Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мұқағали жырларындағы халықтың салт- дәстүрлері мен нақыл сөздері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ғылыми жобаның тақырыбы:
Мұқағали жырларындағы халықтың салт- дәстүрлері мен нақыл сөздері
Жоспар:
І. Кіріспе
Мұқағали қазақ поэзиясының – мақтанышы
ІІ. Зерттеу бөлімі:
1. Халықтық дәстүр- ақын өлеңдерінде.
2. Нақыл сөздерге арналған Мұқағали өлеңдері.
ІІІ. Қорытынды.
Мұқағали поэзиясы – қымбат қазына.
Қазақтың аса дарынды ақиық ақыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтың мұрасы, өлең үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтың да еншісі, қастерлеп- қадірлейтін қазынасы. Сондықтан мен поэзия пырағын ауыздықтан айтулы ақын жырларын зерттеп, өз ғылыми жұмысыма арқау еттім. Ақиық ақынға арналған ғылыми жұмысымның тақырыбы «Мұқағали жырларындағы халықтың салт -дәстүрлері мен нақыл сөздері» деп аталады. Ғылыми жұмысымның басты мақсаты – ақын жырларына жан- жақты талдау жасау және халықтың салт – дәстүрлерін қалай арқау еткенін анықтау. Сонымен қатар ақын поэзиясындығы нақыл сөздерді талдау.
Мен ғылыми жұмысымда ақынның қазақ поэзиясындағы жарық жұлдыз екенін, қазақтың күпі киген өлеңін, шекпен жауып мың түлеген ақын екенін дәлелдеуді мақсат еттім. Мұқағали Мақатаев поэзиясының құндылығын жас өскелең ұрпаққа паш ету - басты міндетіміз болса, сол міндетті шешуге өз үлесімді қосу менің де парызым. Сондықтан мен ғылыми жұмысымда ақын поэзиясын жан- жақты білуге тырыстым. Қазақтың салт- дәстүрлеріне тоқтала келе ақын поэзиясындағы осы бағыттағы өлеңдеріне тоқталдым. Ақын өлеңдеріндегі нақыл сөздерді табуға тырыстым. Арнайы жоспар бойынша ғылыми жобамды жаздым. Ғылыми жобамда Мұқағали ақынның нағыз талантты ақын екендігін, оның шығармаларының өміршең екендігін танытуға тырыстым.
Ғасыр ауысар тұста Қазақстан Жазушылар одағының шешімімен Мұқағали «Ғасыр ақыны» аталды. Міне, енді жалпы халықтың сүйіспеншілігіне әлде- қашан ие болған ақын ақыры бұрын ұсынылса да белгісіз, түсініксіз себептермен алмай келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына дүбірлі жалпы халықтың 70 жылдық мерей тойы қарсаңында ие болды. Бұл халық пен өкілетіміздің біртұтастығының айқын дәлелі іспетті. Сондықтан Мұқағали өлген жоқ, оның мұрасы халықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Мұқағали мұрасы мәңгілік.
І.Кіріспе
Мұқағали Мақатаев. Осы есімді айтқанда көңіл шіркін сан құбылады. Өйткені мен Мұқағали өлеңдерін оқып, зерттедім. Алғаш шәкірт атанып, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап - ақ Мұқағали өлеңдерімен таныстым.
Мектебің мынау класың, Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың - деп алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтте осы өлеңді айтқан едім.
Мұқағали жырларын тек қана оқып қоймай оның өлеңдеріндегі халықтық дәстүрді, нақыл сөздерді білуге құмарттым. Өйткені қазақтың салт- дәстүрлері ақын поэзиясында өзіндік орын алады.
Тұсау кесу – қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі. «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін» деп өлеңдетіп қазақтар сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүгіртеді, шашу шашады. Тұсау кескен адамға кәдесін береді, мәселен «Сәби болғым келеді» өлеңінде жырға қосады:
Қанаттанып өмірге
ұшарымда
Кесілмесе бәрібір тұсауым да
Сәби болғым келеді, сәби болғым
Сәбиі жоқ ананың құшағында.
Бәсіре – бала жеті жасқа келгенде оған құлын, тай атайды. Бәсіреге аталған мал баламен бірге өседі. Оны бәсірен мал дейді. Мысалы,
Жылқышы атам – қамқоршы, асыл еді, Әкелді де, ерттеді бәсіремді – дейді.
«Әлди, әлди ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем», деп басталатын бесік жыры ертеден құлағымызға таныс естіледі. Бесік – киелі, қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу халқымыз үшін елеулі дәстүр. Сәбиді бесікке үлкен елдегі тәрбиелі, өнегелі әжелер салған. Ауызша кездесетін бесік жырының үлгісімен жазған Мұқағали Мақатаевтың «40-жылдардағы бесік жыры» өлеңінде:
Бөпем – бөпем, бөпем-ау,
Қай жерде қалды көкең-ау
Көбісі біздің ырымның
Түкке алғысыз екен-ау! – деп мұңды жырды жазады.
Жаңа түскен келінді беташар дәстүрі жасалмай, ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі беташар жасалады. Оған туған-туысқандар тегіс қатынасады. Беташарда жас келінге тума-туысқандар тегіс таныстырылады. Суреткер ақын осы беташар салтына байланысты туған «Беташар» өлеңінде:
Боз ала ауыл жастары,
Бозбала күнін бастады.
Боз жаулық жауып қыздарға
Шаңырақ құра бастады, – дейді.
Тәбәрік беру – дәстүрі қазақ халқында ертеден бар. Ата-бабаның қастерлі бұйымдарын ұрпағына мұра етіп қалдыру оларға үлкен ескерткіш, естелік болып табылады. Ақынның «Әке, сенің тастап кеткен мұраңды» өлеңінде:
Әке – сенің тастап кеткен
мұраңды
Төрт немерең көрген шақта қуанды
Терің сіңген тақияға жармасып
Алма- кезек бірінен соң бірі алды, – деп жас өскелең ұрпақты
ата-баба мұрасын көненің көзіндей көруге насихаттайды.
Тағы бір «Тәбәрік» өлеңінде:
Аппақ тонын атамның тәбәрігін
Жүзге кел деп арқаңа жаба салам.
Қазақ халқы ақсақалды
аталарды, ақ жаулықты аналарды құрмет тұтып, сыйлаған, төрден орын
берген. «Тоқта,
ботам» өлеңінде
ақын:
Ей, болашақ! Қарт келеді зиялы
Кейімесін ата қыран ұялы
Сен сыйласаң, сәби шақтың бір сәтін
Атаң саған ұзақ өмірін қияды – деп, жас жеткіншек балаларды,
қарттарды
сыйлауға шақырады. Тағы бірде ақын:
Анам маған: -
Үлкенді сыйла деген.
Сол сөз маған ізгілік құйған екен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем, – дейді.
Ұйықтап жатқан баланың
бетінен сүйме, шошиды деген қазақта ырым бар. Бұл турасында
ақын «Бесік
басында» деген
өлеңінде:
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын рұқсат жоқ.
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге – дейді.
Қазақы дәстүрдің бірі –
келген қонақты құр жібермеу, қуыс үйден құр шығармау. Ақын бұл орайда:
Бұзықтың қамшысындай иректелген
Бұзық ит, не сор сені сүйреп келген.
Тамыз, кәне, сүтіңнен таңдайыңа
Тажал неме бізді де үй деп келген – деп ойын сабақтайды.
Ақын Мұқағали Мақатаев «Жетім күшіктер мен кәрі сырттан» өлеңінде:
Кәрі сырттан ұлуын
доғармады,
Сол кеткеннен мол кетті, оралмады.
Бірақ бізге өлігін көрсетпеді.
Қиын екен жақсы иттің жоғалғаны – деп, жақсы ит өлігін көрсетпейді
деген ойды аңғартады.
Ақынның тағы бір өлеңі – «Сонда да біз» өлеңінде:
Сабыр, сабыр, әй, достым,
ашуланда
Төрт тентегің құтыңды қашырғанға.
Бұл өмірде баладан асыл бар ма,
Сабыр, сабыр, әй, достым ашуланба! – деп, сабыр түбі – сары алтын
деп досын сабырлыққа
шақырады.
Қарап отырсақ, Мұқағали ақын өз поэзиясында көптеген халықтың салт-дәстүрін, ырым-нанымдарын өлеңдерін арқау етеді. Ақын өлеңдерін оқығанда ақынның әр өлеңінен нақыл сөздерді жиі кездестіруге болады. Мысалы, «Өмір – өзен» өлеңінде:
«Рахатқа бола бес күнгі
Ренжіте көрме ешкімді.» иә болмаса:
«Өмірді қалай сыйласаң,
Өлімді сондай жат көрме» – дейді.
Достық турасында
М.Мақатаевтың нақылға толы «Қарлығашым, келдің бе?»
өлеңінен үзінді
келтірсек:
«Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген адамның серігі екен» немесе «Достық»
өлеңінде:
Шоқтанып жүрген көгімде
Шолпаным бар ғой менің де,
Жолдассыз, доссыз тегінде
Өткерген өмір, өмір ме? – деп ойын жалғастырады.
Ақын өлеңдерінде афоризмдер яғни нақыл сөздер өте көп. Афоризм дегеніміз – мән-мағыналары терең нақыл сөздер. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысал келтірсек:
1 Жамандарды іздеме өзі
табар
Жақсыларды табуың қиын екен
(«Мавр» өлеңінен)
2 Бір бұйымы бір үйге мұра болар
Қайран біздің аталар – ғұламалар.
(«Аққулар ұйықтағанда»)
3 Атамнан қалған мұра ізеттілік
Арымды соған қоям күзеттіріп.
(«Шуағым менің»)
4 Қазақтың мал-ырысы, малы-бағы
Қашаннан бір-біріне танымалы
(«Тау өзені тентек қой, тасып жатыр»)
5 Дариясы өмірдің шайқалмайды
Дәрмені жоқ бір пенде жылағанға
(«Өмір дейтін»)
6 Адамның ғұмырынан қысқа не бар?
Күн еңкейсе болғаны, кеш кіреді.
(«Сәби-ана» өлеңінен)
7 Білесің бе, ей кім көрінген?
Айтсын деп ақиқатын тіл берілген!!!
(«Сынауға тіпті құмар кім көрінген»)
8 Бықсып жанған қоламта емес,
Артымызда шоқ қалсын.
Болашақтың ошағында
Біз тұтатқан от жансын!
(«Болады деп арманда»)
9 Бас – биік қой,
Биік жерге алдымен қар түседі.
(«Бастау» өлеңінен)
10 Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегіспей,белдеспей
Өтейікші біріміз бен біріміз
Өшіктірмей, өкпелетпей сен деспей
Қорыта келе ең бір ақынның жаныма жақын өлеңі «Үш бақытым». Ақын
бұл өлеңде үш нәрсені- халқын, тілін, Отанын бәрінен артық
көретінін білдіреді. Мысал келтірсек:
Ең бірінші бақытым – Халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын қор болмаймын, Қымбаттырақ алтыннан нарқым
менің.
Ал,екінші бақытым –Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан
деген
Кім мықты десе біреу, Отан дер ем. ...Оты сөнген жалғанда жан
барсың ба? Ойланбай –ақ кел –дағы ол ал менен.
Мұқағалидың поэзиясы – қай жағынан алғанда да, тақырып, мазмұн, т.б барлығынан биік тұрған поэзия. Оның өлең әлемі – қазақтың таңғажайып жыр әлемінен тұратын керемет ғажайып әлем.