Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған кешке арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныптан тыс шара

7-11 сынып

Князбаева М.Б.

«Жырлайды жүрек»

Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойына арналған кеш

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар ата-аналар!    

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 85 жасқа толып отыр.

2-жүргізуші:  Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.

1-жүргізуші: Поэзия!

                           Менімен егіз бе едің?

                           Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

                           Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

                          Қарауытқан таулардан сені іздедім,-дейтін Мұқағали-шоқтығы биік ғажайып ақындардың бірі.

2-жүргізуші:  М.Мақатаев поэзиясы – мезгілімен бірге жасайтын ескерткіш.

Ол поэзияның туған мекені – ақынның жан дүниесі. Олай болса, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-музыкалық кешімізді бастаймыз.


1-жүргізуші: Мұқағали- лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің

жыршысы. өзі өскен Алатауын, Қарасазын сөздің барлық құдіретіне бөлеп-ақ кетті.

2-жүргізуші:  Осыған орай бүгінгі кешімізде ақынның туған жер, туған ел тақырыбындағы өлеңдері мен қоса, өлең сөзіне жазылған әндер мен ақынның махаббат лирикасына тоқталатын боламыз.

1-жүргізуші:

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем– деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет.


2-жүргізуші:

 Бұл сөздерді әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді.
Ендеше ақынның Отанына, туған жеріне, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.

 1-жүргізуші: Ендеше экранға назар аударып ақынның өлең сырымен сырласуын тамашалайық.

(№1 поэзия менімен егіз бе едің?)

(Бейнероликтен соң, ешкім хабарламай, көрініс басталып кетеді.

Сахна. Аурухана. Қабылдау бөлімі. Үстел орындық. Дәрігер .)

Көрініс

(№2Музыка ойнап. Мұқағали қағазға жаза бастайды. Сол кезде "Сыр" өлеңі қойылады. Соңына қарай шығып кетеді).

1-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме екен?


2-жүргізуші:

Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда.

Бозарып атқан ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда

Есіңе мені алғайсың.

(№3 Экраннан Есіңе мені алғайсың әні шығады, 7-сынып би)

1-жүргізуші:

Мұқағали ағамыздың жалын мен отқа, сезім мен сырға толы өлеңдерін әуен жазылып, халыққа жол тауып, бүгінде сүйікті әндеріне айналып отыр. Ән Мен деп ойла. №4 Орындайтындар Замзарқанов Айдар, Қақанова Назым

2-жүргізуші: Қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; Ендігі кезекте Мұқағалидың махаббат әлеміне саяхат жасасақ.

Ендеше экраннан Мұқағали ағамыздың өз даусын тыңдап көрейік.

(№5 Есіңе мені алғайсың)

2-жүргізуші:
       Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына соқпай кететін ақын жоқ. Өйткені махаббат мәселесі – бұл мәңгілік тақырып. Бірақ әр ақын өз сезімін, өзінің ішкі жан дүниесін әр қалай шығарады. Ақынның сезімінде жасандылық жоқ. Махаббатта бір қуаныш, бір үміт, бір өкініш болатындығы жасырын емес.
1 жүргізуші: Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол өлеңге деген, анаға деген, туған жерге деген, жарына деген махаббаты арқылы бүкіл әлемді тербеді десек артық айтпаймыз.

(№6 Музыка қосылып, "Махаббат диалогы" орындалып жатқанда, бір топ қыз-жігіттер шығады да әр жерде тұра қалады. Біреуі өлең оқығанда қалғаны қозғалмайды).(Поэзия, Өмір туралы, Ғашықпын, Мен сені ұнатамын, Махаббат па)

2-жүргізуші:

 1-жүргізуші:
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев:
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды, оқып жүр және оқи береді де.

Келесі кезекте ақынның сөзіне жазылған Саржайлау әнін қабыл алыңыздар.№ 7

2-жүргізуші: Осымен ақиық ақынның туған күніне арналған кешіміз өз мәресіне жетті. Назарларыңызға рахмет. Қорытынды сөзді мектеп директоры Ғалия Сейткұмарқызына береміз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2018
686
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі