«Мұқағали – поэзия тұлпары» (Мұқағали оқулары)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мұқағали – поэзия тұлпары» (Мұқағали оқулары)

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мұқағали – поэзия тұлпары» (Мұқағали оқулары)

Мұқағали сөзіне жазылған ән орындалады.
Жүргізуші:
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы.

Жүргізуші:
Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. «Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіңе қайтарамын»- деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали оқуларына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
«Сырым да осы, жырым да осы, Алдыңда.
Байқашы сен, Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!»-
Мұқағали - ақын, аудармашы, драматург, прозашы. Оның жауһар жырлары - мәңгілік. Олай болса, ақынның өлеңдерін жаттап, сусындап өсіп келе жатқан өлеңге құмар мектебіміздің сайысқа қатысушы оқушыларын ортаға шақырайық.
(Ортаға қатысушы сайыскерлеріміз шақырылады)
Жүргізуші:
Мұқағали оқуларының шарттарымен таныстырып өтейін:
I кезең: Мұқағали өлеңдерінен 1 өлең жатқа мәнерлеп оқу.
II кезең: Мұқағали туралы сұрақтарға жауап беру.

Жүргізуші:
Иә, ақын мұны бізге жетті. Оның тілегін орындау – біздің парызымыз. Поэзияның аламан бәйгесінен оза шауып, шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Мұқағали туралы аздаған бейнефильм тамашалайық. (видиофильм көрсетіледі)

Жүргізуші:
— «Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе – күн қасымызда, әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп, жарық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр» — деген еді ақын Әбділда Тәжібаев олай болса, ақынның өлеңдеріне кезек берейік

I кезең: Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу. Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Кезек сайыскерлерімізді
(Ортаға кезек бойынша қатысушылар ортаға шығады)

Осы орайда Мұқағали атамыздың өз дауысымен оқыған өлеңдеріне кезек берсек.

(Мұқағалидың дауысымен айтылған өлеңін тыңдату)

Жүргізуші:
Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали поэзия алыбы.

Жүргізуші:
Өлең - менің бар тынысым,
Жақсы сөзім - жаны игі халқым үшін.
Атақ қуып, бақ қуып, даңқ қуып,
Біреулерден жүргем жоң арту үшін.

II кезең: Мұқағали туралы сұрақтарға жауап беру.
Жүргізуші:
Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен аңында арман бар ма
Жүрегінің түбіне кір жасырмай...

Жүргізуші:
Мұқағалиді еске алып келеді елім,
Қайталаған қазақтың қара өлеңін.
Ұмытпайды ұрпағы ұлыларды,
Мұқағали, Жұмекен, Төлегенін.

Жүргізуші:
Ән сал, жаным!
Әніңмен тербет мені
Бір сәтке тынсын, тіршілік жер көктегі
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып, көкке қалықтайды. Оның сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Қолдарыңызға таратылған әннің мәтіні бойынша ақынға тағзым, ақынды еске алу ретінде «Есіңе мені алғайсың» әнін барлығымыз бірге шырқайық.

Жүргізуші:
Бүгінгі «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали оқуларының қорытындысын жариялау үшін әділқазылар алқасына сөз берейік.
(Сайыскерлерімізді марапаттау)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2021
756
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі