«Рахат
ауылдық округі № 1 орта мектеп» КММ
Сынып
сағаты «Мұқағали-мәңгілік
ғұмыр»
7
«А »сынып
5-топ
Есік
қаласы
2019-2020ж
Тақырыбы:
«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр»
Сабақтың
мақсаты: Мұқағали
Мақатаевтың ақындық талантын танытып,
оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын
ояту, ақын рухына тағзым жасап, құрмет
көрсету .Ақмарал:Сәлеметсіңдер
ме,құрметті оқушылар.Бүгінгі біздің
өткізгелі отырған сынып сағатымыздың
тақырыбы «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» деп
аталады.Бүгін ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың
туған күні.
Қазақтың қара өлеңін кие
тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан
асыл жырларымен қалың жұртшылықтың
махаббатына бөленген М. Мақатаев 89 жасқа
толып отыр.Халықтың рухани бай әдеби
мұрасына күш – қуат алған Мұқағали
қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына
шалқар шабытпен, қаламдас достарының
ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген
дара тұлға. Ерсұлтан:
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931
ж. 9-шы ақпанда Алматы
облысы,
қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол)
ауданының Қарасаз ауылында
дүниеге келген. Албан тайпасы
Алжан руынан шыққан.
Азан шақырып қойылған аты -
Мұхаммедқали.[2] Әкесі
қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы
болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы
болған, оның артынан бір қыз және үш ұл
туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы
інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының
есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ
дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы
ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан
Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп,
анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық
шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын
тағдырдың ащы дәмін ерте татады..Мұқағалидің
әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза
табады.[2]
Ойын
Видео
көрсету
Асылхан:
Мұқағали
Мақатаев ерте үйленген. Әйелі Лашын
Әзімжановамен Мұқағали өзі қызмет
атқарған Шибұт ауылында танысады.
Институтта сырттай оқыған Лашын ауыл
мектебінде
мұғалім болып, бала оқытқан. Сол мектептің
10-сыныбында оқып жүрген Мақатаев өзінен
2-3 жас үлкен мұғаліміне ғашық болып
қалады. Ол 1949 жылы шаңырақ
көтереді. Берекелі шаңырақта Ләззат,
Майгүл, Жұлдыз, Айбар, Алмагүл есімді
бес бала дүниеге келген. Ақынның жары
бала тәрбиесімен айналысып, қашан да
үйдің берекесін келтіріп отырған.
Ақынның жары арқау болар жарының
қазасынан кейін де оның еңбектерін
жиыстырып, естеліктер жазып, Мұқағали
мұрасының сақталуына едәуір үлесін
қосқан.
Сөзжұмбақ
Жұмақыз:
Хронология
1948
- 49 ҚазМУ-дың
филология факултетінің студенті;
1948
- оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық
кеңестің хатшысы;
1949
- көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949
- "Советтік шекара" газеті ақынның
"Қырман басында", "Қойшы бала -
Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
1950
- Алматыдағы Шет тілдер институтының
неміс тілі факультетіне оқуға түсіп,
көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты
оқуын тастайды;
1954
- Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс
тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы
жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және
искусство" журналында жарияланды;
1957
- Республикалық радионың диктор қызметін
атқарады;
1960-62
- "Советтік шекара" газетінің бөлім
меңгерушісі;
1963-1965
- "Мәдениет және тұрмыс" журналында
жұмыс істеді
..ойын
Ақмарал:
Поэзиядағы
алғашқы қадамдары.Ақынның
тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”,
“Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы
“Советтік шекара” газетінде жарияланды
(1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық
жыры” атты жинаққа енді (1951). Мұқағалидің
“Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға
жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”,
“Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”,
“Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”,
”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары,
сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.)
атты прозалық кітабы
да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды.
Өзін аудармашылық қырынан да сынап
көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті
комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін
(1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін”
(1970 ж.), Уолт
Уитменнің өлеңдерін
(1969 ж.) қазақ тіліне аударды.Ақынның көзі
тірісінде 3 аударма кітабы У.Уитмен,
“Шөп жапырақтары” ; У.Шекспир, “Сонеттер”
; Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының”
“Тамұқ” бөлімі, 8 жыр жинағы “Ильич”
, “Армысыңдар, достар” , “Қарлығашым,
келдің бе?” , “Мавр” , “Дариға-жүрек”
, “Аққулар ұйықтағанда” . “Шуағым
менің” , “Өмірдастан” жарық көрді.
У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов,
Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян,
Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін
аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев
тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души”
деген атпен орыс тілінде
басылып шықты
Ақмарал:
Осымен біздің «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»
атты сынып сағатымыз өз мәресіне
жетті.Назарларыңызға рақмет.