой пәлі-
ай,
Мына дүние қалай жатыр
тойламай
Өлмесіңді біле тұра
мәңгілік,
Бұл өмірді қиып кеттің сен
қалай.
Туған күнді тойламай қынжылып
ең
Сыр бермей ешбір жанға тік жүріп
ең
Мерейтойды өткізді бүкіл
қазақ
Күні-түні дүрлігіп
мың-мыңымен
Кезінде туған күні тойланбаса да, бүгінгі
таңда ақынның туған күні жер- жерде тойланады. Ақын бақыты деген
осы шығар, сірә.
Нұр жауып тұрған
көктемде
Гүл тере барсаң көктемге
Есіңе мені алғайсың
Деген ақын бүгінгі таңда халық
жүрегінде.
«Есіңе мені алғайсың»
әні
Жүргізуші:
Жырлар жазам
Білмеймін не берерін
Көгерерін білмеймін, тек
өлерін
Күйінішін, халқымның
сүйінішін
Өз үнімен жырласам деген
едім
Деп жырлаған Мұқағали жырлары
мәңгілік.
Өлсе өлер Мұқағали
Мақатаев,
Өлтіре алмас өлеңді алайда
ешкім
Деп өзі жырлағандай, кезінде бағаланбаса
да,бүгінгі таңда өлеңдері өмірлік мұраға айналған Мұқағали жырлары
өз құндылығын жоймайды.