Тақырыбы: «Кітапхана- рухани байлық
көмбесі» М.Мақатаевтың шығармаларынан
«Жас Ұлан сағатын» ұйымдастыру.
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық
талантын оқушы жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген
сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, ақын жырларын, әндерін айта
отырып, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Мәнерлеп оқу қабілетімен рухани танымдарын
дамыту.
Көрнекіліктері: 1. Мұқағалидың суреті, слайд
топтамалары.
Дәйек сөз: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы.
1. Ақын жырларын мәнерлеп оқу:
Ащы жырым құйылса өтке барып,
Ашырқанып, алайда, сөкпе халық.
2. Балаларына арнаған өлеңдері:
«Сен өмірге басқа жолмен бас қадам,
Әкең жүрген соқпақтардан қаш, балам!»
Мұқағали
3. Ақын жырларына жазылған әндерді орындау.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!?
4. Қорытынды: «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған».
Мұқағали
Мұғалім: Армысыздар құрметті өлеңмен сусындап, жырмен құлақ құрышын
қандырып, өнерді қадірлейтін жас достар!.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан
асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали
Мақатаев шығармашылығына арналған «Жас Ұлан сағатына» хош
келдіңіздер!
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған ақын биыл тірі болса
ақпан айының тоғызында 86 жасқа толар еді.
Мұқағали ағамыз орта мектепті бітірген
соң, ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол
комитетінде болып, 1949 жылы Лашын апамызбен өз отбасын құрды. Одан
соң дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты
ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға
ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
Одан кейін 1954 – 1962 жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет
атқарды. Ал, 1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ
әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз»
журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 – 1973
жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін
атқарды.
Ақынның тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол ауданында «Советтік шекара»
газетінде жарық көрді. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған
халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын
жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды. Дантенің,
Шекспирдің шығармаларын қазақ тілінде аударған ақиық ақынымыз 1976
жылы 27 наурызда өмірден өтті.
Жыр кеңістігі – шексіз, ал сен дарасың,
Ғасырыңды жырлап өткен данасың.
Табындырып,, сағындырып біздерді.
Хантәңірідей биіктеп сен барасың, - деп жырлап ақынның өлеңдеріне
кезек берейін.
«Арыз жазып кетейін» Нұрай
7 а - класс оқушысы.
Рахмет!
Жүргізуші: Қазаққа тән қара өлеңге табынды,
Ата – баба дәстүрінен ап үлгі.
Ұшан – теңіз ұлылықты паш еткен,
Мұқағали – поэзия алыбы, - деп Мұқағалидың поэзиямен қалай
сырласқанын тыңдап көрейік.
«Поэзия» өлеңі Талғатқызы
Ғазиза 9- класс оқушысы
Рахмет!
Жүргізуші: Ұлы ақын жөніндегі естеліктерді оқи отырып, бірде
қуанасың, бірде мұңаясың. Мұқағали - өмірдің қыр – сырын білген,
аса бақытты жан. Ол «Жазылар естеліктер мен туралы» деп өз өлеңінде
тектен тек айтылмаған. Олай болса, ақынның «Жазылар естеліктер мен
туралы» өлеңіне кезек берейік.
Мәнерлеп оқитын 6- сынып оқушысы Зинабдинова
Сұлушаш
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші: Ақын түс көрді. Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар,
Абай атамыздың қасынан қуана басып, маған күліп келе жатыр. Ояна
келсем түсім екен. Анам бақытты болады екен деп, ұзақ толғаныстан
соң «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
«Шеше, сен бақыттысың» өлеңі мәнерлеп оқитын 5– сынып оқушысы
Ыдырысова Бақытгүл
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші. Қазынам бар
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді – ау бермесем,
Берсем бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы - өлең, досы да өлең. Олай болса, келесі кезекті
ақынның жырларына берейін.
1. «Автограф»
2. «Мен таулықпын»
3. «Махамбеттер, Абайлар»
4. «Әй, өмір»
5. «Қара өлең»
6. «Жүрек арызы»
7. «Пай – пай өмір»
8. «Күрсінбеші»
9. «Барлығы да сендердікі»
10. «Өмір жайлы»
11. «Әке, әкеме»
12. «Ей, өлең»
13. «Елім барда»
14. «Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен»
15. «Менің мақсатым»
16. «Кең дүние төсіңді аш, мен келемін»
17. «Үш бақытым»
18. «Шыда, шыда»
19. «Қарасаз»
20. «Жырласам ба екен?»
21. «Жастық»
22. «Ажалға»
23. «Өзгереді»
24. «Дәрігерге»
25. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан эпилог
26. «Халыққа хат»
Жүргізуші: Рахмет!