400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша 6-сынып оқушысының өзіндік жұмыс жоспары

I тоқсан, 2020-2021 оқу жылы. 3-бөлім: Таулар сыры

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

Оқу мақсаттары: 6.3.6.1 тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, ақынның өмірбаяны мен шығармасын айтып бере алу,өлеңдерін білу

Оқушы: Ақынның шығармасымен,өмірбаянымен танысады, шығармасын оқиды, жатқа айтып береді,өлеңдерін тыңдайды

Ресурс: Оқулық, «қазақ тілі мен әдебиеті», 6-сынып, «Көкжиек-Горизонт» баспасы,

https://www.youtube.com/watch?v=QNMCL07PJ6E

Видео Мұқағали Мақатаев.

Жазылым: Кестедегі ақпаратты дәптерге жазып алыңыз.

Мұқағали Мақатаев

М.Мақатаев кім?

Ол қашан және қайда туған?

Қашан қайтыс болды?

Ақынның қандай шығармалары бар?

М. Мақатаев – аса дарынды, ақиық ақын.

1931ж. 9-ақпанында, Алматы облысындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген.


1976 жылы қайтыс болған.

Ақын туған ауылына, аяулы әжесіне, сүйген жарына,балаларына, достарына жыр арнаған.

Өлеңдері: «Сөнбейді әжең», «Шеше, сен бақыттысың», «Қайран, Қарасазым-ай», «Майгүлге», «Ұлыма»,«Шолпаным», «Махаббат диалогы», «Мен сені сағынғанда».

М.Мақатаевтың өлеңдеріне 100-ден астам ән жазылған. Әндері: «Есіңе мені алғайсың», «Күрең күз», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам!», «Саржайлау», «Дариға,домбырамды берші маған», «Жапырақ жүрек, жас қайың» т.б.



Тыңдалым: https://www.youtube.com/watch?v=ZSsGvvxcmWI

Видео. «Мен таулықпын». .(Видео қосып өлең тыңдаңыз) https://www.youtube.com/watch?v=oQilvfgM14Y. Видео қосып,тыңдаңыз

Оқылым: Мәнерлеп оқыңыз. №3 тапсырма.61 бет

Жаңа сөздер: жаратылғам-был создан,киіктің сүті-молоко сайги, қуат-сила,мощь, бұлт бүркену-укрыться облаком, түнейді-ночует, жай оты-молния, желпиді бесігімді-качает ветром (обдувает) мою колыбель, дара-единственный,көкке ұшу-улететь в небо,ұстап алу-поймать,қыранның қанаты-крылья орла

Мұқағали Мақатаев «Мен таулықпын!»

Tay дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін емін ержеткенмін
Қуат алып қыранның қанатынан
Мен таулықпын
Таудан мен жаратылғам.
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам
Күн алғашқы сәулесін маған шашып
Маған келіп түнейді қара тұман.
Тау ұлымын
Тау - менің дәу бесігім
Мен оның әуресімін, сәулесімін.
Асқар шыңдар желпиді бесігімді
Бір орамын ағытып сәлдесінің.
Мен - таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Тау деген Ана туған дара тұлғам
...Тауға барып
Көкке ұшып кетсем бе екен
Ұстап алып қыранның қанатын



Мұқағали Мақатаев «Я - горец»

Я -горец

Создан я горой

Над которой плывут облака

И гром гремит порой

Светит солнце лучами мне

И черный туман ночует со мной

Я -сын горы

Гора моя колыбель огромная

А я его луч и беда

Пики высокие качают колыбель мою

Как будто сына как родного

Вспоминая матерь мою

Я горец

Гора моя мать и судьба

Поднимаясь туда может быть я полечу

Схватив крылья орла по небу

Айтылым: Өлеңді мәнерлеп оқыңыз 10 жолын жаттаңыз (мұғалімге видеоқоңырау бойынша жатқа айтып беріңіз) - 10 балл

Дескриптор:

мәнерлеп,қатесіз,жатқа 10 жол оқиды

10 балл

мәнерлеп, 2-4 орфоэпиялық қате жіберіп 10 жол оқиды

8 балл

мәнерлеп, 5-7 орфоэпиялық қате жіберіп 10 жолдан кем жол оқиды

6 балл

мәнерлеп, 8-10 орфоэпиялық қате жіберіп 8 жолдан кем жол оқиды

5 балл

Мәтін соңы жұмыс:.Кестені толтырыңыз-- 10 балл


дұрыс

бұрыс

М. Мақатаев – аса дарынды, ақиық ақын.



1931ж. 9-ақпанында, Ақмола облысындағы дүниеге келген



1976 жылы университет бітірген



М.Мақатаевтың өлеңдеріне 1000-нан астам ән жазылған



Ақын туған ауылына достарына жыр арнаған жоқ.



Киіктің суын ішіп ержеткенмін



Таудан мен жаратылғам



Маған келіп түнемейді қара тұман



Тау - менің дәу бесігім



Бақыт алып қыранның қанатынан



Дескриптор:

БАРЛЫҚ ДҰРЫС,БҰРЫС АҚПАРАТ АНЫҚТАЛҒАН

10 балл

1 АҚПАРАТ ҚАТЕ АНЫҚТАЛҒАН

8 балл

2 АҚПАРАТ ҚАТЕ АНЫҚТАЛҒАН

6 балл

3 АҚПАРАТ ҚАТЕ АНЫҚТАЛҒАН

5 балл

Қосымша ақпарат: Мұқағали Мақатевтың әндерін видеодан тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=6JDVVUxQlBs

Cабақты әзірлеген: «Л.Гумилев атындағы гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Шакенова Бибатима Наримановна,Смагулова Айжан Даулетбековна



Кері байланыс


«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5


Сабақтан алған әсерлерін қоржын таңдап,белгілейді





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
834
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі