Материалдар / Мұқағали Мақатаев поэзиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұқағали Мақатаев поэзиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаев поэзиясы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2023
313
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Өмірім,сірә да, әріден басталған,

Әріден басталып,мәңгіге тасталған....»



Мұқағали Мақатаев шынайы пқэзия өкілі,ғажайып ақындардың бірі.Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім,жылтырақ сөзге әуес болмады,ол туралы: «Мен жырлаймын,сырласамын.Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын,киілмейді жыр жасағым»немесе «Тіпті мен де еместі «Мен» деген...өзгенің жан-сырын ұғу үшін, өзімді зертегенді жөн көремін.Мұқағали шығармаларының негізі «өзін –өзі» зерттеуден тұрады.

Ақынның шын мәнінде шеберлігі – ол қолданған әрбір амал - адам бейнесін ашуға қызмет еткен. Ақын поэзиясында табиғат көріністерін, пейзажды әшейін бір уақыт кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамайды, онда адам бейнесін толықтыра түсетін тәсілдер мол. Әрі көркемдік - философиялық иірімдер мен сарындар, түйіндер мен мазмұндар арқылы өте жарқырап көрінеді. Ақын адам мен жаратылыстың үндестігін жырлайды. Ол жаратылыстың көп құбылысынан адам болмысына тән сипаттарды аңғарады. Содан да болар ақын табиғаттың әр бөлшегімен, көрінісімен ашық сырласады, мұңына ортақтасады. Ақын атаулы табиғат пен жаратылыстың құбылысына жақын болады.

Ақын өлеңдерінде бірде қуаныш пен қайғы болса, бірде көз жасы, наз бен мұң жүреді.
Осы бір алма - кезек ауысқан көңіліне жұбаныш, жанына тыныш беру үшін ақын көңілі басқаны аңсайды. Ол халқымыздың табиғатына тән кеңдікті, кеңістікті іздейді, сахараны көргісі келеді. Табиғаттан пана іздейді.

Адам мен табиғат. Ақын бұлардың тұтастығын сұңғыла философтарға тән түйсікпен ұғынған. Белгілі суреттерден белгісіз сырларды аңғарды. Ақынның «Тау өзені» деген өлеңінде бала шопаннан таяқ жеген серке ата шопанның соңынан маңырайды. Ол бекер маңырап тұрған жоқ, адам мен табиғаттың арасы алшақтанып, оның соңы дүлей құбылыстарға ұрындыратынын сезді. Сол үшін де шығар, ақын қайыңнан «өмір сүрейік алмасып» деп өтінеді. Сол қайыңнан адамдар тіршілігін көргісі келеді. Ол адамдар арасындағы қарым - қатынасты суреттесе де, табиғат көріністеріне үңілсе де, өткен тарих жолына көз салса да, адамның таусылмайтын арманын, өлмейтін махаббатты, үзілмейтін сағыныш сезімін, біріне - бірі жалғасып жатқан тіршілік сабағын жазды.

Адамның әлдебір күйініш - сүйініш немесе кескін - кейпін, қимыл - әрекетін суреттеу, оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, ең арғы жағы, түрліше табиғат құбылыстарын суреттеу – осылардың бәрі, әдебиеттегі адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін керек. Кезінде Абай «Сөз өнері дертпен тең» екендігін ескертіп кеткен. Ал, шын дарын иесі өнердің азабын тартқанына дән разы. Отыз мың сурет пен бес жүз безендірілген кітаптың иесі, өнерде бағы жанған жапон суретшісі Кацусика Хокусай (1760 - 1819) өзі туралы: «Мені сурет дуалаған, мен сурет тұтқынымын»- деген екен. Ақын Мұқағали да: «Поэзия, сен менімен егіз бе едің,» - деп өзімен туысып кеткен өлеңін жанына жақын тұтады.

Жырым - Сырым екеуі егіздерім,
Екеуін екі бөліп емізбедім.
Жатсам - тұрсам мұң шағып дәптеріме
Жабырқаған жаныма ем іздедім, - деп өлеңінен жанына шипа табады.
Қазақ поэзиясындағы дәстүрлі тақырыптардың бірі – туған жер, оның бауырында өткен балалық шақ, ата-мекеннің тағдыры, оған деген сүйіспеншілік екені белгілі. Ғалым Т. Жұртбай «Көшпелі халықтың нысаналық атауына сүйенсек, жер деген сөздің мағынасының өзі ұлы ұғымдық астардан шыққан. Жер. Біз жердің жемісін жеп, ырыздығымызды айырамыз. Есесіне ол біздің тәнімізді қойнына жасырады, денемізді азық етеді,» - деп жазса, А. Шәріп: «Ұлттық идеяны халықтың қонысқа көзқарасына қатыссыз елестету мүмкін» еместігін ескере отырып, тұжырым жасайды. Мұқағали Мақатаев – туған жерінің суретін бейнелеуде өзіндік өрнек таныта, өзгеше поэтикалық әлем аша жырлайды. Табиғат аясында туып - өскен әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның әдемі табиғатын жырлау – барлық ақынның перзенттік парызы. Қазақ даласының табиғатын Мұқағали пәк, таза күйінде көргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта таниды. Табиғат та адам сияқты кейде көңілді, кейде мұңды. Соған лайық ақын да оны әр күйде суреттейді. Бірде ол дала бетін жапқан жібектей жасыл шөптер мен асқар тау, балдан тәтті сулар көрсе, кейде сол даладағы бабасы өскен Кеңбұлақты ғасырлардан оралған көштерге теңейді. Кейде сарғайған сары белін сәулелі лағылға теңесе, енді бірде сол даланың соққан самалынан таңдайына қымыздың дәмі келген.

Аян ғой аймағыңның сыры маған.
Сөйлейсің, сөйлейсің сен Ұлы Далам!
Мен сенің көкке ұшырған бозторғайың,
Шырылдап жерге түспей тұрып алам.
Жаралған жан емеспін басы бөтен,
Туған жер, топырағыңды басып өтем.
Кеудемде қатып қалған бірдеңе бар,
Кім білсін, туған жердің тасы ма екен?!
Ақынның ойы да, сезімі де еркін, нәзік мұңды көңіл - күйі аралас жүреді. Ақын көлгірсімейді, ағынан жарыла шынын айтады. Сезім мөлдірлігін, үлкен шеберлікті, суреткерлікті танытатын мұндай өлеңдер Мұқағалида мол.

М. Мақатаев адаммен бірге табиғаттан да келісім мен жарасым іздеген ақын. Оның лирикасындағы табиғат жай сурет, көрініс ғана емес, жанды, сезімтал. Сол үшін Алатауға мұң шағады, жас қайыңнан өзіне сырлас табады, жапырақты жүрекке теңейді, мергеннің оғына іліккен аққу мен киікке жаны ашиды.

Кейіпкерлерді өз қиялындағы таза табиғат құшағына, ата кәсіп басына жетектеген – жеңіл - жеңсік, әуесқой желік емес, ішкі жан драмасын ашуға құрылған. Шынайы торығыс, жанға жақын, көңілге қонымды суреттерді еске алудан туған шын серпіліс, тебіреніс көкірегіндегі өзгеше бір шапағатты сәулені оятардай әсер береді.

Ақын туған жер табиғатын шабыттана, құштарлықпен өлеңге енгізеді. Жас ұрпақты туған өлкесін сүюге үндейді. Адам назарын аударатын және адам тіршілігімен тығыз байланысты табиғаттың тылсым құпия сыры көп. Адамзат жаралғалы, тіпті одан да бұрын жаратылған заңғар, биік таулар мен шалқыған айдынды көлдер, ширатылған заңғар өзендер қай заманда да ақын қиялын тербетіп, назарынан тыс қалмаған. М. Мақатаевтың туған жерге байланысты өлеңдері бір шоғыр. Олар: «Апырай, туған жер - ай», «Дөңгелек жер», «Рахмет, дала», «Қазақ жері», «Жетісу», «Туған жерге», «Туған жер сағындырды», «Саржайлау», «Туған елге» т. б. Себебі, қай ақынды алмаңыз, ең алдымен өзі өскен жерінің табиғатын жырлап өткен. Мұқағали да сол дәстүрді жалғастырушы.

Ақын таудың тура табиғи кейпін жырлаудан гөрі тауды фон етіп алып өзінің дүниесін, көңіл - күй әлемінің тебіренісін осы фонға ұштастырып жібереді. Тауды жырлай отырып, түйдек - түйдек ой айтады, философиялық топшылаулар жасап, адам психологиясына жарасымдылық ұғымының эстетикалық мәнін сіңіріп жібереді. Тау табиғатының тылсым сырының ақын қиялын тербетіп, сезіміне ыстық шоқ тастап, бойына қуат дарытып отыруы да сондықтан.
Өлмесін деп берген ғой тауды маған,
Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран, - дейді.
Тауды өзінің, өз көңіл - күйінің баламасы ретінде салыстыра алады. Жаны да, тәні де табиғатпен өзектес сипатты көреміз.
Оның суреттеу мәнерінде сезім басым. Мұқағали сөзінен сыңғырлаған сұлу дыбыс шығады. Ақынның тілі үнді, әуенді, музыкалы тіл. Өлеңін оқығанда көкірегің күйге толып, өз - өзіңнен ән салып отырасың. Бұл сүйіспеншілік, құштарлық сезімі. Ақынның туған жерге деген махаббатты жыр болып төгілген.

Мұқағалидың табиғат лирикасын ақын лирикасындағы туған жер келбеті, өлең өрнектеріндегі табиғат перзенттері, жырға айналған жыл мезгілдері деп топтауға болады. Ал, қыс тақырыбына жазылған «Анау – аспан, мынау - бақ» өлеңінде:
Аспан жердің арасын,
Дәрігер – қыс алуда.
Табиғаттың жарасын
Ақ дәкемен таңуда.
Таңдырып ап маңдайын
Тағы көйлек сұрап жүр
Бақты кезіп тал – қайың,
Жалаң аяқ жылап жүр.
Қу бұтағын құшақтап,
Түксиеді кәрі емен.
Қыс – тазалық, қыс – аппақ, - деп алдындағы көріністерді әшейін көзбен көріп қана қоймайды, көкірекпен қабылдап, өзінше бір бейнемен кейіптеп, кестелеп, бедерлеп көреді.
М. Мақатаевтың қуаныш сезіміне бөленген көңіл күйін «Біздің көктем» өлеңінен де көруге болады. Көктем мезгілі жер - дүниенің жасарып, тіршілік атаулының басталар тұсы және табиғат ананың босанып, айнала әртүрлі гүлдерге көміліп, жасыл желекке бөлінер сәті болғандықтан ақын көктемді өмірдің, жаңа тіршіліктің басы ретінде жырлайды. Лирикалық кейіпкердің көңіл - күйін, жан - толқынысын, сезімін бейнелеу, суреттеу арқылы маусымның қайталанбас сәттерін бейнелеп береді. Күзді бейнелеудегі ақынның әдісі өзгеше.
Сен менің тынысым ең, тұрмысым ең,
Сен үшін өмір сүріп тырмысып ем.
Жыл құсымен оралған жаным менің,
Бірге аттанып кетесің жыл құсымен.
Қызылы жоқ қырманды – күзде міне
Қайтқан құстың қараймын тізбегіне, - деп, өз сағынышын, күрең күзгі күндерін мұңдана еске алып, құлазыған көңілін қайтқан құспен сабақтастырады.

Мақатаев атты дарын, алып ақындық талантымен қаншама жылдар өтсе де, өлмес өлеңдерімен өрлей бермек. Оның өшпес өрнекті ұзақ өмір сүріп, жастардың жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жылуы мен жарығын дарытуда. Әрбір оқыған, іздеген сайын ақынның жаңа сырлары аңғарылып, тың толқындары тулап, сырлы саздарын төгуде.
Тарихтағы ұлт ұлы ақыны ғана шығатын шұғылалы биікке көтерілген әрбір ірі ақындар сияқты Мұқағали да қазақ поэзиясын жаңа кеңістікке көтеріп қондырды да, өзі соның мәңгілік тұрғыны болып қалды. Ол әрбір мезгілмен бір көктеп көгеріп, әр ұрпақпен бірге жасайтын ақындардың таңдаулы тобына жатса керек.

Мұқағали Мақатаев шығармашылығының өзгеше бітім - болмысын, көркемдік қуатын, эстетикалық насанасын, шеберлік сырын тануға әкелетін көркем сөз бен сындарлы ойдың бірлігінен туындап жатқан сан тарау тәсілдер осылайша жалғаса береді.
Мұқағалидың табиғат лирикаларының тақырыбы әр алуан, бояу нақышы, бейнелеу машықтары, поэтикалық ізденістері де басқа ақындар шығармасына ұқсай бермейді. М. Мақатаев қазақ поэзиясында айрықша өнімді еңбек еткен, жемісті жырлар қалдырған талант. Өлеңнің поэтикалық күш - қуаты, өлең тамырының бүлк - бүлк соғысы оқушысын эстетикалық әсер құшағына баурап, оқиға ішіне енгізіп жіберетіндей. Тосын да тың бейнелеулер ойды ажарлы ете түседі.
Мұқағали Мақатаев шығармашылығының өзгеше бітім - болмысын, көркемдік қуатын, эстетикалық нысанасын, шеберлік сырын тануға әкелетін көркем сөз бен сындарлы ойдың бірлігінен туындап жатқан сан тарау тәсілдер осылайша жалғаса береді.
Қорытындыда талданған шығармалардың идеялық - эстетикалық және басқа да рухани құнды жақтарына негізделген М. Мақатаев ақындығының лирикалық табиғаты жайлы түйіндеулер сараланады. М. Мақатаевтың өз кезеңі үшін болған тақырыптарды өз деңгейінде қалай игергені ғылыми тұрғыда тұжырымдалып, жүйеленеді.

Сонымен, түйіндеп айтқанда, Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. М. Мақатаев жырларындағы қазақтың жері мен суы, тауы мен даласы көрініс тапқандығы өз алдына, өзгеше пайымдау ерекшелігі, өзіндік өрнек салар тілі, шалқыған шабыты сөзге шебер халықтың ұрпағы екенін аңғартады. Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің өзегінен ақиқат өмір шындығын көреміз, көркемдік өрнегі өзгеше өрілген сөз өнерінің үлгісін танимыз. Ол халықтың сипаттағы көркем бейнесін, сол арқылы адам болмысын, оның жан дүниесін, сезімін, яғни, адам өмірінің асыл шындығын ерекше тебіреніспен толғайды. Ақын әрбір кейіпкерін өзінің сезім елегінен өткізіп, сол күйде өзі тұрғандай етіп шебер бейнелейді. Сондықтан да оның қаһармандары шынайы, оқырманды бірден баурап алады. Сол себепті де Мұқағали мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала береді
.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қабдолов 3 Арна.- Алматы: Ғылым1994

2.Аймұханбетова Ж. Лирикалық бейне жасаудағы көркемдік ізденістер.

Көкейкесті әдебиет тану.Сегізінші кітап-Астана:ЕҰУ,2008.

3.Ахметов Өлең сөздің тиориясы-Алматы:Мектеп 2007

4.Бибіжан Бегманова.М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүрмен жаңашылдық.Алматы.Дәстүр.2015


Успеха




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!