жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұқан Иманжанов 2 сынып
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|
Күні: |
16.11.2020 жылы |
|
Студенттің аты-жөні: |
Байжума Арайлым Кенжебекқызы |
|
Сынып: 2 «ә» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Мұқан Иманжанов. Кітап. |
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: |
2.1.3.1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау. 2.2.8.2 - мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру. |
|
Сабақ мақсатттары: |
Барлық оқушылар: : Оқулықта берілген мәтінді оқиды, түсінеді, кітапхана ережесін құрады. Жазба жұмыс жасайды. Көптеген оқушылар: Топтық жұмыстарды бірлесе орындайды. Тақырыпты болжайды.Сұрақтарға жауап береді. Кейбір оқушылар: Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|
Құндылықты дарыту: |
Оқуға, білімге, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Түсіну, білу. |
|
АКТ дағдылары қолдану: |
Интербелсінді тақта. Слайд. Көрнекіліктер |
|
Алдыңғы білім: |
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Кедей» өлеңі |
Сабақ жоспары
|
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы |
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Психологиялық ахуал қалыптастыру: Қайырлы күн достым, Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәті, Сәттілікке толсын. Бүгін алар бағамыз, Кілең бестік болсын. Ендеше сабағымызды бастамас бұрын мына ережелерді бірге айтайық. Сабақтың ережесімен танысайық!
Осы ережені жадымызға сақтап, сабағымызды бастайық. Үй тапсырмасын сұрау. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Кедей» өлеңінің жатқа сұрау. «Сұрақ - жауап» әдісі Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған? Кедей деп кімдерді атаған? Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген? Бұл оқиға қай кезде болған? Өлеңнің авторы кім? Топқа бөлу. «Тәтті сый» Әр балаға 3 түрлі кәмпиттер таратылады. Бір-бір кәмпиттер алады. Кәмпиттер түріне қарай топ бойынша отырады.
1-топ. Білім 2-топ. Кітап 3-топ. Қазына |
|
||
|
С
С
|
1-тапсырма. Суретке зер сал. «Кім жылдам» 3-топтан 1 оқушы шығып сұрақтарға жауап береді. Ортада тұрған ақпаратта сұрақтар болады, өздері тандап алып жауап береді.
Жарайсыңдар, балалар!
2-тапсырма. Оқушылар мен мынадай жұмбақтың шешуін бірге табайық. Жұмбақ Бір нәрсе білмегенді білгізеді, Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді, Жалғанда әңгімесі сондай қызық, Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді. (Кітап) Дұрыс айтасыңдар. Кітап жайлы кішкене ақпарат бере кетейін. Жаңа ақпарат Кітап – араб сөзі, «жазба», ал түрікше, «дәптер» деген мағынаны білдіреді. Ол тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы болып табылады. «Кітап – асыл қазына» - деп берек айтылмаған.
Мұқан Иманжанов таныйсыңдар ма? Ендеше назарымызды ортадағы слайдқа көңіл бөлейік. Мұқан Иманжанов. Кітап.
Мұқан Иманжанов – қазіргі Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1916 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген. Мұқанның балалық шағы халқымыздың тарихындағы қасіретті зобалаң жылдары – ашаршылыққа дөп келді. 1935-1938 жж. Алматыдағы есеп-экономикалық техникумды оқып бітірген. Оның «Таныс қыз» атты әңгімелер жинағын, «Алғашқы айлар», «Жас өмір», «Азамат дауысы» пьессаларын жариялады. 1958 жылы дүниеден өтті. Ендеше оқулықтағы 82-беттегі Мәтінді түсініп оқы. Кітап 3-тапсырма. Әңгіменің авторын ата. Сызбаны пайдаланып әңгімеле.
«Қызыл гүлім ай» Ал балалар бір серігіп алайық. 5-тапсырма. Топтық жұмыс. «Кітапханада» деген ойынға дайындал. Кітапханашы, оқырмандар қатысуы керек. Диалог құрастыр. Бұл жерде топ бойынша диалог құрастырамыз. Құрастырған диалогты ортаға шығып айтасыңдар. 6-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Кітапханадан кітап алу ережесін құра. Үлкен параққа кітаптың суретің салып, астына кем дегенде 4 ереже жазасыңдар. |
«Кім жылдам» әдіс
Оқулық 82-бет Слайд Бейнебаян Топпен жұмыс Оқулық 85-бет плакат |
||
|
Сабақтың соңы |
Оқушыларға стикер таратылып беріледі. Сабақ ұнаса жасыл түсті алманы ағашқа жабыстырады. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 4-тапсырма, 84-бет Жарайсыңдар, оқушылар! Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар! |
«Алма ағашы» әдісі Алманың суреті стикер |
||
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалдарды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. |
||
|
Топтық жұмыс. Сұрақтарға жауап беру. «Сұрақ-жауап» әдісі Саралаудың тапсырма тәсілі арқылы кейбір Оқушыларға қажеттіліктеріне қарай
| ||||














Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген