Мұқағали – мәңгілік
сәулесі.
Мақсаты: ақиық ақын Мұқағали
Мақатаев шығармашылығымен таныстыру, мәнерлеп оқуға, тілін
сүюге,адамгершілікке, мейірімділікке, өзін-өзі ұстауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ақын портреті,
өлеңдері жазылған плакаттар, ақынның кітаптары қойылған бұрыш,
домбыра.
1-жүргізуші: Армысыздар,
құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қуат алып Абайдың
тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың
үлгісімен.
Абай болып табынсам бір
кісіге,
Абай болып түңілем бір
кісіден.
деп жырлаған Мұқағали Мақатаев
биыл 81 жасқа толып отыр. Жыл керуені алға жылжыған сайын
М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы
түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп,
айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –
шынымен бақытты халық.
1-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев
Алматы облысы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9-ақпанда дүниеге келген.
Ол өзінің «Менің анкетам» деген өлеңінде өзі туралы қысқаша былай
дейді. (Екі оқушы диалог түрінде өлеңді мәнерлеп
оқиды).
2-жүргізуші: Мұқағали
Мақатаевтың сәбилік шағын бейнелейтін «Бесік балағындағы жылан»
өлеңі бойынша сахналық көріністі
тамашалаңыздар.
Көрініс соңында «Бесік
балағындағы жылан» деген өлеңінен үзінді
оқылады.
1-жүргізуші: Табиғаты шырайлы
да шұрайлы Қарасаз топыра,ындағы қаймағы бұзылмаған қазақы ортада
өсіп-өнген. Мұқағалидің балалығы әуелде мұңсыз басталады. Өзінің
бір өлеңінде ақын ол кездерді:
Жиі енеді түсіме бұрынғы
ауыл,
Ойнақ салып, құлын-тай қырында
жүр.
Сүттен бұлақ ағызып, шырлы
ауыл,
Іркіт иісі келеді мұрынға
бір,-деп сағына еске алады
Әбішбай Абзалдың орындауында
«Сәби болғым келеді» әнін тыңдаңыздар.
2-жүргізуші: Алайда сол мұңсыз
балалыққа сызат түсірген соғыс Мұқағалиді демде есейтеді.Алаңсыз
күлкісін соғыс ұрлаған. Мұқағали тағдырдың ащы дәмін тым ерте
татады.Бұл ретте, «Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? » атты
өлеңінде ақынның өзі:
Сағынам ба түстерің,
кештеріңді?!
Жалаң-аяқ таңғы шық
кешкенімді.
Өшкенімді білдірмей,
өскенімді,
Жүре бердім жамылып
бөстегімді...
деп сыр шертеді. Дарабоз ақын
жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.
1-жүргізуші: Ақиық ақын
өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай
оқиды. Адам өлеңдерінің өміршеңдігі – олардың мағынасы терең
мазмұнында, кез келген адамның жүрегіне қона кетер
қарапайымдылығында жатса керек. Ендеше, құрметті көрермендер, ақын
жырларына кезек берейік.
-
«Поэзия»
-
«Ғашықпын»
-
«Сенемін»
-
«Мен сені
ұнатамын»
-
«Ұят болды -
ау»
-
«Сәби
ана»
-
«Күрсінбеші»
-
«Соғыс»
2-жүргізуші: Өлең өнер, өлең
дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі,
жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді. Сол ақ қағазда
иесін тапқан әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп
жатады. Талантты ақын Мұқағалидің көптеген өлеңдеріне ән жазылып,
сахна төрінде шырқалып жүр.
Қуаныш Заңғардың орындауында
Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Күрең күз» әнін
тыңдаңыздар.
1-жүргізуші: Ақын өз өмір
жолында әділдік іздеп, жан-жағындағылардын түңілген кездері көп
болды. Ол өз өмір жолында әділетсіздіктің салдарын,
жан-жағындағылардың соқпағын көп көрді. Аяулы қызынан айырылған
ақын көп қиыншылық көрумен қатар көшіп-қонып , баспана іздеп әр
жерге қоныс аударумен болды. Жырын жырлаған халқының адал перзенті
болса да ,өсірмей аяқтап шалып,төмендетушілер де кездесті. Өзі
өскен халқының ортасында отырып, сыртта қалғандай күйді
сезінді.
Осындай күйдегі Мұқағали
өмірінен көрініс.
2-жүргізуші. Жамбыл
Пернекүлдің орындауында ән: Қайтер едім өмірге
келмегенде.
2-жүргізуші: Табиғат – адам
жанын сырлы сезімге толтырар кәусәр бұлақ. Сол бір кәусәр бұлақтан
сусындаған адамзат баласы Мұқағали сынды табиғатта тұнған көрік пен
астарлы сырға қанық болмақ.
Келесі тамашалайтындарыңыз
қыздардың орындауында би «Саржайлау»
1-жүргізуші: Мұқағалидің
Фаризаға арнаған өлең-хаты халық арасында көп аңыздар туғызып,
түрлі хикаяларға желі болып келді. Шын мәнінде екі ақынның арасында
поэзия деп аталатын құдіреттен таралған шынайы сыйластық болды,
достық болды. Фариза Оңғарсыноваға арнап жазган «Фаризаға» атты
арыз-толғауы жайлы көрініс.
2-жүргізуші: Жылдар өтер...
әлі небір ақындар дүниге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін
аспанға бірақ көтерген Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр
ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек.
Мұқағали ақынның жырлары –
тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт
еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі
сақталады.
1-жүргізуші:
Тірісінде сый көрмей қайран
ақын,
Тек өлген соң атағын жайған
ақын.
Ежелден қазақтың бұл
қасіреті,
Бармағын тістеп кейін
ойланатын.
Күн сүйіп кереқарыс
Маңдайымнан,
Лағыл жырлар төгілген
таңдайымнан.
Барында бағаламай білдік
кейін,
Қазақтың айырылғанын қандай
ұлдан.
2-жүргізуші: «Естеліктер»
кітабында Нұрғиса Тілендиев «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты
күйзелдім. Жүрегім әлсіреп екі ай емханада жаттым. Арада екі ай
өткен соң жұмысқа кеттім, бешпетімнің қалтасынан хат шықты.
Мұқағалидің жазуы, «Аға мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын
білмеймін. Мынаған назар аударып көріңіз» депті. Бұл «Есіңе мені
алғайсың» әні еді.
Ақын туралы кешімізді «Есіңе
мені алғайсың» әнімен аяқтаймыз.